Тобы: Қт-ж-17 Студент: Шыңғысбекқызы а курстық жұмыстың тақырыбы



бет1/28
Дата15.12.2021
өлшемі0,57 Mb.
#101585
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
Байланысты:
курсовой КТО
сөзжұмбақ, 5-сыныпТЖБ

Тобы: ҚТ-Ж-17
Студент:Шыңғысбекқызы А
Курстық жұмыстың тақырыбы: « Синтаксисті меңгертудегі тиімді кері байланыс түрлері»
Жоспары:

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

2.1 Жаңартылған білім мазмұны жағдайында синтаксисті оқыту ерекшеліктері

2.2 Жай және құрмалас сөйлем, сөйлемдерді меңгертудегі озық технологиялар

2.3 Кері байланыс-Талдау,Рефлексия және Бақылау өнімі

2.4.Қазақ тілі пәніндегі қолданылатын кері байланыс түрлері
ІІІ.Тәжірибелік бөлім

3.1 Мектеп бағдарламасында синтаксистік тақырыпқа берілген сабақтарды зерттеу

3.2 Синтаксис тақырыбына байланысты үлгілік сабақ жоспарлары
ІV. Қорытынды

V. Қосымшалар

VI. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

І. КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі:  

Қазақ тілінің асыл мұрасы – сөз байлығы, шебер сөйлеудің озық үлгілерін игерту жолындағы осындай үлкен мақсатты дұрыс түсінген қазақ тілі мұғалімінің алдында көптеген міндеттер тұратыны белгілі. Қазақ тіліндегі әр тақырыптарға белгілі сағат беріліп тереңдетіліп оқытылады. Оларды оқытуда көзделетін мақсат берілген тақырыпты дұрыс меңгеретін оқушылардың білімін, ой - өрісін дамыту.

Қазақ тіл білімінің инегізін қалаушы А.Байтұрсынұлының: «Біздің қазақ тіліндегі сөздің бәрін білгеніміз қазақ тілін қолдана білу болып табылмайды. Тілді қолдана білу деп айтатын ойға сәйкес келетін сөздерді таңдап ала білуді және сол сөздерді сөйлем ішіне орын-орнына дұрыстап қоя білуді айтамыз» деген пікірінде қазақ тілін, оның ішінде синтаксисті оқытудың мақсаты мен міндеттері толықтай қамтылған.

Жоғарыда аталған мәселелердің барлығы қоғам сұранысын өтейтін білікті де білімді, жан-жақты дамыған, құзыреттілігі қалыптасқан тұлға дайындаудың ұтымды жолы, басым бағыты ретінде синтаксисті жаңартылған білім мазмұны жағдайында меңгертудің ғылыми-әдістемелік негіздерін айқындаудың өзектілігін танытады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет