Тұрсын ЖҰртбай «Ұраным алаш!»


«Бiзге оның iстеген әрекеттерiн шектен шыққан деспоттың әрекетi едi дей алмаймыз



бет14/27
Дата29.11.2016
өлшемі7,42 Mb.
#2777
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   27

«Бiзге оның iстеген әрекеттерiн шектен шыққан деспоттың әрекетi едi дей алмаймыз. Ол партияның, еңбекшi бұқараның мүддесi үшiн, революцияның жеңiстерiн қорғау үшiн осылай iстеу керек деп түсiндi. Ең басты қасiрет осында!», – деп негiзгi мәселеден аулақтатқысы да келдi.

Қандай мақсатты көздесе де, ол – сол партияны құрған адал большевиктердi, сол еңбекшi бұқараның өкiлдерiн құрбан етуге ешқандай да қақысы жоқ болатын. Күнделiктi баспасөздегi халық жауын әшкерелеген тергеу жұмыстары туралы хабарларға көзi түспеуi мүмкiн емес-тiн. Тiптi, «зиянкестiкпен егiн ектiрiп, зиянкестiкпен мал бақтырды» деген сөздiң астарындағы арандатуды аңғару үшiн ойланудың өзi артық.

Сондай тергеудiң бiрi Қазақстанда да өттi. Тергеу – Семей облысы Үржар аудандық партия комитетiнiң хатшысы мен атқату комитетi председателiнiң және басқа да колхоз басқармаларының үстiнен жүргiзiлдi. Бұл ауданның ерекше назарға iлiгуiнiң басты себебi – кезiнде өкiмет комиссиясының құрамында Халық Комиссарлар советi председателiнiң орынбасары Құлымбетов, Ораз Жандосов, Сәкен Сейфуллиндер осында келген екен. Тергеудiң Сәкенді айыптауға тiкелей қатысы болғандықтан да сәл ғана үзiндi келтiремiз. Ешқандай бұрмалауға ұрынбас үшiн әдейi түпнұсқауға иек арттық. Тергеу iсi «Процесс антисоветской национал-фашистской банды в Урджарском районе» деген атпен «Казправданың» бiрнеше санына жарияланды. Тергеудiң сұрақ-жауабын жариялаудағы мақсатын газеттiң өзiнiң бас мақаласында:

«за них спиной стоят гнуснейшие убицы, Японские шпионы – Кулумбетов, Жандосов, Садвакасов, Ж. Нурсейтов, Сәкен Сейфуллин и другие... Всех, кто поднимает руку на нашу прекрасную Родину, мы будем беспошадно уничтожать, как бешеных собак», – деп түсiндiрдi.

Зады, айыптаушылардың iшкi ыза-запыраны шарасынан аса көпiршiсе керек, «бидай егуге нұсау бердi» дегеннiң өзiн «зиянкестiкпен iстеттi» дейдi. Мүмкiн, қолдан жасалған жала шығар. Сонда да жалпы жағдайдан толық мағлұмат алу үшiн де аса қажет. Тергеу iсiнен:



«Председательствующий: И вы завербованы в контрреволюционную организацию националистов?

Да, – Нурсеитов сказал, – что в состав организации входят Кулумбетов, Джандосов, Нурсеитов. Позднее я узнал от Джандосова что Жургенов, Молдажанов, Садвакасов Жанайдар, так же являются членами организаций входит Сакен Сейфуллин, добавив при этом, что о других членах организаций ничто сказать не может, в виду необходимости сохранить строжайшую конспирацию».



Прокурор: Чем он у вас занималсы? (Кулымбетов – Т. Ж.).

Матчанов: – Главным образом интересовался постановкой вредительской работы в нашем районе, побывал в колхозах, где его заданием был произведен вредительский посев хлебов и уничтожался обобществленный скот. Там же познакомился с нашими людьми, занимавщимся вредительством.

Прокурор: Известно ли Вам что сказал Кулумбетов Елемесову?

Матчанов: Кулумбетов обещал ему перевести 10 тысяч рублей якобы для ремонта школы. Кроме того, Кулумбетов дал задания Жунусову раздать обобществленный скот в личное пользование колхозников. Это задание нами частично было выполнено в колхозе «Елтай» («Каз. парвда», 30. IХ. 37 г.).

Шыдамның да шегi бар, төзiм де тозады. Сот төрағасының, прокурордың сұрақтарының өте дәлдiкпен қойылып, айыпкерлердiң еш күмәнсiз ығына жығыла жауап беруi қаншалықты шындыққа жақын – оны сарапқа салмай-ақ қоялық. Бiрақ та; «побывал в колхозах, где по его заданием был произведен вредительский посев хлебов», «там же он познакомился с нашими людьми, занимавшимся вредительством», «Кулумбетов обещал ему перевести 10 тысяч рублей якобы для ремонта школы» деген сөйлемдердi: «Ол тұқым сеуiп егiншiлер арасында болды», «сол арада маңдай терiн төгiп жүрген бiздiң адамдармен танысты», «Мектептi жөндеуге 10 мың сом бөлуге уәде бердi» деп өзгертсе, шындық өз орнына келер едi. Бәрiн бүлдiрiп жүрген «зиянкестiк» деген жалғыз сөз.

Жалғыз – ақ сөз. Бiрақ қандай жексұрындық мiндет атқарып тұр десеңшi.

Тергеушiлердiң өз күшiне сенгендiктерi сондай, егiн егу де қылмыс боп шыққан. Сонда олардың өздерi немен күн көрерiн, нанның қайдан келетiнiн бiлмегенi ме? Зады, Ярослав Гашек те мұндай пародияны Швеиктiң аузына сала қоймаған шығар. Бұл жерде жазушының қиялына тергеушiнiң қаламы шаңын да iлестiрмей кеткен.

Өмiр мысқылы, өмiр әжуасы деген осы. Мұндай соттан қандай әдiлеттiлiктi күтуге болады? Ешқандай.

Қасiреттiң ең үлкенi сонда.

4.

Күйiнiшi мол көңiлсiз әңгiменi осымен де доғара салуға болар едi. Қараша, желтоқсан айларында арандатушылардың байбаламы сәл толастап, «апырмау, бiз не iстедiк осы» – дегендей саябыр тапты. Ендi өзара майданға шықпаса, әшкерелейтiн «жау да» қалмап едi. Әсiресе, жазушылар одағының арасында. Сәбит, Ғабит, Мұхтардың тергеу iсi тоқтатылуы олардың көңiлiне де күдiк ұялатты. Кенет алдыңғыларын да ақтап шығарса ше? Онда қай беттерiмен кiсiге көрiнбек?



Өте қауiптi ойын және күдiк те орынды.

Бiрақ әшкерелеу науқаны күрестiң ең нәзiк жерiне кеп тiрелген едi. Ер де, есер де есiн жия бергенде, Сталиннiң: «Әкесi үшiн баласы жауап бермейдi» – –деген атақты қағидасы шықты. Алдынғылардың барлығы ересектердiң «ермегi» болса, ендiгi кезек жастарға берiлдi. Бұл – әкесiне баласын қарсы қойып, туған анасынан бас тартқызға мәжбүрлiк жасаған ең сұрқия арандату болатын. Сәкен Сейфуллиннiң құлағын созып, қорлағандар да сондай қасиетсiздердiң бiрi шығар. Әкесiнiң атынан безгендер қаншама. Әлi де фамилиясына көше алмай жүргендер бар ғой. Қателiгiн кеш түсiнiп, әке-шешесiнiң бетiн бiр көруге зар боп өткен талай адамның көз жасының төгiлгенiне куә да табылды арамыздан. Жалғыз-ақ мақсатты ұстанды:



Ол: «адамның арасындағы ең қасиеттi мейiрiм ұясы семьялық жылылықты бұзғысы келдi, әке мен бала арасындағы кәдiмгi қарым-қатынастың тас-талқанын шығарып, болмашы ренiштiң өзiнен үлкен өшпендiлiк тудырып, сол арқылы бала ешкiмнен именбестен әкесiнен бас тартып, өз әкесiн өзi аяққа таптап қорлауын тiледi. Сөйтiп, туыстық мейiрбандықтан айырып, жалғыз қалдыру арқылы өзiнiң қатiгез билiгiнiң алдында қалтырап тұруын армандады».

Философ hам жазушы Фазил Искандер осылай түсiндiредi. Бұл адам шындықтың дәл үстiнен түсiп отыр. Басқаша бағамдау мүмкiн емес.

Ал ұстағанын уысында уататын тағдыр шiркiн мұндайда тiптi құтырынып шыға келмей ме. Қиыннан қиыстырып, ең бiр нәзiк сезiмдердiң өзiн қорлап, аяққа таптады. Кеше ғана көз алдында ойнақтап, мойныңа асылып жүрген ұлыңның бүгiн әкесiнiң көзiн шұқып, «сен жаусың» деп сұқ саусағын жүрегiңе найзадай шаншып тұруы, не құлағыңнан жұлқа тартып ата-бабаңнан, әке-шешеңнен тартып сыбап шығуы, не тергеудiң тезiнен тәнiн қинап әзер өткен ата-анаңа «мен сендерден бас тартамын» деп өз балаңның өзiңнен жерiп, өкпе-бауырңды суырып алуы қандай сұмдық. Бұны тағдырдың тәлкегi деу аз. Одан да қатыгез, одан да аяр, айтып жеткiзе алмайтын қасiрет. Тағдыр тәлкегi адамның бiр сәттегi кешкен күйiнiң мұң-шерiнен, шарасыздығынан ушығады. Ал, мынау, әдейi жасалған кесiрлiк. Бiр сәтке мұндай суреттi, суреттi емес, өмiр өксiгiн елестетiп көрiңiзшi. Әкесi, ақын әкесi түрмеде азап шегiп, қиналып жатқанда оның тұңғыш баласы «Ақын өлiмiне» арналған өлеңдi оқып, сыйлық алып жатады. Сәби жүрек не iстеп тұрғанын сезбесiн, ал соның барлығын көрiп-бiлiп отырған ересектер ше?

Өкiнiшке орай бұл долбар емес – шындық. Ауыр да ащы ақиқат. Iлияс Жансүгiровтің өкiл ұлы Жәнiбек Бiләлұлы Сүлеев «халық жауының күшiгi» деген айыппен он үш жасында, иә, он үш жасында! – абақтыға қамалып, бiр жылдан соң Сталиннiң «әкесi үшiн баласы жауап бермейдi» деген сөзiнен кейiн бостандыққа шықты. Сол «сенiмсiз күшiк» он жетiге толар-толмасында жасын өтiрiк жаздырып майданға аттанып, ерлiкпен қаза тапты Оның құрдасы Бейiмбеттiң ұлы Мереке ше? Заманның сол ызғары сәби ғұмырына салқынын тигiзiп, әкесi Омардан көз жазып қалған тiрi жетiмнiң бiрi, ақиық ақын Олжас Сүлейменов:



«...37-жылы елiмiзде ең бiр айтулы әдеби оқиға – Пушкиннiң қаза табуының жүз жылдығы аталып өтiп жатты. Алматы мектептерiнде Лермонтовтың «Ақын өлiмiне» атты өлеңiн үздiк орындаушыларға арналып бәйге жарияланды. Маған бұл жайды, сол кезде 13 жасқа жаңа толған Бейiмбет Майлиннiң ұлы айтты. Ол осы бәйгеге қатысып, әйтеуiр бiр жүлделi орынға ие бопты. Сол сәтте ол бiздiң салтанатымыздың құнын бағалай алмады, сол бiр қанқұйлы шақта кiмге қарсы қол көтергенiн де ол бiлмедi. Бұл кезде – царизмге қарғыс жаудыра отырып, Пушкиннiң шәкiрттерi мен iсiн жалғастырушыларды, ақындарды өлiмге байлап берiп жатқан. Сондай сойқанның тұсында Мұхтар Әуезовтің қалай аман-есен құтылғанына, Сәбит Мұқановтың, Мүсiрепов пен Мұстафиннiң тiрi қалғанына таңдануға да болады», – деп ашына жазды.

Расында да таңданатын, сөйте тұрып соған да шүкiршiлiк ететiн жай. Олардан да көз жазып қалудың мүмкiндiгi бар едi ғой және қандай оңтайлы мүмкiндiк десеңiзшi. Ең ауыры – алданған ұлдың өкiнiшi ғой. Әкесiнiң қазасы (ақынның тағдыры ортақ) туралы өлеңдi оқып, бәйге алу – ардан аттағандық емес. Бiрақ мына тұста ол мүлдем басқаша, әкенi де, баланы да қорлау үшiн жасалып отыр ғой.

Мақсат – бәйгеде емес, әке мен баланы өштестiруде.

Мереке Бейiмбетұлы Майлиннiң бар қабiлетiн көрсете алмай, iшiндегi өкiнiшке ертерек өртенiп кетуiне де сол «бәйгенiң» кесiрi тиген шығар. Қаншама жас ғұмырдың өмiрi үсiкке ерте шалынды десеңiзшi.

Ұрпақтардың арасындағы ол жарықшақ әлi бiткен жоқ. Бiрiн қиюластырса, екiншiсi сықырлап шетiней бастайды. Оның даусы да осалдықпен табылып, асқынған дертке оңайлықпен ем қона қоймас. Қазiргi жiкiшiлдiкте сол «қағиданың» сарқыншағы бар десе – қателскендiк емес.

От басы, ошақ қасында осындай берекесiздiк әкелген бұл «қағида» қоғамдық өмiрге де кесiрiн тигiздi. Әсiресе, әр ұрпақтың арасындағы қайшылық жайшылықтың өзiнде бiлiнiп қалатын өнер саласында, тiптi ушығып кеттi. Төрдегi орын онсыз да ойсырап бос қалғанмен, ол да аздық еттi. Ашықтан-ашық аға буынның бетiне топырақ шашты. Оны «Любовно выращивать молодых казахских писателей» деген әп-әдемi тақырыппен берiлген мына мақаладағы:



«Маститые» бандиты заглушали инциативу литературного молодняка. Враги народа, долгое время сидевшие в союзе писателей, насаждали ложное мнение о якобы «незаменимости» небольшой «избранной» кучки писателей, так называемой «пятизвездочки», куда входил на положении «неповторимого дяди» казахской поэзии и Джансугуров. ...Так было и писателями более или менее оформившимися и претендовавшими на определенное место в литературе. Вредительскими руками Джансугурова был сорван в 34-году намеченный юбилей 10-летия творчества молодого талантливого писателя комсомольца Аскара Токмагамбетова, а сам писатель был оклеветан», – деген пiкiрден-ақ («Каз. Правда», 12. IХ. 37 г.) аңғаруға болады.

Құрметтi қаламгерлер «кәнiгi қарақшыға» айналып шыға келдi. Солардың қатарында Әуезов та аталды. Адам бойындағы ең қасиеттi сезiмнiң бiрi – инабаттылықтың, кiсi сыйлаушылықтың қадiрi кеттi.

Мұндай арандатуды ата жауына да тiлемес ешкiм. Әрине, Асқар Тоқмағамбетовтiң он жылғы толған творчестволық жолын атап өтуден, не кейiнге қалдырудан әдебиет өспейдi де, өшпейдi де. Қалмақан Әбдiқадыровке ондай құрмет көрсетiлген. Бiрақ арзан өкпеге Iлиястай азаматты, ақынды қорлау – әдепсiздiктiң нағыз өзi. Бұл жолдарды жазған, не жаздырған адам Асқардың өзi ме, әлде долбар ма? Ендеше шын авторы кiм?

Әмәнда бет-пердесi ашылмаған, қылмысы анықталмаған адам қауiптi. Ал осы хабар жарияланғаннан кейiнгi Iлиястың үй-iшi мынадай күй кешiп едi.



Фатима Ғабитова: «1938 жыл, апрель № 25 ер балалар мектебiнде (сабақ берiп) оқытып жүрмiн. Бұл мектепке жақында ғана орналасқам. 6 «б» класында класс жетекшiсiмiн. 19 «халық жауы» атылғаны туралы үкiм газетте жарияланғанда, завуч барлық класс жетекшiлерiне ол жауыздардың халыққа iстеген қиянаттарын оқушыларға түсiндiрiп, тиiстi жазаларын алғандықтарын айтуымыз керектiгiн айтты. Маған бұл завуч ертеден таныс. Жанына жақындап, ақырын ғана «Мен айта алмаймын», – дедiм. Ол, төмен қараған күйi (бетiме қарамай); «Мен сiздiң халыңызды түсiнемiн, сiздiң класқа өзiм айтамын», – дедi де, менi iлестiрiп класыма келiп, оқушыларға «халық жауыларының» жағдайын түсiндiрдi. Сол күннен бастап завуч маған басқаша қарайтын болды... Әзiр сол завуч қайда екен? 1937-1938 оқу жылындағы завучтар жайлы сұрасам, табар да едiм. Менiң халiмдi сол күндерi түсiнушiлердiң бiрi – сол завуч едi... Ол, Біләлдi де, Iлиясты да жақсы бiлетiн Алматының ескi орыс мұғалiмдерiнiң бiрi едi.

Мен бүгiн ол завуч туралы жазбақшы емес едiм, тек есiме түскен соң жазылып кеттi. Менiң бүгiнгi жазуға ниеттенген уақиғам, өз өмiрiмдегi ең қорқынышты, аса қауiптi күнiм жайлы едi. Сондықтан да сөз басында сол қарғыс атқан күннiң болған числосы апрельдi жаздым. «19 жау» апрельде емес, мартта атылған болатын. Және олар атылған түнi бiздiкiне, ұлын ерткен Iзтiлеу Жақанов (немере сiңілiмнiң ерi) балаларға алма, түрлi тәттiлер алып келген едi. Iзтiлеу баласымен бiздiң тар бөлмемiзге орналасқанда, өте ақырын есiктi еппен ашып Ғұсман Жылқыбаев (немере iнiм) келiп кiрдi. Бұл екеуi де атылған 19 адамның маған қалай әсер еткенiн, менiң халiмдi бiлу үшiн келгендер едi. Бiрақ екеуi де ол уақиға жайлы ләм-мим демедi. Мен де ештеңе демей, шәй-пәй берiп, оларды – жанашырларды ұзатқам.

Қанды марттан соң қаhарлы апрель келдi. Күнде құт ұшарлық жаңа хабар. НКВД-ның есiгiн құрғатпаймыз. К-нiң (комендатураның – Т. Ж.) ерiмiзбен көрiстiруiн сұрап С-ге (следовательге – Т. Ж.) звонит етемiз... «Қатындарын да айдайды екен, балаларын балалар үйiне алады екен» – деген хабар зәремiздi алды... Және де: «Әйелдердi балалармен қызыл вагондарға салып алыс жаққа жiбередi екен», «Кавказдықтардың семьялары қызыл вагонда Қазақстанға келiптi. Ауырған балалары вагонда өлiптi. Тiптi суға да зар болып, барлығы қиналыпты» – деген хабар үрейдi ұшырады. Апрельдiң соңғы күндерiнде с-тель (тергеушi – Т. Ж.) ерiмiзбен көрсетуден бас тартты. «Ерiңiз менiң қарамағымнан кеттi, ендi маған звонить етпеңiз!» – дедi және сол күнi менiң өзiмдi алуға екi орыс, бiр маржа келдi. Қызыл вагоннан қорыққанымнан үш баламды өзiмнiң туып-өскен қалам Қапалға жiберiп едiм. Ол балаларға бас-көз болып алып кеткен, нағашы апам – Хұппи болатын. Үлкен ұлым Жәнібектi де бiр жылға түрмеге қаматқан едi НКВД. Жәнiбек түрмеге түскенде 13 жасар бала едi. НКВД менi алғалы келгенде қолымда төрт айлық Болатым ғана қалған болатын.

Ымырт жабыла мектептен қайттым. Үйде қызметшi әйел Болатты ұстап отыр екен. Шешiнiп, дайындаған тамаған iшiп, Болатымды қолыма алдым. Елегiзiп отырғанымда, сау етiп үш сұмырай жетiп келдi. Есiктен кiре бiреуi: «Вот, так. Откуда это ребенок?», – деп бақырая бетiме қарады. Мен: «Өзiмнiң балам», – дедiм. «Туған куәлігін әкеліңіз», – деді. Мен: «Әзiр үйдi тiнтесiз ғой, сонда өзiңiз тауып аласыз!», – дедiм де, Болатты өзiм отырған диванның бұрышына тастай салып, диван астында жатқан кiшкентай өткiр балтаны қолыма алып: «Жақындамаңдар, балама! Алдымен баламды өлтiремiн, онан соң қайсың келсең соныңды өлтiремiн!», – деп айбар шектiм. «Баламды тiрi қолдарыңа бермеймiн!», – дедiм. Расында да солай бекiнген едiм. Емшектегi жас нәресте әлбетте қолына түссе өлер едi. «Балам түрмеде қай күйде өлдi екен?!» – –деп, қасiрет тартқанша, өз қолымнан өлтiрейiн де, өзiм де өлейiн, бұл адам төзбес азаптарды көргенше», – деп те ойлап едiм. Ерiм қамауда, 13 жасар ұлым түрмеде, ендi өзiмдi емшектегi баламнан ажыратып алғалы келiп отыр. Үш сәбиiмнiң тағдыры және белгiсiз... Не деген озбырлық?! Не деген зұлымдық?! Не кiнәмiз бар едi?!

Менiң қаным қашып, бала ұстап тұрған түрiмдi көрген НКВД-лiктер маған: «Балаңыздан айырып сенi алмаймыз. Кеше балаларыңызды жiберiп пе едiңiз? Мына распискаға қол қойыңыз да паспортыңызды берiп, балаңызбен отыра берiңiз!», дестi. Расписканы оқып, қол қойдым. «Алматыдан НКВД-ның рұқстаынан басқа бiр жаққа да шықпайсын» делiнген екен.

Ертеңiне мектептен келгенiмде бiр қызыл әскер НКВД-ға шақырған қағаз алып келдi. Болатты мықтап орап алып, НКВД-ға бардым. Қағазда көрсетiлген түрмеге кiрдiм. Орта бойлы, 30 жастардағы қара қазақ есiктен енгенiмде: «Балаңмен неге келдiң?», – деп айқайлап жiбердi. (Мен сорлы баласыз келсем, қамап тастар деген оймен баламды ала келiп едiм). Iргеде тұрған екi орындықтың үстiне ұйықтап жатқан баламды жатқызбақ болдым. Ол «арс» еттi. «Қолыңа алып отыр!», – дедi. Амалым қанша, айтқанын орындап, Болатымды алдыма алып отырдым.

Сұрақ басталды. Аты-жөнiм, жасым, қай жылда не iстегенiм, туыстарым – барлығы, барлығы жазылды. Iлиясқа көп келетiн жақын жолдастарым жайлы сұраққа екеумiз айтысып қалдық. Мен бiреудiң де атын атамауды тiледiм. «Iлиястың есiгiн баққан есiк күзетшiсi емес едiм, мұғалiммiн. Кiм келiп, кiм кеткенiн қайдан бiлемiн. Тегi бiздiң үйден қонақ арылмайтын. Түсi таныс емес адамдар да көп келетiн» –– –деген сияқты сөздер айттым. Қара иттi менiң жауабым ызыландырды. «Қылжақтамай дұрыс жауап берiңiз! Өзiңiздiң қайда отырғаныңызды ойлаңыз!», – деп, жұдырығымен үстелдi қойып-қойып қалды. Мен жайлап: «Мен қайда отырғанымды бiлемiн. Және сiздi де сенiмдi араның сенiмдi қызметкерi деп ойлаймын. Соншама тәрбиесiз түрде маған неге ақырасыз? Мен болсам 18 жыл мұғалiм болған, неше мыңдаған жастарды тәрбиелеген адам емеспiн бе?», дедiм. Ол абалауын тоқтатпады. «Шешенсiнбей дұрыс жауап бер!», – деп ақырды. Мен: «Ендi мен сiзге жауап бермеймiн, бiлгенiңiздi қылыңыз!», – деп, отырып алдым. Iшкi есiктен жуандау сары орыс шықты. Ол (Иванов – Қарағандылық едi): «Неге бажылдайсыңдар?», – деп сұрады. Қара ит оған жайды өзiнше түсiндiрiп жатты. Болат жылады. Баламды алып, аузына емшегiмдi салдым. Сұмырайлар өзара сөйлестi. Иванов iшкi бөлiмге кеттi де қара ит маған абаламай жай ғана: «Мынаған қол қойыңыз да, үйiңiзге бара берiңiз», – дедi. Жазғандарын оқып шықтым. Сұмдық, сұмдық... Өмiрде мен ойламаған сөздер жазылған екен... Әсiресе, менiң жанымды қатты ренжiткенi: «Бiздiң үйде ұдайы үкiметке қарсы жасырын жиындар болып тұрыпты. Сол жиындарда хатшылықты мен атқарыппын. Машинкада үкiметке қарсы жарналар басып таратуда да менiң көмегiм мол болыпты. Осындай жолдарды оқығанда өз-өзiмдi тыя алмай, ақырып жылап жiбердiм. «Iлияс, жан досым Iлияс! Мына иттер босқа күйдiрдi ғой, босқа күйiпсiң ғой, асылым!», – деп жыладым.

Дұрысын айту керек. Менде жүрiп жатқан саяси жағдайға қарап, бiрдеңе бар ма екен? Деген күдiктен сау емес едiм. Бiрақ ол бiрдеңенiң ұйымдастырушыларының бiрi – Iлияс емес, тек сол бiрдеңенi естiп, айтпаған, тыңшылық iстемеген болуы мүмкiн деп, ойлайтын едiм. Ешбiр айыпсыздан айыпсыз соншама адамды жауып, кейбiреуiне ату жазасын кесу ақылға сыймайтын хал едi... Ендi, өзiме жабылып отырған жаланы көргенде, бiр жылдан берi мазасызданған уақиғаның бет-пердесi сыпырылғандай, нақақтан-нақақ талай жандардың жазаланғаны мәлiмденгендей болды. Өксiгiмдi баса алмай, өзiмдi-өзiм тыя алмай жылай бердiм. Өмiр не деген улы едi?! Ол күнi менi тарғыл қара ит ептеп НКВД-ның есiгiнен шығарып салды. Ертеңiне және шақыру қағаз алып, қара иттiң алдына келдiм. Бүгiнгi күн ол менiмен тiптi тату сөйлестi. Жауап жазылатын қағазды өзiм толтыруға рұқсат еттi. Өз қолыммен барлық сұрақтарға жауап жаздым. Көп жерлерiн, әсiресе ақ жерлерiн сыздым. Сөйтiп, қолымды әр парағына қойып, бұл азаптан азат болдым. Бiр-екi күн өткен соң тағы шақырылдым. Бұл жолы басқа адам қарсы алды. Мен сияқты бiрнеше ерлерi алынған әйелдер жиналған екен. Iшiнде Сәкеннiң әйелi – Гүлбаhрам да бар едi. Ол орыстың бiзге естiрткенi: ерлерiмiз он жылға алыс Сiбiр айдалыпты. Бiздiң де екi жылға тiлеген жерiмiзге Алматыны тастап, балаларымызбен кетуiмiз керек екен. «Ертең келiп, баратын жерлерiндi айтып, бiзден справка алып, жол қаражатын, билет алып жолға шығасыңдар», – дедi. Ғұсмандармен ақылдасып, Семейге баратын болдым. Семейдi таңдау себебiм: «Үлкен қала, бiр жерден болмаса, бiр жерден қызмет табылар» – деп ойладым. Қапалдағы балаларымды Семейге әкелiңдер деп, шақырып хат жазып, Семейге Болатымды алып аттандым...»

Бұл – талай жылға созылған сергелдеңнiң басы едi. Фатима да, Гүлбаhрам да, Гүлжамал да сол сыннан өттi. Балапандары үшiн аузына жем тiстеген құстай болып жүрiп балаларын да жеткiздi. Әрине, Фатимаға Мұхтардың да қолқабысы тимей қалған жоқ. Ал Гүлжамал Майлинаға қашан көзi жұмылғанша Ғабит Мүсiреповтің қамқорлық жасап тұрғаны барша қауымға мәшhүр.

Кетер адам – кеттi. Өлгеннiң артынан өлмек жоқ. Ойсырап орны қалған азаматтардың рухын жоқтатпау да парыз. Ең бастысы – әдебитеттi өлтiрiп алмау ғой. Одақтың мүшелерiнен бес – алы-ақ адам тiрi қалыпты. Солардың «кетiгiн толтыру үшiн» тиiстi шара қолданудың да қажеттiлiгi туды. Қазанның орта шенiнде одақта ұйымдық мәселе қаралған мәжiлiс өткiзiлдi. «Жазушылар ұйымына жаңа мүше, кандидаттар алынды» деген («Қ. Ә.» 27 қазан, 37 ж.) төмендегi хабар сол бiр ауыр күндердегi жылт ете қалған жақсы лебiз едi. Мұнда да тұздығы ащы сөздер ұшырасады. Онсыз хабардың дәмi де келмес едi. Ең бастысы – күйiнiштi емес, сүйiнiштi жеткiзуiнде. Құлаған бәйтеректердiң орнына өскен қуат-күшi мол жас теректер кiмдер екен. «Ат тұяғын тай басар» дейдi. Бұл да үлкен жаңалық. Хабардың ұзын-ырғасы былай:

«Халық жаулары Сейфуллин, Тоғжанов, Жансүгiровтер, совет жас ақын-жазушыларын да, халық ақындарын да ауыздықтап, шет қақпай ғып, оларды тұқыртып ұстауға тырысып келген. Әдебиеттiң тұлғасы «өзiмiз» ғана деп көрсетуге тырысқан. Сондықтан ол сұмырайлар – совет жазушылар ұйымының есiгiн жастарға да, халық ақындарына да ашпаған. Оларды шеттеткен, құбыжық етiп көрсеткен. Соның зардабынан совет жазушылар ұйымында бүкiл Қазақстаннан 15 мүше... 14 кандидат қана бар екен.

Соңғы уақытта Қазақстан совет жазушылар ұйымы жас ақын-жазушыларды және халық ақындарын өсiру, оларды тәрбиелеу, ұйымға тарту iсiн қолға ала бастады. Октябрьдiң 14 күнi жазушылардың ұйымының жанындағы комиссияның мәжiлiсiнде бiрсыпыра халық ақындары, жас ақын-жазушылар совет жазушылар ұйымының қатарына алынды. Жазушылар ұйымына мүшелiкке алынғандар: халық ақындарынан – Жанғабылов, Елеусiз, Оңғарбаев Өтеп, Әзiрбаев Кенен, Тайманов Сеттiғұл, Терiбаев Қуат, Керiмбаев Саядiл, Байрабеков Орынбай, жас ақын-жазушы, сыншылардан мүшелiкке алынғандар: Қаратаев Мұхамеджан (кандитаттықтан мүшелiкке), Хасанов Қадыр, Камалов Сағыр, Кузнецов П.Н., Әбiлев Дихан, Саин Жұмағали, Әбiшев Әлжаппар, Өтепов Құлмырза, Сәрсенбаев Әбу, Еркiмбеков Дүйсембек. Жазушылар ұйымының кандидаттығына алынғандар: Қалауова (колхозшы – оқушы ақын), Сатыбалдин Қапан, Омаров Сейтжан, Мейiрбеков Қанабек, Құлбаев Рақымбай, Адамбеков Ықылас, Шалабаев Белгiбай, Лекеров Асқар, Калашников И.П., Қажахметова Раиида, Сланов Ғабдол, Бектемирова Мәриям, Малқаров Омарбай, Әбдiрахманов Төкен».

Тағдыры әлi белгiсiз, қыл үстiнде тұрған «Үш бәйтеректi», қолтығынан демеп, жүгi ауған әдебиеттiң көшiн түзеу, мiне, осыларға сенiп тапсырылды. Олардың денi көркем сөз өнерiнiң туын тiк ұстап, келер күнге аман-есен аманаттады. Бiразы Отан үшiн жанын пида еттi. Iшiнара тағдырдың сергелдеңiне түскендерi де бар. Өйткенi науқан әлi басылмап едi. Солардың арасында: Iлиясты, ал 1937 жылы 30 желтоқсанда Мағжанды ұстатқан, Iлияс ақын түрмеде жатып:

Жақсыларға жанасып,

Жүз құбылып күнiне,

Жетерсiң әлi сен ақсақ,

Талайлардың түбiне,

Мен келермiн оралып,

Күндердiң бiр күнiнде

Сен өлерсiң жүзқара,

Қор болып түптiң түбiнде, –

деген сөз тасығыш жансыздар да жүрдi.

1938 жылы қаңтарда БК(б)II Орталық Комитетiнiң пленумы «Партия ұйымының коммунистердi партиядан шығарудағы қателiктерi, БК(б)II-ден шығарылғандардың шағымдарына формальдi-бюрократтық көзқарас туралы және бұл кемшiлiктердi жою жөнiндегi шаралар туралы» қаулы қабылдады. Ежовтың iс-әрекетi, қылмысы әшкерелендi. Оның өзi халық жауы ретiнде ұсталды. Орнына Берия келдi. Ақиқат үстемдiк алатындай көрiнгенiмен, қатерлi құйын мүлдем басқа бүйiрден кеп килiктi. Ендi, «сол қателiкке жол бергендердiң» басына бұлт үйiрiлдi. Бұл – екiншi соққы едi. Үшiншi, ең шешушi соққы – 1938 жылы наурызда «ССР Одағының Прокуратурасының» Бухарин бастаған «оңшыл-троцкийшiл блогы туралы» шығарған үкiмi арқылы берiлдi. Әр толқынның өз құрбандары болды. Оларды туғызған құпия да қатал күштiң шығу тегiн, себеп-салдарын ашып беру – тарихшылардың еншiсiне тиесiлi. Мүмкiн парызы да болуы.

Оқыстан соққан қара дүлей жазушылардың да басына осал әңгiр таяқ ойнатқан жоқ. Тоғыз ай бойы зiркiлдеп, зықыларын да шығарды. Күйiнiші – ең аяулы бәйтеректердi отап әкеткенi. Аз ғана жұбаныш – бүгiн мен ертеңнiң арасын жалғастыра алатындай екi-үш тұлғаны арт жағында қалдырғаны.

Сол да үлкен медет. Оларға да зар болып қалуымыз әбден мүмкiн едi. Ендi, оны қайта қозғап жатудың өзi де артық.

5.

Табиғаттың тауқыметiн ерте тартқан қуатты емендер қашанда шыдамды, дауылға қарсы қасарысып тұрып алады. Сол сияқты Мұхтар да сан шайқалып барып қайта қалпына келдi. Бiрақ жапырағын желге тонатқан жапандағы жалғыз түп ағаштай айналасы үңiрейiп бос қалды. Қатарлас құрбы-құрдастарының сиреп қалғанына өкiнген Виктор Гюго:





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   27




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет