Топырақтану


Биологиялық  зат айналымы



Pdf көрінісі
бет7/68
Дата05.09.2020
өлшемі0,89 Mb.
#77071
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   68
Байланысты:
topyra tanu t m blisov
ab31bce0-2cd4-11e3-a7a3-f6d299da70eeУМКДмал шиз 3(1), Topyra tanu
Биологиялық  зат айналымы  дегеніміз  қоршаған  орта  және  ӛсімдіктер 

мең  жан-жануарлар  арасындағы  кайталанып  отыратын  заттар  және  энергия 

алмасуы. Биологиялык  зат айналымның ӛзіне  тән ӛзгешіліктері  бар және ол 

топырак тҥзілуге ҥлкен ықпал жасайды. Биологиялык зат айналымы кезінде 

тірі  организмдер  алғашқыда  тау  жынысынан,  кейіннен  топырақтан  қоректік 

заттарды іріктеп сіңіреді. 

Одан соң ол заттар биологиялык  ӛнім қҧрамына енеді.  Организмдердің 

қалдықтары  жер  бетіне  тҥсіп  және  топырақ  ішінде  ыдырағанда  қоректік 

заттар оған қайтадан оралады. 

Осы  айналымның    нәтижесінде    топырақтың  жоғарғы  қабатында 

биофильды элементтер шоғырланады. 

 Биогеохимиялық  айналымы  ӛзара  келісімді  жҥйе  ретінде  кеңістікте 

және  белгілі  бір  уакыт  аралығында  топырактың  тірі  немесе  ӛлі  бӛлігінде 

сатылап жҥретін заттардын ӛзгерістерімен жылжу қҧбылыстары. 

Бҧл зат айналымның ӛзгешілігі оның жер бетіне келіп тҥсетін кҥн нҧры 

радиациясының  жыл  мезгілі  ішінде  ӛзгеруіне,  ӛсімдік  дҥниесінің  ӛсіп 

дамуының кезеңдеріне сәйкес қҧбылуы яғни кезеңденіп жҥруі. 

 

2.2 Табиғатта    топырақтың    қҧралуы    кҥрделі    жағдайда    жҥреді. 

Сондықтан  топырақтың  қҧралуын,  оның  даму  кезеңдерін  шартты  нҧсқа 

(модель) тҥрінде қарап пайымдауға ғана болады. 

Топырактың  қҧралу  процесінде  келесідей  басты  буындар  бар  деп 

есептеленеді: 

-  тау          жыныстары  минералдарының,  кейіннен  топырақ 

минералдарының ӛзгерістерге ҧшырауы; 



 

20 


-  топырақта  органикалық  заттардың  шоғырлануы  және  олардың 

ӛзгерістерге ҧшырауы; 

-  топырақтағы  минералды  және  органикалық  заттардың  әрекеттесіп 

кҥрделі органикалық- минералды қосылыстар тҥзуі; 

-  топырақтың          ҥстіңгі        қабатында        біршама        қоректік          заттар 

мӛлшерінің шоғырланып жиналуы; 

-  топырақ      қҧралуы      кезінде      пайда      болған      заттардың      ылғалдың 

әсерімен онын тік бойында және ҥстіңгі бетінде жылжуы. 

Аталып    ӛткен  топырақ  кҧралу  процесінің  негізгі    буындарының  жҥру 

карқыны  топырақтың  пайда  болуы,  дамуы  кезінде  әр  тҥрлі  болып  келеді. 

Сондықтан топырақтың пайда болуын ҥш кезеңге бӛлуге болады: 

Бірінші - топырақ қҧралуының алғашкы кезеңі. 

Екінші - топырақтың даму кезеңі. 

Ҥшінші - топырақтың кемелденіп жетілген кезеңі. 

Топырақ  қҧралуының  алғашкы      кезеңі      тау      жыныстарына  тірі 

ағзалардың      қоныстануынан      басталып,  топырақ      тҥзілуіне  себепкер 

факторлардың      катысуымен      жҥреді.      Осы      алғашқы      кезеңнің      ӛзінде 

заттардың  биологиялық  айналымы  қалыптасады.  Бірак  бҧл  айналымның 

кӛлемі  шамалы  болады.  Ӛйткені  тау  жыныстарына  ең  бірінші  қарапайым 

ӛсімдіктер    (саңырауқҧлактар,    кыналар,    балдырлар), микроорганизмдер 

қоныстанады.  Осы  кезеңде  физикалык,  физикалық-химиялык,  химиялық 

процесстер  (заттардын  еруі,  шӛгуі,  булану,  конденсациялануы,  сіңуі  т.б.) 

жҥреді.  Осы  қҧбылыстардын  әсерінен  заттардын  ӛзгеруімен  козғалып 

жылжуы  байқалады.  Биогеохимиялык  зат  айналымы  әлі  калыптаспаған 

болады.  Топырак  қҧралуынын  алғашкы  кезеңі  барысында  оның  қатты 

бӛлігінін кӛптеген белгілері болмайды. Топырак әлі калыптаспаған, тек оның 

қҧралуына дайындықтар жҥріп жатқан кезең болып есептелінеді. 

Топырақтың  даму  кезеңінің  басталуы  жер  бетіндегі  экожҥйелердің 

биологиялык ӛнімінің ҧлғаю кезеңінен басталады деп есептеуге болады 

Осы  кезеңде  жоғары  сатыдағы  ӛсімдіктердің  әрекетінің  кӛлемі 

жоғарылап, биологиялык зат айналымның мӛлшері ҧлғаяды. Биологиялық зат 

айналымның  әсерінен  топырақта  жаңа қосылыстар пайда болады  және  олар 

ағзалардың  келесі  тобына  тиімділігі  жақсы  болып,

 

келесі  биологиялык 



айналымның  кӛлемінің  тағыда  ҥлғая  тҥсуіне  мҥмкіндік  туғызады.  Осы 

кезеңде  топырақта  қоректік  заттардың  жинақталған  қоры  тҥзіледі. 

Биогеохимиялык зат айналымы қалыптасады. Физикалык қасиеттері ӛзгеріп, 

топыраққа  тән  қасиеттер  эпайда  болып,  оның  заттық  қҧрамы  айқындалады. 

Сонымен катар осы кезеңде топырақтардың әр типіне тән қасиеттер де пайда 

болады. Соңғы бҧл сатыда топырақ ӛзіне тән ерекшеліктерінің барлығын ӛз 

бойына қалыптастырып, топырак тҥзілді деп атай аламыз.  

Топырақтың  даму  сатысы  кҥрделі  қҧбылыс  және  ол  ҥзақ  уақыт 

аралығында  байқалып,  одан  әрі  қарай  жалғаса  береді.  Топырақтың  даму 

сатысы тіршілік кӛзі қҧрығанда ғана тоқталады деп есептеуге болады. 

Топырақтың   кемелденіп   жетілген   кезеңіне   кӛшуіне   келесі себептер 

себептер        бар.        Топырақтың        дамуы        барысында        бір        мезгілде 




 

21 


табиғаттың,      коршаған    ортаның    жағдайлары    ҧзақ  жылдар    бойы  бір 

қалыпты  болуы  ықтимал.  Сол  себепті  топырақтың  қоршаған  ортамен 

байланысы      оның      қасиеттері      ӛзгермей,      ондағы      қҧбылыстардың 

тҧрақтылығымен      сипатталады.      Табиғи      жағдайдағы      биогеоценозда 

биологиялык  зат  айналымның  кезекті    сатысы,    онын    алдындағы 

айналымдарына  сәйкес  және  оған  қатысатын  косылыстар  алдыңғы 

айналымдарына  қатысқан        болып        келеді.          Сонымен        бірге  тау 

жыныстарының          минералдарынан          зат          айналымына          қосылатын 

элементтер  ӛте  шамалы  болады.  Кӛрсетілген  себептердің  салдарынан 

топырақтың  қҧрамы,  негізгі  қасиеттері  кӛп  уақыт  бойы  тҧрақты  болып 

қалыптасады. Сондықтан топырақты кемелденіп жетілген кезеңіне жетті деп 

санаймыз.                                                                                      

Топырақтың  кемелденіп  жетілген  кезеңінде  топырақ  бойында  тҥрлі 

қҧбылыстар  ӛзара  ҥйлесімді  кеңістікте  және  белгілі  бір  уақыт  аралығында 

ӛтіп,  заттардын  биогеохимиялық  айналымын  қҧрайды.  Оның  әсерінен 

топырақтардың  қасиеттерінің  ҧдайы  толысып  отыруы  байқалады.  Сӛйтіп 

топырақтың  қасиеттерінің  бір  қалыпты,  оның  экожҥйеде  қалыптасуының 

тҧракты болуын камтамасыз етеді. 

Топырақты  агроэкологиялық  жҥйеде  пайдаланғанда  ондағы  ҥйлесімді 

қатынастар  бҧзылып,  оның  касиеттері  ӛзгереді.  Топырақтың  оның 

қасиеттеріне,  пайда  болу  заңдылықтарына,  аймақтың  топырақ  қҧралу 

жағдайларына сҥйене отырып, оны жаксарту шараларын қолданатын мәдени 

агроэкологиялык  жҥйелерді  жҥзеге  асырған  жағдайда  топырактың 

кҧнарлылығы ҧдайы жоғарылай тҥседі. 

Жер бетінде топырақ қҧралу факторларының ӛзара қарым-қатынасының 

алуан  тҥрлі  болып  ҥйлесім  табуы  әсерінен  табиғатта  тҥрлі  топырақ  қҧралу 

процестері  жҥріп  тҥрлі  топырактар  қалыптасады.  Солай  бола  тҧрса  да 

әдемдегі барлык топырақтардың типтері қҧралуы кезінде бір-бірінен аздаған 

ӛзгешеліктері  бар,  бірак жалпы бағыты  ҧқсас процестер жҥреді.        Топырақ    

қҧралуының  негізін  қарама-қарсы  бағытталған  және  бір-бірімен  тығыз 

байланыста  болатын  биохимиялық,  химиялық,  физикалык,  физикалық-

химиялық  процестер  тірі  организмдердің  қоршаған  ортадан  минералды 

элементтерді  сіңіруі  және  коршаған         ортаға         ӛздерінің,                 сонымен 

бірге,  ӛнімдері  мен  қалдықтарының  тигізетін  әсері  аныктайды.  Топырақ 

кҧралу процестері ҥш топқа бӛлінеді. Олар: 

- қарапайым микроҥрдістер немесе процестер 

-  топырақ  тҥзілуінің  қҧрамды  процестері  (элементарные      почвенные 

процессы) 

- жалпы макропроцестер. 

Қарапайым          микропроцестерге  қарама-карсы          бағытта          жҥретін 

келесідей қҧбылыстар жатады: 

-  тірі  организмдердің  топырақтан  минералды  заттарды  сіңіруі  және 

органикалық  заттарды  синтездеуі.  Организмдердің  топырақка  және 

атмосфераға органикалық және минералды заттарды бӛліп шығаруы; 




 

22 


органикалық  заттардың  ыдырауы  мен  минерализациялануы. 

Органикалық және минералды заттардың гумусты заттардың пайда болуы; 

-  топырақ        ерітіндісінің        кьшқылдануы.  Топырақ        ерітіндісінің 

бейтараптануы; 

-  топырақ  тҥзуші  тау  жыныстарының  бастапқы      минералдарының 

ыдырауы.  Туынды      минералдардың          және      органикалық-минералды 

кешендердің пайда болуы; 

-  коллоидтардын  коагуляцияға  ҧшырап,  тҧрақты  тҥйіршіктер  қҧрауы. 

Коллоидтардың пептизацияға ҧшырап, тҥйіршіктердің бҧзылуы; 

-  минералды  қосылыстардың  сумен  қосылуы.  Осы  заттардың  судан 

арылуы; 


- тотығу қҧбылыстары, тотықсыздану қҧбылыстары;                . 

-  еріген  заттардың  топырақтың  ҥстіңгі  кабаттарына  кӛтеріліп, 

шоғырлануы. Ерітіндінің топырақтың астынғы қабаттарына жылжып, ерігіш 

заттардың шайылып кетуі; 

-  топырақтың  газдарды  ӛзіне  сіңіруі  (адсорбция)  және  топырақтан 

газдардың бӛлініп шығуы (десорбция); 

-  топырақтың      әр      тҥрлі      қабаттарының      жіктеліп      пайда      болуы. 

Топырақ қабаттарының әр тҥрлі әсерлер ңәтижесінде бҧзылуы. 

Қарапайым 

микропроцестер 

топырактың 

белгілі 


ерекше  

морфологиялық белгілерін, қасиеттерін қалыптастыра алмайды. 

Жалпы  макроҥрдістер        белгілі  бір  топырақты  (типін,  типшесін) 

қалыптастыруға  қатысады.  Оларға  кара  топырақ  тҥзілу  ҥрдістері, 

генетикалық  қабаттардың  қалыптасуы,  кҥлгін  топырақ,  кебірлер  тҥзілу 

процестері т.б.    жатады.  Топырақ типтері (мысалы, қара   топырақ,   кҥлгін   

топырақ,      немесе      кебір)      топырақ  тҥзілуінің  қҧрамды      процестерінің 

бірнешеуінің    қосарлана   жҥруі әсерлерінен пайда болады. 

Топырақ  тҥзілуінің  қҧрамды  процестері  -  топырақтың  пайда  болуына 

басты  себебін  тигізетін,  топырақта  ҥйлесімді,  ӛзара  байланысты  жҥретін 

биологиялық,  химиялық  және  физикалык  қҧбылыстар.  Олар  топырақтың 

басты  белгілерін  қалыптастыруға  қатысады.  Мысалы:  гумусты  қабаттың 

немесе  кебірленген  қабаттың  пайда.болуына  себепші  болатын  кҧбылыстар. 

Қазіргі  уакытта  топырақ  тҥзілу  қҧрамды  процестерінің  толық  тізімі 

қалыптасқан  жоқ.  Ғалымдардың  осы  мәселеге  кез  карасы  әр  тҥрлі  болып 

отыр. 


И.П.Герасимов,  М.А.Глазовская  топырақ  тҥзілуінің қҧрама  процестерін 

(1960) 10 тҥрін атап, оларды ҥш топка бӛлді. 

I топ – топырактың минералды бӛлігінің ӛзгерістерге ҧшырауға қатысты 

процестер: бастапқы карапайым топырак қҧралу; топырақтың балшықтануы; 

латериттену. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   68




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет