Тобы: 1вк топ жетекшісі: Тұрахан Ж



Дата20.12.2023
өлшемі16,54 Kb.
#198030
Байланысты:
Тәуелсіз елімнің ерлік жолы тәрбие сағаты
1497-1965-1-SM

«Шығыс Қазақстан көпсалалы колледжі» КМҚК

ТӘРБИЕ САҒАТЫ


Тақырыбы: Тәуелсіз елімнің ерлік жолы
Тобы: 1ВК
Топ жетекшісі: Тұрахан Ж.


Саратовка, 2023 -2024 оқу жылы
Тақырыбы: Тәуелсіз елімнің ерлік жолы

Мақсаты:
Тәуелсіздік тарихына шолу жасау. Оқушыларды елжандылыққа ,
Отансүйгіштікке баулу.
Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Сәбира Мұхаметжанова, Ербол Сыпатаевтың өмір жолдарымен танысу және артында қалған мұраларын қастерлеп, халық батырларының рухына тағзым ету.
Көрнекілігі: Желтоқсан оқиғасы туралы деректер беретін кітаптар көрмесі, баннер, қанатты сөздер, ҚР-ның рәміздері, шарлар
Барысы:
Мұғалім:
Қазақстан тәуелсіз азат елім,
Кең байтақ, қасиетті туған жерім.
Таңдай қағып бар әлем тамсанатын,
Құдіретіңнен айналдым асыл елім.
Саламатсыздар ма, оқушылар! Міне, алдымызда ҚР-ның тәуелсіздік мерекесі келе жатыр. Осыған орай бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы – «Тәуелсіз елімнің ерлік жолы» деп аталады.
«Тәуелсіз елімнің ерлікжолы» атты ашық тәрбие сағатымызды бастамас бұрын ҚР-ның әнұранын орындайық.
ҚР-ның Әнұраны орындалады.
Оқушылар біздің тәуелсіздікке қол жеткізгенімізге биыл неше жыл толады?
Ендеше Тәуелсіздігіміздің 26 жылдығы құтты болсын!
Сол Тәуелсіздікке жетеміз деп қыршын кеткен жастарымызды 1 минут үнсіздікпен еске алайық.
(1 минут үнсіздік)
Тәуелсіздік мерекесіне байланысты дайындаған тәрбие сағатымыздың маңыздылығымен таныстырып өтейін. Алтайдан Алатауға дейін ұланғайыр жерді мекен еткен ата-бабаларымыз Тәуелсіздікті арман еткен. Осынау кең даланы көк найзаның ұшымен, сом білектің күшімен қорғаған бабаларымыздың аманатын орындау үшін талай боздақтар құрбан болды. Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай батырлардан бастап күні кешегі Қайрат Рысқұлбековке дейін сол елді қорғауды ұран еткен.
«Тарихи тұлғалар немесе әдеби кейіпкерлер» деп аталатын бұл бөлімде оқушыларымыздың білімдерін тексеріп көрейік
1. «Қарлығаш әулие» атанған шешен кім? (Төле би)
2. «езілген қазақ елінің
Бағы үшін туған ер» деп кімді жырлаған? (Амангелді)
3. Қазақтың асқан ақылгөй жырауы кім? (Бұқар жырау)
4. «Ерлігіне ақылы сай батыр бастаған іс қашанда халық тілегінен шыққан. Үнемі жақсылықпен бітіп отырған». Бұл қай мәтіннен және кімге байланысты айтылған? («Ақжолтай Ағыбай батыр»)
5. «Отан үшін отқа түс, күймейсің.
Арың үшін алыссаң, өлмейсің» деген қай батырдың сөзі? (Бауыржан Момышұлы)
6. «Үш бәйтерек» аталған қайраткерлер кімдер? (Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіров)
7. «Қансонарда бүркітші шығады аңға» өлеңінің авторы кім? (Абай)
8. «Арман қудың ба, алдыңа қара, артыңа алаң болма! Өмірдің өткелін іздеп таптың ба, жүрексінбе, көзді жұм да қойып кет, белді шеш те кешіп өт» деп өзінің күнделігіне жазған қазақтың батыр ұлы кім? (Қайрат Рысқұлбеков)
9. «Мен, мен едім, мен едім,
Мен Нарында жүргенде
Еңіреп жүрген ер едім» деп жырлаған батыр ақын кім? (Махамбет Өтемісұлы)
10. ҰОС-да жауынгерлерге әсем әнімен рухын көтерген қазақтың қос бұлбұлы? (Бибігүл Төлегенова, Роза Бағланова)

Бейнебаян: Желтоқсан желі.
Сонымен оқушылар, осы көрсетілген бейнебаяннан өзімізге қандай ой түйдік?
1991 жылы 16 желтоқсанда сан ғасырлар бойы армандаған ұлы күнге жеттік. Өз туымызды биікке көтеріп, әнұранымызды әуелеттік.Ата заңымыздың аясында бейбіт күннің шапағатына бөлендік. Әлемге аз уақытта танылған жасампаз бейбітшілік пен келісімнің қаласы Астанамыз мақтанышымызға айналды. Өз шекарамызды еншілеп, шет елдермен байланыс орнаттық. Алпауыт елдердей ел экономикасы қарыштап дамып келеді.


Елдігіміз бен бірлігімізді, ынтымақ пен татулығымызды айқындайтын егемендігіміз мәңгілік, тәуелсіздігіміз тұғырлы болғай! Тәуелсіздігіміз баянды болсын!

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет