«Төрлет, төрлет Әз Наурыз!» т



бет1/3
Дата12.01.2023
өлшемі25,66 Kb.
#165418
  1   2   3
Байланысты:
Наурыз тәрбие сағаты (1)
Situatsionnyy-keys, сценарий



Ұлыстың Ұлы күні  22 наурыз мерекесіне арналған
«Төрлет, төрлет Әз Наурыз!» тәрбие сағаты.


Мақсаты: Ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесін тойлау. Ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып жайында қарапайым түсінік беру. Ата-бабаларымыздың кейінгі ұрпаққа мирас еткен асыл мұрасын қадірлеп, қастерлеуге, қасиетін түсінуге баулу. Ұлттық дәстүрдің ерекшеліктерімен таныстыру. Қазақ халқының салт-дәстүрлерін балалардың бойына сіңіру. Балаларды ұлттық салт-дәстүрді, мұраларды танып-білуге, сыйлап, түсінуге үйрету. Балалардың ой-қиялының, шығармашылық белсенділігінің және бейнелі ойларының дамуына ықпал ету.
1-Жүргізуші:Жансая
Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! 
Босқа қарап тұрмаңыздар. 
Наурыз тойы басталды. 
Көргендер де армандар
Көрмегендер де армандар, 
Қызықтан тыс қалмаңдар!
“Наурыз Думан” әні орындалады.
2-Жүргізіуші: Әмір Армысыздар, оқушылар, қонақтар! Бәріміздің асыға күткен Наурыз тойымыз да келіп жетті. Тойларыңыз құтты болсын! Наурыз – «жаңа күн» деген сөз. Бұл күн – біздің ата-бабаларымыз, арғы тегіміз мыңдаған жылдардан бері тойлап келе жатқан жыл басы мерекесі. Наурыз тойымыз құтты болсын!
Осы көктемнің мерекесіне арналған әнімізді шырқап берейік!
Ән «Наурыз» орындайтын: Маржан, Айару
1-Жүргізуші: Балалар біздер Ұлыстың Ұлы күні ақ бата алып, шашу шашатын кім екенін білесіңдер ме!
Балалар: Қыдыр Ата! Наурыз Әже!

2-Жүргізуші: Ендеше ортаға ақ батасын беруге Қыдыр атамызды шашуын шашуға Наурыз әжемізді шақырайық!
ҚЫДЫР АТА:Мұхаммедияр
Сұрасаң бата берейін,
Үстем болсын мерейің 
Ықыласпен қол жайсаң,
Ақ тілекті төгейін
Ұлыс оң болсын
Ақ мол болсын
Қайда барсаң жол болсын!
Ұлыс бақты болсын,
Төрт түлік ақты болсын!
Әумин!



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет