Туменбаева Н. С



бет8/14
Дата06.07.2018
өлшемі2,72 Mb.
#47612
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14

Есептер:

1. 3,9 г ароматты көмірсутекті жаққанда 13,2 г көміртегі оксиді (ІҮ) және 2,7 г су түзілді . Ароматты көмірсутектің формуласын тап.

Жауабы: .
2. Зат мөлшері 1 моль болатын бензол алу үшін ацетиленнің қандай массасы керек, егер реакция өнімінің шығымы 30% болса?

Жауабы: 260 г.


3. Көлемі 25 л болатын ацетиленнен (қ.ж) массасы 16 г бензол алынды. Бензол шығымының массалық үлесі (%) қандай?

Жауабы: 55,17.


4. Массасы 78 г бензолды нитрлегенде массасы 105 г нитробензол алынды. Нитробензол шығымының массалық үлесі (%) қандай?

Жауабы : 85,36.


5. Реакцияның әр сатысының шығымы 100% деп есептеп, құрамында қоспаның массалық үлесі 12 % болатын 300 г кальций карбидінен алынған ацетиленнен қандай масса бензол алуға болады? Алынған бензолды циклогексанға айналдыру үшін (қ.ж) қандай көлем сутегі қажет?

Жауабы: 107,25 г ; 92,4 л H2


Бақылау сұрақтары:

1. Бензолдың құрылысы жайлы қазіргі кездегі түсінік қандай?

2. Диметилбензолдың барлық изомерлерінің формуласын жаз.

3. Катализатор қатысында бензолды сульфилирлегенде, нитрлегенде,

бромдағанда қандай өнімдер түзіледі? Реакция теңдеулерін жаз.

4. Бензол ядросындағы орын басу реакцияларының негізгі ережелерін

тұжырымда. Бірінші және екінші реттік орынбасарлардың

мысалдарын келтіріп, реакция теңдеулерін жаз.

5. Метилбензол мен нитробензолдың бромдану, сульфилирлену, нитрленуін

орынбасу ережесін пайдаланып, жазып көрсетіңіз

6. Бензолды жарықта хлорлағанда қандай өнім түзіледі?

7. Аромат көмірсутектерін зертханада және өнеркәсіпте алу.



  1. Аромат көмірсутектер және олардың туындыларының медицинада

қолданылуы.
Эксперименттік есеп.

1) Екі нөмірленген пробирканың № 1 –не бензол, № 2 – не толуол, не ксилол құйып, берілген реактивтер: 5% -  және 10%  ерітіндісі,  сұйытылған ерітіндісі көмегімен анықтауды ұсыну. Жауаптарын тәжірибе қорытындысы бойынша реакция теңдеуін жазу арқылы дәлелдеу.

Қосымша

«Көмірсутектер» тақырыбы бойынша жаттығулар мен есептер
1. Келесі өзгерістерді жүзеге асыруға болатын реакция теңдеулерін құрастыр: а) бензол → бромбензол; ә) метан → бензол; б) бензол → гексахлорциклогексан; в) этилбензол → стирол. Реакциялардың жүру жағдайларын көрсетіңіз.
2. Нитрлеуге бензол мен толуолдың қайсысы жеңіл түседі ? Неге?
3. Келесі өзгерістерді жүзеге асыруға болатын реакция теңдеулерін құрыңыз:
4. Көлемі бойынша табиғи газ 90 % метан , 5% этан, 3% пропан және 2% азоттан тұрады. Осындай 1000 л газды жағу үшін қандай көлем ауа қажет, егер ауадағы оттегінің көлемдік үлесі 21 % болса ?

Жауабы: 10,12 м3


5. Бензолдың белгісіз мөлшерін екі ыдысқа 1:2 қатысында бөліктерге бөлді . Аз мөлшерін оттегінде жағып, одан 110 г көміртегінің (ІV) оксидін алды. Көп бөлігін нитрлегенде қандай масса нитробензол алынады, егер оның шығымының массалық үлесі 56 % -ті құраса?

Жауабы: 57,4 г.


6. 240 л табиғи газды (қ.ж) бензол алуға пайдаланды. Метанның газдағы көлемдік үлесі 90 % . Егер бензолдың шығымы 60% болса, алынған бензолдың массасы қандай болады?

Жауабы: 75,2.


Зертханалық жұмыс

Спирттер

Жұмыс мақсаты:

Спирттердің молекулалық құрылысы мен молекуладағы атомдардың өзара әсерін анықтау. Функционалдық топтың олардың қасиеттеріне әсерін тәжірибе жүзінде зерттеу. Көп атомды спирттерді бір атомды спирттерден ажырата алуды тәжірибе жүзінде игеру.



Жабдықтар мен реактивтер:

этанол,,5% ag,5% ag,10% , ағаш шыраға бекітілген мыс сым, Br2 ag, спирт шамы, сіріңке, ұстағыш, штатив, пробиркалар,глицерин,5%  ,10%  ,5% .

Жұмыс барысы:

№ 1. Этанолды шала тотықтыру. а) Мыс сым арқылы.

Пробиркаға 1 мл этанол құю. Спирт шамы жалынына ағаш сапқа бекіген мыс сымды қызарғанша қыздырып, жылдам пробиркадағы спиртке батыру.

Пробирка аузындағы ауаны қолмен өзіне қарай желпіп, иісті анықтау. (Шіріген алма иісі - аз концентрациялы сірке альдегидінің иісіне тән )


2. Калий дихроматымен қышқылдық ортада этанолды шала (жартылай) тотықтыру

Пробиркаға 1 мл этанол,5 тамшы , және 3 тамшы ерітіндісінен құю . Ерітінді түсінің өзгеруін бақылап, өзгерістерді реакция теңдеулері арқылы өрнектеу. Қорытынды жасау. Өзгерістің иондық түрінің үлгісі:




Каталог: assets -> userfiles -> files
assets -> «Арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшін мүмкіндіктері шектеулі балалардың құжаттарын қабылдау және арнайы білім беру ұйымдарына қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
assets -> Рабочая программа дисциплины дв3 История сервиса
assets -> 4. История фармации. Фармация в период Возрождения и Нового времени
assets -> 8 сынып оқушыларының Тәуелсіздік Күніне арналған кәсіби бағыт бағдар бойынша қалалық олимпиада туры №1 тапсырма
assets -> «Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
files -> БАҒдарламасы «Жаңа білім беру үрдісінде колледждің көптілділікті іске асыру тәжірибесінен»
files -> 2016 жылға жоспар


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет