«Туған тілі – мәңгі өнеге айдыны » (Мұхтар Шахановтың 70 жасқа толуына арналған әдеби-сазды кеш)



Дата04.07.2018
өлшемі135,88 Kb.
«Туған тілі – мәңгі өнеге айдыны...»
(Мұхтар Шахановтың 70 жасқа толуына арналған әдеби-сазды кеш)
1 жүргізуші: Армысыздар, өнер сүйер қауым!
2 жүргізуші: Әдеби-сазды кешімізге қош келдіңіздер!
1 жүргізуші:

Әр халықтың ойына сай бойы бар,

Бойсызға да қатал талап қойылар.

Қазақ тілі – қазақ халқы деген сөз,

Тілін қорғай алмаған ұлт-жойылар.

Қазақ тілі – бабамыздың бабасы,

Қазақ тілі – ұлтымыздың анасы.

Ана тілсіз жойылады елдің рухы санасы,

Бірақ қадам ұлтсыздық пен мәңгүрттіктің арасы.
2 жүргізуші:

Ұлтын сатқан адам мәңгі жаралы,

Ұлттың, тілдің жаза күші болады.

Ана тілін менсінбеудің залалы,

Әрқашан да өзіңді іздеп табады.

Баба рухтың сенім шамы сынғандай,

Мұңсызданған кезең еді бұл қандай?

Бабаң ұлттан, тілден қашқан қазаққа

Жер астында теріс қарап тұрғандай.

1 жүргізуші: Осы бір өлеңі арқылы тілге, ұлтқа деген сенімді ағынан ақтарып жырлай білген ақын нағыз ақын екендігін дәлелдеп тұрған жоқ па?
2 жүргізуші: Иә, Ақынды әспеттеу, оның шығармаларына тереңнен үңілу, ерекше сезіммен түсіну, бүгінгі ұрпақ еншісіндегі борыш.
1 жүргізуші: Олай болса, біз тіл мерекесінің кешін есімі Біріккен Ұлттар Ұйымының алтын кітабына жазылған, поэзиясын ЮНЕСКО әлемдік поэзияның осы замандық жетістігі ретінде бағалаған, «Түркі тілдес халықтар арасындағы ең үздік әлем ақыны» атанған, елімізде көзі тірі ақындар арасында өлеңдері ең көп жатқа оқылатын, биылғы жылы 70 жасқа толған ақын Мұхтар Шахановқа арнаймыз!
2 жүргізуші: Мұхтар Шаханов, отандық көлемде кең танылып отырған ақынымыз. Ол Расул Гамзатов, Шыңғыс Айтматов сияқты дүние жүзіне атағы жайылған ақын.

1 жүргізуші: Жазушы Ғабит Мүсірепов «Дара дарын» естелігінде: «Бұл ақынымыздың әрбір шығармасын оқығаннан кейін азды-көпті ойланбай қала алмайсың. Ой мен сезімге едәуір жүк түседі. Мұхтар поэзиясының әрбір жолында ойландыратын салмақ бар. Оның өлеңдерін қызыға-қызыға сыдыртып оқып шықтың...кейде кездесіп қалатын кедір-бұдырына қабақ шыттың. Осымен болғаның ба? Жоқ, бұл ақынды бұлай ғана оқуың жеткіліксіз. Әуелі қалай оқып шықсаң да көңіліңде бір тнышсыздық, күдік қалуы мүмкін. Әне, сол күдігіңді анықтау үшін қайта бір оқығаның дұрыс болар»-деген екен. Олай болса бүгінгі кеште ақын шығармаларын зер сала оқитындарға бар ынтамен назар аударайық.

2 жүргізуші: Сахнада ІІІ курс білімгері «Мені неге Мұхтар қойған» өлеңімен.

1 жүргізуші: Неге Мұхтар қойғандығының себебін таптық, енді ақынның өмір жолына бір үңілсек артық болмас. (Ақын өмірі мен шығармашылығы туралы слайд көрсету, сахананың артынан ақын жайлы мәлімет беру).

1 жүргізуші: Кез келген ақын өзінің туған жерін, Отаның, туған тілі мен дәстүрін қосып, оған сүйіспеншілігін жыр жолдарымен жеткізеді емес пе?

2 жүргізуші: Дұрыс айтасың, Рахымберді, ақын тілімізді үлкен жанашыры. Тілге деген құрметті 2007 жылы өзінің «Мәңгүрттену марсельезасы» деген өлеңінде Есіңе ұста, бала,

Ұлтқа ұлы ана,

Ұлтты сақтар дана

Туған тілің ғана! – деген екен.

2 жүргізуші: Ортада ақын шығармаларын сүйіп оқитын бір топ достарымыз ақынның

«Төрт ана», «Төрт сәуле бар бақыттан тұратын, «Туған жермен сырласу» атты өлеңдерімен келіп отыр. Қарсы алыңыздар!

1 Жүргізуші: Ақын бірде

Бар қазақты тамсандырған,

Таңнан таңға ән салдырған.

Өзін әнмен қарсы алдырған Шәмші едің.

Зорсынғанның көбісі құр сүлде,

Ешкім көзі тірісінде

Ән көгінен дәл өзіңдей таба алған жоқ нар сенім,

Қандай құпия кереметтің бар сенің?!!

2 жүргізуші:

Ұлылыққа еліктегіш отсыз, нәрсіз көздер көп,

Біреулер жүр саусағының көмегімен сазгер боп.

Ал сен ұлы жүрегіңмен,

Пейіліңмен, тілегіңмен

Күллі тамыр тірегіңмен

Дарын едің алдыңа жан салмаған,

Ұлт сезімін арқалаудан талмаған.

Отырардың еңкеймеген рухын

Әр қазаққа ән арқылы жалғаған.

Ақын өнердегі ұлы сазгерді көзі тірісінде бағалай алмағанымызға өкінішпен қарап, жыр арқылы кешірім өтініп,



Жігіттің бір жарқыны едің,

Дәуірдің сом алтыны едің – дейді. Деп қана қоймай өнер айдынында бірге жүрген қырандар табысты да.
1 жүргізуші: Қалай сонда?
2 жүргізуші: Ол былай. Мұхтар Шаханов

«Арыс жағасында», «Кешікпей келем деп ең», «Гүл таңдау», «Алғашқы кездесу», «Егіз мақта», «Ақсудан ұшқан аққуым», «Қуаныш вальсі», «Ақ бантик», «Арайлым-ақ келес», «Келін келді», «Өмір-өзен», «Арқалықтың ақ таңы», «Сүймегендер сағынбайды», деген әндердің сөзін жазса, әнін Шәмші Қалдаяқов жазған. Міне, сондықтан біз оларды бөліп – жарып қарай алмаймыз.

Қарсы алыңыздар ІІ курс білімгерінің орындауында «Ақ бантик» әні.

1 жүргізуші: Замандастар лебізіне көз жүгіртсеңіз Рақымжан Отарбаев ақын жайлы: «Қашан көрсең алды адамнан босамайтын, жұрттың бәріне бірдей қол ұшын беруге әзір тұратын және онысын ешқашан бұлдамайтын, кейде ақкөңілдігін пайдаланып баз біреулер алдап та кетіп жататын бір аңғал пенде болса – ол осы Мұхтар аға шығар. Арал деп арпалысқан, желтоқсан деп жағаласқан, ақыры екеуін де әлем назарына алып шыққан өзінің қалаулы ақынына халқымыздың ілтипаты да ерекше болуы керек деп есептеймін».
2 жүргізуші: Кеше ғана желтоқсан нәубетіне ілініп, жалаға ұрынған ұлтымыздың қаншама жас өкілдерін осы Мұхаң тағдырын бәйгеге тіге отырып түрмеден босатып алып еді. Енді тұзының жеңілдігін қараңыз. Бас-басына би болғысы келген соң жігіттердің кейбіреуінің өткенін ұмытып Мұхтар ағаға тұмсығын көтере, кекірейе қарағанын көргенде ұяттан жарылып кете жаздайсың. Бірақ кісіге деген жақсылығын есепсіз жасайтын Мұхтар аға бәз баяғы ақ жүрек, ақын қалпынан айныр емес. «Кім қаншама шексіз сүйсе Отанын, оның тартар азабы да соншама» деген өлеңі өзіне арналғандай – депті.
1 жүргізуші: Алайда желтоқсанның мұзда жанған алауларына ерекше толғаммен «Желтоқсан алаңы», «Оралу» деген өлеңдерін арнапты. Сахнаға аталған өлеңдермен келіп тұрған ІІ курс білімгелері шақырамын.
2 жүргізуші: ІІІ курс білімгерінің орындауында «Кешікпей келем деп ең» әнін қабыл алыңыздар.
1 жүргізуші: Ақын өзінің көптеген өлеңдерін әдебиетте орны бөлек, шығармаларымен оқырманын тамсандырған Ғабит Мүсірепов, Ғабиден Мұстафин, Шыңғыс Айтматов, Төлеген Айбергенов тағы басқа көптеген тұлғаларға арналған. Осындай бір өлеңдерін бүгінгі кешке ала келген құрбыларымды ортаға шақырмақпын.
2 жүргізуші: «Сұлулықты сезіну немесе Ғабиден Мұстафинмен қарттық жайлы әңгіме», «Ғабит Мүсірепов»
1 жүргізуші: Адамның кейде өмірге өкпелі болатын кездері кездесіп жатады емес пе? Сондай бір сәттерде тағы да ақын өлеңі жүрекке жігер беріп, жігітті қайта қанағаттандырады.
2 жүргізуші: Олай болса, «Жігерлендіру» өлеңімен бір серпіліп қалайықшы.
1 жүргізуші:

Бірде олай, бірде былай бұл өмір,

Бақ пен қайғы бір көңілге сыйған ба?!

Мен жаққа сен құлағыңды түре жүр,

Егер досым даттап жатса иланба.
2 жүргізуші:

Мұндай шақта таусылмасын төзімің,

Кейіме оған осы ма деп тапқаны.

Ол, әрине ол әрине, өзінің

Осалдығын саған айтып жатқаны.

«Қайғымен бетпе-бет» қойылымына назар аударыңыздар.
1 жүргізуші: «Қазақстан деген сөзді естісем болды бірінші кезекте ойыма екі есім оралады. Оның бірі Байқоңыр да, екіншісі Мұхтар Шаханов. Ол менің сүйікті ақыным ғана емес, жан аяспас досым. Егер маған ғарышқа көтерілу бақыты қайта қонса Мұхтар Шахановтың шығармаларын өзіммен бірге алып ұшар едім» - депті моңғол халқының тұңғыш ғарышкері Гуррагча. Олай болса, ақын жан аяспас достарды қалай жырлады екен?

2 жүргізуші: Дұрыс айтасың Рахымберді ақынның түйіле жазатыны достық тазалығы, достық тақырыбы. Бұл тақырып автордың барлық шығармаларында әр қырынан кездесіп отырады. Соның бірі достық тазалығына арналған «Танакөз» поэмасы

-Қайран қамсыз балалық-ай, оған қазір дау бар ма?

Күлкімізден жаңғырығып жататұғын таулар да.

Үшеу едік, қайда барсақ қасымызда Танакөз,

Танкөзбен көңілді еді біздің ерке бала кез.

Бұл шығармада ақынның адалдығы, арманы, байламы жатыр. Достық деген ізгілік қасиетте өзімшілдік, әр түрлі ірілі – ұсақты пендешелік болмауын арман етеді.



Поэманың соңында достарының армандарына жеткеніне жан жүрегімен қуанған ақын не деп аяқтаушы еді.
1 жүргізуші:

Сендер өшпей жаныңдаршы,

Сендер бақыт табыңдаршы.

Екеуіңнен бұл бақытты егер титтей қызғансам,

Соқыр болып қалсын көзім мәңгіге!

Айналайын ұлы жостық, айналайын атыңнан,

Құлатпашы мені мәңгі осы биік сатымнан,

Айналайын ұлы достық, айналайын атыңнан!
2 жүргізуші: Тамаша аяқталған екен! Кезекті достық туралы жырларға береміз.

1. «Достық туралы»

2. «Достық өлкесінің заңы»

1 жүргізуші: Мұхтар ағамыз тамаша сазгер. Өнер айдынында өзі жеке дара жүрекке жағымды, халықтың аузында жүрген бірнеше әндерді шығарған. Солардың бірі «Туған күн кешінде».
2 жүргізуші: Ақын мерейтойын атап өту барысында өз өлеңін өзіне арнаса тіпті тамаша емес пе! Олай болса кезекті әнге береміз «Туған күн кешінде» сахнада ІІ курс білімгері.
1 жүргізуші: Гүлнұр, ақын ағамыз барлығына өлең арнапты. Осы біздерге студенттерге өлең арнаған ба?
2 жүргізуші: Рахымберді, оны менің айтқаным қызықсыз болар. Дәл осы сауалды залда отырған студенттерден сұрасақ қайтеді?
1 жүргізуші: Бәрекелді! Сұрайықшы. Қалай ойлайсыздар бізге ақын өлең арнаған ба?
2 жүргізуші: Онда сізді сахна төріне шақырамын.
1 жүргізуші: Атақты «Қорлан» әнінің авторы Естай ақын 72-ге келіп, тіршілікпен қоштасар шағында аласұрып жан досы Нұрлыбекті іздепті. Екі күндік қашық жерде тұратын Нұрлыбек аттан құлап, аяғын сындырып алғанына қарамастан арбаға жамбастай жатып досына жеткен екен. Сонда Естай әбден жұқарып тозуға айналған саусағындағы жүзігін көрсетіп: Сүйегіме кіретін қарттарға ескерт. Мына жүзікті жарты ғасыр қолымнан тастамай келгенімді білесің. Ендеше қалған ғасырларда да саусағымда жарқырап жатсын... Ұлы сезімін кішкентай жүзігіне сыйдырған қайран Қорланым-ай!»-деп ағыл-тегіл жырапты.
2 жүргізуші: Мұны Қорлан ғашығы естіген бе?
1 жүргізуші: Әрине естіпті. Сонда Қорлан:

«Егер олай етпесе,

Естай, Естай бола ма?!

Естай, Естай бола ма?!

Онсыз да жаны сұлу балаңа

Сұлу өмір сыйлапсың-ау, Жер ана!»-

Деп жылапты кемпір байқұс еңкілдеп,

Ақ жаулығы ай нұрымен желкілдеп.

Нағыз ғашық қарттығыңа көнер ме?!

Қорлан өзі кейінірек қылтамақтан өлерде,

Әжімді жүзі қуарып, түнеріп,

Күйеуін сыртқа шығарып жіберіп,

Ақпалап, қозып делебесі де,

Бойжетіп қалған немересіне

Естайдың әнін салдырып,

Жанарын шоқтай жандырып,

«Бақыттымын, бақыттымын», депті де,

Көз жұмыпты мәңгілік.
2 жүргізуші: Неткен махаббат! Алайда бұл тақырыпты ақын өзінің өлеңдерінде әр қырынан жырлайды. Соның бірі «Ғайша» сахнада ІІІ курс білімгері.
1 жүргізуші: Мұхтар Шаханов өзінің тамаша сазгерлігін «Әке туралы жыр» атты әнімен тағы бір мәрте дәлелдейді.
2 жүргізуші: Бұл әнді үлкен де, кіші де сүйсіне айтады. Алайда, ақын қазіргі күні балаларына сүйікті әке, немерелеріне қамқор ата ғой сол себепті бұл әнді орындамай кету мүмкін емес. Асханның орындауында ақынның «Әке туралы жыр» әнін қабыл алыңыздар.
1 жүргізуші: Мұхтар Шаханов кең шиырлы, әр қырқаға із тастап келе жатқан ақын. Өзі айтқан үш өлшемнің үшеуінде де – биіктік, тереңдік, кеңдік-ақын іздері осы кезінде-ақ көмескі емес, айқын. Ерлік, ездік, жігер-махаббат, өнеге-ғибрат, ар-намыс тақырыптарының бәрі де өткен күнді қызықтау емес, ертеңгі күн талаптарының биігінен толғанады...

2 жүргізуші: Міне, сондықтан да ақынның аты бізге ғана мәлім емес, «Сөз құдіреті» атты кітабын чех тіліне аударған Камил Маржик ерекше сүйіспеншілікпен аударғанын айтса, сонау француз елінің қызы ақын жырларын жатқа оқитынын мақтан тұтады, ал Германиядағы немістің үш жанұясы ақын поэзиясын ерекше қадірлейді екен. Тіпті олардың бірі егер әйелі ұл туса, ұлының атын «Мұхтар» қоятындығын мәлімдепті.

1 жүргізуші: Алайда, ақын жырларын ерекше сүйіп оқитын Архат досым сахна сыртында ақынның тағы да бір өлеңін сіздерге тарту етсем деп тұр.

2 жүргізуші: Ендеше кезекті тағы да Архатқа берейік.

1 жүргізуші: Иә, батыр ақынымызды халқы ғана емес, әлемдік өнер сүйер қауым да мойындаған екен. Жуырда ақынның «Махабатты қорғау» деген үлкен кітабы жарыққа шықты. Бұл да бізді қуантарлық жайт.
2 жүргізуші: Американ ақыны Джон Эшпери «Құдайым әр ақынға өз ұлтына осы Мұхтар Шахановтай қызмет етуді жазсын» - деген екен. Олай болса біздерге ақын поэзиясын әрдайым сүйсіне, жастана, жантая отырып, жатқа оқуды жазсын дейік.

1 жүргізуші: Ақынның «Арыс жағасында» әнін қабыл алыңыздар.

2 жүргізуші: Осымен әдеби-сазды кешіміз аяқталды.

К Е Л Е С І К Е Ш Т Е К Е З Д Е С К Е Н Ш Е!!
Каталог: uploads -> doc -> 00bd
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
00bd -> Өрмекшітәрізділер түрлерінің сан алуандығы
00bd -> Сабақ мақсаты Тағамдардың аттарымен танысу. Саналатын және саналмайтын зат есімдерді ажырата білу
00bd -> Сабақ тақырыбы: Б. Момышұлы. «Жауынгердің тұлғасы»


Достарыңызбен бөлісу:


©www.engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет