«Төрлет, төрлет Әз Наурыз!» т


Қыдыр Ата: Сәбилерің құтты болсын! Баланың бауы берік болсын! Кішкентай сәбиді әкеліңдер азан шақырып атын қояйық! Наурыз Әже



бет3/3
Дата12.01.2023
өлшемі25,66 Kb.
#165418
1   2   3
Байланысты:
Наурыз тәрбие сағаты (1)
Situatsionnyy-keys, сценарий
Қыдыр Ата: Сәбилерің құтты болсын! Баланың бауы берік болсын! Кішкентай сәбиді әкеліңдер азан шақырып атын қояйық!
Наурыз Әже: Құндақталған сәбиді алып келеді!
Мұхамедияр
Қыдыр Ата: Сен наурыз мерекесі күні дүниеге келгесін сенің атыңды Наурызбай қоямыз деп Сенің атың “Наурызбай” Сенің атың “Наурызбай” Сенің атың “Наурызбай” үш рет құлағына айқайлайды.
Дарина Наурыз Әже: Енді дүниеге келген сәбиді бесікке салайық! Балалар, бесікке салу үшін Бесік, қолбау, аяқбау, шүмек, көрпе, көпшік . Бесік - қасиетті мүлік. Бесікті аластап, тыштырма жасап, баланы бесікке бөлейді. Бәле-жаладан сақтасын деп, ырымдап, оған тұмар тағып қояды.
Бала: Әже! Бесікке баланы жатқызбас бұрын қандай ырым жасалады?
Әже: Баланы қырқынан шығарады.
Бала: Баланы қырқынан қай кезде шығарады?
Әже: Туылғанына қырық күн толғанда қырқынан шығарады. Қырық қасық суға түсіріп, ит көйлегіне тәттіні түйіп, оны иттің мойынына байлап жібереді. Балалар итті қуып жетіп, тәттіні бөліп жейді. Ит көйлек – нәрестенің алғашқы көйлегі


1-Жүргізуші: Қоржындағы сұрақтарға жауап беру.



  1. Қазақ халқы наурызды қашан қарсы алады?

  2. Халықтың түсінігі бойынша наурыздың 22-сіне қараған түні даланы кім аралайды?

  3. Ұлыс күні қар не жаңбыр жауса неге балаған?

  4. Наурыз айында туған төл қалай аталады?



Ойын : Қол күрес
Әже: Менің балаларым осы наурыз біздің жаңа жылымыз осы мерекеде мен үнемі наурыз көже пісіремін. Сол наурыз көжені қалай пісіру жолын айтып өтейін (әже наурыз көже пісіру жолын айтып береді)
Наурыз көже дайындау үшін бізге кем дегенде 7 түрлі зат қосуымыз керек:
1. Сүрленген ет, қазы
2. Жүгері жармасы
3. Бидай жармасы
4. Тары жармасы
5. Айран
6. Тұз
7. Қолдан иленген кеспе

Наурыз көжеге қосылатын бұл 7 дәм сәттілік, байлық, атақ, кемеңгерліктің белгісі болып табылады.


Құрметті қонақтар менің жеті түрлі дәм салған наурыз көжемнен ауыз тейіңдер! Ақ мол болсын!
Қыдыр Ата: О, халқым кішкентай менің балаларым! Сендердің бүгін өнерлеріңді тамашаладым үлкен тойының куасі болдық тойларың тойға ұласа берсін халқымыз тыныш, еліміз аман болсын! Мен еліме қайтайын аман сау болыңдар!
Би: «Қамажай»

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет