Туменбаева Н. С



бет7/14
Дата06.07.2018
өлшемі2,72 Mb.
#47612
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14

Есептер.

1. Қалыпты жағдайда көлемі 61,6 л ацетилен сынап тұзының қатысында гидратацияланып, массасы 72,6 г сірке альдегиді  алынды. Альдегид шығымының массалық үлесін есепте.

Жауабы: 60 % .
2. Құрамында 20 % қоспасы бар массасы 65 г техникалық кальций карбидінен (қ.ж) қандай көлем ацетилен алуға болады?

Жауабы: 18,2 л


3. Көлемі 2600 м3 құрамында 95% метан болатын табиғи газдан (қ.ж) қандай көлем ацетилен алуға болады?

Жауабы : 1235 м3


4. Массасы 208 г ацетиленді толық жағу үшін жұмсалатын оттегінің массасын есепте. Осы масса оттегі қандай масса ауаның құрамында болады? Ауадағы оттегінің массалық үлесі 23 % құрайды.
Жауабы: 640 г О2; 2782,6 г ауада
5. Массасы 1 кг техникалық кальций карбидін сумен әрекеттестіріп 280 л (қ.ж) ацетилен алынды. Кальций карбидінің осы үлгісіндегі қоспаның массалық үлесін есепте.

Жауабы : 20 %.


6. Ацетиленнің белгілі бір көлемінің массасы 39 г . Осындай көлем пропиннің (қ.ж) массасын есепте.

Жауабы : 60 г.


7. Көлемі 2,5 л болатын этан мен этеннің (қ.ж) қоспасын бром суы арқылы өткізді. Массасы 9,4 г 1,2 - дибромэтан түзілді . Қоспадағы әрбір газдың көлемдік үлесін анықта.

Жауабы: 44,8 % ; 55, 2% 


8. Көлемі 6 л этан, этен және этин қоспасы 17,4 г күміс оксидінің аммиактағы ерітіндісімен әрекеттеседі немесе 28 г бромды қосып алады. Қоспадағы этеннің көлемдік үлесін анықтаңдар.

Жауабы: 37,33 %


9 Келесі өзгерістерді жүзеге асыруға болатын реакция теңдеулерін жаз:



А затын ата.
10 . Хлорпреннің құрамына кіретін элементердің массалық үлестері: С – 54,24 % , H – 5,65% , Cl – 40,11% құрайды. Оның буының тығыздығы сутегімен салыстырғанда 44,25. Хлорпреннің молекулалық формуласын табу керек.

Жауабы: .


Аромат көмірсутектер

Сабақтың мақсаты: Аромат көмірсутектерінің молекула құрылысының ерекшеліктері, молекуладағы химиялық байланыстың электрондық табиғаты, оның молекула қасиетіне әсерін талдау. Аромат көмірсутектердің гомологтық қатары, олардың химиялық қасиеттеріндегі ерекшеліктерді жаттығулар жасап, есеп шығару арқылы тереңдету, бекіту.

Жабдықтар:

«Аромат көмірсутектердің молекулалық құрылысы» - кесте.

«Ароматтылық - қабысу» - кесте, «есептер мен жаттығулар».

Эксперименттік есепке қажетті реактивтер: бензол, толуол,


 aq, aq, пробиркалар, фарфор табақшасы, сіріңке.
Жұмыс барысы:

1. Екі пробиркаға 3 тамшыдан бензол және толуол құю. Екеуіне де екі тамшыдан KMnO4 ерітіндісінен қосып шайқап араластыру. Өзгерістерді бақылап, реакция теңдеулерімен өрнектеу, түсіндіру.

Тағы да екі пробирка алып, оларға екі тамшыдан біріне бензол, екіншісіне толуол құйып, екеуіне де бром суын қосып, шайқап араластыру. Қандай өзгеріс болды? Өзгерістерді реакция теңдеулерімен өрнектеп түсіндіру.

Жұмыс қорытындысын жаса.



2. Фарфор табақшасының біріне үш тамшы бензол, екіншісіне толуол құйып, қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтай отырып, жанып тұрған шырпымен табақшалардағы ароматты көмірсутектерді жағу. Бақылау жасау, өзгерістерді түсіндіру, реакция теңдеулерін құрастыр.
Жаттығулар:

1) Бензол мен толуолдың қасиеттерін келесі жоспар бойынша салыстырмалы түрде бер: а) молекулалық формула; ә) құрылыс формуласы; б) молекуладағы байланыстардың сипаты; в) физикалық қасиеттері; г) химиялық қасиеттері
2) Пропилбензолдың құрылыс формуласын құрастыр. Осы қосылыстың гомологтары мен изомерлерінің құрылымдық формулаларын жазып, оларды ата.
3) Келесі өзгерістерді жүзеге асыруға болатын реакция теңдеулерін жаз:

Мұндағы Х затын атап, барлық реакциялардың жүру жағдайларын көрсетіңіз.


4. Бензолдың қасиеттеріндегі қаныққан және қанықпаған көмірсутектердің қасиеттерімен ұқсастығы неде? Тиісті реакция теңдеулерін құраңыз.
5. Құрамы  болатын және құрамына бензол сақинасы енетін барлық изомерлердің құрылымдық формуласын жазып, олардың барлығын атаңыз.

6. Келесі өзгерістерді жүзеге асыратын реакциялардың теңдеулерін жаз:

3,4- реакция өнімдерін атап, олардың жүру жағдайларын көрсетіңіз.


7. Толуол мысалында молекуладағы атомдардың өзара әрекетін түсіндір. Жауаптарды реакция теңдеулерімен дәлелде.
8. Толуол мен этилбензол дегидрлегенде беретін циклогексанның барлық гомологтарының формулаларын жазып, ата.
9. Бензол мен нитробензолдың қайсысы орын басу реакциясына (нитрлену) жеңіл түседі? Дәлелді жауап беріп, тиісті реакция теңдеулерін жаз.
10. Келесі өзгерістерді жүзеге асыруға болатын реакция теңдеулерін жаз.:




Каталог: assets -> userfiles -> files
assets -> «Арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшін мүмкіндіктері шектеулі балалардың құжаттарын қабылдау және арнайы білім беру ұйымдарына қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
assets -> Рабочая программа дисциплины дв3 История сервиса
assets -> 4. История фармации. Фармация в период Возрождения и Нового времени
assets -> 8 сынып оқушыларының Тәуелсіздік Күніне арналған кәсіби бағыт бағдар бойынша қалалық олимпиада туры №1 тапсырма
assets -> «Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
files -> БАҒдарламасы «Жаңа білім беру үрдісінде колледждің көптілділікті іске асыру тәжірибесінен»
files -> 2016 жылға жоспар


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет