Титанов жанат егинбаевич


Бірінші бөлім бойынша қорытынды



Pdf көрінісі
бет14/39
Дата18.10.2023
өлшемі11,26 Mb.
#186518
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   39
Байланысты:
Диссертационная работа на соискание степени доктора философии (PhD) Титанова Ж.Е
1256 TU PARAMETLERI KAZ, 9 Ә қозғалыс есебі жаз айы бойынша, 9 Ә қозғалыс есебі жаз айы бойынша, эЛЕКТРОХИМИЯ, 11 зертханалы ж мыс Та ырыбы ms dos ож-ні файлдармен ж не ката
Бірінші бөлім бойынша қорытынды 
Ауыл шаруашылығы, оның ішінде мал шаруашылығының халықты 
азық-түлікпен қамтамасыз етудегі орасан зор үлесі белгілі. Сол себепті мал 
шаруашылығынан мол өнім алу басты мақсат болып табылады. Етті ірі қара 
мал шаруашылығындағы негізгі өнім ретінде ет саналғандықтан, ет өндірісінің 
артуы бірінші кезекте халықты сапалы таза ет өнімімен қамтамасыз етудегі 
негізгі жұмыстардың бірі болып саналады. Мал шаруашылығы ертеден келе 
жатқан кәсіп түрі болып табылады. Қазақстанда ірі қара мал 
шаруашылығының қалыптасу кезеңі 19-20 ғасырларға тап келеді.
Кеңес Одағы құрылған уақытта Қазақстанның ірі қар мал шаруашылығы 
деңгейі арта түсті. Кеңес Одағы ыдырағанға дейін, Қазақстанда 16,5 млн адам 
болған уақытта ірі қара 9,5 млн бас, қой мен ешкі 36,4 млн басты құрады. 
Қазақстанның мал шаруашылығының жалпы ішкі өнімі, республиканың 
барлық ауыл шаруашылығының жалпы ішкі өнімінің 58%-ын құрады.
1932 жылдары алғаш рет абердин-ангус тұқымы ірі қара малы әкелінді. 
Сол сәттен бастап абердин-ангус тұқымы ірі қара малының Қазақстан 
климатына бейімделу процесі өткен болатын. Алайда Кеңес Одағы 
ыдырағанннан кейін асыл тұқымды мал басы саны күрт азайып, кейінгі 10 
жылдықта қарқынды ірі қара малының импорталуына байланысты қайта 
көбею үстінде. Негізгі Импорттаушы елдерге АҚШ, Канада, Австралия, 
Европа елдері (Ирландия, Литва, Эстония), Ресей Федерациясы жатады.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында Абердин-ангус тұқымы Палатасы 
қызметін бастап, елдегі абердин-ангус тұқымы мал өсірушілерімен белсенді 
жұмыстар атқарылуда. Палата есебі бойынша 01.01.2022 ж. мәліметі бойынша 
Республикада абердин-ангус тұқымы малының 109050 басы тіркелген.
Алғаш әкелінген жылдары абердин-ангус тұқымы ірі қара малының 
біздің еліміздің климаттық жағдайына бейімделу көрсеткіштері зерттеле 
бастады. Алайда оның буын аралық бейімделу көрсеткіштері толық 
зерттелмеді. Біздің осы зерттеу жұмысымызда Қазақстанның суық 
континентальды климаттық жағдайына канадалық және еуропалық 
селекциядан алынған үшінші генерация төлдерінің бейімделу көрсеткіштері 
анықталды.


31 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   39




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет