Тјжірибелік сабаќтыѕ таќырыптары



Pdf көрінісі
бет3/44
Дата17.11.2023
өлшемі1,31 Mb.
#191660
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44
Байланысты:
orman biologiyasy met ukaz utebaeva b h
туризм тарихы билеттер (2), фил сессия (2)
 
Бақылау сұрақтары: 
1.
Орман фитоценозы дегеніміз не? 
2.
Орман қандай құрам бөліктерден құралады? 
3.
Алқа ағаш пен сүрекдің туралы анықтама беріңіз. 
Тақырып 1.1 Қарағайлы орман морфологиясы
бойынша зертханалық 
жұмыс 
Мақсаты:
қарағайлы орманның жарық көп түсетін және ашық,құрғақ 
жерлерінде кездесетін өсімдіктермен, олардың өсу ортасымен танысып 
биоморфологиялық сипаттама жасау;
 
Жалпы түсінік 
Қарағайлы орманның негізгі тұқым құраушы түріне кәдімгі қарағай мен 
арша жатады.Қарағай жалаң тұқымдылардың ішінде кеңінен тараған, қылқан 
жапырақтылар класының өкілі. Оның басқа өсімдіктер мен салыстырғанда өсу 
ортасына, яғни топыраққа, қоятын талабы төмен, ол құмды құрғақ, тау тасты 
жерлерде тіршілік ете алады, бірақ жарық сүйгіш өсімдік. Сабағының сыртын 
қалың қатпарлы қыртыс жауып, сыртқы ортаның әр түрлі жағымсыз 
жағдайларынан сақтап тұрады. Қарағайдың сабағы моноподиалдық жолмен 
бұтақтанады, биіктігі 40м. Негізгі сабағында шоқтанған бұтақтар пайда болып, 
жыл сайын буын түзеді. Қарағайдың жасын осы негізгі сабақтағы пайда болған 
буындардың санына байланысты, яғни төменнен жоғары, санап анықтайды. 
Жанама бұтақтарындағы қысқарған өркендерде екі екіден қылқандары 
орналасады. Қылқандар әрбір 3-4 жылда бір рет түсіп, жаңадан пайда болып 
отырады. Төменде бірінші пайда болған жанама бұтақтар жарықтың нашар 
түсуіне байланысты қурап, өліп отырады. Сондықтан қарағайлы орманда 
орманның басқа түрлерімен, мысалы аралас орманмен, салыстырғанда жарық 
мол болады. Қарағайлы орманның топырағының ерекшелігі, топырақтың 
үстіңгі бетін күзде түскен қылқандар, қураған бұтақтар мен басқа өсімдіктердің 
жапырақтары, бүрлер қалың төсеніш қабат құрап жауып жатады.
Қарағайлы орманда, басқа ағаш тектестермен салыстырғанда, қарағай 
басым. Ал басқалардан қайың, көк терек кездеседі. Бұта тектестен шамалы 
түрде және өзіндік ярус құрмай итмұрын, тобылғы, долана, қара ырғай, үшқат 
және арша кездеседі. Шөптесін өсімдіктер қарағайлы орманда оқта-текте 
кездескенімен, түр жағына әр түрлі болып келеді. Мысалы: қоңырбас, бетеге, 
боз кілем, қоян от, саршатыр, мысық табан, бөдене шөп, ал тау шатқалдарында 
– мыңжапырақ, жусан кездеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет