Төменде берілген екі мәтінді оқып, тапсырманы орындаңыз а мәтіні Адам, оның құқықтары мен бостандықтары ең қымбат құндылық «Заң адам пайдасына жазылады, адам заң үшін тумайды ғой»



бет2/3
Дата25.09.2023
өлшемі21,46 Kb.
#182342
1   2   3
Байланысты:
1-нұсқа

Ә мәтіні
Заңның тиімсіз тұстары
Заңның кері күші, құқықта – заңды ол күшіне енгенге дейін болған оқиғаларға қатысты қолдану. Әдетте, заңның кері күші болмайды, яғни ол күшіне енгенге дейін болған оқиғаларға қатысты қолданылмайды. Белгілі бір оқиғаға қатысты осы оқиға орын алған сәтте күшінде болған заңды қолдану қажет. Бұл ереже құқық субъектілері арасындағы қарым-қатынастар тұрақтылығына, ел азаматтарының құқықтық жағдайының тұрақтылығына, елдегі құқықтық тәртіптің беріктігіне деген сенімді қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша, жауаптылықты белгілейтін немесе ауырлататын заңның кері күші жоқ. Жасалған сәтте құқық бұзушылық деп танылмаған әрекет үшін ешкім де жауапқа тартылмайды. Егер құқық бұзушылық әрекет жасалғаннан кейін ол әрекет үшін жауаптылық жаңа заң нормасы бойынша жойылса немесе жеңілдетілсе, онда жаңа заң нормасы қолданылады, яғни заңға кері күш беріледі. Бірақ заң нормаларын осылай қолдануға болатындығы сол заңның өзінде не оны қолданысқа енгізу туралы актіде ескертілуге тиіс. Мысалы, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 5-бабы бойынша, әрекет қылмыстылығын, жазаны жеңілдететін немесе қылмыс жасаған адамның жағдайын өзге де жолмен жеңілдететін қылмыстық заңның кері күші болады, яғни осындай заң күшіне енгенге дейін тиісті жазасын өтеп жүрген немесе өтеген, бірақ соттылығы бар адамдарға қатысты қолданылады. Әрекеттің қылмыстылығын белгілейтін немесе адамның жағдайын өзге де жолмен нашарлататын қылмыстық заңның кері күші болмайды. Егер жаңа қылмыстық заң жазасын өтеп жүрген адамның сол жазасын жеңілдететін болса, онда бұл жаза қылмыстық заңда көзделген шекте қысқартылуға тиіс.
(211 сөз)
https://kk.wikipedia.org/wiki
Екі мәтіндегі ақпаратты саралап, өз пікіріңізді қоса отырып, «Заңды білу – құқық бұзушылықтың азаюына кепіл бола ала ма?» деген тақырыпта эссе жазыңыз. Эсседегі сөз көлемі 200-250 сөз.
[20]

Балл қою кестесі



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет