Төлеген Тәжібаев атындағы жалпы орта мектебі Карибаева Света Нұршатайқызы Тақырыбы: Қазақ сөз өнерінің наркескені Шерхан Мұртаза 85 жыл



бет1/2
Дата26.06.2018
өлшемі0,64 Mb.
#44525
  1   2
ОҚО Шардара ауданы Сүткент ауылы

Төлеген Тәжібаев атындағы жалпы орта мектебі

Карибаева Света Нұршатайқызы

Тақырыбы: Қазақ сөз өнерінің наркескені

Шерхан Мұртаза 85 жыл

(Оқырмандар конференциясы)

Мақсаты: Шерхан Мұртазаның өмірі мен шығармашылығымен таныстыру.Тағылымы мол мерейтойы туралы айтып өту. Өмірі халықтың мұң-мүддесін қорғауды басты мақсат еткені туралы мағлұмат беру. Оқырман конференциясы арқылы шығармалары мазмұнының тереңдігімен,тілінің көркемдігімен кеңінен таныстыру. Төл әдеби тілімізді байытуға өзіндік үлесін қосқанын айта отырып,оқушылардың ой-өрісін кеңейту,танымдық деігейін көтеру, әдеби –көркем тілде сөйлей білуге қызығушылықтарын дамыту.

Оқырман конференциясының кезеңдері: 1. Өмірі

2. Тағлымы мол мерейтой

1-оқырман.Әйгілі қаламгер Шерхан Мұртаза 1932 жылы туған екен. Содан бері міне, 80 жыл болыпты, яғни ол 80 жасқа толыпты. Оның бала кезінен бүгінге дейінгі өмір жолдарына шолу жасасақ, бірнеше романға арқау боларлық оқиғаларды бастан кешкенін ұғынуға болады. Шерағаң бала кезінде әкеден айырылған. Әкесі халық жауы ретінде жаламен ұсталып, хабарсыз кеткен. Ұлы Отан соғысы тұсындағы ел басына түскен зобалаң, жетімдік зардабы жөнінде ол жуықта телеарна журналистеріне берген сұхбатында бірауыз сөзбен, тіпті бір сөйлеммен-ақ ұғындырды. «Мен бала кезімде тікенді қалың шеңгелдің арасынан жалаңаш өтіп шыққан адаммын». Осы сөзде қанша мән, мағына бар екенін оны білетіндердің бәрі де айқын бағамдай алса керек. Ал жалпы, оның қаламгерлігі мен қайраткерлігі, елімізге сіңірген еңбегі жөнінде әңгімелейтін болсақ оның бәрін бірнеше тақырыпқа, бірнеше салаға бөліп қарастыруға болады. Мұны Шерағаңның өзіне ұқсап тоқсан ауыз сөзді тобықтай түйінге сыйдырып баян етіп көрейік.

2-оқырман.Шерхан Мұртаза – журналист. Шерхан Мұртазаның елімізге аты кеңінен әйгілі болған журналист екені баршаға мәлім. Оның журналистік ерекшелігі аз сөзбен көп мағына бе­руімен ерекшеленетіні, сонымен қатар не жазса да халықтың мұң-мүд­десін қорғауды басты мақсат ете білгені әсіресе жас журналистерге үлгі-өнеге деуге болады.
Шерхан Мұртаза – редактор. Шерхан Мұртазаның республикамыздағы ең белді басылымдары «Лениншіл жас» («Жас Алаш»), «Қазақ әдебиеті», «Егемен Қазақстан» газеттерінде, «Жа­лын» журналында бас редактор болып қазақ баспасөзіне көп­теген жаңалықтар енгізгені, қазақ жур­налистерінің шындықты батыл жазуға, талантты тани білуге, қа­шанда қазақ халқының мүддесін қор­ғаудан айнымауға баулығаны жө­нінде оның қоластында қызмет еткен журналистердің, жазушылардың ес­теліктерінде аз айтылған жоқ. Көп­теген талантты журналистер мен жа­зушылар «Біз Шерағаңның шек­пенінен шыққанбыз» деп жиі айтатыны бекер емес. Ал Шерағаңнын өзінің де қанатты сөзге айналып кеткен ұла­ғаттары да баршылық.
Шерхан Мұртаза – жазушы. Жалпы Шерхан Мұртазаның әңгімелері қысқа да ңұсқа болуымен ерекшеленеді. «Қазақ әдебиетінде Шерхан бармаған тақырып жоқ» деген сөз бекер емес. Сөйтсе де оның «Ай мен Айша» шы­ғар­масының шоқтығы биік деген пікір айтылып жүр. Тұрар Рысқұлов ту­ралы жазған шығармасында да өзіндік қырымен ерекшеленетіні оқыр­ман­дарына белгілі. Оның «Сталинге хат», «Бесеудің хаты» пьесасы сахнада қойылғанда тек көркемдік жағынан ғана емес, саяси жағынан да қазақ қаламгерлері үшін бетбұрыс тудырғаны жөнінде де пікірлер жиі айтылады.


3-оқырман.Шерхан Мұртаза – қоғам қай­раткері. Әйгілі қаламгер Шерхан Мұртазаның он екінші, он үшінші шақырылған Жоғарғы Кеңестің, екінші шақырылған Парламент Мәжілісінің депутаты болған тұста әсіресе қазақ халқының мүддесін қорғаумен, қазақ халқына, еліміздің тәуелсіз мемлекет болуына, қазақ тіліне қарсы теріс пиғылды көзқарастарға соққы берумен ерекшеленгені өз алдына бір әңгіме. Ол тек қазақ тілінің мемлекеттік мәртебе алуы жолындағы күреске қоғам қайраткері-депутат ретінде де, қалам қайраткері ретінде де аз үлес қосқан жоқ. Бұл жөнінде де ұзақ әңгімелеуге болады.
Осындай әйгілі тұлғаның сексен­нің сеңгіріне шыққаны бүкіл халқы­мыз үшін де қуанышты мереке десек те болады. Сондықтан да биылғы оның мерейтойы дүркіреп өткені жөнінде БАҚ-тар жарыса жазып, жария етуде. 28 қыркүйек күні Шерхан Мұртазаның 80 жылдық мерейтойы Жамбыл облысы орталығындағы қазақ драма театрында бастау алды. Айтулы шараға ҚР Мемлекеттік хатшы Мұхтар Құл-Мұхаммед, ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Дархан Мыңбай, облыс басшысы Қанат Бозымбаев, Халық жазушысы Әбіш Кекілбай бастаған әріптестері мен зиялы қауым өкілдері қатысты.


4-оқырман. Театрда жергілікті «Қазақстан-Тараз» телеарнасы дайындаған Шерхан Мұртазаның азаматтық болмысын, қайраткерлігін баян еткен «Шындықтың жебесі» атты деректі фильм көрсетілді. Бұдан соң Шерхан Мұртазаның еңбектерінен жасалған драмалық шығармаларға арналған республикалық жабық кон­курстың жеңімпаздары марапатталды. Республикалық жабық кон­курсқа халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегерлері «Қазақ әде­биеті» газетінің бас редакторы Жұмабай Шаштайұлы мен «Жамбыл» журналының бас редакторы Несіпбек Дәутайұлы және театр­танушы Әлия Бөпежанова, халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, өнертану ғылымының кандидаты, Қазақстан Театр қайраткерлері одағының төрағасы Тұңғышбай Жаманқұлов қазылық етті. Марапаттау сыйлығын қазылар алқасының төрағасы, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, профессор Әшірбек Сығай табыс етті. Бірінші жүлде Айгүл Кемелбаеваға «Байғазы» деген бүркеншік атпен түскен «Ай мен Айша», екінші жүл­де Әмір-Темір Хусейнге «Сартай Жү­сіп» деген бүркеншік атпен түс­кен «Әулие ағашпен қоштасу», үшін­ші жүлде тараздық Айжан Атымтаеваға «Айжан қыз» бүркеншік атымен түскен «Қыз қасқыр» драмалық шығармаларына берілді. Осы күні театр артистері көрермен қауымға Шерхан Мұртаза­ның «Домалақ ана» спектаклін ұсынды. Драманың тұсаукесерін халық артисі Ерсайын Төлебай сахналады.


5-оқырман. Жазушының мерейтойы сен­бі кү­ні облыс орталығындағы «Ба­ла­­сағұн» мәдениет сарайында жалғасып, онда «Шерхан Мұртаза шығарма­шы­­лығы және тәуелсіз ел руханияты» та­қы­ры­бында рес­публикалық ғы­лыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылып, Шерхан Мұртаза­ның жетi томдық шығар­малар жина­ғының тұсаукесері өтті. Онда ҚР Мемлекеттік хатшысы Мұхтар Құл-Мұхаммед, ҚР Мә­дениет және ақпарат министрі Дархан Мыңбай құттықтау сөз сөйлеп, конференцияны Ұлттық инженерлік академиясының академигі Оразалы Сәбден жүргізіп отыр­ды. Негізгі баяндаманы «Егемен Қазақстан» республикалық га­зеті­нің президенті Сауытбек Абдрахманов жасады. Осы күні Тараз қала­сындағы Ш.Уәлиханов атын­дағы әм­бебап ғылыми кітапханада Шерхан Мұртазаның өмірі мен шы­ғарма­шы­лығына арналған мұражай ашылды.
Шерхан Мұртазаға арналып Тараз қаласында өткен ғылыми конференцияда, кіндік қаны тамған Жуалыда болған салтанатты жиында айтылған тұжырымдар оның тұлғасын жан-жақты ашып, көрсетуді мақсат етті. Қасиетті Әулиеата жерінде Шерхан Мұртазаға берілген бағаға, елі сый­лаған әйгілі тұлғаның сан қырлы қа­сие­тіне жұртшылық кеңінен қанықты. Шерхан – жазушы. «Ай мен Айша» – жазушының шоқтығы биік шығармасы, – деді жазушы, драматург Әкім Тарази. «Қазақ драматургиясы дағ­дарысқа ұшыраған бір заманда Шерхан жазған «Сталинге хат», «Бесеу­дің хаты» пьесасы дүйім халықтың еңсесін көтерді, оның спектакліне келген Колбин өзін таныды, бір қызарып, бір қуарды», – деді белгілі көсемсөз зергері Сауытбек Абдрахманов. «Бір «Қара маржанның» өзі талай «маржандарды» дүниеге әкелгенін кім білмейді! «Бір кем дүниемен-ақ» қаншама жоғымыз түгенделді ғой» деп түйді бір тұстасы. «Шерағаң – бүгінгі қазақ руханиятының тұлғасы» деді Әбіш Кекілбай.


6-оқырман. «Журналистика деген қан базар. Кейбір жазушылар сол қан базардың ортасынан шыға алмай қалады. Ал Шерағаң сол қан базардан шығып, қа­зақтың классик жазушысына ай­налған дара тұлға,–деді Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Мұхтар Құл-Мұхаммед. – Шерхан Мұртаза – ұлы редактор. Шераға секілді қазақтың бірнеше басылы­мын басқарған редактор жоқ: «Ленин­шіл жас», «Жалын», «Жұлдыз», «Қазақ әдебиеті», «Егемен Қазақстан», бұ­ған «Қазақстан» мемлекеттік теле­радио компаниясын қосыңыз».
Белгілі академик, атақты экономист Оразалы Сәбден: «Шераға қазақ руханиятына ғана үлес қосқан жоқ, Қазақстан экономикасының өсуіне де ықпал етті» деді шегелеп. Жоғарыда аталған басылымдарда еңбек ете жүріп, қазақ елінің бүгіні мен ертеңіне елеңдеген Ш.Мұртаза қысы-жазы ел көрмей, ой-қырда жүрген малшыны, жер астын кескілеп кен қазған кеншіні, егін егіп терлеген, ерлеген диқанды, егіннің бір талын шашау шығармай тасыған жүргізушіні, ел экономикасын алға сүйреген талай-талай басқа да мамандық иелерін қасқайта жазып, асқақтата көрсетсе, экономист болмай қайтсін!
Сонымен ежелгі Жамбыл то­пырағында Шерхан Мұртазаның тойы ойдағыдай өтті.







Шығармашылығы


7-оқырман. Тұңғыш кітабы — “Құрылысшы Дәку” очерктер жинағы 1958 жылы жарық көрді. Қазіргі замандас бейнесі, соғыс жылдарындағы тылдағы адамдардың қажырлы еңбегін баяндаған “Табылған теңіз” (1963), “Бұлтсыз күнгі найзағай” (1965), “Белгісіз солдаттың баласы” (1967), “Мылтықсыз майдан” (1969), “41-жылғы келіншек” (1972), “Ахметжанның анты” (1973), т.б. повестер мен “Интернат наны” (1974) атты әңгімелер жинақтары жарияланды. Өндірістің дамуы жөнінде, адам мен қоршаған ортаға қамқорлық туралы маңызды мәселелер көтерген, ғылыми-техникалық төңкеріс жайын сипаттаған “Қара маржан” (1976; ҚР Мемлекет сыйлығы, 1978) романы, мемлекет қайраткері Т.Рысқұловтың өміріне арналған (“Қызыл жебе”, 1, 2-кіт. 1980; “Жұлдыз көпір”, 3 кіт., 1984) роман-трилогиясы басылды. Драматургия саласында жазушының “Қызыл жебе” (1987, Қ.Ысқақовпен бірге), “Сталинге хат” (1988), сондай-ақ “Бесеудің хаты” (1989) атты пьесалары қойылды. «41-ші жыл келіні», «Интернат наны», «Жүрек қартаймайды» әңгімелер жинақтарының; «Қара алқа», «Қызыл садақ» романдарының; «Сталинге хат», «Бесеудіңхаты», «Бесінші бұрыш» пьесаларының авторы.

Аудармалары


8-оқырман. Шерхан Мұртаза шығармашылық жолын студент кезінде Л. Лагиннің “Хоттабыч қарт”, М.Кәрімнің “Біздің үйдің қуанышы” шығармаларын қазақ тіліне аударумен бастады. Ол Г.Х. Андерсеннің әңгімелерін, венгр халық ертегілерін, Ш.Айтматовтың “Ботагөз”, “Қош бол, Гүлсары”, “Теңіз жағалап жүгірген тарғыл төбет” повестерін, “Боранды бекет”, “Жанпида” романдарын қазақ тіліне аударды. Екі томдық шығармалар жинағы жарық көрді (1982). Ш. Айтматовтың туындыларын қазақ тіліне аударды.



Шерхан Мұртазаның мерейтойы дүбірлеп өтті


Слайд көрсету












Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2016 -> Сабақтың атауы Бейнелеу өнерінің түрлері Сілтеме Сабақтың жабдығы
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет