«Тұрақты даму мақсатындағы халықаралық журналистиканы оқыту модельдері»


Тұрақты өзгеріс форматындағы журналистика



бет46/128
Дата05.02.2022
өлшемі4,38 Mb.
#17399
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   128
Тұрақты өзгеріс форматындағы журналистика

ТМД-да жалпы Қазақстанның журналистикасындағы түбегейлі бетбұрыс ретінде айтарлықтай парадоксты жағдайды айтуға болады: БАҚ арқылы аудиторияға әсер ету артып келе жатыр, алайда дәстүрлі медианың ықпалы мен тиімділігі төмендеуде. Журналисттің мәтіндер жазып, сюжеттер, радиобағдарламалар дайындағы кезінде айқын болған қызметінің шегі жойылып бара жатыр. Жалпы алғанда, кез-келген адам жасай алады. БАҚ жаңалықтар саласындағы бұрынғы мызғымас монополиясын жоғалта бастады. Сонымен бірге, Конституциядағы және «БАҚ туралы» Заңдағы жазылған кепілдіктерге қарамастан, журналистерге жылдан жылға ақпаратты алу және тексеру қиындай түсуде. Журналистика жаңа медиалар – әлеуметтік желілер, блогтар, форумдармен бәсекелестік жүргізе отырып, барынша аудиторияның сұранысына қарай бейімделуге, өзінің жарияланымдарының тақырыптарын, форматын және интонациясын таңдауға мәжбүр. Нәтижесінде журналистиканың дәстүрлі қызметтері, мысалы, идеологиялық қызметтері тарылады немесе тіпті жоғалады, ал рекреативті қызметі керісінше кеңейе түседі.


Экономиканың бір бөлігі ретінде, медиабизнеске кіріске қол жеткізу, өзін ақтауы қиынырақ. Барлық БАҚ, ең үлкен жарнама каналы болып қалғанымен, алайда жетіспеушілікті сезіну салдарынан продакт плейсментті - оның жасырын нұсқаларын пайдалануға жүгінеді. Соңғы үш жыл ішінде Қазақстанда бірнеше ондаған БАҚ жабылды, ал жаңалары пайда болып жатыр деп айта алмаймыз. Аталған жағдайдың бір түсіндірмесі ретінде электорат аралық кезеңді келтіруге болады, бұл кезеңде негізгі сайлау өтіп кеткен және партиялар мен тұлғалар өздерінің кандидатураларын билікке жеткізу үшін ақпараттық-коммуникациялық қолдауды қажет етпейді. Жалпы алғанда, толықтай дерлік жеке меншікке өткен, отандық журналистика жүйесі қоғамға емес, өздерінің қожайындарына және көптеген редакцияларды мемлекеттік сатып алу жүйесі арқылы қаржылық қолдау беріп отырған мемлекетке бағынышты.
Журналистиканы ондаған жылдар бойын кеңес кезеңінде филологиялық ғылымдарға жатқызды, кейіннен әлеуметтік ғылымдар қатарына қосты, ал қазір соңғы онжылдықтың зерттеулері көрсеткендей, ол синтетикалық түрге еніп, ал редакциялар – конвергентті болып саналады [1]. Ашық қоғам жағдайында журналистік қызметті біріздендіру, тәсілдерді стандарттау және бұрынғы фундаменталдылық бағытқа келу қиындай түсуде.
Алайда, Қазақстандағы журналистика, «төртінші» билік атала отырып, өзінің әлеуметтік институт статусын сақтап келе жатқандығын айта кету керек. Аталған метафора әрқашанда қатаң сынға алынып келді, алайда журналистердің араласуынан кейін қоғамның немесе нақты бір адамның мәселелері шешімін тапқан жарқын мысалдар өте көп. Оның ішінде, Алматы қаласында туыстары пәтерін тартып алған 70 жастағы Р. Романоваға журналистер «Нұр Отан» партиясының қабылдауына кіруіне көмектесті, ол бұл мүмкіндікке 10 жыл ішінде қол жеткізе алмай келген болатын. БАҚ және қоғамның араласуының арқасында Көк Жайлау қорықтық аумағындағы тау-шаңғы демалыс орнын салу тоқтатылды. Мемлекеттік бағдарлама бойынша салынған, Алматының Алғабас ықшам ауданындағы құлауға шақ қалған үйден тұрғындарды көшіруге БАҚ септігін тигізді. КТК телеканалы гимнастикадан КСРО чемпионы болған, үй-күйі жоқ, қаңғыбас күйіне түскен Максим Цыганков туралы сюжет көрсетті, соның арқасында мейірімді адамдар танымал спортшының қалыпты өмірге оралуына көмек көрсетті. «Ratel» порталы журналистерінің зерттеуінен кейін Ақтөбе полиция қызметкерлері, жаяу жүргіншілер өткелінде зейнеткер Ф. Булгакованы қағып кеткен, кінәлі тұлғаны анықтады. Қазақстанда БАҚ мемлекет ақпаратын халыққа және халық тілегін мемлекетке жеткізудің ең тиімді құралы болып қала беруде.
Жалпы Қазақстандағы медиа жағдайын «тұрақты өзгеріс форматындағы журналистика» ретінде сипаттауға болады. Мұндай қарама-қайшы беталыстар журналистік кадрларды дайындауға, сондай-ақ PR, жарнама, баспа ісіне де өз әсерін тигізбей қоймайды. Коммуникациялар саласы қазіргі кезде аса жылдам өзгерістерге ұшырауда.
Соңғы жыл ішінде академиялық ортада мамандықтар бойынша емес, білім беру бағдарламалары бойынша оқыту идеясы талқылануда. Оның авторлары осылайша тезірек еңбек нарығы сұраныстарын қанағаттандыруға талпынуда.
Әрине, кадрларды дайындаудағы ағымдағы мәселелерді, халықаралық тәжірибе, оның ішінде, Білім берудің халықаралық стандартты жіктелімін (БХСЖ, 2013 ж.) ескере отырып, аталған тәсіл белгілі бір уақытқа білікті кадрлар даярлаудың негізгі мәселелерін шешуі мүмкін. Бірақ жалпы ол қазіргі уақыттағы көптеген мәселелерге жүйелі жауаптар бере алмайды.
Онсыз да білім беру тәсілдерінің Болон үрдісі аясындағы трансформациясы журналистік, коммуникациялық білім беру жүйесін өзгертуге мәжбүрлейді, бұл мамандық аясындағы тұлғаның дамуын алдыңғы қатарға шығарып, коммуникацияның заманауи теориясы мен тәжірибесінің жетістіктерін оңтайлы пайдалануға, қазіргі сәттегі тиімді білім беру технологияларын таңдауға әсер етуін тиіс. Әзірге бұл бағдарлар алдағы уақыттың еншісіне қалып отыр.
Коммуникациялар саласындағы ғылыми зерттеулер жүргізілуде, алайда бұл салаға бөлінген бюджет шамалы мөлшерде. Көптеген журналистикамен аралас жүйелерде жаңа тәжірибелік те, теориялық та мазмұнды іздеу тереңдеу түсуде, журналистикада ол эмпирикалық әдістермен, немесе жергілікті жағдайды толықтай ескермеген шетелдік тәжірибені оңтайлы бейімдемеумен шектеледі. Сондықтан да журналистика зерттеулері көп пәндік сипатқа ие болып, бұқаралық ақпарат феноменінің өзінің артып келе жатқан күрделілігін ескеруі тиіс. Журналистиканы зерттеудегі әртүрлі ғылыми әдістердің конвергенциясы қажет болады. Журналистік ғылым туралы көп жағдайда филологиялық ғылыми ізденістердің түрі ретіндегі қалыптасқан дәстүрлі зерттеушілік парадигмаларды еңсеру қажет. Сонымен бірге, Қазақстан прессасының дамуындағы тарихи-мәдени сабақтастықты қамтамасыз ететін, журналистік ғылымның жинақтаған білімін (мысалы, журналистика тарихындағы) сақтап және дамыту керек. Жаңарту, көп жақсылықтар алып келген, өткеннен қол үзу емес, керісінше оны нақтырақ және сенімдірек ғылыми кешен көмегімен жалғастыру түрінде болуы керек [2].
Құрылған сәтінен бастап және қазіргі сәтке дейін ЮНЕСКО, БҰҰ мамандандырылған бөлімі ретінде, БАҚ-қа қолдау көрсетуде үлкен рөл атқарады. Осы халықаралық ұйымның бастамаларының арқасында, халықаралық өзгерістер белсенді іске аса бастаған 1980 жылдардан бастап медиаға деген жаңа көзқарастың қалыптасу басталды, оның негізінде демократияны жеткізуші, этика және адам құқықтарының қорғаушысы, белсенді әлеуметтік қоғам қатысушысы ретінде БАҚ-ты мойындау жатты. Аталған принциптер жұмыс жасап жатыр, алайда көптеген елдер оларды мойындай қоймайды. Алайда олардың аясының кеңеюі жалпы заманауи медиаортада жүзеге асуда. 1989 жылдың қарашасында ЮНЕСКО Бас конференциясының сессиясында бұрын кеңінен талқыланған коммуникацияның жаңа Стратегиясы қабылданды, ол «еркін ақпарат ағынына септігін тигізетін барлық жағдайлар жасау және сақтауға» шақырды. 1992 жылы, Алматы қаласында ұйымдастырылған, Азиядағы тәуелсіз және плюреалистік бұқаралық ақпарат құралдарын қолдау мәселелері бойынша негізгі Семинар өткізілді. Оның нәтижесінде, ЮЕСКО Бас конференциясының 28-сессиясында, 1995 жылы мақұлданған, Декларация қабылданды. Мен, студент және «Фройндшафт» республикалық неміс газетінің тілшісі ретінде, семинар жұмысына қатыстым. Семинардың өтуі барысында қатысушылардың қаншама көп жаңа идеяларды айтқандығы әлі күнге есімде. Біздің профессорлар С.К. Қозыбаев, М.К. Барманқұлов, көптеген елдерден келген әріптестерімен пікір алмаса отырып, ұсынылған идеялардың көпшілігі алдағы уақыттағы журналистикада жүзеге асып және болашақтың бағдары болатындығын көрегендікпен болжаған болатын. Дәл сол кезде, 1992 жылдың Декларациясында сипатталған жобалық нақты ұсыныстардың құндылығын мойындай отырып, қатысушылар барлық мүдделі тараптарды базистік ұсыныстарды, сонымен қатар басқа да ЮНЕСКО қарарларын және ұсыныстарын тәжірибе жүзінде іске асыруды жалғастыру міндетін мойнына алуға шақырды.
2012 жылы Алматыдағы ЮНЕСКО Бюросы, Азиядағы тәуелсіз және плюралистік БАҚ-тың дамуына қолдау көрсету туралы Алматы Декларациясының 20 жылдық мерейтойына арналған, халықаралық конференцияны ұйымдастырды. Қос онжылдықтың қорытындысын жасай отырып, 1992 жылдан бастау алған медиа кеңістіктегі айтарлықтай технологиялық жетістіктер, «білім қоғамдарының» және сандық ортаның жалғасып келе жатқан дамуына айтылды. Плюралистік және тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдарының фундаменталды құндылықтары мен еркіндіктерінің маңыздылығы, олардың демократиялық қоғамдағы маңызды рөлі қайта атап өтілді.
Қазақстан тәуелсіздігін алғанға дейін, жалғыз журналистика факультеті, таңдаған өзіндік аздаған компоненттерін қоса отырып, Мәскеуде жасалған оқу жоспарымен жұмыс жасады. 1991 жылдан кейін біз тек бұрынғы бағытты өзгертіп қана қоймай, сонымен бірге елдің біліктілігін арттырудың әдістемелік, ғылыми орталығы қызметін де атқаруымыз қажет болды. Болон принциптеріне және үш сатылы мамандарды дайындау – бакалавриат, магистратура және РһD докторантураға өту, ендігі таңда құзіреттілік деп аталатын, негізгі білім мен дағдыға оқытудың деңгейлерін анықтауға мәжбүрледі. Тек уақыт өте келе олардың адамға жаңа өзінің кәсіби, қоғамдық және жеке өміріндегі жағдайларда бағыт табуына көмектесетін қабілеттер кешені ретінде түсінік қалыптаса бастады. Журналистиканың идеологиялық қызметтерінен шеттей отырып, коммуникативтік және жарнамалық қызметтерге баса назар аударыла бастайды. Мемлекеттік және жеке редакциялардың редакциялық саясаты тыңғылықты сараптала бастады, журналистиканың бизнес және өндіріс ретіндегі даму ерекшеліктері зерттелді, медиа арқылы халықтың рухани бірлігі принциптері жасалды. Және тәсілдердің жаңалығына қарамастан, біздің журналистикалық мектепте студенттің шығармашылық қабілетіне, дарынына баса назар аудару жалғасуда, осы мақсатта бакалавриатқа түсу кезінде шығармашылық байқау өткізіледі. Ол абитуриенттің қабілеттерін, оның таным көкжиегін, болашақтағы кәсіби өсу мүмкіндіктерін бағалау мақсатында алынады.
Қазақстанда екі бағыттағы журналистика бар: қазақ тілді және орыс тілді журналистика. Тәсілдерінің ұқсастығымен бірге, олардың арасында айырмашылықтар да жоқ емес. Бұл екі бағыт қатар өмір сүріп келеді. Қазақ тіліндегі журналистика тіл, дәстүр мен ұлттық ерекшелікті сақтау мәселелерін көрсетеді. Жарияланымдар және сюжеттер сипаты байыпты, қалыпты, өткенге көз сала жасалады. Астарлы сөздер элементі басым келеді. Тілдің ортақтығы оны тек қарым-қатынас құралы ретінде ғана емес, сонымен қатар тұрақты түрде жаңарып тұратын қоршаған әлемді түсіну компоненті ретінде қолданатын адамдарды біріктіреді. Олар ұлттың патриоттық позициясын ұстайды, ұлт мәселесіне деген алаңдаушылықпен қарайды. Орыс тілді журналистикада тақырыптар нақтырақ, әлеуметтік бағдарлы, сонымен қатар ғаламдық ауқымға жақын келеді. Көптеген жарияланымдар қатаң сыни сипатта болады. Менталитеттің өзгешелігіне байланысты бір жағдайды жеткізу принциптері де өзгешеленеді. Жалпы орыс тілді журналистика сырттан келетін ақпараттық әсерге көбірек ұшырайды және мультипликативті болып келеді. Соңғы уақытта ең көп оқылатын, телеарналарда да жиі кездесетін, қазақ баспасөзі шолуларының орыс тіліндегі аудармалары айдары болып келе жатыр. Қазақ тілді басылымдардың журналистері және олардың оқырмандары БАҚ-ты рухани ұстаз және тәлімгері ретінде, ал орыс тіліндегі БАҚ – ақпарат каналын ретінде қабылдайды.
БАҚ-тағы жалпы жағдайға баға бере отырып, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2016 жылдың 11-желтоқсанында шыққан «25KZ Жаңа тарих» фильмінде өзінің пікірін білдірді: «Біздің кейбір газеттер мен телеарналар өздерін Қазақстанның Конституциясы мен заңдарының әрекет аясынан тыс аумақта жүргендей сезінуде. Және олар шын мәнінде мемлекеттілікке, халықтың бірлігіне қарсы жұмыс жасап жатыр. Халыққа тек жамандықтың жаршысы болып, «құрып барамыз, біттік, жойылдық, болашағымыз жоқ» деген сияқты сипатта ақпарат таратады. Халықтың көкейінде болашағымыз жоқ, қазақтар құриды, Қазақстанның болашағы жоқ деген ой пайда бола бастайды. Егер біз демократияға қарсы жүру, қысымға алу және басқа деп байбалам салатындарды ауыздықтай алмасақ. Айта берсін. Мен мемлекетті құруды жалғастыра беремін, халқымда мені сол үшін сайлады» [3].
Сондай-ақ, президент болашақтың басымдық моделі – бұл жоғары білімді қоғам екендігін де жиі айтып келеді. Бұл ой Қазақстан халқына Жолдауда қайталанып келеді. Мысалы, 2012 жылы Нұрсұлтан Назарбаев, білім беру жүйесін жетілдіру барысында келесідей шараларды іске асыру аса маңызды екендігін айтты: білім беру үрдістеріне заманауи әдістемелер мен технологияларды енгізу, педагогикалық құрам сапасын арттыру, біліктілікті растаудың тәуелсіз жүйесін құру [4]. Аталған талаптар жалпы журналистік білім беру жүйесіне де қатысты деуге болады. Жақында экономика Министрлігінің басшысы Тимур Сүлейменов Алматыдағы CFO Idea Exchange & Networking Event саммитте былай деді: «Біздің жоғарғы оқу орындарында Ауғанстан, Пәкістан, Үндістаннан келген көптеген студенттер білім алуда. Бұл біздің әлеуетіміз және «Қазақстандық білім» брендіне әрі қарай да жұмыстар жасау қажет. Білім беру қызметтерін экспорттау – бұл біздің шынайы бәсекелестікке түсе алатын саламыздың бірі» [5]. Бізде, сонымен қатар, мамандық алып, отанында жұмысқа орналасып және еңбек жолын бастап жатқан көптеген шетелдік студенттер білім алуда.
Журналистік білім беруді концептуализациялау қажеттілігі ХХІ ғасырдағы білім және оны меңгерген адам әлеуметтік қоғамның алдыңғы қатарынан орын алатынына тікелей байланысты болып отыр. Сонымен бірге заманауи білім беру жүйелеріндегі жетілдіру үрдістерінің прагматикалық бағыты мен негізінде жоғарғы адамдық қасиеттерді алып жүруші ретінде «мәдени» тұлғаны дамыту жатқан әлеуметтік бағдарлы принцип жатқан, университеттік білім берудің гуманистік әлеуеті арасындағы қайшылықтың өзектілігі артуда [6]. Осылайша, тәрбиелік құраушының қажеттілігі туралы сөз қозғау керек, себебі біздің қоғамдағы журналист ұғымы әрқашан шыншылдық, интеллигенция, адамға деген сүйіспеншілік ұғымдарымен ұштасып жатыр. Барлық журналистер жұмыс барысында адам тағдырларымен байланысқан жағдайлар ортасында жүреді, бұл тұрғыдағы прагматикалық қызығушылық емес, ресми сыпайылықтан бөлек, нақты адамға деген қызығушылық таныту, шынайы сезімдерін бөлісуге деген талпыныс қалыпты жағдай. Сонымен бірге, нарықтық жүйеде, журналистика – бұл әдемі және шығармашылық жаза білу ғана емес. Ең алдымен бұл жерде фактілерді тез жинақтау, олардың құндылығын анықтау, тез және шынайы түрде аудиторияға жеткізу жоғары бағаланады. Сонымен қатар аудитория әртүрлі мәселелерге жауаптады – өте тез жауаптарды талап етеді, сондықтан да БАҚ-та кез-келген бағыттағы лайфхактардың пайда болуы да журналистикалық жанр сипатына ие болды.
Баспасөздің барлық саяси, экономикалық және әлеуметтік мәселелерге араласуы қалыпты жағдай, сондықтан да барлық орын алып жатқан жағдайларды БАҚ әсерінсіз қарастыру мүмкін болмайды. Қоғамдық жағдайлар дербестендіріледі; әлеуметтік-саяси мәселелер пікір көшбасшыларының жеке қасиеттерінің, олардың қызығушылықтарының, қажеттіліктерінің сараптамасына келіп тіреледі, қоғамдық қақтығыстар жеке сипатқа ие болады және т.б. «Тұрақты өзгеріс форматындағы журналистика» медиатация қоғамдағы өзара әрекеттесулер мен әлеуметтік тәжірибелердің формасы мен мазмұнын анықтайтын базалық үрдіске айналатын жағдайды сипаттайды деп айтуға болады.



Каталог: 2017 -> KazNU-MTIJ-2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Сабақтардың барлық түрін өткізуде жоғары әдістемелік деңгейін қамтамасыз ету
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы
KazNU-MTIJ-2017 -> Материалдары


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   128




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет