Timss тест тапсырмаларының жинағЫ: 8-сынып


Деректер және ықтималдық: ықтималдық



Pdf көрінісі
бет13/81
Дата27.03.2023
өлшемі4,16 Mb.
#173106
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   81
Байланысты:
sbornik timss 8 kaz final
9 сынып, 5 тест, 415601
Деректер және ықтималдық: ықтималдық
1.
Сенімді, мүмкін емес оқиғаның ықтималдығын бағалау. 
2.
Қарапайым нәтижелердің ықтималдығын бағалау үшін деректерді, соның 
ішінде эксперименттік деректерді қолдану. 
3.
Ықтимал нәтижелердің ықтималдығын анықтау. 
Математиканың танымдық салалары 
TIMSS тест тапсырмаларына дұрыс жауап беру үшін оқушылар математиканың 
мазмұндық бөлігімен ғана таныс болмауы керек, сондай-ақ олар бірқатар танымдық 
дағдыларды қолдануы қажет.
Бірінші танымдық сала – «Білім» – оқушылар білуі тиіс фактілер, тұжырымдамалар 
мен процедураларды қамтиды. Екінші сала – «Қолдану» – тапсырмаларды шешу 
немесе сұрақтарға жауап табу үшін оқушылардың білім мен тұжырымдамалық 
түсініктерді қолдану қабілетіне негізделеді. Үшінші сала – «Ойлау» – бейтаныс 
жағдайларды, күрделі контекстерді және көпсатылы тапсырмаларды қамту үшін 
күнделікті тапсырмаларды шешу шеңберінен шығады (1.2-кесте.). Осылайша, 
танымдық салалар оқушылардың ойлау дағдыларының кең спектрін қамтиды. 
1.2-кесте. TIMSS-2015-де математиканың танымдық салаларының пайыздық 
көрсеткіштері 
Танымдық сала 
Пайыздық арақатынасы 
Білім 
35% 
Қолдану 
40% 
Ойлау 
25% 
Дереккөз: Exhibit 6 Liv Sissel Grønmo, Mary Lindquist, Alka Arora, and Ina V.S. Mullis-тен бейімделген. (2013). 
TIMSS 2015 mathematics framework. In I.V.S. Mullis and M.O. Martin (Eds.). 
TIMSS 2015 assessment 
frameworks.
Boston College, TIMSS & PIRLS International Study Center сайтынан алынған: 
https://timssandpirls.bc.edu/timss2015/frameworks.html 
 


14

МАТЕМАТИКА БОЙЫНША ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫ
Білім 
Математиканы қолдану немесе математикалық есептер туралы ойлау математикалық 
ұғымдарды білуіне және математикалық дағдыларды еркін меңгеруіне байланысты. 
Оқушы неғұрлым маңызды білімді еске түсіре алса және түсіну шеңбері неғұрлым кең 
болса, көптеген тапсырмаларды орындауға мүмкіндігі соғұрлым жоғары болады.
Тілді, негізгі фактілерді, сандардың шарттылығын, символдық көріністі және 
кеңістіктік қатынастарды оңай еске түсіруге мүмкіндік беретін білім базасына қол 
жеткізбей, оқушы үшін мақсатты математикалық ойлау мүмкін болмайды. Фактілер 
математиканың негізгі тілін қамтамасыз ететін білімді, сондай-ақ математикалық 
ойлау үшін фундамент қалыптастыратын негізгі математикалық ұғымдар мен 
қасиеттерді қамтиды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   81




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет