Топырақтану



Pdf көрінісі
бет8/68
Дата05.09.2020
өлшемі0,89 Mb.
#77071
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   68
Байланысты:
topyra tanu t m blisov
ab31bce0-2cd4-11e3-a7a3-f6d299da70eeУМКДмал шиз 3(1), Topyra tanu
II  топ  –  топырақтың  органикалық  бӛлігінің  ӛзгерістерге  ҧшырауға 

қатысты процестер: гумус жиналу; шымтезек жиналу. 



III  топ-  топырақта  пайда  болған  минералды    және  органикалық 

ӛнімдердің  ӛзгерістерге  ҧшырауымен  жылжуына  қатысты  процестер: 




 

23 


сортаңдану,  кебірлену  мен  шақаттану;  қопалану  мен  кеңдену;  шайылу, 

кҥлгіндену. 

А.А.  Роде  (1971),  И.П.  Герасимов  (1973,1980)  жоғарыда  кӛрсетілген 

процестерге тағыда бірнеше процестер тҥрін қосты. 

Топырақтағы  органикалык  заттардың  ӛзгерістерге  ҧшырау  процестері. 

Фотосинтез  арқылы  және        микроорганизмдер  жан-жануарлардың 

ӛсімдіктерді  пайдалануы  кезінде  қалыптасқан  органикалык  заттар 

биоценоздың қҧрамды бӛліктерінің ӛнімдері ретінде топыраққа қайтарылады. 

Олар  мен  бірге  фотосинтез  әсерінен  шоғырланған  энергия,  биогенді 

элементтер  және  қарашірінді  қҧралуына  қажет  органикалық  заттар 

топыраққа тҥседі. Осы органикалық заттар топырақ тҥзілу процесі кезінде екі 

бағытта ӛзгерістерге ҧшырайды. Олар минералдану және қарашірінді немесе 

гумус тҥзілуі. 

Минералдану  құбылысы  кезінде  кҥрделі  органикалык  затгар  әр  тҥрлі 

микроорганизмдердің қатысуымен қарапайым химиялық қосылыстарға дейін 

ыдырайды  (су,  кӛмірқышқыл  газы,  тҥрлі  аниондар  мен  катиондарға). 

Органикалык заттардың 80-90% минералдану қҧбылысына ҧшырайды. Пайда 

болған ӛнімдер топырақ ерітіндісі қҧрамына кӛшіп ӛсімдіктер ҥшін қайтадан 

қоректік зат болып биологиялық зат айналымына қосылады. 



Гумус  түзілу  құбылысы  барлық  топырақ  типтері  қалыптасу  кезінде 

байқалады.  Бҧл  топырак  кҧралуының  басты  кӛрсеткіші,  осы  қҧбылыс 

әсерінен топыраққа тҥскен    органикалық қалдыктардың бір бӛлігі   ерекше   

зат    карашіріндіге  немесе  гумуске  айналады.  Қарашірінді  тек  топырақтарға 

ғана тән зат. Топырақ қҧралуы кезінде минералдану мен қарашірінді    тҥзілуі    

кҧбылыстары  оңтайлы  жағдайда  жҥргеңде  топырақта  қарашірінді  қабаты   

тҥзіледі  және  оның  қалыңдығының  артқаны  байкалады.  Топырақта 

қарашірінді мӛлшері арткан сайын оның қҧнарлылығы   молайып, касиеттері 

жақсара тҥседі. Қоршаған   ортанын жағдайлары, топырак тҥзуші факторлар 

қолайсыз болған    жағдайда топырактағы    карашірінді    тҥзілуі,    жиналу 

процестерінің  қарқыны          бәсеңдейді,          қарашіріндінің  және  басқа 

органикалық  аттардың  минералдануының  артуы  байқалып,  қҧнарсыз 

топырақтар тҥзілуі ықтимал. 

Шымтезек      түзілу      құбылысы  –  ылғалдылық  артық      жағдайда 

анаэробты  ортада  әлсіз  ыдыраған          органикалык    қалдықтардың 

жинақталуымен  сипатталады.  Бҧл  процесс  әсерінен  топырақта  шымтезек 

қабаты қалыптасады. Батпақты топырақтар тҥзілу процесіне қатысады. 

Топырақтың  минералды  бӛлігінің  ӛзгерістерге  ҧшырауына  қатысты 

процестер  қатарына  бастапқы  топырақ  қҧралу,      шымдану,    балшықтану, 

грейлену ж.т.6. жатады. 

Бастапқы  топырақ  қҧралу  жалаңаш  аналық  тау  жыныстары      ҥстінде 

ӛтеді. Бҧл кҥрделі,   кешенді   бір   уақытга   жҥріп   жататын   биологиялық, 

физикалық  және    химиялық  процестер  жиынтығы.    Тау  жыныстарына 

қарапайым  организмдер      қоныстануынан      басталады      және      олар    тау 

жыныстарының  минералдарының  ыдырауына,      ҥгілуіне          әсер    етеді. 

Кейінірек  бірте-бірте            майда    ҥгінділер,      биогенді      элементтер      мен 



 

24 


гумустың  жиналуы  байқалады.  Бҧл  кҧбылыс      әсерінен  ӛте  жҧқа  қабатты, 

әлсіз дамыған топырақтар тҥзіледі. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   68




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет