«Тұрғындар географиясы» пәнінен оқу-әдістемелік кешені жоғары оқу орындарының 5В011600 «География» мамандығы бойынша оқитын студенттер, сонымен қатар магистранттарға және оқытушыларға ұсынылады



бет2/4
Дата17.02.2017
өлшемі2,11 Mb.
#9662
1   2   3   4




  1. Пәндердің пререквизиттері Экономикалық, әлеуметтік және саяси географияға кіріспе, Экономика негіздері, картография топография негіздерімен.

    1. Пәндердің постреквизиттері Қазақстанның экономикалық әлеуметтік географиясы, ТМД экономикалық әлеуметтік географиясы, дүние жүзінің экономикалық әлеуметтік және саяси географиясы, қызмет көрсету географиясы, Қазіргі заман географиясы, Әлемдік шаруашылық географиясы.

Құзыреттіліктер: Пәнді оқу барысында студенттер жер бетінің тұрғын халықтарының ұдайы-өсіп өнуі, нәсілдік, ұлттық және діни құрамы, жастық жыныстық құрылымы туралы түсініктері қалыптасып, оларға талдау жасай біледі. Тұрғын халықтардың таралып орналасуының болашағына баға беру, халықтың әркелкі орналасуына байланысты, оның себептері мен одан туындайтын мәселелерді түсіндіре алады және таба біледі.



  1. Пәнді сипаттау:

Курстың мақсаты: Бұл курстың мақсаты – дүние жүзінің тұрғын халықтары жайлы жүйелі түрде түсінік беру.

Курстың міндеттері:

  • Тұрғын халықтың ұдайы өсіп-өнуі, миграциясы мен еңбек ресурстары географиясының сипатын ашу;

  • Олардың таралып орналасуына, тұрғын халықтың аумақтар бойынша бөлінуіне тоқталу және олардың тұрмыс салттарының шартты түрдегі байланыстарын көрсету;

  • Дүниежүзінің тұрғын халықтарының құрамы мен құрлымына, этносына, қоныстану түрлеріне біртұтас түсінік беру.

Курсты толық тыңдаған студент үйренуі және білуі тиіс:

  • дүниежүзі және аймақтар тұрғын халықтарының құрамымен, дүние жүзінің ірі халықтары және оның тілдерімен, урбандалу үрдісі және халықтың көші-қонымен, қоныстанумен және т.б. ерекшеліктерімен танысуы қажет;

  • бастапқы материалдармен жұмыс істеу дағдыларын алуы және тұрғын халықтарды салыстырмалы тұрғыдағы географиялық зерттеулер үшін мәліметтерді жинақтау және өңдеу мақсатында мол ақпараттар ағынында бағдарлана білуі қажет;

  • тұрғын халықтардың таралып орналасуының болашағына баға беру, халықтың әркелкі орналасуына байланысты, оның себептері мен одан туындайтын мәселелерді түсіндіре алуы және таба білулері қажет;



6. Сабақ жоспары

    1. дәрісханалық сабақтардың оқу-тақырыптық жоспары






Мазмұны

(тақырыбы мен сұрақтары)



Дәрістер

сағат саны




Практ., семинар

сабақтар сағ.



Зертханалық

сабақтар сағ.



Оқу мен әдіст. әдебиетке сілтеме

1

2

3

4

5

6

1

Кіріспе

1








Н: 7,11,20,21,24

2

Тұрғын халықтың ұдайы өсіп -өну географиясы және оның заңдылықтары










3

Дүниежүзінің тұрғын халықтарының нәсілдік құрамы

1







Н: 2,4,5,11,20

4
Тұрғын халықтардың этникалық (ұлттық) құрамы

1







Н: 2,4,5,10,11,14,15,16,17,18

5

Дүниежүзіндегі тұрғын халықтардың діни құрамы

1







Н: 5,11,13,19,20

6

Еңбек ресурстары және оларды қолдану

1







Н: 5,6,8,16,19,21

7

Тұрғын халықтардың көші-қоны (миграциясы)

1







Н: 5,6,11,18,19,20

8

Тұрғын халықтың таралып орналасуы

1







Н: 5,6,11,18,19,20

9

Қоныстанудың географиялық формалары, ауылдық елді мекендер

1







Н: 9,11,12,17,19,20,23

10

Қазіргі қалалар және урбандалу мәселелері


1







Н: 9,11,12,17,19,20,23

11

Азияның тұрғын халықтар географиясы


1







Н: 2,4,11,14,15,16, 22

12

Европаның тұрғын халықтар


1







Н: 2,4,11,14,15,16, 22

13

Американың тұрғын халықтар географиясы


1







Н: 2,4,11,14,15,16, 22

14

Африка тұрғын халықтарының географиясы


1







Н: 2,4,11,14,15,16, 22

15

Австралия және Мұхиттық аралдар тұрғын халықтарының географиясы

1







Н: 2,4,11,14,15,16, 22

16

Қазақстанның тұрғын халықтар географиясы


1







Н: 2,4,6, 21, 24

17

Тұрғын халықтың ұдайы өсіп -өну географиясы және оның заңдылықтары




1




Н: 7,11,20,21,24

18

Дүниежүзінің тұрғын халықтарының нәсілдік құрамы




1




Н: 2,4,5,11,20

19
Тұрғын халықтардың этникалық (ұлттық) құрамы




2




Н: 2,4,5,10,11,14,15,16,17,18

20

Дүниежүзіндегі тұрғын халықтардың діни құрамы




2




Н: 5,11,13,19,20

21

Еңбек ресурстары және оларды қолдану




2




Н: 5,6,8,16,19,21

22

Тұрғын халықтардың көші-қоны (миграциясы)




2




Н: 5,6,11,18,19,20

23

Тұрғын халықтың таралып орналасуы




1




Н: 5,6,11,18,19,20

24

Қоныстанудың географиялық формалары, ауылдық елді мекендер




1




Н: 9,11,12,17,19,20,23

25

Қазіргі қалалар және урбандалу мәселелері




2




Н: 9,11,12,17,19,20,23

26

Қазақстанның тұрғын халықтар географиясы




1




Н: 2,4,6, 21, 24

Барлығы

15

15






6.2. ОБСӨЖ оқу-тақырыптық жоспары



ОБСӨЖ тақырыптары



ОБСӨЖ

сағат


саны

Әдебиетке

сілтеме


(негізгі,

қосымша.)



Басқа құралдар

(сайттар, электронды оқулықтар)



1

Дүние жүзі халықтарының ұдайы өсіп- өну географиясы

1

Н: 4,11,18,19,20





2

Дүние жүзінің тұрғын халықтарының нәсілдік және тілдік құрамы.

1

Н: 4,11,18,19,20




3

Дүние жүзі халықтарының этникалық құрамы

1

Н: 4,11,18,19,20




4

Дүние жүзіндегі тұрғын халықтардың діни құрамы

1

Н: 4,11,18,19,20




5

Дүние жүзінің еңбек ресурстары және оларды тиімді пайдалану

1

Н: 4,11,18,19,20




6

Дүние жүзі халықтарының көші- қоны

1

Н: 4,11,18,19,20




7

Дүние жүзі халықтарының таралып орналасуы және орналасу түрлері.

1

Н: 4,11,18,19,20




8

Қоныстанудың географиялық формалары, ауылдық елді мекендер

1

Н: ,8,10,11,20,22





9

Қазіргі қалалар және урбандалу мәселелері

1

Н: 5,6,8,16,19,21




10

Азияның тұрғын халықтар географиясы

1

Н: ,6,11,18,19,20




11

Еуропаның тұрғын халықтар географиясы

1

Н: 2,4,11,14,15,16, 22




12

Американың тұрғын халықтар географиясы

1

Н: 2,4,11,14,15,16, 22




13

Африка тұрғын халықтар географиясы

1

Н: 5,6,11,18,19,20




14

Австралия және Мұхиттық аралдар тұрғын халықтарының географиясы

1

Н: 2,4,6, 21, 24




15

Қазақстанның тұрғын халықтар географиясы

1

Н: 2,4,6, 21, 24




6.3. Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілу картасы







Оқулықтар, оқу құралдары

Оқу тілі

Автор, шыққан жылы, баспахана

Оқулық, оқу құралының саны (данасы)

Электрондық түрі

кафедрада

кітапханада

Негізгі

1

Казахстан на пороге нового рывка вперед в своем развитии// Послание Президенте РК к народу

орысша

Н.А. Назарбаев.

Астана, 2006г



+

1








2

Весь мир: расы, народы, нации и народности

орысша

Минск, 2000г

+







3

Краткие итоги переписи населения 1999 года в РК.

орысша

Статистический сборник.Алматы,1999










4

Населения мира

орысша

Брук С.И.

Москва, 1986г






+





5

Дүние жүзінің экономикалық және әлеуметтік географиясы. 10 кл

қазақша

Ахметов Е., Увалиев Т. Алматы, 2006ж

+

1


+





6

Демографический ежегодник Казкхстана

орысша

Госкомстат РК,Алматы,1996г




+





7

Демография:Современное состояние и перспективы развития

орысша

Д.ИВалентея,- ”Высшая школа” ,1997г




+





8

Региональные аспекты использования труда

орысша

Закумбаев А.К-Алматы,”Наука”,1983




+

2





9

Города в системе расселения Казахстана

орысша

Искаков У.М –Алматы,”Ғылым” ,1992 ;ж










10

Қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары

орысша

Кенжеахметов С.К.-Алматы ,”Ана тілі”,1994 ж










11

География населения

орысша

Копылов В.А.”Маркетинг”,1999г










12

Города на пути в будущее

орысша

Лаппо Г.М – М ,1999г










13

Великие религии мира

орысша

Миркина З.А.

Москва, 1995г












14

Народонаселение


орысша

Москва, 1994г










15

Народы мира


орысша

Москва, 1989г










16

Страны и народы

орысша

Куреная М

СПб, 1997г












17

Человек. Регион. Город

орысша

Тажин М.М

Алматы, 1990ж












18

Халықнама немесе сан мен сана

қазақша

Тәтімов М.Б

Алматы, 1992ж












19

Халықтар географиясы

қазақша

Увалиев Т.О

Алматы, 1997ж












20

География населения с основами демографии и этнографии

орысша

Увалиев Т.О

Алматы, 2001г












21

Учет и перепись населения мира и Казахстана

орысша

Алматы, Нац. стат. агенство РК, 1996г










22

Әлем халықтарының этнографиясы

қазақша

Шалекенов У.Ш

Алматы, 1994ж









+

23

Малая энциклопедия городов

орысша

Беспалов Н.Ю

Харьков, 2001г












24

Человеческое развитие в Казахстане

орысша

Мамыров Н.К

Алматы, 2001г











7.Студенттердің өздік жұмысы аясындағы сабақтар жоспары

7.1

тап-сырма беру



Сабақ тақырыбы

(дәрістер бойынша)



СӨЖ тапсырма-

лары


Ұсынылатын

әдебиеттер



ОБСӨЖ

Бақылау формасы



тапсырма тапсыру





беті

1

Әртүрлі елдердің халқының табиғи өсіміндегі ерекшеліктері

Талдау, диаграмма салу

Н: 4,11,18,19,20


Ауызша, тест




2

Әлем елдері халқының жастық-жыныстық құрамының географиялық айырмашылықтары

конспект

Н: 4,11,18,19,20


Ауызша, тест




3

Дүние жүзі халқының әлеуметтік құрамы

баяндама

Н: 4,11,18,19,20


Ауызша баяндау




4

Христиан дінімен оның әртүрлі ағымдарының географиялық таралуы

Конспект, тірек сызба, кескін картаға түсіру

Н: 5,11,13,19,20

Ауызша, тест




5

Қазіргі дүниедегі этникалық үрдістер

баяндама

Н: 2,4,5,10,11,

14,15,16,17,18



Ауызша




6

Дүние жүзіндегі урбандалу үрдістері

Конспект

Н: 2,4,11,14,15,16, 22

Ауызша




7

Әр түрлі елдердің халқының ұлттық құрамы (екі ел мысалында)

Тірек сызба ретінде салыстыру

Н: 2,4,11,14,15,16, 22

жазбаша




8

Қазақстан халқының ұлттық құрамы

конспект

Н: - 1,3,4,5,14

Ауызша




9

Дүние жүзі халқының діни және нәсілдік құрамы

конспект

Н: 5,11,13,19,20

Ауызша




10

Қос ергежейлі елдердің халқының құрылымына салыстырмалы сипаттама

конспект

Н: 2,4,11,14

15,16, 22



Ауызша




11

Дүние жүзінің экономикалық белсенді халқы

конспект

Н: 2,4,11,14,

15,16, 22



Ауызша




12

Шетелдік қазақ диаспорасы және оралмандар мәселесі

баяндама

Н: 1, 3,6,18,21,24

Ауызша




13

Алматы қаласының халқы және еңбек ресурстары

конспект

Н: 1, 3,6,18,21,24

Ауызша




14

Өз өлкеңнің халқына географиялық сипаттама беру

конспект

Н: 1, 3,6,18,21,24

Ауызша




15

Қазақстан Республикасындағы 2009 жылғы халық санағының қорытындыларымен таныстыру және оның маңызы

конспект

Н: 1, 3,6,18,21,24

Ауызша







  1. Баға бойынша ақпарат

бақылау түрі (ағымдағы, қорытынды);

бақылау әдістері (сұрау, жазбаша жұмыс, тесттер)

9. Бағаны қою саясаты

Бағаны қою саясаты 100 балдық (100 %) жүйеге негізделген


Бағалау баламасы


Әріптік жүйе бойынша бағалау

Сандық балама

Балдардың пайыздық мазмұны

Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау

А

4,00

95-100

Өте жақсы

А-

3,67

90-94

В+

3,33

85-89

Жақсы

В

3,00

80-84

В-

2,67

75-79

С+

2,33

70-74

Қанағаттанарлық

С

2,00

65-69

С-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,00

50-54

Ғ

0,00

0-49

Қанағаттанарлықсыз


10. Оқу пәні мен академиялық әдеп саясаты

Сабаққа қатысуы

Сабақта өзін-өзі ұстау ережесі

Мадақтау және жазалау

Сабаққа қатысу;

Ауырып қалған жағдайда анықтама қағазын көрсету;

Қатыспаған сабақтардан оқытушыдан тапсырма алып белгілеген уақытта тапсыру


Сабаққа кешікпей келу;

Сабаққа талапқа сай киіну;

Сабақ кезінде бос сөйлемеу;

Сағыз шайнамау;

Ұялы телефонды сабақ кезінде сөндіру;

Оқу процесі кезінде белсенді болу;

Үй тапсырмасын өз уақытында орындау;

Ұжымдық жұмыстарға ұяң студенттерді тарту



Мадақтау баллы:

Белсенді жұмыс – 10%

Сабақты босатпағаны және кешікпегені үшін – 5 %

Жауапты тапқырлықпен айту – 10 %

Жұмысты мерзімінен бұрын орындау – 5 %

Студенттік конференцияға қатысу – 10 %



Жазалау баллдары:

Сабақты босатқаны үшін – 10 %

Тапсырманы орындамаса – 10 %

Жұмысты уақытында тапсырмаса – 10 %

Кешіксе – 10 %

Бірнеше рет қатарынан жауап бермесе – 10 %

Сабақ үстінде тәртіп бұзғаны үшін – 10 %



Тұрғындар географиясы пәнінен дәрістер
1 дәріс тақырыбы: Жалпы шолу. Кіріспе.
Сабақтың жоспары:

1. Тұғындар географиясының негізгі бөлімдері мен міндеттері,пәні

2. Әлемдік географиясындағы халықтардың зерттеуі

3. Ғылым жүйсіндегі халық географиясы


1. Халықтар географиясының негізгі бөлімдері мен міндеттері.

Халықтар географиясы халықтарды орналастыру құрамын, халықтарды тұрғылықты жерге орналастыру динамикасын зерттейді. Бұл – экономикалық және әлеуметтік ғылымдардың бір бөлігі.

Халықтар географиясы адамдардың жиынтығымен айналысады, ал экономикалық география негізінен әр түрлі аймақтың түрлері мен экономикалық қызмет-процесімен және осы қызметтің нәтижелерімен айналысады. Сондықтан бірқатар шетелдік және отандық ғалымдар физикалық және экономикалық географиямен қатар, халықтар географиясын географияның үшінші бөлімі ретінде қарады. Халықтар географиясы мен экономикалық географияның жақындасуына кейінгі кезде экономикалық географияны экономикалық және әлеуметтік география деп атайтын жайғай себеп болады. Біз түсіне бастағанымыздай адамдар, халық бұл тек қана бүкіл адамзаттың бірінші өндіруші күші емес, тек қана «алтын қолдар емес», экономик-географ Баранскийдің айтуы бойынша, халықтар өндіруші және тұтынушы екенін ұмытпау керек. Сондықтан экономика халықтарымен басынан аяғына дейін байланыста деп айтуға болады.

Халықтар географиясы экономикалық географияның дербес тармағы ретінде біздің елімізде тек 40-жылдардың басында дами бастады, бұл ең алдымен Н.Н. Баранскиймен, Р.М.Кабоның еңбегі нәтижесінде. Қазіргі жағдайда халықтар географиясы георафияны бүтіндей қарайтындардың бірі ретінде қарастырыла алады: бірінші бөлімде халықтар географиясы немесе физикалық географияны алады, екінші бөлімде адам географиясы, антропогеография немесе адамдардың қызметі менөмірі арқылы жер шарына енгізуді қарастыратын әлеуметтік география.

Методиялық жоспарда халықтар географиясы жоғарғы теориялық курстарда талданған барлық географиялық, экономикалық және әлеуметтік әдістемелер мен тәсілдерді қолданады. Халықтар географиясының зерттеудің ортақ объектісі бар басқа гуманитарлық ғылымдармен тығыз байланысы бұл тақырыптың 3-ші бөлімінде қарастырылады.

Халықтар мен тұрғылықты жерлерге орналастыруы, құрамы, динамикасы келесі категорияларды бекітеді:

1. Халықтарды қайта құру географиясы

2. Адам нәсілдерінің географиясы

3. Әлем халықтарының этникалық құрамы

4. Әлем дінінің географиясы

5. Әлеуметтік құүрылым және еңбек ресурстары (қорлары)

6. Халықтардың көшіп-қонуы

7. Әлем халықтарының орналастыру және мекендеудің географиялық түрлері.

Отандық халықтар географиясының негізгі міндеттерінің бірі халықтар географиясын әлемдік деңгеймен және логикасымен одан әрі дамуын оқытудың қажеттілігі болып табылады. Осыдан барып нақты міндеттершығады.

Отандық ғылым саласында міндетті түрде халықтарын географиясын оқытудың экономикалық географиясындағы деңгейін көтеруді қажет етеді. Бұл, ең алдымен экологиялық тұрақсыздықтың басты факторы болып, әлемдегі халықтар санының өсуімен байланысты. Сонымен қатар, бұл оқытудың қажеттілігі керісінше Ресейдегі туудың қысқаруымен орыс ұлтының депопуляцияға ұшырауымен тығыз байланысты болып отыр.

Қазіргі кезде географиялық аспектілерде халықтарды жоспарлау, болжау саласында өзгерістер енгізу қажет. Жеке тұрғын жерлердің, фирмалардың, кәсіпорындардың деңгейіне дейін. Халықтар географиясында экологиялық әдістемені, әлеуметтік экология, антропоэкологияны дамытуды күшейтуді талап етеді.

2. Әлемдік географиясындағы халықтардың зерттеуі.

Әр түрлі елдердің көне жазбаларында, саяхатшылардың, көпестердің, дипломаттардың аңыз-әңгімелерінде, авторлар: табиғат-халық шаруашылық мәселелеріне сипаттама беруге тырысты. 1-ші ғасырда Страбонның (17 кітап) «Географиясы», 2-ші ғасырда Птоломейдің «Географиясы» шықты. Бұл тек қана географиялық емес, сонымен қатар этнографиялық болып та табылады. Осындай комплекстік жан-жақты географиялық жазбаларда негізінен халықтарға назар аудару мәселесі орта ғасырда да болған еді. XVIII ғ басында дифференциация басталып, халықтарды зерттеуде демография және этнография пайда болды. ХІХ ғ аяғында антропогеография ерекшеленіп, (Германияда) оның негізі географиялық детерменизм жағдайы болды. Ол деген табиғи ортаның жеке адам мен халықтардың жаны мен денесіне әсер етуін анықтау. Осының ірге тасын қалаған неміс ғалымы Фридрих Ратцильдің айтуынша, табиғаттың бір қалыпты климат жағдайы адамдарды қозғауға, құрылыс салуға, ақыл айтуға, психология негізін қалыптастыруға, қоғамда адамның белсенділігі қажет, үлкен кеңістік адам ақыл-ойын оятып, бір үлкен шешім қабылдауға, кішкене кеңістік кері әсерін тигізеді. Кейіннен бұл теория фашистердің геополитика концепциясын құруға негіз болды.

Осы уақыт аралығында Францияда негізін (П.Видаль де ла Блаш, Ж.Брюн) қалаған халық географиясы пайда болып, табиғат пен адам арасындағы байланысты көрсеткен. Бұл ғалымдардың антропогеографтардан айырмашылығы халық географиясынан табиғатпен ғана байланысын емес, сонымен қатар, экономика, тарих және психология байланысын көрсету еді. Қазіргі халық географиясы экономикалық бағытта жоғары оқу орындарында мынандай пәндер болып оқытылады: география демография негіздері, қала географиясы, миграция географиясы, халық географиясын математикалық модельдеу сияқты пәндер. Бұл зерттеулердің көп бөлігі орыс тілінде. Мысалға: ағылшын-американ авторының (география городов, Динамика развитие городов Д.Форрестера және т.б.; модель в географии Б.Дж.Гарнера, Д.Харвейа, Я.Гамельтона, П.Хаггета және т.б.); француз авторлары (Очерки по географии городов – Ж.Боже – Гарнье және Ж.Шабо). Сонымен қатар, халық географиясының зерттеу аймағы болып – Польшаны айтамыз. Халық географиясымен айналысатын Ресей ғалымдарының ішінен мыналарды айтамыз: Константина Иванович Арсеньев және оның еңбектері «Гидрографическое описание городов Российской империи» (1832) және «Статистические очерки России» (1848); Петр Петрович Семенов Тян-Шанский 1897ж Ресейде ең 1-ші халық санағын жүргізген, 1885ж 5 томдық «Географу – статистического словаря»; Александр Иванович Воейков және оның еңбегі «Распределение населения Земли в зависимости от природных условий и деятельности человека» (1910) және үлкен масштабты Европалық Ресейдің халық тығыздығының картасын жасаған.

Кеңес уақытында халық география қорына мына ғалымдар үлесін қосқан: Н.Н.Баранский, Р.М.Кабо, О.А.Константинов, В.В.Покшишевский, Ю.Г.Саушкин, С.А.Ковалев. Қазіргі уақытта халық географиясымен айналасатындар қатары мынандай және олар МГУ, ИГАН, МГПУ-да қызиет етушілер: Г.М.Лаппо (Қала агломерациясы), Б.С.Хорев (қоныстану жүйесі), В.П.Максаковский (дүниежүзі халқы) және т.б.



3. Ғылым жүйесіндегі халық географиясы.

Классиктердің айтқан сөздерін қайталауға болады: әр ғылымдардың классификациясы шартты, және олар бір-бірімен ғылымда тығыз байланысты. Халық географиясымен пән аралық байланыстары мынандай: шаруашылық географиясы және экономикалық, әлеуметтанумен, табиғи ресурстар географиясымен, физикалық географиямен, картография байланысты. Халық географиясының сонымен қатар, мынандай ғылымдармен байланысы бар:

Антропология. (гр.тілінен anthropos - адам ) – адамзаттың пайда болған заңдылығын анықтайтын ғылым саласы.

Демография (гр. тілінен demos - халық) – халықтың ұдайы өсуін зерттейді.

Этнография (гр.тілінен ethnos – тайпа, халық) – бір топ халықтың пайда болғанын зерттейді: тайпа, ұлт, этнос, сонымен қатар, мәдениеттің пайда болғанын.

Социология (лат.тілінен societas - қоғам) – қоғамның дамуын және пайда болуымен қарым-қатынасын зерттейді.

Экология (гр.тілінен oikos – үй, қоныстану жері) – қоршаған ортамен байланысын анықтау. Ластанған қоршаған ортаның адамдарға тигізетін әсері, зияны.

Рекреациялық география (лат.тілінен recreation – қалпына келуі) – халық географиясымен, қызмет көрсету орталығымен, медицина және физикалық географиямен байланысын зерттейді. Демалу орталығын және түрін қарастырады.

Халық географиясымен тығыз байланыста:



Еңбек экономикасы – еңбек ресурстарын және оны пайдалану.

Медицина географиясы – табиғаттың адам ағзасына әсері, жеке ауру түрлерінің географиялық таралуы.

Әлеуметтік гигиена – халық денсаулығының жалпы жағдайы, бұған әлеуметтік-экономикалық факторлардың әсерін, қорғану және денсаулықты нығайту үшін шаралар ұйымдастыру.

Қала құрылысы және аймақтық жобалау – бұл ғылым әр типтегі және әр көлемдегі адам тұратын мекендер салу. Тұрғындар үшін арнайы архитектуралық үйлер салып, жағдайын жақсарту.

Демография пәні бұл өмір бойы үздіксіз деп санауға болады. Бір ұрпақтың келесі ұрпақ жалғасын береді және бұл заңдылық.


2 дәріс тақырыбы: Тұрғын халықтың ұдайы өсіп-өну географиясы жане оның заңдылыктары
Сабақтың жоспары:

1. Халықтарды тіркеу, халықтар санағының динамикасы

2. Халықтың ұдайы өсіп-өнуі,демографиялық көрсеткіштер: абсолюттік және қатыстық. Демографиялық саясат.

3. Жыныстық жас құрылысы және отбасы құрамы

4. Тұрғылықты халықтың заңдары

5. Адам шығуының географиясы. Халық санының мәліметтері: санақтар. Дүниежүзі және аймақтардағы халық саны.



1. Халықтарды тіркеу, халықтар санағының динамикасы

1.Халықтарды тіркеу жұмысы экономикасы дамыған елдерде үнемі негізгі екі бағытта жүргізіледі:

а) Жалпы мерзімдік санақ түрі (саны, құрамы, орналасуы).

в) Ағымдық санақ түріне халықтың қозғалысы (туу, өлу, көшіп-қону) жатады. Сонымен қатар, халықтар санағы мен жалпы санақ арасында таңдаулы тексерулер жүргізіліп отырады.



Ағымдық тіркеу: заңды түрде азаматтық тіркеу жұмысы арқылы жүргізіледі, туу, өлу, неке және ажырасу, яғни АХАЖ (ЗАГС)-ды айтамыз. Механикалық қозғалысты реттейтін полиция органдарының көшіп-қонуына байланысты бөлімшесі тіркейді. Халықтар санағын сараптау бүкіл елдерде барлық территориялық бірлікте (халықтардың бөлек, жәке пунктерінде) егжей-тегжей жүргізіледі. Бірінші қаңтарда туылған немесе өлген, көшіп келген мен кеткендер де барлығы санаққа енеді. Сондықтан, халықтар санағында негізгі және тиімді болып халықтардың жалпы санақ формасы есептеледі. Бұл санақ жүйесі көптеген елдерден бастап ең аз дегенде 10 жылда бір өткізіледі (БҰҰ шешімі бойынша). Алғашқы санақ АҚШ-та (1790ж) болды,одан кейін Швеция мен Финляндияда (1800ж) болды. Алғашқы жалпы халықтар санағын жүргізу Ресейде 1897 ж болды, және де ол бүгінгі күнге дейін жүргізіліп келеді. Барлығы 6 рет жүргізілген (1926, 1939, 1959, 1970, 1979, 1989жж).Сонымен, көптеген ақша шығыны мен ұйымдастырудың қиындығына қарамастан келесі санақ алу жұмысы ХХІ ғ 2001 ж жүргізіледі.

Африка. Едәуір халықтардың өсуі жөнінен жоғары қалыпта, жылына 3%-ды құрайды (мысалы: Мозамбикте 4,6%). Кейінгі кезде ғана өсу қарқыны төмендеуде.

Шетелдік Азия. Бұл елдер қатарына Үндістан және Қытай жатады. Бұл елдер туу деңгейін төмендетуге арналған демографиялық саясат құрған. Өсу қарқыны төмендегенмен, 2%-ға дейін жоғары (Ауғаныстан бойынша – 5,2%).

Латын Америкасы.бұл аймақтарда, әсіресе, Бразилия, Аргентина, Мексика елдерінде өсу қарқыны жоғары (сондықтан да, оларды экономикасы дамыған елдер қатарына жатқызуға болмайды), ғасырдың аяғына дейін өсу қарқыны 2%-ды құрайды.

Шетелдік Европа. БҰҰ-ң болжамы бойынша ғасырдың аяғында бұл елдерде халықтардың өсу қарқыны толығымен төмендеген (0,3%). Бұл елдерде демографиялық дағдарыстар орын алуда.

Солтүстік Америка. АҚШ пен Канада халықтар саны көшін келушілердің арқасында өсуде. Тек әр жыл сайын көшіп-қонушылардың өсу саны 450 мың адамды құрайды. Әлемдегі халықтар санының өсуі тек 6 мемлекетте ғана жоғары деңгейде және әлемнің жартысынан көбі осы елдерде тұрады (1995жыл). Қытайда – 1209 млн, Үндістанда – 918, АҚШ-та – 261, Индонезияда – 195, Бразилияда – 154, Ресейде – 148 млн халық мекендейді.

2. Халықтың ұдайы өсіп-өнуі, демографиялық көрсеткіштер: абсолюттік және қатыстық. Демографиялық саясат.

Халықтың ұдайы өсіп-өнуі (табиғи қозғалыс) бұлтуу, өлуі және табиғи өсу процестерінің жиынтығы болып табылады.

Туу, өлу, табиғи өсу – биологиялық процестердің негізі болып есептеледі. Алайда, олардың деңгейіне өзінің әсерін тигізетін факторлар төмендегідей:

Әлеуметтік-экономикалық факторлар: халықтың әл-ауқатының деңгейі, денсаулық сақтаудың дамуы, халықтың мәдени және білім деңгейлері, әйелдердің қоғамдық жағдайы, діни жағдай және т.б.

Табиғи-биологиялық факторлар: сыртқы орта әсерінен әйелдер мен еркектер ағзаларының әртүрлі сатыда қалыптасуы. Соның салдарынан ұлдар мен қыздардың туылуының әртүрлілігіне әкеліп соғады (100-105-ке).

Демографиялық факторлар: халықтардың жыныстық және жас мөлшері, некелесуі, ажырасулары. Мысалы, халықтардың саны жағынан егде жастағылардың өсуі, туылудың төмендеуіне әкеліп соғады.

Әлем халықтарының ұдайы өсіп-өнуінің формуласы: 28‰ (туу) - 10‰ (өлім)=18‰ (табиғи өсім).

Халықтардың ұдайы өсіп-өнуін арттырудың негізгі 2 түрі бар:

І тип – кәдімгі өсіп-өну, ұрықтардың ауысуы кезінде халықтардың саны жоғарыламайды немесе тарылғанда және тууға қарағанда өлімнің көп болуы байқалады.

ІІ тип - өсіп-өнудің кеңейуі, келер ұрпақтың саны өткен ұрпақтың санынан көп болуы.

Өсіп-өнудің алғашқы түрі туудың, өлімнің, табиғи өсуден төмен болуын сипаттайды. Ол Еуропа елдеріне тән (Ресейге де), Солтүстік Америка, Австралия және Мұхиттық аралдарды да қамтиды. Көптеген елдерде қарапайым өсіп-өну қатарына барлық отбасының жартысында 2 бала, жартысында 3 баладан ғана болады. Демография көрсеткіші бойынша әрбір жанұяға 2,5 баладан келеді.

Жоғарыда айтылғандай Еуропа елдерінде халықтарының өсуі жағдайында – «демографиялық дағдарыс». Бұл жөнінде алдыңғы қатарда Германия (туу-10-11‰, өлу 11-12‰, табиғи өсім-0,2-0,3‰). Оған қоса, табиғи өсім көрсеткіші Италия, Дания, Венгрия, Румыния, Болгария мемлекеттерінде төмен. Енді, «демографиялық дағдарыстың» қатарына Ресей де кіреді. 1995ж көрсеткіш бойынша: туу – 9,3; өлу-15,0; табиғи өсім – 5,7 ‰; табиғи тоқырауын бойынша 800 мың адамды құраған (осы көрсеткіш бойынша Ресейді дамып келе жатқан мемлекеттер қатарына емес, дамыған елдер қатарына жатқызуға болады).

І типтегі елдер үшін басты мәселе өсіп-өну, аталықты (латын сөзінен Pater-әке) тиісті құрал ретінде дамытып, демографиялық саясаткерлер табиғи өсіп-өнуге қарағанда, депопуляция процесін тоқтатуды қолға алуда.

ІІ типтегі көбеюге халықтардың жоғары деңгейде тууы жатады, табиғи өсудің және осыған қатысты өлімнің төменгі көрсеткіші сипатталады. Өсіп-өнудің бұл түрі мына елдерге тән: Африка, Азия, Латын Америкасы. Алдыңғы орында Кения (55-14 = 41); Танзания (50-15 = 35); Нигерия (50-17= 33) болып табылады.

Бұл елдер үшін ең маңызды мәселе тууды міндетті түрде қысқарту болып табылады.

Мысалы, 1951ж Үндістанда «жанұяны жоспарлау» атты ұлттық бағдарлама қабылданды, сонымен қатар, Қытай конституциясында да бала туудың жоспары жазылған. Алайда, көптеген мұсылман елдері, атап айтсақ, Азия және Африкада бұл саясатқа діни көзқарастар бойынша қарсы.

Соңғы 10 жылда демографиялық процестердің жүруіне демографиялық саясат, яғни тууды реттеу үшін мемлекет тарапынан жүргізілетін шаралар жүйесі ерекше ықпал етті. Тууды шектеуге белсенді саясат жүргізетін мемлекеттер жоғарыда айтылған. Негізгі шараларға: насихат, халықтар арасында медициналық білімнің таралуы және әкімшілік-экономикалық жағдайларының әсері жатады. Үнді елінде: «Біз екеуміз-бізге екеу» ұраны кең тараған, неке құру жасы жоғарылатылып, халықтың өсіп-өну көрсеткіші 30‰ - 10‰= 20‰-ді құрайды; Қытайда мұндай ұран өте қатал: «Бір отбасына – бір бала», студенттерге отбасын құруға рұқсат берілмейді, неке жасы жоғарытылған, өсіп-өну көрсеткіші әлде-қайда төмен (18‰ - 6‰=12‰). Бұл саясатқа Қытай мен Үнді елдерінің қатарына қазіргі кезде Индонезия, Филиппин және кейбір Латын Америка елдері қосылады.

Дамыған елдерде патерналистік саясат жүргізіледі – яғни, материалдық шаралар жүргізу (жүкті кезінде және бала туғаннан кейінгі демалыс мерзімін ұзарту, бірқалыпты ақшалай көмек көрсету, жалақыны арттыру және т.б.) арқылы туу деңгейін арттыру саясаты жүргізілуде. Мұндай патерналистік саясат Чехия, Словакия, Венгрия, Германия, Франция және Ресей елдерінде жүргізілуде.

Өлім, туу сияқты биологиялық құбылыс. Сонымен қатар, өлімнің өсуі (туу деңгейі сияқты) ең алдымен материалдық жағдайға байланысты: халықтың әл-ауқаты, денсаулық сақтау жағдайы қаншалықты жоғары болса, соншалықты өлім деңгейі төмен немесе керісінше болады.

Сондықтан дамыған және дамушы мемлекеттер арасында өлім ұлғаюының көптеген айырмашылықтары бар. 1990ж басында өлім көрсеткіші: Латын Америкасында - 7‰, Европада 10‰, Африкада - 15‰-ді құрады.

Африкада өлім деңгейінің жоғары екендігі белгілі, бірақ неге Европада бұл көрсеткіш Латын Америкасына қарағанда жоғары деген сұрақ туындайды? Мәселе мынада, дамыған елдерде 50 – жылдардағы жалпы өлім көрсеткіші адамзат тарихындағы ең төменгі болып тіркелген. Алайда, халықтардың қартаюына байланысты өлім деңгейінің өсе бастауы байқала бастады.

Өлім деңгейінің ең жоғарғы көрсеткіштері дамушы елдерде (Чад - 22‰, Гвинея -21, Мали – 21) болғанына қарамастан, өлім деңгейі төмен мемлекеттердің арасында тек дамыған мемлекеттер (Жапония -7) ғана емес, бірқатар дамушы мемлекеттер де (Мексика – 5, Бразилия – 5,6, Қытай -6 )бар. Бұл тек өлім көрсеткішінің сипатынан ғана емес, халықтың жасының құрылымына байланысты екендігін де көрсетеді. өмір сүру ұзақтығы аз болса, егде жастағылардың саны аз, ал халықтардың жас мөлшері жас болса, онда жалпы өлім деңгейі төмен болады.
3. Жыныстық жас құрылысы және отбасы құрамы.

Жыныстық жас құрылысы - әлеуметтік-экономикалық көзқарастан қарастырғанда: еңбек ресурстарын, мектеп жастағыларды, зейнеткерлерді (олардың материалдық қажеттілігін қамтамасыз ету үшін қажетті құралдарды анықтау мақсатында) санын бақылайтын, халықтың ең маңызды сипаттамаларының бірі.

Халықтың жыныстық құрылысы. Жоғарыда айтылып кеткендей әрбір 100 қызбалаға 104-107 ербала туылады. Физиологтардың пікірі бойынша, ерлердің ағзалары балалық шағында өмір сүруге бейімділігі аз келеді, сондықтан өмірдің алғашқы кезінде ербалалар көп өледі. Одан әрі өлім саны былайша түрленеді: дамыған елдерде жарақат алу, кәсіпке байланысты ауруларға ұшырау және ішімдік пен темекі шегу салдарынан ер адамдар өлімі жоғары; дамушы елдерде әйел адамдардың өлімі көбіне жоғары келеді. Бұл ерте неке құру, жиі бала туу, ауыр жұмыс істеу, дұрыс тамақтанбау және қоғамдағы теңсіздіктің салдарынан болады. Әлемде ерлердің саны әйелдерге қарағанда 20млн адамға көбірек, яғни 1000 әйелге 1009 ер адам келеді. Негізінен мұндай көрсеткіш Шетел Азия елдерінде көп байқалады (1000 әйелге 1042 ер адам), ал Европа елдерінде бұл көрсеткіш керісінше, мысалы, Ресейде әйелдер еркектерден 9 млн адамға көп (1000 әйелге небары 890 ер келеді). Дүниежүзінде жастық шақтарында еркектер көбірек болса, қартайған кездерінде әйелдердің саны артады.
Ерлер мен әйелдердің дүние жүзі бойынша таралуы

Елдер



Бүкіл елдегі үлесі, %



Ерлердің 1000 әйелге шаққандағы саны

Ерлер

Әйелдер

Бүкіл әлем

Дамыған елдер

Дамушы елдер

Кедей елдер

Дамушы елдер (Қытайдан басқа)

Африка


Азия

Европа


Латын Америкасы және Кариб

Солтүстік Америка

Австралия мен Океания

Ресей


Қытай

Қазақстан



50,4

48,6


50,8

50,1


50,5
49,9

51,1


48,3

49,6


49,3
50,1
46,8

51,4



49,6

51,4


49,2

49,9


49,5
50,1

48,9


51,7

50,4


50,7
49,9
53,2

48,6


1015

947


1032

1004


1022
994

1045


933

982


972
1002
878

1059



Халықтың жас мөлшер құрылысы. Халықтың жас мөлшер құрылысы ең алдымен өткен заманғы және қазіргі таңдағы өсіп-өну ерекшеліктеріне байланысты. Бұл үшін тағы да елдерді дамыған және дамушы деп бөліп қарастыру керек.

Халықтың жас мөлшер құрылысын сол елдің еңбек ресурстары айқындайды, және де олар әр елде әртүрлі бағаланады. Әсіресе, маңызды мәселе болып, еңбекке жарамды халықты өндіріске тарту болып табылады. Мұны экономикалық тұрғыдан алғанда белсенді халықтардың материалдық өндіріс орындары мен өндірістік емес сфераларда жұмыс істеулері дәлелдейді. Дүниежүзіндегі барлық халықтардың 45%-ын экономикалық белсенді халықтар құрайды. Ал, Шетелдік Европа, Солтүстік Америка елдерінде және Ресейде бұл көрсеткіш 48-50%-ды құраса, Азия, Африка, Латын Америкасы елдерінде бұл көрсеткіш 35-40% құрайды. Бұл көрсеткіштер әйелдердің қоғамдық өндіріске айналысу деңгейімен және де халықтың жас құрылысындағы балалардың үлесімен анықталады.

Халықтың еңбекке жарамды және жарамсыз (балалар мен қарттар) бөлігі арасындағы қатынасты демографиялық ауыртпалық деп атайды. Дүниежүзіндегі демографиялық ауыртпалықтың мөлшері орта есеппен алғанда 70%-ды құрайды (яғни, 100 еңбекке жарамды адамға 70 еңбекке жарамсыз адамнан келеді). Дамыған елдерде бұл көрсеткіш – 45-50%, ал дамушы елдерде - 100%-ға дейін жетеді.

Дамыған елдерде халықтың жас мөлшер құрылысындағы ерекшеліктер мынадай: жаңа туылған балалардың саны аз, орта жастағылардың саны артады да, қарттардың саны өте көп. Ал, дамушы елдерде керісінше, сәбилердің саны өте көп, еңбекке қабілеттілердің саны орташа, ал қарттар саны мүлдем төмен болады. Мысалы, Кенияда балалар үлесі 51%, еңбеккеқабілеттілер саны-45%, қарттар 4%-да құрайды. Ал Германияда бұл көрсеткіштер керісінше, 16; 64; 20.

Халықтың жыныстық және жас ерекшелігіне байланысты толық қанды көрсеткішті осы құрылыстың графиктік сызықтары көрсетілетін жыныстық жас мөлшер пирамидасы беріледі. Пирамиданың сызбасы бойынша өсіп-өнудің мынадай түрлерін анықтауға болады: І түр - өсудің қалыпты жағдайы, стационарлық жас ерекшелік құрылысы, халық санының азаюы, регрессивтік жас мөлшер құрылысы, ІІ түр – пирамиданың үшбұрышты бейнеленетін қарапайым және жас ерекшелік құрылысы. Жыныстық жас ерекшелік пирамидасы тарих беттерінде сақталады. Пирамиданың құлдырауы Ресейде 2-ші дүниежүзілік соғыспен, ал, АҚШ-та бұл «Ұлы депрессия» жылдарымен байланысты (1929-33жж).

4. Тұрғылықты халықтың заңдары.

Заңдар мен заңдылықтар – қоғам мен табиғат құбылыстарының арасындағы қайталанатын тұрақты қатынастар жиынтығы. Олар обьективті мінездемеге ие және де адам санасына бағынбайды.

Тұрғылықты халықтардың жалпы заңы туралы мәселе әлі толық қарастырылмаған. Ең бірінші ойшыл, пастор, XVIII-XIXғғ ағылшын экономисті Т. Мальтус «тұрғылықты халықтардың өсу қарқыны өмірге қажетті құралдарды өндіруді жоғарлатады» деген тұжырымдама айтты.

Мальтус, адамдардың тұрақты талпынысы бар деп айтып кетті. Ол тез көбейетін барлық тірі ағзаларға тән құбылыс. Бұл қарым-қатынасты Мальтус геометриялық және арифметикалық прогрессияларды салыстыру арқылы шығарды (тұрақты санның қосылуы және тұрақты санның көбеюі).

Сонымен қатар, Мальтус жер өнімінің жоғарлауы туралы заң шығарды. Шаруаның ұлы туылған кезеңінде оның жеріне еңбек шығыны екі есе көп кетсе де, бұл өнімді екі есеге көбейтуге мүмкіндік бермеді. Сонымен, Мальтус соғыстар мен жұқпалы ауруларға әкелетін, тұрғылықты халықтардың өсімін шектеу керек деп шешті.

К. Маркс тұрғылықты халықтар туралы заңның экономикалық (немесе тұрғылықты халықтардың экономикалық заңын) жағын қарастырды:



капитализм кезінде тұрғындардың саны көбейіп, еңбекке жарамды халықтардың саны капиталдағы жұмыс күшінің қажеттілігін арттырады.

социализм кезінде тұрғылықты халықтардың бос уақыттарының болмауы байқалады.

Бірақ-та, бұл мәселелер халықтың өсіп-өнуін қарастырмайды, сондықтан тұрғылықты халықтардың заңы болып табылмайды.

Қазіргі Қытай ғалымдары бұл мәселені былайша талқылап жүр: тұрғылықты халықтардың социалистік заңы – бала тууды, адамның жан-жақты дамуын жоспарлы түрде іске асыру туралы заң.

Жоғарыда айтылған лекция материалдарын талқылай келе тұрғылықты халықтың заңын қалай қалыптастыруға болады?

Өркениеттік, қоғамдық мәдениеттің дамуы, халықтың өсіп-өну деңгейінің төмендеуіне, орташа өмір сүру жасының жоғарлауына алып келеді.

5. Адам шығуының географиясы.

Жер шарындағы алғашқы адамдардың пайда болуы туралы сұрақтар әлі күнге дейін ең басты мәселелердің бірі. Бүгінгі таңда, көптеген ғалымдардың айтуынша,- «саналы адамның» Homo Sapiens түрі ежелгі гоминидтерден шамамен 50 мың жыл бұрын Шығыс Африкадағы Ұлы рифт аймақтарынан бөлініп шыққан.

Соңғы жүргізген қазба жұмыстарына байланысты, Шығыс Африка алғашқы адамдардың пайда болған аймағы деп есептелінеді. ХХғ 70ж Льюис және Мэри Ликидің жүргізген зерттеулерінде Солтүстік Танзанияның Олдовай шатқалында ежелгі адамтектес тәрізділердің қалдықтары табылған – зинджатропа – «икемді адам» - ата-бабалары «саналы адам» - оның жасы 1,7 млн жыл болған.

Басқа да археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесінде және де ежелгі гоминидтердің Рудольф көлінің шығыс жағалауындағы Омо және Аваш өзендерінің аңғарларынан табылған қалдықтары адамның ата-бабаларының ежелгі жасын дәлелдеген – 2,5; 3,7 және 5 млн жыл.

Палеолит дәуірінің соңында, ежелгі адамдар Африкадан басқа да континенттерге қоныс аудара алған деп есептелінеді – Европа және Азияға. Азиядан Беринг бұғазы арқылы адамзат Америкаға қоныстанған, Оңтүстік-Шығыс Азиядан – Австралия және Мұхиттық аралдарға (Океания).

Қазіргі мәліметтер бойынша, б.э. шамамен 15 мың жыл бұрын Жер шарында 3 млн адам өмір сүрген. Сол уақыттан бері, жер бетіндегі адамзат популяциясы өте күшті қарқынмен дамыған, ал 1987ж 5 млрд-қа жеткен, сонымен қоса, адамдардың жартысы соңғы 25 жылда туылған.



Халық санының мәліметтері: санақтар

Дүние жүзі бойынша ең бірінші санақты 1682ж ағылшын Уильям Петти жүргізген. Оның ойынша, XVIIғ соңына қарай Жер бетіндегі адамдар саны 320 млн адамды құрайды деген (қазіргі демографиялық бағалау бойынша ол кездегі адамдар саны 2 есеге көп болған).

Мемлекеттегі адам санының нақты мәліметін – санақ арқылы біледі. Санақтың сапалы болуы үшін, ең бірінші «есептеуіштерді» оқыту керек, өйткені олар мемлекеттегі азаматтардың мәліметтерін 1 күнде толтырып отырады, яғни, жасы туралы ақпарат, жынысы, балалар саны (1 отбасындағы), білімі, ұлты және т.б. Санақтың нәтижелері мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының негізі болып табылады, экономикалық өсудің жоспары, бюджеттің кірістік және шығыстық мәліметтері.

Халық санағы өте қымбатқа түседі, сондықтан оларды 10 жылда 1 рет жүргізеді, БҰҰ-ның пікірінше, санақты тек қана финанстық ресурстары жеткілікті мемлекеттер ғана жүргізе алады.

ХІХғ ортасына дейін көптеген мемлекеттерде халықтың статистикалық санағы жүргізілмеген, нақты сұраққа бұл мемлекетте қанша адам тұратыны, сонымен қоса, бүкіл Жер шарындағы халықтың саны қанша екеніне жауап беру өте қиын болған.

Халықтың санақ жүргізілуіне салық төлеу байланысты болды. XVIIIғ ортасына қарай Скандинавия елдерінде санақ жүргізілді, Австро-Венгрияда, ал 1790ж – АҚШ-та.

ХІХғ көптеген европалық (соның ішінде 1801ж Британияда, 1897ж Ресей империясында) және де Латын Америкасының кейбір елдерінде ресми түрде халықтың санағы алынған.

Азия елдерінде ең бірінші санақтар ІІ Дүниежүзілік соғыстан кейін жүргізілген (Үндістан (1867-1872жж) және Жапонияны есептемегенде).

Әсіресе, дамушы елдердегі халықты тіркеуге алу қиын, онда финанстық ресурстардың жетіспеуіне байланысты, ішкі аймақтарға қатыса алмауы және халықтың сауатсыздығына байланысты сапалы нәтижелер алу қиынға түседі. Бұдан басқа, санақты жүргізу кезінде 2 қарама-қарсы тенденциялар ескеріледі: Халық санының жоғарылауы – бұл престижге байланысты (отбасы деңгейі бойынша – көпбалалы престиж, сонымен қоса тайпа деңгейі бойынша – мемлекеттің қаржыландыруына және сайлауға байланысты билікті қолға алу), және де Халық санының төмендеуі – негізінен, 1 жанға шаққандағы салық ақысын төмендету (1 жанұяға шаққандағы).

Африка елдерінің көбісінде санақты жүргізу ұлтаралық ұйымдардың қаржыландырылуына байланысты жүргізіледі, яғни 1950ж соңына қарай тәуелсіздікті алмай тұрып. Кейбір елдерде: Чад, ОАР, Анголада бұл санақтар бірінші және соңғы болды. Эфиопиядағы алғашқы санақ 1982ж болған, бірақ оның ресми нәтижелері әлі күнге дейін жарияланбаған.



Дүниежүзі және аймақтардағы халық саны

Дүниежүзі мемлекеттері халықтың саны бойынша бір-бірінен ерекшеленеді. 1990ж соңына қарай халқының саны 50 млн адамды құраған, 25 елде бүкіл планета халқының 3/4 бөлігі тұрған.

Ондыққа кіретін мемлекеттердің құрамы ылғида өзгеріп отырады. Егер біздің ғасырымыздың басында оларға 9 экономикалық дамыған мемлекет кірсе, соның ішінде 7 европалық, онда 2000ж олардан тек қана АҚШ және Жапония қалады, және де олардың ішінде ешқандай европалық мемлекет болмайды. Халқының саны 1 млн адамнан аспайтын мемлекеттер (1998ж олардың саны 56 болған, соның ішінде халқының саны 500 мыңнан төмен-47 мемлекет). Олар, ережеге сәйкес, кішігірім аралдарда орналасқан немесе қатал климат жағдайларда өмір сүретіндер – жоғары ендіктерде немесе аймақтарда.

3 дәріс тақырыбы: Дүние жүзінің тұрғын халықтарының нәсілдік құрамы


Сабақтың жоспары:

1. Нәсілдік белгілердің құрамы мен мағынасы.

2. Үлкен және кіші адамзат нәсілі.

3. Әлемдегі нәсілдік құрамның таралуы.


1. Нәсілдік белгілердің құрамы мен мағынасы

Нәсіл – бұл тарихи қалыптасқан адамның тобы, шығу тегінің бірлігі мен сыртқы келбетіндегі ұқсастықтарымен ерекшеленеді.

Нәсілдерді биологиялық тұрғыдан қарастырсақ, олардың бір-бірінен этникалық, тілдік және діни айырмашылықтары бар. Адамзаттың мәдениетінің дамуына байланысты әр түрлі нәсілдердің арасындағы шекара жойылды және нәтижесінде әр түрлі нәсілдер пайда болды.

Нәсілдік айырмашылық, әсіресе, бір-бірінен алыс жақта нәсілдік топтардың арасында анық байқалады. Аралас нәсілдер мыңжылдықтар бойы үздіксіз жалғасуда.

Қазіргі кезде адамзат нәсілін ақ, сары, қара деп үлкен үш топқа бөлуге болады. Бірақ-та, адамның терісінің түсі басты айыратын белгі болып саналмайды және де кейбір жағдайларда негізгі белгісі болып саналмайды. Ал антропологтар болса, сыртқы келбетіне қарайды. Негізгі нәсілдік белгілерге терінің түсі, шаштың әркелкілігі, бет пішінінің, дене бітімінің қалыптасуы, алақандарындағы сызықтар, саусақтардың басындағы сызықтар арқылы айыруға болады. Және де, физиологиялық тұрғыдан қарастырсақ, қан тобы, микроэлементтердің әртүрлілігі, тістерінің орналасуынан да анықтауға болады. Кез-келген нәсілдік белгілер шартты түрде болады. Осындай ерекшелік тек сыртқы келбетінде ғана болады, ал сезімі мен ойлау қабілеті барлық адамзат нәсілдерінде бірдей болып келеді. Сонымен қатар, аралас некеден туған балалардың да ешбір кемшілігі болмайды. Мысалы, француз Александр Дюма негірдің немересі болған. Орыстың ұлы ақыны А.С.Пушкин ақсүйек және ақсүйек емес және де « араб Петр » Ганнибалдың тұқымы болғанымен, шаштарының пішіні түк жамылғыларының дамуы жағынан европоидтарға ұқсас.



2. Үлкен және кіші адамзат нәсілдері.

Үлкен Европоидтық нәсіл. Европоидтар өздерінің ақ және қара түстілігімен, шаштарының бұйра және тік болуымен, көздерінің ашық сұр және көгілдір түстілігімен ерекшеленеді. Олардың мұрындары жіңішке әрі көтеріңкі келеді, ал еріндері жұқа немесе орташа болып келеді. Әрбір қытайлық үшін ең үлкен мұрын бұл европалықтардың белгісі. Христиан дінін таратушы европалық миссионерлерді Қытайда «үлкен мұрынды сайтандары » деп атап кеткен.

Европоидтардың терілері ашық түсті, шаштары мен көздері осыған сәйкес болады, сондықтан да оларға Солтүстік пен Орталық Европада өмір сүрулері қолайлы болады. Себебі, орта палеолит дәуірінде бұл жерлер суық ылғалды ауа райымен, бұлттылығымен және күн сәулесінің төмен түсуімен ерекшеленген.

Үлкен европоидтық нәсіл үш топқа бөлінеді: солтүстік – ашық түсті, шаштары ашық сары, көздері көк және сұр болып келеді. Оңтүстік европоидтықтар – қараторы, шаштары мен көздері де қара болып келген. Түстерінің ерекшеліктері бойынша топтар арасынан кіші нәсілдерді бөліп қарастырады, оларды екінші немесе үшінші қатардағы нәсілдер деп атайды. Кіші нәсілдердің басты көрсеткіштері бұл бас сүйектің ми бөлігінің пропорциясы. Егер бастың ені ұзындығынан 75% кіші болса, онда ол долихокефалдарға, яғни ұзын бастыларға жатады. Ал егер бастың ені ұзындығынан 80% үлкен болса, ол брахикефалдарға жатады, яғни қсқа бас болып келеді.

Аралық түсті европалықтардың солтүстік топтарына нордтық (долихокальдық) және балтықтық кіші нәсілдер кіреді.

Аралық түс бойынша европоид топтары альпілік, орта европалық және шығыс европалық деп бөлінеді (бұларға орыстардың көп бөлігі кіреді). Оңтүстік топтарда, үнді-жерорта теңіздік нәсілдің құрамында ерекшеленеді, мысалға, жерорта теңіздік (долихокефальдық) және арменоидтік (брахикефальдық) кіші нәсілдер.

Үлкен Монголоидтық нәсіл. Монголоидтықтардың сыртқы түр әлпеті: денелері сарғыш түсті, шаштары тік, қайратты, қара түсті, көздері қоңыр, беттері жалпақтау, жақ сүйектері шығыңқы, мұрындары қысыңқы немесе орташа жалпақ, кеңсіріктері кішкентай, жоғарғы қабақтары қатпаршақ, көздерінің үсті жабынқы келген. Нәсілдің қалыптасуына далалы және Орталық Азия шөлейттерінің әсері көп болған. Өйткені көздері қатты құм суырған желдерден қорғанғандықтан және құрғақ климат жағдайымен сипатталады.

Үлкен Монголоидтық нәсіл екі негізгі топқа бөлінеді : азиаттық және американдық (үндістер, эскимостар, алеуттар). Американдық үндістердің жалпы бет әлпеттері монголоидтармен ұқсас, ал эпикантустар аз кездеседі, мұрындары қатты шығыңқы.

Азия Монголоидтары негізгі екі топқа бөлінеді : континенттік және тынық мұхиттық (кәрістер, солтүстік қытайлықтар). Континенттік монголоидтар түс қарқындылығының төмен болумен, бас сүйектері мен беттерінің жалпақтығымен ерекшеленеді.

Континенттік монголоидтар былай бөлінеді: арктикалық нәсіл (эскимостар, чукчалар, коряктар); солтүстік азиаттықтар (эвенктер, эвендер, юкагирлер); орталық азиаттықтар (монголдар, буряттар, якуттар); шалғай шығыстағылар (қытайлар, кәрістер).

Үлкен Негроидтық нәсіл. Сыртқы түрлерінің ерекшелегі: денелері қара-қоңыр, шаштары қатты, қара, бұйра, көздері қоңыр, жақ сүйектері сойдиған, мұрындары жалпақ, аздап томпиған, беттері жалпақ, еріндері үлкен. Денелерінің қаралығы ультра күлгін сәулелерден ағзаны сақтайды, ал бұйра шаштары қатты қызудан сақтайды. Мұрын пішіні мен еріндерінің қалың болуы адам ағзасындағы тер бездерінің құрамы ылғалды буланудың көп болу салдарынан.

Негроидтық белгілер әсіресе Африкада, оңтүстіктен Сахараға дейінгі аралықта тұратын халықтарда ерекше көрінеді. Сондықтан жинақталған бұл халықтарды «негрлер» деп атайды.

Үлкен негроидтық нәсіл үш топтан тұрады : олар – негрлер, негриллер, бушмендер және готтентоттар.

Үлкен Австролоидтық нәсіл. Бұл нәсіл көп уақыт бойы үлкен нәсілдер қатарына кірген емес, тек негроидтармен бірігіп, үлкен негро-австролоидтар немесе экваторлық нәсілдер деп үлкен нәсілдер қатарына жатты. Көптеген австролоидтардың денелерінің түсі қара, кең мұрынды, қалың ерінді болғандықтан негроидтарға өте ұқсас, бірақ Австралияның аборигендері Африканың негроидтарына ұқсас болғанымен, шаштарының пішіні түк жамылғыларының дамуы жағынан европоидтарға ұқсас.

Үлкен Австролоидтық нәсілдер төмендегідей тармақтарға бөлінеді: австралийцтар-аборигендер, папуастар және меланезийцтар, веддоидтар, айндар, негритоста



3. Әлемдегі халықтардың нәсілдік құрамы.

Әлемдегі халықтардың нәсідік құрамы ғалым-мамандардың есебі бойынша беріледі. Көптеген елдерде бұл санақ жүргізілмейді.



Экс-ТМД халықтарының көпшілігі европоидтық нәсілге жатады және олардың көбі үш тармақ, солтүстік-батыс топтағы орыстар (Прибалтика халықтары да), ал оңтүстікке көптеген Кавказ халықтары (Орта Азия) кіреді. Арадағы және өтпелі түрге: Шалғайдағы Шығысқа (Дальный Восток) дейінгі орыстар жатады. Сонымен қатар, оңтүстік-шығыс Европаның, Орал, Батыс Сібір, Қазақстан және Орта Азия – бұрыннан контакттік аймақтар арасы европоидтар мен монголоидтар жатады. Бұл аймақта европоидтар монголоидтардың белгілерімен әлпеттес, аралас Орал және Оңтүстік-Сібір, оның ішінде (қазақтар, қырғыздар), сонымен бірге, Орталық Азиялық (түркмендер, өзбектер және тәжіктер) топтары жатады. Монголоид нәсілдерінің белгілері мен әлсіз әлпеттелген халықтарға: Кольско түбегіндегі халықтар, Поволжье және Оралдағы фин тілді саамдар, мордтар, марийлер, удмурттар және түркі тілдес чуваштар, башкирлер мен татарларды әдетте – лапоноидтер немесе субуралдықтар деп атайды.

Шығыс Сібір мен Қиыр Шығыстың байырғы халқына монголоидтардың бірнеше тармақтары, соның ішінде, үлкен монголоидтық нәсілдердің Орталық Азиялық, Солтүстік Азиялық және арктикалық кіші нәсілдері жатады.



Шетелдік Европа. Шетелдік Европа халықтарына толығымен европоид нәсілдерінің халықтары жатады. Сонымен қатар, аздаған солтүстіктегі саамдар мен Африкадан, Оңтүстік Азиядан және де Үндіден келген басқын иммигранттар бар.

Шартты түрде Скандинавия, Исландия, Ұлыбритания, Ирландия, Нидерланды және Солтүстік Германияда европоидтардың солтүстік тармағы-балтық нәсілдері таралған ( солтүстік европоидтықтар шамамен Европа халқының 17%-ын құрайды).

Пиреней түбегі, Францияның оңтүстік-шығысы, Италияның оңтүстігі мен орталығы, Оңтүстік Греция халықтары оңтүстік европоидтықтар өкілдері деп саналады және олар – Жерорта теңіздік нәсілдері болып есептелінеді. Югославия, Солтүстік Греция аймағындағы халықтар оңтүстік европоидтардың динарлық нәсілдеріне жатады (оңтүстік европоидтықтарға европалықтардың шамамен 32% жатады).

Европаның қалған халықтары (шамамен 50%) әр түрлі құрамға кіреді, оларды нәсілдік жағынан айыруға қиын, себебі, олар біріктірілген нәсілге де жатады, яғни «өтпелі және аралас түрлі европоидтар».



Саамдар – лапоноидтық нәсілдер, европоидтық және оралдық элементтерден қалыптасқан. Европаның оңтүстік шетіндегі кейбір аймақтарында негроидтық қосындылар таралған.

Шетелдік Азия. Антропология жағынан Азия күрделі болып келеді, өйткені мұнда адамзат нәсілінің үлкен төрт тобының өкілдері кездеседі. Оңтүстік тармақтағы европоидтар (1/3 бөлігі) әр түрлі нәсілдерден тұрады: жерорта теңіздік, алдыңғы азиялық, үнді-афгандық, памир-фергандық (бұлар Оңтүстік-батыс Азия және Солтүстік Үндістан аймақтарында таралған).

Азиаттық монголоидтар (1/3), жоғарыда көрсетілгендей, континенттік (монғолдар, тунгус халқы) және тынықмұхиттық (кәрістер, солтүстік қытайлықтар) болып бөлінеді.

Монголидтар мен австролоидтардың аралас түрлері: оңтүстік монголоидтар, оңтүстік қытайлықтар, индонезиялықтар, филиппиндіктер, үндіқытай халықтары; құрамында айндік элементтері бар жапон түрлері.

Австролоидтар веддоидтік нәсіл ретінде көрсетіледі (Шри-Ланка), папуасстық-меланезиялық (Индонезия), негритосстық түрмен (Филиппин, Малайзия және де Таиланд халықтарының бір қатары) және т.б.

Австролоидтік нәсілдің европоидтік және веддоидтіктердің оңтүстік тармақтарының арасындағы бұрынғы байланыстардың аумағында оңтүстік үнді түрі – оңтүстік Үндістан халықтары пайда болды. Негроидтік белгілер Аравия түбегінде, әсіресе, жақын аудандарында байқалады.

Африка.Халықтардың жартысынан көп бөлігін Оңтүстік Сахара аудандарын мекендейтін үлкен негроидтік нәсілдер жатады. Әр түрлі аудандардағы негрлер,жоғарыда аталып өткендей, терісінің түсімен, бет-пішінімен, денелерінің ұзындығымен айқындалады. Оңтүстік европоидтіктер (Жерорта теңіздік нәсіл) бүкіл Солтүстік Африка мен Сахараға дейінгі жерді мекендейді, олар – арабтар мен берберліктер. Европоидтік және негроидтіктер нәсілдерінің шекарасы арасында аралас түрлер пайда болды. Мысалы, Африка мүйісіндегі эфиопиялықтар.

Оңтүстік Африкада Батыс Европаның ұрпақтарынан шыққан 5 млн.-ға жуық европоидтіктер тұрады (көбісі Нидерландыдан). Бурлықтардың готтентоттықтармен, және де басқа да африкандықтармен некелесуі, әр түсті нәсілдердің пайда болуына әкеліп соқты.



Америка.Америка халықтарының құрылуы үлкен үш нәсілдің қатысуымен түсіндіріледі. Аборигендік монголоидтік халықтар – үндістер, эскимостар және алеуттықтар бірқатар аудандарында ғана сақталған: Мексика таулы аймақтарында, Андыда, Оңтүстік Американың түпкі аудандарында және арктикалық аудандарында мекендейді. Үлкен нәсілдерден европоидтықтардың саны жоғары (АҚШ пен Канада халқының шамамен 9/10, ал Латын Америка халқының 1/4 бөлігінен астамы). Үлкен нәсілдіктерден Солтүстік Америкаға негізінен, Ұлыбритания, Скандинавия, Германия европоидтарының солтүстік және аралас бұтақтарының өкілдері қоныс аударған. Антропологиялық түрлердің арасындағы шекара алмасуының салдарынан Европа елдеріне қарағанда, мұнда әр түрлі ауыспалы формалар көп мөлшерде пайда болды.

Латын Америкасы. Латын Америкасында европоидтіктер негізінен оңтүстік топтарда көрсетілген, өйткені Европадан қоныс аударушылардың ішінді испандықтар, португалдықтар, итальяндықтар едәуір көп болды.

Америкада көрсеткіш бойынша екінші қатарда метис (21%) нәсілдері тұрады. Олар европалықтар мен үндістердің некеден тыс және аралас некелерінің ұрпақтары. Латын Америкасында олардың саны едәуір басым, олар Мексика, Парагвай, Венесуэла, Чили халықтарының көп бөлігін құрайды.

Аз көрсеткіште мулаттар (12%) – бұл Европа мен Африка халықтарының араласу нәтижесі. Оларға: АҚШ-тың афро-американдықтардың үлкен бөлігі, Бразилия, Куба халықтарының бірқатар тобы, Вест-Үнді халықтары жатады. Көп жағдайларда метистер мен мулаттарды айыру қиын.

Үнді-негритяндықтардың (самбо) және үнді-негритянды-европалықтардың шығу тектерінің топтары бар. Аралас нәсілдердің үлесі үздіксіз көбеюде.

Америкада негроидтік нәсіл Африкадан әкелінген аралас емес (немесе аз аралас) негр құлдардың ұрпақтарынан тұрады. Негроидтіктердің айтарлықтай үлкен топтары АҚШ-та, Бразилияда, Гаитида, Ямайкадажәне Вест-Үнді елдерінің кейбір елдерінде тұрады.

Австралия және Океания. Европалықтардың бұл жерге келуіне дейін халықтардың негізгі бөлігі үлкен австролоид нәсілінің кішкентай екі нәсілінен тұрған – австралиялық және папуас-меланезиялық. Полинезия мен Микронезия халықтарының нәсілдік қарым-қатынасы монголоидтіктер мен австролоидтіктер арасында аралық орынды ғана алған.

Қазір бұл ауданға европалықтардың және аз мөлшерде азиаттықтардың қоныс аударуы салдарынан нәсілдік құрамы күрт өзгерді. Австралия мен Жаңа Зеландияда европоидтік нәсіл өкілдерінің саны өте көп. Бірқатар елдерде океандықтардың сырттан келгендермен араласуы нәтижесінде метистік топтардың құрылуына әкеліп соқтырды (Фиджи, Жаңа Каледония, Полинезия, Микронезия). Меланезия мен Жаңа Гвинея аралдарының көпшілігінде метистердің саны аз.

4 дәріс тақырыбы:Тұрғын халықтардың этникалық(ұлттық) құрамы
Сабақтың жоспары:

1. Этнос және оның белгілерінің жиынтығы

2. Мамандардың болжамы: этностың өзіндік қалыптасуының тенденциялары

3. Л.Н.Гумилевтың гипотезасы – этногенездегі этностың қалыптасуы


1. Этнос және оның белгілерінің жиынтығы

Этнос – бұл адамдардың топтық, әлеуметтік түрде пайда болған тарихи түрі. Оның мынадай жинақталған белгілірі бар: территорияның бірлігі, жалпы халықтық, тілдік мәдениеті, шаруашылық-тұрмыстық ерекшеліктері, өзінің бірлігіндегі сана, зердесі, басқалардан өзіндік айырмашылықтары, өзіндік санасы, өзіндік атауы.

Этнос – ертеден пайда болған адамдардың әлеуметтік тобы. Біздің этнографиямызда этностың қалыптасуының үш түрі белгіленген.

Тайпа (племя) Homo sapiens түрінің тууымен бір кезеңде пайда болды. Бұл қандық, туыстық байланысы негізінде болды. Одан кейін территориялық, тайпа одақтары пайда болды. Осының салдарынан тұрақсыз этностар шыға бастады. Олар тайпалық қоғамдарда орналасқан немесе бұрынғы колониялдық елдер қатарындағы тұрғындар. Халықтық – этностың келесі тарихи фазасы. Бұл тайпа мен халықтың арасындағы аралық.

Ұлт – этникалық қоғамдастықтың жоғары түрі. Ол мәдениет дамуының үлкен түрімен белгіленеді: дамыған әдеби тіл, жазба т.б. Кез-келген халық ұлт болып есептелмейді деген бар – оған жеткілікті тұрғындар керек. Этнос әрқашан даму мен трансформация үстінде болғандықтан белгілері анық көрсетілмеген. Ағылшын ұлты мысалы, XVI ғасырда, орыстар XVII-XVIII ғасырда, немістер XIX ғасырда құрылды делінеді.

Көбінесе «ұлт», «ұлттық», «халық» деген ұғымдар «этнос» пен «халық» деген сөздердің синонимі болып табылады.

Осындай этнос-халықтар жер бетінде 4 мыңға дейін есептелінеді.

Консолидация – бұл туыс этностардың бірлесу процесі және одан да үлкен этностардың құрылуы. Мысалы: славян тайпасынан орыстар, украиндар, белорус ұлттары шыққан сияқты.

Ассимиляция – анағұрлым ірі, дамыған этностардың таралуы. Ассимиляция күшпен және зорлықсыз болып бөлінеді. Бұған қашанда Ресейді революцияға дейінгі кезеңді айтуға болады. Патшалық күшпен басқа халықтарды орыстандырды, орыс тілін орнықтырды, православия орыс жазбасын ендірді. Кеңес дәуірінде керісінше, обьективті зорлықсыз процесс – орыс тілінің аясы кеңіді, аз халықтың әлемдік мәдениетке дейінгі қатынас құралы болды. Сонымен бірге, жаңа бірлескен қоғам – кеңес халықтары деген ұғым пайда болды.

Соның нәтижесінде көлемі жағынан этностың әр түрлі типтері пайда болды. Суперэтностар (метаэтностар), этностар, субэтностар құрылды. Мысалы, суперэтнос – славяндар, этнос – орыстар, субэтнос – казактар, поморлар, вятичи, ярославтықтар т.б. Осындай бөлінудің нәтижесінде мысалы, орыстар, украиндар, белорустар өзара жақын болды, айталық, сол сияқты славяндар – поляктар, словактар, болгарларға қарағанда.

Тілдер туыстастығын біріктіретін топтар, тармақтар бар. Дүние жүзінде 2000 мыңнан аса тілдер бар деп есептелген. Адамзаттың көбі дерлік үндіевропа тобына жататын тілде сөйлейді екен. Екінші орында қытай-тибет тобындағы тілдер. Ол тілде 1 млрд-тан астам адам сөйлейді.

Үндіевропа тобына :

Славян тобы :



  • батыс славян тармағы – поляктар, чехтар, словактар;

  • шығыс славян тармағы – орыстар, украин, белорустар;

  • оңтүстік славян тармағы – болгар, сербтер, хорваттар.

Балтық тобы . . .

Герман тобы . . .

Роман тобы . . .

Барлығы 11 топ.



Қытай – тибет тобы . . .

Авразиилік (семито - хорват) тобы . . .

Барлығы 36 топ.


2. Мамандардың болжамы:

Этностың өзін - өзі анықтау тенденциясы.

Көптеген мамандардың есептеуі бойынша, бұрынғы өмір сүрген мемлекеттердің шекаралары өзінің мәнін жоғалтады. Оның себебі, егер олардың тілдері мен жерлері сәйкес болмаған жағдайда. Оның үстіне «өзін-өзі анықтайтын ұлттық құқық» БҰҰ жарлығымен бекітілген емес пе. 25-30 жыл өткен соң әлем мемлекеттері мүмкін 50% өседі. 300-ден астам тәуелсіз мемлекеттер пайда болады. Оның ең үстіңгі жағында БҰҰ болып табылады. Ол әлем бейбітшілігі, қоршаған ортаны қорғау, басқа да басты мәселелерді қорғауға жауапты. Екінші қатарда Европаның Одақтағы аймақтық топтағылар. Олардың қайраткерлері – сауда, көші-қон, ұжымдық қауіпсіздік мәселелерін шешу. Жалпы ортақ парламенттің болуы да артықтық емес. Ғалым-мамандардың есептеуінше, осы бағытта біз дамимыз. Этникалық қауымдар дәстүрлі мемлекеттің баламасын көптеп қарастыруда. Олар ұлттық білім құруға талпынуда. Өзін-өзі анықтау тенденциясы «статьус-кво» жақтастарының қарсы әсеріне қарамастан, артық болып саналады.

Алайда, басқа мамандар (мысалы, Бовин А. «Өмірлік қажетті компромисс») өзін-өзі анықтау «шалғау бөлімдерге шейін» тарату адамзатты бітпейтін соғысқа әкелуі мүмкін деп санайды. Оның үстіне мемлекеттердің жартысынан көбі ұлттық азшылықта. Сондықтан құтқарушы компромисс келісім бойынша әрбір этнос кең көлемді автономияда өзін-өзі анықтауға құқылы, тек сол мемлекет құрылымында жерлерін сақтау ретінде сол этносқа кіретіндер ғана. Мысал ретінде Чечня мен югославиялық Косованы алуға болады.

Европа. Испаниядан ресми түрде Каталония және Басков елі шығуы мүмкін. Ал, Ұлыбританиядан-Шотландия мен Уэльс бөлінуі мүмкін, өйткені олардың меншікті жеке парламенттері бар. Бретань Франциядан бөлек шығуы мүмкін, өйткені корсикандық сепаратистер белсенді түрде әрекет жасауда. Бельгия Фландрио мен Валлонияға аузын ашуда. Италияда Ломбардия мен Сицилия бөлініп шығуы мүмкін. Саамдар (лопари) мүмкін өз елдерін Норвегия, Швеция Финляндияның және Ресейдің солтүстік аймақтарында құруы мүмкін (сонымен бірге Канаданың). Болашақта мүмкін Полярлық арктикалық Конфедерация құрылмақшы.

Азия. Үндістан Пенджаб пен Кашмир бөлігін жоғалтуы мүмкін, ал Ауғаныстан үш мемлекеттік құрылымға ыдырауы мүмкін. Филиппиннің көп халықтары мұсылмандардан тұратын Минданаодан айырылып қалуы мүмкін. Қытайда қытай халықтарының қарсылығына қарамастан, Тибет пен Хингана аймақтары бөлінуі мүмкін жағдайда, ал ішкі Монғолия мүмкін тәуелсіз Монғолияның бір бөлігі болады.

Африка. Судан екі бөлікке бөлінуі мүмкін, ал ОАР – үш бөлікке, оның үстіне Зулу мемлекеті құрылуы мүмкін.

Америка. Бразилия автономиялық аймақтарға бөлінеді. Канадада франко тілді Квебек өзінің бостандығын алуға талпынуда. Мексикада төрт бөлікке бөлінудің қаупі бар.

Австралия. Төрт мемлекетке ыдырауы мүмкін, оның бірі Солтүстік материкте аборигендер құруы мүмкін.

3. Л.Н.Гумилевтің этностар мен этногенезінің өмір сүруі жайындағы гипотезасы.

Орыс ғалымы, географы, тарихшы, философы Л.Н.Гумилев өзінің еңбегінде этностың өмірі мен биологиялық теориялық құрылымы жайында еңбек сіңірді. Оның әкесі ақын Н.С:Гумилев, ал, шешесі А.Ахматова болған. Этностың пайда болуынан құлдырауына дейінгі кезеңді этногенез дейді. Ол 1200-1500 жылға дейін созылады. Этнос пайда болады, есейеді, қартаяды, жойылады. Этногегез – бұл биосфералық құбылыс және түрткінің әсерінен мутация пайда болады. Мутация – бұл пассионар белгілердің тұқымқуалаушылықтың пайда болуы. Адамның пассионарлығы – бұл оның кернеуден тыс органикалық қабілеттілігі, үлкен мақсатқа жетудің құрбандық жолы. Адамның мінез-құлқы өзгереді, оның амал-айласы әдеттегідей емес, бірақ өмір сүруге қабілетті. Нәтижесінде осы қасиеттер тұқым арқылы беріліп, пассионар саны келесі ұрпақта тез көбееді. Осының салдарынан жаңа этнос пайда болады. Ол ұйытқы аймақ жағынан жақын халықты бағындырады.

Ал, пассионарлық түрткі –анық жерден шықпаған болып саналады. Энергетикалық соққы Жерге Күннен емес, Галаксииден шашырағандар, барлық пассионарлық түрткілер Күннің төменгі нүктесінде жатады. Осы кезде ионосфераның қорғайтын қасиеті төмендейді де, жеке кванттары немесе энергия көздері жердің жоғарғы қабатына жақын шашырайды, ол мутацияның пайда болуына мүмкіндік береді. Пассионарлық түрткінің жолақтарының ені 300км-дей, ол мың жылда 2-3 рет пайда болады және сол өткен жерінен екінші рет ешқашан өтпейді. Нәтижесінде осындай түрткінің бірнеше ошақтары пайда болуы мүмкін.

Пайда болған этнос белсенділігін көтерудің фазаларынан өтеді, өту барысында қызуы немесе төмендеуі мүмкін, соның салдарынан ол тарауы немесе реликт сияқты сақталуы мүмкін (бұл жағдайда оның өзіндік дамуы білінбейді). Мұндай жағдайда идеяның өзі «артта қалуы» мүмкін, мұны басқа жеке этностарға қолдануға болмайды, сызықтық шкаланы этникалық тарихи уақытта да қолдануға болмайды. Осының салдарынан қазіргі европалықтардың көбісі «қарт» болып келеді. Басқа бұрынғы этностар секілді олар да өздерінің жинақталған мәдениеттерін мақтан тұтады. Бірақ, осыдан 1000 жыл бұрын ғана «франктер» және «нормандықтар» византийстер мен арабтардан мәдениеттілікті үйрене бастады. Олардың 1000 жылдан кейін қандай болатындығын жойылып кеткен, бірақ өздерінің ұлы мәдениеттерінен із қалдырған ежелгі эллиндер және римдіктермен салыстыру арқылы болжауға болады.

Сыну фазасында субпассионарий қалыптасады: арсыз, ұятсыз, өзімшіл және өсекшілер секілділер әрдайым екі жүзділік танытуға дайын адамдар. «Цивилизация» (инерциялық фазаның дамуы секілді) материалдық мәдениеттің жинақталуына жақсы әсер етеді. Өздерінің оригиналдылығынан бас тартпайтын адамдар үшін, өнерге және ғылымға жол ашық. Бір жағынан, эмоционалды пассивті және еңбексүйгіш халықтарда толық қанағаттанушылық пайда болады. Техносфераның дамуы және оның ландшафтарға әсері күшейеді.
5 дәріс тақырыбы: Дүние жүзіндегі тұрғын халыктардың діни құрамы
Сабақтың жоспары:

1. Халықтар географиясындағы діннің маңыздылығы мен оны оқыту қажеттілігі.

2. Әлемдік, жергілікті және рулық-тайпалық діндердің географиясы мен маңызы.

1. Халықтар географиясындағы діннің маңыздылығы.

Дін (латынның «дін тәртібі», «әулие», «табыну заты») – жоғары күшке табынуға негізделген және имандылық нормаларын меңгеруге бағытталған мәдениеттің бір түрі.

Дін адамдардың жеке және әлеуметтік өмірінде маңызды роль атқарады және халықаралық қатынастарда да ролі зор. Дін ұлттың қалыптасуына және оның мәдениетінің дамуына да әсерін тигізеді.

Осы уақытқа дейін әлем халықтарының географиясын зерттеуде дін көлемді түрде қаралмаған еді.

Бұрынғы СФРЮ-дің өзінде православтық – сербтер, католик – хорваттар, мұсылман – босниялықтар өмір сүрген. Грузиядағы абхаздар православтықтардың ішінде мұсылмандар болып табылады. Мұсылмандық азербайжандықтар мен православтық армяндар Карабах тауларында соғысқан болатын. Осындай айырмашылықтар Шешенстан қанды соғыстың болуына себепші болған еді. Бұған қоса Иран (шейіттер) мен Ирак (сунниттер) арасындағы, Ливандағы оң христиандар мен сол мұсылмандар арасында, Пенджабтағы сигхтердің тәуелсіз Халистанды құрудағы күрес және тағы басқа соғыстар дәлел бола алады.

Кейде жеке халықтардың әлеуметтік жағдайы олардың қай дінге сенім білдіретіндігін анықтайды және соның әсерінен қанды қарсылық туғызады. Ұлыбритания мен Ирландия протестанттар арасында католиктердің аз болуы, ал Испанияда католик арасында протестанттардың көп болуы да қарама-қайшылықтардың болуына себепші.

Әлемдегі дінге сенушілер саны барлық халықтардың жартысынан көбін, яғни 3 млрд. адамды құрайды. Осыдан келіп дін туралы көп білуді, оның мәнін түсінуді қажет етеді. Діннің анықтамасына келер болсақ, ол тек қана дүниетаныммен шектелмейді, сонымен қатар, дін – рухани даму болып табылады. Шіркеудің басты қызметі – сенушілердің өмірге деген шынайы көзқарасын, зорлық-зомбылықсыз адал қызмет етуін рухани құндылықтың негізін қалыптастыру.

Атеизмде адам – жердің уақытша тіршілік иесі, ол мәңгілік өмірге үмітсіз. Сондықтан олардың өмірге деген көзқарасы мен түсінігі өзгеше. Мысалы, мынадай түсінік қалыптасқан: «Бүгін мен тірімін, ал ертең жоқпын, ертең тек жақын адамдардың есінде қаламын. Бұл – жеңіл жұбату. Егер мәңгілік болмаса, онда не істеу керек? Өз пікірімізді ұстанғаннан не пайда? Егер мәңгілік бағалық болмаса, онда адамгершіліктің керегі не?». Бұдан шығатын қорытынды: құдайға сенім білдірмеушілер қалай өмір сүргін келсе, солай өмір сүруге болады деген ережені ұстанады.

Аморализм атеистік қоғамда өте белсенді роль атқарады немесе оның бар екеніне таң қалудан бұрын, оның әлі жалпы қоғам заңдылығына айналмағанына таң қалуымыз керек.



Каталог: Книги
Книги -> 3. ҚАбдолов әдебиет теория – сының негіздері жоғары оқу орындарына арналған оқУ ҚҰралы мазмұНЫ
Книги -> “Қош,махаббат” Алматы 1988 жыл Ақынның жыр жинақтары
Книги -> Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Книги -> Көкшетау 2011 Құрастырғандар
Книги -> АҚША, несие, банктер
Книги -> А. А. Букаева 5В090200 Туризм мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967
Книги -> Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет