Тілге мұқият адам, талғампаз адам, мәдениетті жазушы, сыршыл суреткер



Дата03.04.2023
өлшемі15,23 Kb.
#173542
Байланысты:
эссе Шаймерденов
слайд мк 105 ансаган, 1519151264, Тарих, Әзілхан нұршайықов іс шара

«С.Шаймерденов-әдеби тұлға» эссе

"Тілге мұқият адам, талғампаз адам


мәдениетті жазушы, сыршыл суреткер."
З. Қабдолов

Қазақ әдебиетіне 50-жылдары біршама талантты әдебиетшілер келіп қосылды. Сондай қазақтың көрнекті прозоиктерінің бірі Сафуан Шаймерденов.


Осы тұста Шаймерденов адамдық асыл қасиеттерге қалам тербеп, адамгершілік жыршысына айналды.
Қаламгер өз шығармаларында шынайылықты алға тартады. Барлық шығармаларында да негізгі ой әділдік пен адалдыққа бағытталады. Сондай-ақ, оның кейіпкерлері қашан да білімді, жоғары суреттеледі. Бұл да жазушының шеберлігі деп ойлаймын.
Сафуан Шаймерденов шығармаларымен ғана емес, ел мүддесінде күрескер болып, елдің ықыласына бөленген қоғам қайраткері. Оның басты мақсаты-алдымен халықтың қалаулысы атану. Шаймерденов жайлы оның досы: "айтар сөзін жасқанбай айта білетін, тура жүріп, тік тұратын адал азамат еді", - дейді. Жазушының бұл қасиеті ұлт мәртебесін көтерудегі, дәстүр-салтымызды ұлықтау орайындағы күрескер болуына септігін тигізді. Әдебиетте де дәл солай өжет мінез керек-ақ. Туындыларының мардымды болуына автордың мінез-құлқы,адамдығы әсер етеді. Сондықтан Сафуан Шаймерденовтың шығармаларының сәтті болуы алдымен адамдықтан дегім келеді.
Қазақ әдебиетінде көркемсөз шеберліктерін шарықтатып, жаңа леп әкелген туындылары ескерусіз, назардан тыс қалмады. Осы үшін "Отан", "Құрмет белгісі" ордендерімен марапатталды.
Қазақ əдебиетiне 50-шi жылдары келген тегеурiндi толқынның алдыңғы сапында болған Сафуан Шəймерденов қазақ прозасына психологиялық қатпары мол, реалистiк көркем дүниелерiмен қайталанбас қол таңбасын қалдырды. Сөз зергерi, психологиялық проза ның хас шеберi Сафуан Шəймерденовтiң көркем туындылары халқымен бiрге жасай берерi сөзсiз.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет