Түркі қағанаты дәуіріндегі әдебиеттің өзгешелігі туралы баяндаңыз


Ғ. Қараштың шығармаларындағы дәстүр мен жаңашылдықты анықтаңыз



бет63/129
Дата10.11.2023
өлшемі0,97 Mb.
#190653
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   129
Байланысты:
Ii блок түркі қағанаты дәуіріндегі әдебиеттің өзгешелігі туралы -emirsaba.org

40. Ғ. Қараштың шығармаларындағы дәстүр мен жаңашылдықты анықтаңыз.
Ғұмар Қарашұлының өз өмірі де жарқын болашақ халқының жарқын болашағы мен бақыты үшін арпалыспен өтті. Халықты оқыту, санасын оятуды жазу дәстүрін жалғастырды.
1958 жылы Англияда жарық көрген "Орта Азия" әдебиеті атты жинақтағы ағылшын ғалымы Томс Виннердің "Ғұмар Қараш″ деген мақаласында: "Қазақ халқының ұлттық дәстүрі мен ислам мәдениетін жырлаған ақын жазушылардың бірі – Ғұмар Қараш араб, парсы, шағатай, татар әдебиетімен діни мектептің қабырғасында жақын танысқан”,-деп көрсетеді. Осы мақала Ғұмар Қараштың өз дәуірінің айнасы, халық жағдайын жырлап, реалистік дәстүрді жалғасытрушы болғандығын дәлелдейді.
Бірнеше тілді еркін меңгерген дарын иесі өз шығармаларын бастауды халық ауыз әдебиетінен, сондай-ақ, шығыс, батыс, орыс әдебиетінен де алады. Ақын өлеңдерінде Абай, Махамбет, Мұрат әсері мол болғандығын, Бұқар Дулат, Шәңгерей өнегесінің ізін жалғастырғанын көруге болады. Әсіресе, "Замана жайынан" толғауынан ежелгі жыраулық дәстүр айқын аңғарылады.
Ақынның жаңашылдығы – XX ғасыр басындағы қозғалыстар Россиядағы социал-демократиялық идеялар, ұлт-азаттық күрестер, ұлттық ояну кезіндегі бұқара халықтың азаттық ұрандары оның белсенділігін арттырып, ел-жұрттың мүддесін ойлауға, сол үшін бар күшін аянбай жұмсауға алып келеді. Ол ұлт азаттық күрескерлердің алдыңғы тобына қосылды. Патша үкіметінің отар елі Қазақстанды өз алдына мемлекет ету, халын бұратаналықтан құтқару, өнер-білімге, мәдениетке қолын жеткізу жолына белін бекем буды. Жалынды ақын, жауынгер публицист ретінде шыншыл шығармалар жазып баспа сөз арқылы кең таратты.
Ғұмар Қараш – ағартушы. Ол қазақ халқын өркениетті елдердің санатына көтеру үшін өзінің көзқарастары мен ой-пікірлерін халықты жаппай ағартушылыққа, білім, өнер мен ғылымды меңгеруге шақыруда аянып қалмады. Оның шығармаларының барлығы сол заманның көкейтесті, зәру мәселелерін ашып көрсетуге талпынған, олардан шығу жолдарын іздестірген. Ағартушы ақынның «Неден қорқам?», «Көреміз бе?», «Келер ме екен?», «Күн туды», «Алаш азаматтарына» атты туындылары шын жүрегімен ұлтын, елін, жерін сүйген, халқының тағдырын ойлаған азаматтың терең тебіреністерден туындаған өлеңдер екендігі айқын көрініп тұр.
Ғұмар Қараштың өмірбаянын алғаш түзіп жазган зерттеуші Сәбит Мұқанов сияқты. 1932 жылы жарық көрген «ХX ғасырдағы қазақ әдебиеті» еңбегінде Сәбит Мұқанов Ғұмар ақынның өмірі мен шығармашыльғы туралы мол мәлімет айтады. Қарашұлы Омар деп алып отырған. Шамамен 1876 жылдары бұрынғы Бөкей ордасында туған дейді. Ғұмар Қараш өскен өрісі, сол кезеңнің саяси жағдайы нактылы баяндалған бұл еңбектің Ғұмар Қараш шығармашылығындағы негізгі сарындарды, оның әдеби мұрасының қазақ әдебиеті тарихындағы орнын тануда айрықша орны бар. «Бөкей елінің ішінде, беріш дейтін руда Құмар қалпе Жазыкұлы дейтін ескіше оқымысты бір адам болады. Омар осы Құмар қалпеден сауатын ашып, оку оқиды. Бұл молдадан сауат ашылғаннан кейін, қазақ даласының маңында Қашкар дейтін татар поселкесінде медресе ашқан Ысмағұл деген татардың молдасынан барып оқиды. Бұл молда сол кездегі кадымшелердің ішіндегі Смағұл Қашқари аталған атакты молданың біреуі болады» . Дін окуымен сауат ашып, молдалық кұрып жүрген Омардың өмірінде 1905 жылдан былай карай өзгеріс болды дейді
Қилы заманның қыспақты күндерінде Fұмар мәнде бағаланып, танылғаны туралы зерттеуші Қараштың шығармашылығы Қ.Сыдиықов мол дереккөздерін келтіріп отырып баяндайды . Ұлтының азаттығы жолында ақиқат ой айтудан тайқымаған, ХX гасыр басында қазақ арасына жәдит окуын таратуда ықпалды істер жасаған Ғұмар Қараштың халқымен қауышуы өткеннен бергі уақытта қозғалған дүние баршылық, сонымен бірге зерттеудің жан-жақтылық бағыты осымен таусылмақ та емес. «Отызыншы жылдарда Ғ.Караш мұрасы бір жағынан, біз ойлағандай, ауыр сынға ұшырап жатса, бір жағынан қазақтың көрнекті ақыны санатында М.Жолдыбаев, М.Әуезов, ӘҚоңыратбаевтың «XIX гасыр мен XX гасыр басындағы қазақ әдебиетінің оку кітабына» (А., 1933) енді Феонтис Березовский 1936 жылы «Красная ночь» (No3) журналында жарық көрген «Қазак жалғастырушылар қатарында атады» . Зерттеуші К.Сыдиыков Ғұмар Қараш туралы тұшымды ой, тың деректер айтқан ғалымдарды атап өтеді. Е.Ысмайылов пен А.Нұрқатов зерттеулеріне ерекше мән береді. Ғұмар Қараштың шығармаларында козгалған өз коғамының хал-күйі, ізгілік уағыздары, азаттык сарындар. Ғұмар шығармашылығы ағартушылық әдебиеті» деген F. Карашты Абай дәстүрін мақаласында мұраттармен суырылған.
Тегінде Ғұмар Қараштың қайраткерлік ісі, шығармашылығы елді агартуга арналады. Сәбит Мұқанов «ХX гасырдағы қазак әдебиеті» еңбегінде Fұмар Қараш шығармаларының көркемдігі, өмір шындығымен сабақтастығы, дәстүрлі арқаулары жайын қазақ әдебиетінің даму тарихымен сабақтастықта алып ажырата айқындайды. «Омардың тілінде де өзгелерден «Тұлпарларында» өскен өзгешелік бар. Ол қазақтың жортуылшыл жазған. Бұл түр қазақтың ұғымына өте тез қонатын түр. Оның үстіне тілі ашық кезіне сәйкестелген шубыртпалы өлең түрімен қазақ тілі. «Тұлпарларда» Омар тіл жағынан Махамбет, Шәңгерей, Мұрат сиякты атақты халық ақындарына көп еліктеген. Солардың сөз кұрылысын, пернелеуді көп қолданған. Сондықтан оның сенімділігі өте күшті болған». Сабит Мұқанов Ғұмар Қараштың замана бағыты, өткен дәуірлер туралы толғауларының мазмұнын «байшылдық, ұлтшылдық» ұғымдары ұҫтанымында талқыға салған. Бұл тұрғыда қоғам дамуы, дәуip беталысы жайында талдау, caралауда біржактылык, бірбеткейлік, пікірдің жайдактығы білінеді. Ал көркемдік жайын Сәбит Мұқанов талқыға салғанда мейлінше акикат, алымды ойлармен тұжырымдап отырған. «Аға тұлпар» Омардын акындык күшін көрсететін шығармасының біреyi.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   129




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет