Тұрсын ЖҰртбай «Ұраным алаш!»


«Менiң халқымның да тарихы солай жазылды»



бет2/271
Дата22.12.2021
өлшемі10,61 Mb.
#440
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   271
«Менiң халқымның да тарихы солай жазылды»,– деп белгi қойғаны дәлел.

Иә, ұлылардың ойын ұлылар ғана терең түсiнедi. Демек, бiз қанша дербес ойлаймыз, тәуелсiз жазушымыз, тарихшымыз дегеннiң өзiнде, жанымыз бен тәнiмiздегi басыбайлылыққа байлаулымыз. Ұлы адамдардың ұлы жүрегiн кеулеп кеткен тәуелдiлiктiң күйдiргiсi – ғұмырын тәуелсiздiк үшiн күреске бағыштаған жандардың жанын шырмап алғанда, пейілін пиғылына жеңдірген қарапайым пенденің көкірегіндегі өксік қаншама десеңізші!

Міне, бұл әфсана осындай ұстанымды нысана еткен, жеке тұлғаның басына қатысты оқиғалар мен себеп-салдарға, түрлі психологиялық, идеологиялық арандатулар мен бопсаларға қатысты деректер мен құжаттарға, жымсымалар мен сыпсымаларға, хабарлар мен хаттарға берілген түсініктеме ғана емес, сонымен қатар сол тұстағы заман талқысына түскен, жұлын-жүйкесі шүйкеленген, түйсігі үреймен тітіркенген тұлғалардың пенделенуі мен пенделердің ірілену барысындағы жантығы мен жансарына деген автордың көзқарасы да болып табылады.

Сондықтан да жалпы қоғамды жанталасқа түсірген жансебіл жанығудың ебебі мен себебін қазымырлана қазбалағандай көрінгіміз келмесе де, тұлғаны құмықтырған қысымның қыспағы оқырманның да жадын жаңғыртып, сол көңіл-күйді сезіне отырып санасында саралатуды қалаған жазушылық ырқымыз болды. Кей тарауда тікелей басты тұлғаға қатыссыз аты-жөндер сыналана кіріктіріліп, басы артық сілтеме мен үзінді келтірілген сияқты көрінуі мүмкін. Бірақ сол «қыстырмалар» арқылы жазушы да әлденені емеуірін етіп отырғанын біз де сіздерге емеуірін ете кетеміз. Отыз жыл екшеп, он жыл жазылған «Жегі» мен «Тездің», соның ішінде «Талқының» ұзына желісін байыппен шыжымдаған аңғарлы зиялы мұның астарын аңғарар, әдібін жазар деген үміттеміз. Тіпті сонша бір тереңдеп те жасырылған жоқ. Шындықтың да кейде осындай бір дәрменсіз күйге түсетіні бар екен.

Сонымен, бұл әфсана: рухани тәуелділіктің танымына талыс боп тартылып, тартысып өскен ұрпақтың тәуелсіз «мәңгілік ел» тұжырымына негізделген Біртұтас Алаш идеясының ұстанымын – тәуелсіз санамен тәрбиеленген келер толқынның назарына ұсынған тәжірибе толғамы1.

Рухани тәуелділік атты талыстың көні әлі жібіген жоқ. Соның пұшпағын жібітетін бір бүркім су болса екен деген тілекпен, барлық жиған-тергенді жеке бір тұлғаның тағдырына негіздей тәпсірледік. Сол арқылы тұлғаларды тұмсыратқан бір ғасырлық рухани арандатудың астарын ашып, әдібін жазғымыз келді. Ниет – дұрыс, тілек – қалыс.


БІРІНШІ...БӨЛІМ: ТАЛҚЫ


БІРІНШІ ТАРАУ: ТҮРМЕ ТАЛҚЫСЫ

(немес «әдебиеттен орынын іздеген» Мұхтар Әуезов)


1.
Ұлттың, тұлғаның, таланттың, әр пенденiң рухы – қасиеттi. Одан асқан асқақ және мәңгiлiк күш жоқ. Дүниенiң тұтқасы да сол рух. Рух өлген тұстан, рухани тәуелдiлік басталады.

Ал рух телмірген, телiнген сәттен бастап адамзат – ақыл-парасатты дербес шешiмiнен, ұлт – тәуелсiздiгiнен, тұлға – дара ойлау жүйесiнен, талант – танымнан, адам – ар-ождан бостандығынан айырылады. Рухсыз – Алланың қолындағы аманатқа берген жаныңның өзi кеудеңе қонақ таппайды, яғни, рухыңның өзі күштiнiң шеңгелiне iлiнедi.

Рух еркiндiгiнiң көрiнiсi – рухани мәдениет, өнер, әдебиет. Ал рухани мәдениет еркiндiгiнен айырылған ұлт пен талант – жаны кеудесiнен суырылып алынған, сүлдесін сүйретіп, жанын жалдап күн көрген кебiн иесінің кебін киеді. Ерік-жігерсіз сүлде иесі жанын сатып, жалдамалы күн кешiп, күшті мен «күштi өкiметтiң» (Шәкәрім) аса қауiптi жазалау құралына айналады.

Қадым заманнан берi ешқандай мемлекет пен жаhангердiң ашықтан-ашық жүзеге асыруға дәрменi мен пәрменi жетпеген мәңгүрттiк жазалау тәсiлiн кеңес өкiметi қысылып-қымтырылмастан-ақ «iске қосты».

Мiне, бұл ұлт пен ұлыстың, тұлға мен таланттың, тобыр мен жеке адамның жаппай басыбайлануының басы, мәңгүрттiк дәуiрдiң қарсаңы едi. Сондай алмағайып сәтте: «Әдебиет соңынан жарық алып түстiм»,– деген Мұхтар Әуезовтiң де маңдайының бақыты мен сорының қаншалықты қалың екендiгiн екшеп жатудың қажеттiгi бола қоймас. «Дүние астан-кестен болған заманның адамдары» (Мағжан) болғандықтан да пешенесiне осындай талқы жазылыпты. Мұны олардың өздерi де, сүлде сұрқылтайлары да сездi. Өйткенi, азаматтық соғыс аяқталысымен, дәлірек айтқанда жиырма екiншi жылдан кейiн, кеңестік кеңкелерстер ең шешушi және қасiреттi майданды, өздерiнше айтқанда «мәдениет майданын», ал мағынасы бойынша «мәңгүрттiк майданын» ашты. Бұл ұзаққа созылатын, бiрақ ешқашанда жеңiске жеткiзбейтiн руханият майданы едi.

Түбiнде жазасыз құтылмайтынын бiлсе де, дүние дүр сiлкiнген дәуiрде, рухани күш иелерi де бiр серпiлiп жан-жүйесiн, санасын, өнердегi танымын талқыға салды. Ол iзденiстерi ақыры шарасыздыққа алып келдi. Келешектiң жолы кесiлiп қалды. Iрi тұлғалар атылды, асылды, өзiне-өзi қол салды. Ол аздай, ұлты үшiн барлық түрме мен азапты, қорлықты көрiп, шыдап келген қазақ зиялыларына тұқымының үзілу қаупі төндi. «Алаш iсi» деген сылтаумен алдыңғы толқын түрмеге қамалып, үкiмi шыққан тұста екiншi толқынның соңғы тұяқ серперінің бірі – Мұхтардың да басына зауал үйірілді.

Рухында елдiк қасиетi бар белсендi зиялылар ойсоқты күйге түстi. Елдiң иесiз қалғандығын, «Қужақтың» есе-теңдiк бермей еңсерiп, жұртты қуырып бара жатқанын, рухани әлемнiң жүдеп-жадағанын, Қалмақан Әбдiқадiровтан ұлттық тұтқа шықпайтынын анық сезiндi. Кеңес өкiметiн өз қолымен құрған Сәкен Сейфуллиннiң өзi қызыл революцияны – жұтқа ұшыраған көтерем қызыл атқа балап дастан жазды.

Алайда, не рухани көсем – идеолог дәрежесiне көтерiле алмай, не өзiнiң дербес идеясын қалыптастыра алмай, Адам Атадан бастап Абайға дейiнгiнiң түгелiнiң бетiне түкiрген, бесiгiнен безгендер тобы шықты. Әдебиеттiң ет пен терiсiнiң арасында жүрген олар қазақ ұлтының рухани игiлiгiне қатты қауiп төндiрдi. «Жаңбыр бiр жауса, олар екi жауып», шолақ өрт қойып отырды. «Қужақ» оларды өте ептiлiкпен пайдалана бiлдi. Тірі куә қалдырмау үшін кейін өршелене өңешiн жыртқан бұл «қызыл кеңірдектердің» де үнiн өшiрдi. Мәскеудегi «Әдебиет энциклопедиясында» Ахмет Байтұрсынов пен Мұхтар Әуезов туралы жоғары баға берiлген анықтама басылғанда әлгі «қызыл кеңірдектердің» өзектерi өртенiп кеттi. Ораз Исаев пен Iзмұқан Құрамысов шырға тастап, Ғаббас Тоғжанов пен Әбдiрахман Байдiлдин, Хамза Жүсiпбеков жазып, С. Сапарбеков пен О. Жандосов қол қойған «Ашық хат» 1929 жылы 19 көкек күнi «Советская степь» газетiнде:



«Бiр топ жолдастар – «Правда» газетiнiң және «Әдебиет энциклопедиясының» редакциялық алқасына кейбiр жазушы қазақтардың творчествосына баға беруде «Энциклопедияда» жiберiлген қате пiкiрлерге орай қарсылық – хат жолдады. Көпшiлiктiң ерекше назарын аударған осы хатты толық жариялап отырмыз»,– деген түсiнiкпен жарияланды.

«Жазушы – қазақтардың творчествосы туралы» бұл «Ашық хат» Голощекиннiң айызын қандырды. Алаш азаматтарын «құрбандыққа шалудағы» ең соңғы шешушi соққының мiндетiн атқарған бұл хатты бiз де толық келтiремiз.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   271




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет