Тоқсан бойынша жиынтық бағалау спецификасы Пәні қазақ тілі Сыныбы: Жиынтық бағалауға шолу Ұзақтығы: 40 минут Оқылым



бет1/4
Дата23.01.2022
өлшемі24,97 Kb.
#113428
  1   2   3   4
Байланысты:
7-СЫНЫП ҚАЗАҚ ТІЛІ ТЖБ
23гр на 22 декабря

4 - тоқсан бойынша жиынтық бағалау спецификасы

Пәні қазақ тілі

Сыныбы: 7

Жиынтық бағалауға шолу



Ұзақтығы: 40 минут

Оқылым – 15 минут

Жазылым – 25 минут

Балл саны: 20

Тапсырмалар түрлері:

Қысқа жауапты қажет ететін ашық сұрақтар

Толық жауапты қажет ететін ашық сұрақтар
Жиынтық бағалаудың құрылымы

Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 2 компоненттен тұрады: біріншісі - оқылым және әдеби тіл нормаларын, екіншісі - жазылым және әдеби тіл нормаларын тексеруге арналған.



Тақырып: Жеңіс күні. Ұлы ерлікке тағзым. Морфология Ғылыми фантастика. Пунктуация

Тапсырмалар және балл қою кестеcі

«Қазақ тілі» пәнінен 4 -тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары.
Оқылым

Тапсырма Берілген тапсырмаларды орындаңыз. [10]

А мәтіні

Ғылыми фантастика (ағылш. scіence fіctіon – ғылыми туынды) — көркем әдебиетте, сондай-ақ кино, кескіндеме, т.б. өнер салаларында қалыптасқан жанр. Ғылыми-фантастика өнердегі дербес жанр ретінде XX ғасырда қалыптасқанымен, оның қайнар бастаулары ежелгі әпсаналарда, ауыз әдебиетінде жатыр. Оған қиялғажайыптық, ертегілік қасиет те тән. Фантастика (гр. phantasіa —– қиялдау, phantastіke – қиялдау өнері) ұғымының өзі де қиялдану өнеріне байланысты пайда болған. Қазіргі әдебиеттану мен өнертану ғылымында фантастиканың «ертегілік» және «ғылыми» белгілерінің ара-жігі ажыратылмаған. Әдебиетте ғылыми-фантастика – ғылыми поэзия және ғылыми проза болып, екі пішімде қалыптасты. Ғылыми поэзия терминін әдебиеттану саласында алғаш француз поэзиясының теоретигі Рене Гиль «Сөз туралы трактат» (1896) еңбегінде қолданды. Ол ғылыми поэзияның белгілері ежелгі дәуір әдебиетінің өкілі Лукреций Кардың «Заттың табиғаты» поэмасында көрініс тапқанын мысалға келтіреді. Поэзиядағы ғылыми фантастика жалпы фантастикалық арнадан бөлекше, философиялық-әлеуметтік бағыттағы мүмкіндігімен ерекшеленеді. Ғылыми фантастика прозаның барлық жанрында (роман, повесть, әңгіме, т.б.) қарқынды дамып, көркем әдебиеттің арналы саласына айналды. Қазіргі қазақ әдебиетіне ғылыми фантастика дербес жанр ретінде XX ғасырдың 70–80- жылдары республика жазушыларының шығармалары арқылы қалыптасты. Зерттеушілер қазақ әдебиетінде ғылыми фантастика жанрының алғашқы белгілерін ертегілерден («Ер Төстік», «Ұшқыр кілем», т.б.), аңыздарын («Қорқыт ата», «Баба түкті шашты Әзиз», т.б.) таратып, болашақты болжай білген халық қиялының ұшқырлығына тәнті болуда.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет