«Тілдің шығуы жайлы теориялар»


Жобаның материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі



бет3/4
Дата11.04.2022
өлшемі35,42 Kb.
#138768
1   2   3   4
Байланысты:
Тілдің шығуы жайлы теориялар
1-АБ Орифжан, Физика (жа а формат) 2017 Физика 1-Н С А, Психология , Психология , a8c5bb28018f1173443aacdd0b47c362, a8c5bb28018f1173443aacdd0b47c362
Жобаның материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі: интернетке шектеусіз шығатын кампьютерлік базамен қамтамасыз етілуі; қажетті әдебиеттердің қолжетімді болуы; интернет-ресурстар және электронды ғылыми кітапханаларды қолдану мүмкіндігінің болуы; жоба қатысушылары қашықтықта болғандықтан, жобаны орындау барысында Zoom, Teams платформаларының пайдаланылуы.

Тіл – адамзат баласына тән ғажайып құбылыс. Адамзат қоғамының аясында халық, ұлт және оның тілі жүздеген, мыңдаған жылдар бойы қалыптасады. Әр ел өз тілі арқылы әлемді, дүниені, өмірдің құнды тағылымдарын таниды. Өз елінің мәдениетін жасайды, өмірден түйген тағылым, тұжырымдарын келешек ұрпақтарына жеткізеді. Тіл ұлы қазына, баға жетпес асыл мұра. Тіл тек адамзатпен ғана емес, қоғаммен, тарихпен тығыз байланысты.


Тілдің табиғатын айқындайтын ең басты қасиеті деп біз оның қатынас құралы екендігін айтамыз. Тіл мен қоғамның арасындағы өзара байланыс – екі жақты байланыс. Біріншіден, тілсіз ешбір қоғам өмір сүре алмайды. Тіл жоқ жерде адамдардың қоғамда бірлесіп өмір сүруі, еңбек етуі, өндірісті үйымдастыруы, оны дамытуы мүмкін емес. Демек, қоғамдық үдерістің өз деңгейінде жүргізілуіне тіл қажет. Тіл – адам баласы қоғамының өмір сүруі мен дамуының алғы шарты. Екіншіден, тіл қоғам жоқ жерде өмір сүре алмайды. Себебі қоғам – тілдің өмір сүруінің шарты, қоғамнан тыс, адамдардың ұжымнан тыс өмір сүруі тағы да мүмкін емес. Яғни, тілсіз қоғам, қоғамсыз тіл жоқ деген ұғым осыдан қалыптасқан.
Тілдің қоғамдық құбылыс ретіндегі тағы бір белгісі – қоғамдық сананы білдіретіндігі. Қоғамдық сананы қоғамға қызмет ететін басқа құбылыстар да белгілі шамада көрсетуі мүмкін. Бірақ олардың ешқайсысы тіл сияқты толық көрсете алмайды. Тіл қарым-қатынас пен ойлау құралы болғандықтан да, адамзат баласының тек танымдық жүйесімен ғана емес, сондай-ақ адамдардың рухани мәдениетімен де байланысты, яғни қоғамдық санамен де тікелей бірлікте. Олардың қарым-қатынасы қоғамның философиялық мәнін түсіну үшін, оның құрылымы мен тарихи дамуын білу үшін бірден-бір тәсіл болып табылады.
Тілдің алғашқы негіздерін адамның пайда болуы үдерісімен байланыстыра қараған дұрыс екеніне көз жеткізуге болады. Ендеше тілдің қалыптасуы да адамның қалыптасуы тәрізді миллиондаған жылдарға созылған процесс. Және оның қалыптасуы адамның түр ретінде қалыптасуымен бірге жүріп, бұл жолда жетекшілік қызмет атқарғаны да рас. Тілдің пайда болып қалыптасу үдерісі глоттогенез деп аталады.[3.15б, 2013ж]
Жер шарында мыңдаған жеке тілдер бар. Олардың бәрінің бір-бірінен толып жатқан айырмашылыктарымен қатар өзара ұқсас, бәріне ортақ жалпы қасиет белгілері де бар. Әрбір тіл белгілі бір жеке халықтың, қауымдастықтың игілігіне қызмет етеді және сонымен бірге ол – қоғамдық-тарихи құбылыс. Ол – адамзаттың мәдени дамуының қажетті шарты, өзара қарым-қатынас орнатудың, ойсананың қалыптасуы мен дамуының кұралы.
Тіл білімі тарихын зерттеуші ғалымдардың басшылыққа алатын принципі – тарихи (историзм) принцип деп аталады. Ал тіл білімінің тарихы дегеніміз – осы ғылымның, яғни лингвистикалық ой-пікірлердің дүниеге келуі, оның біртіндеп даму жолдары, қалыптасуы. Тарихи принцип бойынша, әр дәуірде қалыптасқан, өмір сүрген алуан түрлі тілдік мектептер, концепциялар сол өз дәуірі тұрғысынан бағаланып отырды.
Адам баласының тілінің шығуы туралы алғашқы тəжірибелер мен ғылыми болжамдар ежелгі Египеттен басталады. «Ежелгі Египет тарихынан тілдің пайда болуы, оның мəн-маңызы турасындағы құпияны ашуға талпынушылықты б.д.д. ІІІ мыңжылдықта құрастырылған «Мемфийский философско-богословный трактат» атты еңбектен кездестіруге болады. Бұл трактат біріккен Египет пен Мемфистің (қала мемлекет) астанасының құдайы Птахтың аруағын көтермелеу мақсатында жазылған көрінеді. Онда Птах барлық заттар мен құбылыстарға атау береді, «адамның көру, есту, түйсіну сезімдері ойлауға мəлімет береді жəне түрткі болды, ал жүрек жасаған мен ойлағанды тіл мен сөйлеу жарыққа шығарады» деген ойлар бар.[2. 51-52б, 2003 ж]
Тілдің шығуы жөнінде ежелгі Греция тіл білімінде де сөз етіледі. Гераклит Эфесский (б.з.д. 535– 475) пікірі бойынша, атаулар табиғаттан берілген. «Атаулар – бар заттардың көлеңкесі» деген түсінік қалыптасқан. [2. 51б]
Тілдің пайда болуы жөніндегі теория ІХ-ХІ ғасырлар аралығында араб лингвистикасы мен мұсылман теологиясында ерекше сөз болып, ғалымдар екі лагерьге бөлінді. Біріншісі – тілдің пайда болуын құдай атына танушылар, екіншісі – тілдің шығуын қоғамдық келісім деп білетіндер. Яғни, ғалымдар тілдің пайда болуында екі түрлі теорияны қарастырады: бірі – биологиялық, екіншісі – әлеуметтік теория. [11.Ғаламтор желісі]
Биологиялық теорияның жақтаушысы Ф.Бопп (ХІХ ғ.). Ол: «Адам баласының тілін құдай жаратқан, ол – биологиялық құбылыс»,- деп есептейді. Тілді құдай немесе билеуші адам жасады деген пікірді мүлдем жоққа шығарушы римдіктер болды. Римдік ақын, материалист-философ Лукреций Карр (б.з.д. І ғ.): «Тілде түрлі дыбыстардың пайда болуына табиғат əсер етті, қажеттіліктен келіп заттарға атау беру туындады»,- дейді. [1. 26б]
Биологиялық теорияны жақтаушы келесі бір өкіл – А.Шлейхер (1821-1868). Ол тілді биологиялық ағзаға теңеп, оның өсімдіктер мен хайуанаттар дүниесінен еш айырмашылығы жоқ дегенді айтады. Тілді биологиялық құбылыс деп, жаратылыстану ғылымдарының қатарына жатқызу идеясы Ч.Дарвин (1809-1882) ілімі негізінде пайда болды. [6. 587б]
Ағылшын натуралисі дыбысқа еліктеу мен одағай теориялары – алғашқы адам баласы тілінің негізі деп есептейді. Биологиялық теорияның ғылымда белең алған бағыттарының бірі – адамзат баласы тілінің дыбысқа еліктеуден пайда болғандығы туралы теория мен адамның ішкі көңіл-күйі негізіндегі эмоционалдық теория. [6. 589б]
Тілдің шығуы туралы дыбысқа еліктеу теориясының тарихы ежелгі грек философтарынан басталады. Бұл теория, әсіресе XVIII-XIX ғасырларда кең өріс алды. Дыбысқа еліктеу теориясын жақтаушылар латын жазушысы Августин мен неміс философы Г.Лейбниц (1646-1716): «Дыбыстардан алғашқы сөздер жасалып, олар заттардың атауына айналды»,- дейді. Негізгі еңбегі – «Адам ақылы жөніндегі жаңа тəжірибелер». Бұл теория тілдің шығуын былай түсіндіреді: алғашқы адамдар табиғаттағы дыбыстардың, мысалы, өзеннің сылдырын, жануарлар мен жәндіктердің дауыстарын естіп, соларға еліктеуден алғашқы сөздер жасалып, олар заттардың атауына айналды. Бұл теорияның әлсіз тұсы: табиғатта дыбыс шығармайтын заттар өте көп, бірақ олардың атаулары да көп екенін байқай аламыз. Яғни, олардың дыбысы шықпаса да, адамдар оларға атау берді. Әрбір тілдің лексикасында еліктеуіш сөздер болғанымен, қандай тілдің болсын лексикасының негізін олар айқындай алмайды, олар тіпті лексикаға лексикаға негізгі тірек те, ұйытқы да бола алмайды. [6.589-590б, 11. Ғаламтор желісімен толықтырылды]
Дыбысқа еліктеу теориясымен бірге XVIII-XX ғасырларда кең тараған теориялардың бірі – тілдің шығуының эмоциональды теориясы. Эмоционалдық теорияның авторы – Ж.Ж.Руссо (1712-1778) болды. Негізгі еңбегі – «Тілдің пайда болуы жөнінде тəжірибе» (1761) трактаты. Ол: «Эмоцияны білдіретін əр түрлі еріксіз шығарылған дыбыстар зат атауларына айналып, осыдан тіл пайда болды»- дейді. Сонымен қатар, «құштарлық дауыстың алғашқы дыбыстарын шығарады», «алғашқы тілдер үнді, сазды болып, кейінде қарапайым тілдерге айналды» деп жазды. Бұлай деп тұжырымдау тілдің дамуын қате түсінуден болған Ж.Ж.Руссоның «эмоционалды теориясы» XIX-XX ғасырларда одағай теориясына келіп ұласты. Бұл теория бойынша алғашқы адамдар айналадағы заттармен танысқанда, өздерінің сезімдер мен алған әсерлерін еріксіз шығарылған дыбыстар – одағайлармен білдірген. Одағай теориясы бойынша, әр түрлі эмоцияны білдіретін еріксіз шығарылған дыбыстар заттардың атауларына айналып, осыдан келіп тіл пайда болған. Бұл теорияның жақтаушысы француз жазушысы – Шарль де Бросс (1709-1777) болды. Ол балалар қылығын қадағалай отырып, олардың ең алғашқы шығарған дыбыстары одағайға ұласатындығын аңғарады да, адамзат баласының тілі де одағайлардан шыққан деген болжам жасайды. Ресейде одағай теориясын дамытқан ғалым Д.Н.Кудрявский. Ол: «Алғашқы сөздер одағайлардан шықты» дегенді алға тартады (XIX–XX ғғ.). Кудрявский одағай адамның «ең алғашқы сөздері» болды; одағайларда дыбыс, леп, мағына алғашында бір-біріне кірігіп, кейін де одағайлардың сөзге айналу барысында дыбыс пен мағына бір-бірінен ажырады деп тұжырымдады. [3. 18 б, 2013ж] Одағай теориясының қате тұсы: одағай теориясын жақтаушылар тілдің шығуы туралы мәселені тілдің экспрессивтік қызметіне апарып тіреді де, оның негізгі қызметі – коммуникативті қызметін ескермейді. Тілдегі одағайлар әртүрлі эмоцияны білдіреді, бірақ одағайлар олардың аты болып саналмайды. Тілдегі эмоцияны білдіретін сөздерге қарағанда, эмоцияны білдірмейтін сөздер әлдеқайда көп. Өйткені тіл эмоцияны ғана білдіріп қоймайды, сонымен бірге, ең бастысы – қарым-қатынас құралы ретінде қызмет атқарады. Тіл пайда болғанда да қарым-қатынас құралы, пікір алмасудың құралы ретінде пайда болған. [6. 590 б, 12. ғаламтор желісімен толықтырылды]
Тілдің шығуы жайлы тағы бір ғылыми емес теория – «қоғамдық шарттасу» теориясы. Бұл теория бойынша, алғашқы адамдар тілдегі сөздерді өзара келісу арқылы таңдап алған. Тілді келісім арқылы жасау үшін келісімнен бұрын бір тіл болуы керек қой, өйткені ондай тілсіз тіл туралы қалай келісім жүргізуге болады?! Бұл логикалық қисынсыздық «қоғамдық шарттасу» теориясының шындыққа жанаспайтындығын дәлелдеп жатудың қажеті жоқ екендігін өзінен-өзі көрсетіп тұр. [3. 19б ]
XIX ғасырда «Еңбек айқайы» («Трудовые выкрики») деп аталатын тұрпайы материалистік теория пайда болды. Оның өкілдері Людвиг Нуаре, Карл Бюхнер, т.б. алғашқы адамдардың еңбек ету кезінде шығарған рефлексті айқайларының негізінде пайда болды, бұл айқайлар ең алдымен етістік сөздердің шығуына негіз болды деп пайымдады. Бұл теорияны жақтаушылардың қателігі сол, олар тілді адамдардың қарым-қатынас құралы ретінде түсінбей, тек еңбек процесін қостаушы көмекші құрал деп түсінді. Олардың тілдің шығуының себепшісі болған алғашқы сөздер етістіктер еді, – деген пікірінің ешқандай ғылыми негізі жоқ. Тілді табиғи ағза деп түсіндіретін натуралистік теория және басқа таза биологиялық ағым немесе тілдің шығуы мен дамуын құдайдың құдіретті күшінің нәтижесі деп түсіндіретін діни-идеалистік теориялар т.б. бұрында да бар еді, қазірде де жоқ емес. Бірақ олардың бәрі, сайып келгенде, ғылыми емес теориялар екендігін атап айтпасқа болмайды. [3. 19 б және 6. 591 б]
Әлеуметтік теорияның негізгі қағидасы адамзат баласының тілінің шығуын еңбекпен байланыстырады. Кеңес үкіметі идеологиясын жақтаушы – лингвист Н.Я.Марр. Оның негізгі теориясы – «Тілдің сатылық даму теориясы». Тілді қондырмалық құбылыстың қатарына жатқызған Марр тіл дамуының әр түрлі сатысы бар және ол сатылардың әрқайсысы белгілі бір қоғамдық формацияға сай келеді деп есептеді. Ол тілдің ескі сападан жаға сапаға көшуі кенет қопарылыстар арқылы болады дейтін қате көзқараста болды. Н.Я.Марр лингвистикалық заңдарды социологиялық заңдармен ауыстырған болатын. Ол: «Алғашқыдағы ымдық тіл еңбектің арқасында сөйлеу тіліне айналды», – дейді (ХХ ғ.). Бұл пікір шындыққа жанасады. Алайда Н.Я.Маррдың тілге таптық тұрғыдан сипат беруі – қате тұжырым. Тіл байдың, кедейдің тілі болып ешуақытта бөлінбейді жəне ол қоғамдық формацияның өзгеруіне байланысты сатылап дамымайды. [10. 18 б және 7. 25 б ]
Одағай теориясы мен қоғамдық шарттасу теорияларымен байланысы бар келесі теория – ым-ишара теориясы. Өкілі – неміс философы В.Вунд (1832-1920). Бұл теория бойынша, тіл еркін жəне санасыз негізде пайда болған. Мұны Ж.-Ж.Руссо да қолдайды. Оның ойынша, тіл ым-ишара негізінде пайда болып, уақыт өте келе (адамдар бір-бірімен алыстан немесе түнде еңбек ету кезінде қолайсыз болуына байланысты) дыбыстық негізге көшті. Француз ойшылы Д.Дидро Ж.-Ж.Руссоның теориясын қатты сынап, алғашында қоғам пайда болды, сосын қажеттіліктен тіл шықты. Адам өзінің тілі үшін құдайға қарыздар деп есептеді. «Ең алғашқы тіл адамдардың бір-біріне көмектесу қажеттігінен туған»,- деп есептеді француз философы Э.Б. де Кондильяк. Оның ойынша, анасы баласына көп сөйлемейді, керісінше, баласының анасынан көп сұрауына байланысты алғашқы тілді бала жасаған,- дейді. Бұл болжамға да келісу қиын. И.Гердер «Тілдің пайда болуы жөніндегі зерттеулер» (1772) атты еңбегінде тіл табиғи түрде пайда болды, ол тіл жəне ойлаудың қарым-қатынасымен тікелей байланысты, халықтар тілдің негізінде ойлауға, ойлаудың негізінде сөйлеуге үйренді, - дейді. [7. 54 б және 11. Ғаламтор желісі арғылы толықтырылды]
Адамзат баласы тілінің шығуы жөнінде құнды пікір білдірген ғалымдар К.Маркс, Ф.Энгельс (1820-1895) болды. Бұл Ф.Энгельстің «Семьяның, жеке меншіктің пайда болуы», «Маймылдың адамға айналу процесіндегі еңбектің рөлі» атты еңбектерінде жан-жақты баяндалады. Олар: «Тіл де сана сияқты басқа адамдармен қатынас жасау мұқтаждығынан жəне қажеттілігінен туды», - дейді. Шын мəнінде адамзат баласы тілінің шығуы адам қоғамының пайда болуымен тығыз байланысты. Алғашқы адамдар қоршаған орта жағдайына (қатаң климат, аңдардың жеп қоюуы, аштықтан қырылуы т.с.с.) байланысты ру, тайпа болып бірікті. Кейін халық болып, мемлекет құрды. Ұжым болып қалыптасқаннан кейін, адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас жасау қажеттігі туды. Əрине, мұның бəрі ойлаудың жетіліп, сананың қалыптаса бастауынан туындады. Ал сана қалыптасқаннан бастап, адамзат баласының тілі де қоса дамыды. Ол алғашында өте қарапайым болды. Ең бірінші ымдық тіл, содан бірте-бірте дыбыстық тіл пайда болды. Кейін жазу шықты. Мұның бəрі адам баласының эволюциялық дамуымен тікелей байланысты. Ал тілдің нақты қай ғасырда, қай жылда пайда болғандығы жөнінде еш дерек жоқ. Бір білетініміз, адамзат баласы пайда болып, санасының қалыптасуы кезеңінде тіл де шықты. [2. 53 б, 2003ж]
Тіл білімі қоғамдағы барлық ғылым саласымен тығыз байланыста. Себебі ешнәрсемен байланыссыз, томаға-тұйық жатқан Дүние жоқ деуге болады. Ғылымдардың өзара байланысы олардың зерттейтін нысандарының ортақ болғандығында. Мысалы, адамды анатомия ғылымы да, психология ғылымы да зерттейді. Бірақ екеуі екі түрлі бағытта, екі түрлі мақсатта зерттейді. Тіл білімінде бір ғана ғылым аясына сиюы мүмкін емес, ғылымдараралық мәселелер көп. Өйткені дыбыс тілінде қоғамдық сипат та, физика, философиялық, физиологиялық сипаттар да мол.
Тіл білімі, ең алдымен, әдебиетпен байланысты. Өйткені «Тіл – әдебиеттің бірінші элементі». Әдеби шығарма лингвисттер үшін өте құнды материал. Әсіресе тіл білімінің стилистика саласы әдебиеттанумен тығыз байланысты. [8. 13 б, 1995ж]
Тіл білімі философиямен де тығыз байланысты. Философия тек тіл білімінің ғана емес күллі ғылымдардың мотодологиясы болып табылады. Философия да, тіл білімі де барлық құбылыстарды бір-бірімен өзара байланыста қарастырады. Философия табиғат пен қоғам өміріндегі барлық құбылыстар қозғалу, өзгеру, даму күйінде болады деп үйретсе, тіл білімі де тілдік құбылыстарға солай қарайды. Өйткені, тіл де басқа қоғамдық құбылыстар сияқты өзгереді, дамиды. Бірақ, ескертетін нәрсе тілдегі өзгеру тым баяу өтеді. [8.13 б және 3. 9 б]
Гуманитарлық ғылымдар ішінде тіл білімімен тығыз байланыста болатындар: этнография, әлеуметтану, филология, герменевтика, тарих, психология, археология.
Тіл білімі логика ғылымымен тығыз байланысты. Екі ғылым саласының түйісетін жері – тіл мен ойлаудың арақатынасы мәселесі. Логика ойлау формаларының өзара байланысын, даму заңдылықтарын зерттейтін ғылым болса, ойлаудың заңдылықтарын тілдік деректерсіз білу тіпті мүмкін емес. Ойлау формалары тілдік бірліктермен тығыз байланысты. Сондықтан ұғым, пайымдау, ой қорытындысы сияқты логикалық категориялардың тілдік бірліктер арқылы көріне алатыны да, олардың арасындағы ұқсастық пен өзгешеліктер де логиктер үшін өте қажет. Сол сияқты тіл ғалымдары үшін тілдің мағыналық, мазмұндық жағы да аса маңызды. Ал, тілдік мазмұн дегеніміз – ой, пайымдау. Бұлар – логикалық категориялар. [9. 20 б және 5. 54 б толықтырылды]
Тіл білімі тарих ғылымымен де байланысты. Тілдің тарихи дамуын зерттеу сол тілді туғызған, оны қатынас құралы ретінде қолданған халықтың тарихымен тығыз байланысты. Сондықтан тіл тарихын зерттеушілер сол тілді қолданған қоғам тарихы жөніндегі ілімнің табыстарына сүйенбей, ал тарихшылар өз зерттеулерінде тіл фактілерін ескермей тұра алмайды. Тіл деректері тарихшыларға халықтың шығу төркінін, оның даму тарихының әр кезеңдеріндегі мәдени дәрежесін, қандай халықтармен қарым-қатынаста болғанын, шаруашылыктың қандай түрімен айналысқанын айқындауға жәрдемін тигізеді. [3. 10 б]
Тіл білімі жаратылыстану ғылымдарының ішінде, әсіресе, адам физиологиясы, математика, кибернетика, физика, биология, медицина салаларымен тығыз байланысты. [3. 10 б]
Тіл білімі физиология ғылымымен тіл дыбыстарының қалай жасалатындығы жөніндегі мәселеде байланысқа түседі. Тіл дыбыстарын жасауда қандай мүшелердің қызмет атқаратынын физиологияның артикуляциялық физиология деп аталатын саласы зерттейді. Ал, тіл дыбыстарының қалай жасалатынын білу - тіл білімі үшін, әсіресе оның фонетика саласы үшін өте қажет. Бұл ретте физиологиялық артикуляция тіл зерттеушілеріне көп көмектеседі. Дыбыстардың жасалу жағымен қатар естілу жағы, дыбыстық сапасы деген болады. Мұнымен физиологияның есту физиологиясы дейтін саласы да, физиканың акустика дейтін саласы да айналысады. [3. 11 б]
Тіл білімі математика саласымен ерекше байланысты. XXI ғасырда электронды техниканың карқынды дамуымен байланысты математика ғылымымен, біріншіден, компьютерлік аударма мәселелері бойынша байланысса, екіншіден, тілді зерттеуде математикалық статистика әдістерінің қолданылуы жағынан байланысады. [8.14 б]
Тіл білімі жоғарыда атап өтілген салалармен ғана емес, қоғамдағы барлық салалармен тікелей байланысты болып табылады. Кез-келген саланы зерттеу үшін, оның мәнін ашу үшін тілді қолданамыз. Тіл білімі гуманитарлық, жаратылыстану ғылымдары мен қоғамда бар ғылымдардың барлығының бір бөлшегі іспетті. Ғылымдарды меңгеру, үйрену, тіпті ғылымды ойлап табу үшін де тілдің қызметі үлкен рөл атқарады.Әрине кез-келген бір саланы, ғылымды немесе ілімді үйрену үшін тілдің көмегіне жүгінеміз. Осы тұрғыда, ғылым-білім үйрену жолында тек бір тіл емес, көптілді жүйемен жұмыс жасау үлкен жетістіктерге әкелетінін айта кеткім келеді.

Қорытындылай келе, адам баласы пайда болғаннан бері тілдің қызметі үздіксіз жүріп келеді. Ерте замандардан бері тілдің шығуы мен дамуы туралы зерттеулер де тоқтаған емес. Зерттеулер негізінде, тіл адамзат пен қоғамның ажырамас бір бөлігіне айналғандығын дәлелдей аламыз. Осы тұста, өткен ғасырда орын алған ерекше бір оқиғаны мысал ретінде келтіріп кетейік: «1920 жыл. Индия жерінде қасқыр үңгірінен табылған екі қыз – Амала мен Камала хикаясы.Қасқыр үңгірінен алынғанда, Амала екі жасар, Камала жеті-сегіз жасар екен. Екеуі де төрт аяқтап жүреді екен. Шығаратын дыбыстары қасқырдың ырылына ұқсайды. Камала түнде ұлиды екен. Күндіз бетін қабырға жаққа қаратып алып, бұрышта отырып ұйықтайды. Кигізген киімді айырып тастайды. Түнде түн қараңғылығын жақсы көреді екен. Алғашқы кездерде оттан, жарықтан, судан өлердей қорқатын болыпты. Камала екі жылдан кейін ғана түрегеп тұруға əзер үйреніпті. Алты жылдан кейін ғана жүруге жарапты. Онда да төрт аяқтап жүгіреді екен. Төрт жыл ішінде алты-ақ сөз, жеті жылда 45-ақ сөз үйреніпті. Амала адам қолына келген соң, біраздан кейін тифпен ауырып өліпті. Ал 7-8 жыл адам қолында – Сингх деген священниктің қолында тəрбиеленген Камала, ақыры, нағыз адамдық қалыпқа келе алмапты». [11. Ғаламтор желісі қолданылды] Міне, осы мысал арқылы қоғамнан тыс қалған адамның сөйлеуден қалатындығын, жаратылысы адам болса да, оның бойында адамдық қасиеттердің жойылатындығын байқай аламыз. Бұл ойдың негізі – адам қоғамсыз дами алмайтындығын, ал қоғам адамды тұлға ретінде қалыптастыратындығына саяды.


Тіл – қай кезеңнің, қай уақыттың болмасын айнасы, адамзат қоғамының, мəдениеті мен өркениетінің бастамасы. Адамзат баласы тілінің шығуы адамның адам болып қалыптасқан кезеңінен басталады десек те болады. Тіл ойлаудың негізінде пайда болды. Ойлау еңбек əрекеті нəтижесінде қалыптасты. Үздіксіз ойлаудың нəтижесінде сана қалыптасты. Сана арқылы тіл пайда болды. Əрине, қалай болғанда да құдай адамды жаратты, ал тіл адам баласының туындысы деген дұрыс болар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет