Тіл көрнектілігі



бет4/4
Дата16.10.2023
өлшемі0,95 Mb.
#185873
түріДерексіз
1   2   3   4
Байланысты:
Презентация Microsoft Office PowerPoint
zayavka 3 turkestan music festival, osobennosti-organizatsii-obrazovatelnogo-protsessa-dlya-detey-s-ogranichennymi-vozmozhnostyami-zdorovya-s-ispolzovaniem-sredstv-elektronnogo-obucheniya-i-distantsionnyh-obrazovatelnyh-tehnologiy

Дамыту

  • Пікірінді сөйлегенде,алдыңғы сөзіңнен артқы сөзіңнің қуаты асып отырса,дамыту болады.Әншейін сөйлегенде дамыту мысалы мынау:1.Бар! Жүгір! Ұш!2.Мен саған он рет,жүз рет,мың рет айттым. “Бар” дегеннен “жүгір” деген күштірек. “Жүгір” дегеннен “ұш” деген күштірек.Екінші мысалда, “он рет айттым” дегеннен “жүз рет айттым” деген күштірек, “жүз рет айттым” дегеннен “мың рет айттым” деген күштірек.Дамыту негізі сөздің осы табиғи заңына тіреледі.Сөз шығарушылар да сөздің осы табиғи заңымен пайдаланып,керекті жеріңде сөзін бірден-бірге күшейтеді.

Қайталақтау

  • Бір сөзді яки лебізді қайта-қайта айту қайталақтау деп аталады. Ондай қайта-қайта айту - нәрсенің өзіне яки ғамалына көбірек назар салғызу үшін істеледі. «Кітапты әпер деймін, кітапты» дегенде, кітапқа назар салғызу үшін кітапты қайта-қайта айтамыз. «Бар деген соң, бар» дегенде, барды қайта-қайта айтамыз. Бару ғамалына көбірек назар салғызу үшін.«Қарай-қарай көзім талды» дегенде яки «Сұрай-сұрай мезі кылды» дегенде, көздін талуының, мезілеудің себебіне көбірек назар түсіру үшін «қарау» мен «сұрау» қайта-қайта айтылып тұр.Сол сияқты бір сөзді қайта-қайта айту шығарма сөздерде де болады. Шығарушы бірдемеге көбірек назар салғызғысы келгенде, соны қайта-қайта айтады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет