Тренинг сабақ Тақырыбы: Мен және менің отбасым


-жаттығу «Мен үшін ҰБТ...»



бет15/18
Дата06.02.2022
өлшемі1,37 Mb.
#39792
түріСабақ
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
5-жаттығу «Мен үшін ҰБТ...»
Келіңіздер, осы тақырып төңірегінде пікір алмасайық.

  1. Жағдаят.Ата -анасы баласына ҰБТ- ден жоғары ұпай ала алмасаң, бізден жақсылық күтпе, біз саған көмектеспейміз дейді. Ал баласы ҰБТ- дан төмен ұпай жинап жүр. Осындай сөздерден соң ол ешкімді көргісі келмеді.

Сұрақ: Ата- ананың бұл ісіне қалай қарар едіңіз? Сіздің ойыңыз? Өзіңіз балаңызды ҰБТ- ге қалай дайындар едіңіз? ҰБТ -ға психологиялық ахуалды қалай жасайсыз?
2 - жағдаят. Он бес жасар баласының бөлмесін жинап жүрген шешесі баласының бір қатар заттарын қажетсіз деп лақтырып жіберді. Баласы сабақтан келген соң, бұл жағдайды көріп шешесіне қатты ренжіді. Шешесінің ойынша баласының мұндай реніш білдіруге қақысы жоқ. Себебі осы үйді реттестіретін, қалыпқа келтіретін жалғыз адам шешесі болғандықтан, қалай жинайды, солай болуы тиіс.
Сұрақ: Шешесінің іс әрекеті дұрыс деп ойлайсыз ба?
Қандай қателік бар?
Баланың қандай құқығы бұзылды?
3 - жағдаят. Бала өте қатал отбасында тәрбиеленеді. Оған ата - анасы ешқашан ойыншық сатып алып бермеді, тәтті әперіп еркелетпеді, концерт, кино, спектакльге де барып көрмеді. Ата - анасының айтқанымен жүрді, дегеніне көнді, тек бұйрықты жүзеге асырушы, орындаушы қалыпта ғана өсті. Бала ата - анасының барлық айтқандарын екі етпей, бұлжытпай орындаса да олардан бір ауыз жылы сөз естімеді.
Сұрақ: Мұндай отбасы туралы не айтар едіңіз?
Сіз балаңыздың осындай болып өсуін қалайсыз ба?
4 - жағдаят. Соңғы кезде сымбаттың тәрбиесіне байланысты отбасында екі түрлі көзқарас туындап отыр. Әкесі Сымбатты шығыс жекпе-жегінің үйірмесіне жазамын, кейін өзін өзі қорғап үйренеді десе, анасы баласының ол үйірмеге баруға мүлдем қарсы. Оның ойынша, бұл қыз бала айналысатын іс емес. Сымбат не істерін білмей әуре. Үйірмеге қатысқысы келеді, бірақ анасының көңілін де қалдырғысы келмейді
Сұрақ: Мұндай жағдайда ата - ана не істеу керек?
Сіз кімнің көз қарасын жақтайсыз? Әкесінің бе? әлде шешесінің бе?

Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Аңыз әңгімелер «Асан қайғының жерұйықты іздеуі»
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы
2017 -> Қысқа мерзімді жоспары: Мұғалімнің аты-жөні


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет