Тјжірибелік сабаќтыѕ таќырыптары



Pdf көрінісі
бет6/44
Дата17.11.2023
өлшемі1,31 Mb.
#191660
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44
Байланысты:
orman biologiyasy met ukaz utebaeva b h
туризм тарихы билеттер (2), фил сессия (2)
 
Тапсырма
1.
Орман биоценозы үшін жайылымдық және детриттік қоректік тізбекті 
ойлап тауып, суретін салыңыздар.
2.
Бір экологиялық энергия пирамидасын ойлап суретін салыңыздар; 
 
Бақылау сұрақтары:
1.
Іле Алатауының шыршалы орман биогеоценозының ерекшеліктері 
қандай? 
2.
Шыршалы орманда алқабындағы шыршаларда түзілген органикалық 
заттар қалай ыдырайды?
 
 
 
Тақырып 3. Орман экологиясы
Мақсаты: 
студенттерге орманға әсер ететін экологиялық факторлар 
жайында білім беру.
 
 Жоспар: 
1.
Орман экологиясы туралы түсінік


11 
2.
Экологиялық факторлардың топтары
Әдістемелік нұсқау 
Организм мен ортаның өзара байланысын, организмдер мен орта 
арасындағы 
өзара 
ықпалды, 
жердің 
тірі 
жабылғысының 
тіршілік 
заңдылықтарын зерттейтін ғылым экология деп аталады.
Орман экологиясы биогеоценоздарды, яғни популяциялпарды және әр 
түрлердің аумақтық жиынтығын зерттейді. 
Биогеоценоз биологиялық ортаның алғашқы қарапайым бірлігі. Ол орман 
өсімдігі мен орта бірлігі екенін өте анық көрсетеді. 
Орман экологиясында екі мәселенә алып қарауға болады.экологиялық 
факторлардың орман тіршлігіне ықпалы және сондай ақ ерекше, өзіне ғана тән 
орман ортасының құрылуы. Осылайша орман экологиясы міндетіне орта 
жағдайларының орманға ықпалының сипатын, сонымен қатар орманның өзіндік 
алып жатқан аумағы мен жақын жатқан кеңістігіне әсерін зерттеу де кіреді. 
Экологиялық факторлар орманға толығымен сондай ақ оны құраушы 
компоненттеріне ықпал етеді.
Экололгиялық факторлар жиынтығын үш негізгі топтарға бөледі: 
абиотикалық, биотикалық және антропогендік факторлар.
Абиотикалық топтарға бейорганикалық табиғат факторларын жатқызады: 
климаттық, эдафикалық және геологиялық факторлар.
Климаттық фактолар- бұл күн радиациясы ( жарық, жылу) жауын-
шашындар, ауауның ылғалдылығы, жел, булану, көмірқышқыл газы мен 
атмосфераның басқа компоненттерінің концентрациясы.
Эдафикалық факторлар немесе топырақ ортасы – бұл топырақ 
ылғалдылығы және оның сипаты, топырақтың физикалық және химиялық 
қасиеттері.
Геологиялық факторларға жер бедері, аналық тау жынысы, үстіңгі ағын 
кіреді.
Биотикалық факторлар өсімдік және жануарлардың өзара әсерін құрайды. 
Оған сондай ақ өсімдіктердің бір-біріне өзара ықпалы және жануарлар мен 
микроорганизмдердің өсімдіктерге ықпалы жатады.
Антропогендік факторларға немесе адам іс-әрекеті факторларына 
орманды кесулер мен орман өрттері, мал жаю мен шөп шабу, орпманды 
жерлерді құрғату, тыңайтқыштар енгізу, опрманның сүректен басқа өнімдерін 
дайындау, адамдардың демалысы үшін орманды пайдалану ы жатады.
Экологиялық жағдайлар – бұл тіршілік үшін маңызды факторлар 
жиынтығы, олар табиғат жағдайында неше түрлі үйлесімде бола отырып, өз 
кезегінде жер үстінің салыстырмалы, тіпті кішкене учаскесінде таңқаларлық әр 
түрлі орманның сипатын көрсетеді.
Орманның экологиялық жағдайын, оның ашық жерлерге ұқсамайтын 
ерекше ішкі ортасын қалыптастыу қабілетін білу, орман табиғатын түсіну үшін 
ғана емес, сонымен бірге, адамның шаруашылық мүддесі тұрғысында сан 
қырлы қасиеттерін пайдалану үшін маңызды.


12 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет