«Туризм және сервис» кафедрасы Пән: «Жетісу өлкетануы»


Райымбек аудандық тарихи- өлкетану музейі



бет43/61
Дата01.05.2022
өлшемі126,95 Kb.
#141589
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   61
Байланысты:
Жетісу өлкетану сессия.docx (копия)
айтылымдар, 1, 36. Ш-Университет студенттері үшін сауалнама (жұмысқа орналастыру бойынша), music - exercises 0, 2 5247087251178918766
71. Райымбек аудандық тарихи- өлкетану музейі
Мұражайдың орналасқан ғимараты 1933-1934 жылдары Кеген аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы Жандосов Ораз Кәкімұлына салынған үй болатын Мұражай 1987 жылы алғашында тарихи-этнографиялық мұражай болып ашылды. Ал 2011 жылы 25 қаңтарда Алматы облысы әкімдігінің № 18 қаулысымен мұражайдың атауы «Райымбек аудандық тарихи өлкетану мұражайы» болып өзгерді. Мұражайда барлығы – 1856 музейлік маңызы бар заттар мен материалдар бар. Оның ішінде 1675 – негізгі қор, 181- ғылыми көмекші қорларға жатады. Мұражай қорын құрайтын экспонаттардың ішіндегі құнды заттарға қола дәуіріне жататын балбал тас, петроглифтер және О.Жандосовтың жеке заттары бар. Мұражайда экспозицияға арналған 4 бөлме бар.Райымбек ауданының құрылу тарихы мен территоиясының схема-картасы. 
Экспозициядағы экспонаттар: Жылдың төрт мезгіл көрінісі мен мамонттың тісінің бір бөлігі, азу тісі. Қызыл кітап мұқабасымен табиғат қорғауға арналған документтердің фотокөшірмелері. Райымбек ауданы тау төсіне орналасқан, табиғаты қатал, қысы ерте түсіп, көктемі кеш шығатын Жетісу өңіріндегі ерекше аудан. Соған қарамастан астықтың дәнді-дақылдың көп түрлері өседі. Ауданда өсірілетін дақыл түрлері мен аң құстардың қатырылған денелері қойылған экспозиция да қойылған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   61




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет