Тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы «Алгебра» 8-сынып



бет1/9
Дата27.02.2020
өлшемі0,53 Mb.
#59110
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
!1-СОЧ Алгебра каз 8 класс каз 100518 (1)



Тоқсандық жиынтық бағалаудың

спецификациясы
«Алгебра» 8-сынып



МАЗМҰНЫ

  1. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты 4

  2. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар 4

  3. «Алгебра» пәні бойынша күтілетін нәтижелер 4

  4. «Алгебра» пәні бойынша ойлау дағдыларының деңгейлері 5

  5. Ойлау дағдыларының деңгейіне байланысты тексерілетін мақсаттарды тоқсандар бойынша бөлу 6

  6. Жиынтық бағалауды өткізу ережесі 6

  7. Модерация және балл қою 6

    1. ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 7

    2. ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 11

    3. ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 15

    4. ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 20
  1. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты


Тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты білім алушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларын анықтауға бағытталған.

Жиынтық бағалау күтілетін нәтижелер жетістігін және тоқсанға жоспарланған оқу мақсаттарына жеткендігін тексереді.



  1. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар


Негізгі орта білім беру деңгейінің 7-9-сыныптарына арналған «Алгебра» пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы.

  1. «Алгебра» пәні бойынша күтілетін нәтижелер




Білу:


    • қарапайым математиканың, статистиканың негізгі ұғымдарын білу;

    • қарапайым математиканың негізгі формулаларын білу;

    • статистикалық деректерді жинау және өңдеу әдістерін білу;

    • сандар жіктемесін білу;

    • нақты сандармен есептеу амалдарын білу;

    • алгебралық теңдеулер, теңсіздіктер және олардың жүйелерін шешу тәсілдерін білу.



Түсіну:


    • математиканың академиялық тілін түсіну;

    • сандық және сапалық талдау жүргізудегі статистикалық деректерді графикалық түрде берудің рөлін түсіну;

    • квадрат үшмүшенің түбірлері мен коэффициенттері арасындағы байланысты түсіну;

    • түрлі қолданбалы есептерді шешуде математикалық модельдерді пайдаланудың маңыздылығын түсіну;

    • таңдау және бас жиынтықтың сандық сипаттамаларының мағынасын түсіну.



Қолдану:


    • практикалық есептерді шешуде математикалық білімін қолдану;

    • мәнмәтінге сәйкес математикалық терминологияны қолдану;

    • түрлі қолданбалы есептерді шешуде математикалық модельдерді қолдану;

    • математикалық есептерді шешу алгоритмдерін қолдану;

    • нақты сандарды есептеу амалдарын қолдану.



Талдау:


    • математикалық модельдер құрастыру үшін мәтіндік есептердің шарттарын қасиеттерін;

    • теңдеулерді, теңсіздіктерді және олардың жүйелерін шешуді қасиеттерін;

    • график, диаграмма және әртүрлі сызбалар түрінде ұсынылған деректерді және олардың нәтижелерін қасиеттерін;

    • статистикалық деректердің берілуінің түрлі нысандарын пайдаланып, статистикалық деректерді қасиеттерін;

    • рационал және иррационал өрнектерге жасалған түрлендірулерді қасиеттерін;

    • функциялардың қасиеттерін.



Жинақтау:


    • математикалық есептерді шешудің алгоритмдерін жинақтау;

    • статистикалық деректерді өңдеу және талдау нәтижелері бойынша қорытындыларды жинақтау.

Бағалау:


    • берілген параметрлердің мәндеріне байланысты функциялардың графиктерінің орналасуын бағалау;

    • есептің түпмәтініне қатысты есептеулер нәтижесін бағалау.



  1. «Алгебра» пәні бойынша ойлау дағдыларының деңгейлері





Ойлау дағдыларының деңгейі

Сипаттама

Ұсынылатын тапсырмалар түрлері

Білу және түсіну

Білу:

  • иррационал және нақты сандар, санның квадрат түбірі және арифметикалық квадрат түбірі, квадрат үшмүшенің түбірі;




  • квадрат теңдеу; жинақталған жиіліктің, дисперсия мен стандартты ауытқудың анықтамаларын;

- функциясының қасиеттерін

Түсіну:


  • рационал және иррационал сандарды қосқанда және көбейткенде қандай сан шығуы мүмкін

екендігін.

Деңгейді тексеру үшін Көп таңдауы бар тапсырмалар (КТБ) және/немесе Қысқа жауапты (ҚЖ) қажет ететін тапсырмаларды пайдалану ұсынылады

Қолдану

  • квадрат түбір мәнін бағалау;

  • көбейткішті квадрат түбір таңбасының астынан шығаруды біледі және көбейткішті квадрат түбір таңбасының астына енгізу;

  • квадрат теңдеулерге келтірілетін теңдеулерді шешу;

  • бөлшек бөліміндегі иррационалдықтан арылу;

  • квадрат түбірдің қасиеттерін пайдаланып, құрамында квадрат түбір бар өрнектерге түрлендіруді орындау;

  • бөлшек-рационал теңдеулерді, рационал теңсіздіктерді шешу;

- квадраттық

функциясының а, b, с коэффиценттері мен оның графигінің координаттық жазықтықта орналасуы арасындағы байланыстарды орнату;



  • біреуі сызықтық, екіншісі - квадрат екі теңсіздіктен құралған жүйелерді шешу;

  • квадрат теңдеулерді және теңсіздіктерді шешу;

  • құрамында екі квадрат теңсіздігі бар жүйелер мен жиынтықтарды шешу.

  • таңдама нәтижелерін жиіліктердің интервалдық кестесі арқылы, жиіліктер гистограммасы арқылы беру.

Деңгейді тексеру үшін Қысқа жауапты (ҚЖ) қажет ететін тапсырмаларды және/немесе толық жауапты (ТЖ) қажет ететін тапсырмаларды пайдалану ұсынылады

Жоғары деңгей дағдылары

  • квадрат теңдеулердің және бөлшек–рационал теңдеулердің қөмегімен мәтінді есептерді шешу;

  • қолданбалы есептерді шығару үшін квадраттық функцияны қолдану;

  • статистикалық кестемен, полигонмен, гистограммамен берілген ақпаратты талдау.

Деңгейді тексеру үшін Қысқа жауапты (ҚЖ) қажет ететін тапсырмаларды және/немесе Толық жауапты (ТЖ) қажет ететін тапсырмаларды пайдалану

ұсынылады






  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет