Тұрсын ЖҰртбай «Ұраным алаш!»


«Жiберушi: Ташкент, Далинская, 14. Смағұл Сәдуақасов



бет27/271
Дата22.12.2021
өлшемі10,61 Mb.
#440
түріБағдарламасы
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   271
«Жiберушi: Ташкент, Далинская, 14. Смағұл Сәдуақасов.

Алушы: Ленинград қ., орталық, Декабристер көшесi, 14, 1 пәтер. Әуезов Мұхтарға.

Мұхтар!

Сенiң соңғы хатыңды баяғыда алсам да, оған жауап жазуға жаңа ғана мұршам келiп отыр. Бiзде аздаған өзгерiстер бар. Мен педвуздан кеттiм, бүгiн Қызылордаға жол жүрмекпiн, ал ондағылар қайда жiбередi – бiлмеймiн. Менiң орыныма әлi ешкiмдi қойған жоқ, уақытша бiздiң басқарма мүшелерiнің бiреуi қалады.

Ендi, сенiң бiзге қызметке келуiң туралы мәселеде өзгешелiк болуы мүмкiн. Оқу-ағарту комиссары таяуда бұндағы жаңа директорға: ендi бұл арада ешкiмде қалмайды – дептi, бәрiмiзде солай ойлаймыз. Сондықтан да сенiң Ташкентке келуiң ресми емес жолмен расталды. Бiздiң Алматыға көшер-көшпесiмiз әлi шешiлген жоқ. Оқу-ағарту комиссариатының айтуы бойынша, таяуда көшуiмiз керек, бiрақ та нақты емес.

Пәтер жөнiнен қам жеме – педвуздың өз үйi бар. Мен тұрған үйде бiр үлкен де кең бөлме бар. Оның үстiне менiң үйiм үш бөлме, соның бiреуiн саған босатып беруiме болады. Лиза Ташкентте қалады, ол университеттен шығып кете алмайды. Сондықтан да мен қайда кетсем де жалғыз кетемiн. Егерде Қызылорда келiсiм берсе – Ташкентте қаламын.

Жiбергенiңдi алдым. Қуана-қуана сәлем жолдаймын. Егерде бұл хат болмаса, мен саған ренжитiнiм анық едi. «Еңбек жүрiп жатыр». Жураб жөнiнде пiкiр таласын өткiздiм, баяндама жасадым. Адам көп болды. Мен өзiме-өзiм қанағаттанбадым. Мен жақсы-ақ дайындалдым, бiрақ әдеттегiдей 40-50 ғана кiсi болатын шығар деп ойлағанмын. Бiрақ та 300-400 қаралы адам жиналды. Сөзiмнiң қорытындысында өзiмнiң беделiмдi сақтап қалғандай көрiндiм. Жора пiкiр таласын ұйымдастырмақшы, мен онда баяндама жасамақпын, ал Сәкен қосымша баяндама жасамақ.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   271




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет