Туған жер тұғырың,Туған ел қыдырың


-кезең «Көрермен көзайымы»



бет15/15
Дата29.03.2022
өлшемі42,91 Kb.
#137105
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
геосайыстар
Ықпалдың түрлері, ащық сабақ қмж, !1-ОШ ФО Әдебиет 6кл (pdf.io), !17-ОШ СОР Қазақ тілі Т1 8кл (pdf.io), И - спектрде ж тылу жола ыны болуы
5-кезең «Көрермен көзайымы»
ІV кезең «Көрермен көзайымы» Жанкүйерлермен ойын. Білім, ел, туған жер, отан жайындағы мақал-мәтелдің жалғасын табу керек.Қай бөлімнің оқушысы тапса, сол бөлімнен құралған командаға ұпай қосылады.


1. Өнер - ағып жатқан бұлақ,
Ілім - жанып тұрған шырақ.
2. Білімдіден ақыл шығар.
Ақылды қарттан нақыл шығар.
3. Ел ағасымен жарасады,
Киім жағасымен жарасады.
4. Ел қадірін көрген біледі,
Жер қадірін жүрген біледі.
5. Көргеннен көрмегенін көп. 
Білгеннен білмегенің көп.
6. Бөтен жердің гүлінен
Туған жердің тікені артық.
7. Білімді өлсе,
Қағазда аты қалар.
Ұста өлсе,
Істеген заты қалар.

8. Елінен безген оңбайды,
Көлінен безген қонбайды.
9. Жаста оқыған оқуың - тасқа жазғанмен бірдей,
Егде тартқанда оқыған оқуың - мұзға жазғанмен бірдей.
10. Отанға опасыздық еткенің,
Өз түбіңе өзің жеткенің.
11. Данышпан айтса, ел айтқаны,
Елдің қамын жеп айтқаны.
12. Елің - панаң,
Жерің – анаң.
13. Ынтымақсыз елді -
Ұрысы билейді.
Ынтымақты елді -
Дұрысы билейді.
14. Ел даусыз болмайды,
Ер жаусыз болмайды.


Жүргізуші:
Сұлу дала!Менің сүйген еркемсің
Жаным сенен жаратылған өлкемсің
Қандай жақсы, қазақ болып туғаным
О, туған жер! Тамашасың, көркемсің. 
6 кезең: «Туған өлкеміздің көрікті жерлері»
Сурет байқауы:Туған өлкеміздің көрікті жерлерінің суретін салып, несімен көрікті екенін, тарихын айтып, қорғап беру. Суретті өздері салу және өздері салғандығын дәлелдеу үшін видеоға түсіріп әділ қазыларға көрсету керек .

Құрметті әділ-қазы алқалары «Туған өлкеміздің көрікті жерлері» кезеңіне қойған ұпайларыңызды көрсетсеңіздер




Жүргізуші:
Білім жинау мақсатында сайысқа шыққан осы оқушыларымыздың алған ұпайларын әділ-қазылар алқасы есептеп біткенше кезекті әнге береміз ________________________________
Жүргізуші: Рахмет!
Халқым – менің тірегім,
Құрбан жаным-жүрегім!
Атымыз озсын бәйгеде,
Осы менің тілегім.
— дей отыра ендігі сөзді әділ-қазыларға берейік.

Жүргізуші:


Қорытынды сөз: Алда әлі ұзақ жол, үлкен асулар бар. Сол асулар мен қиындықты жеңу үшін білектің күші мен найзаның ұшы керек емес. Оған тек жүрек пен білім, талант пен талап керек. Қазақ елінің абыройын асырып, мерейін үстем етер, әлем таңғалар, талай - талай жаңалық ашар білімділер керек. Осы Тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің ертеңі, болашағы үшін жауап беретін бүгінгі ұрпақ екенімізді сезінейік. Осымен бүгінгі Туған жер - тұғырың,Туған ел – қыдырың аттыинтеллектуалды ойынымызды аяқтаймыз.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет