«Туризм және сервис» кафедрасы Пән: «Жетісу өлкетануы»


Ауданындамыздағы көптеген тарихи архелогиялық ескерткіш орындарынан адамды жерлеу дәстүрінен көрініс



бет44/61
Дата01.05.2022
өлшемі126,95 Kb.
#141589
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   61
Байланысты:
Жетісу өлкетану сессия.docx (копия)
айтылымдар, 1, 36. Ш-Университет студенттері үшін сауалнама (жұмысқа орналастыру бойынша), music - exercises 0, 2 5247087251178918766
Ауданындамыздағы көптеген тарихи архелогиялық ескерткіш орындарынан адамды жерлеу дәстүрінен көрініс. 
Б.э.д. 3-1 ғасырларда қыштан жасалған Жетісу үйсіндерінің ыдыс аяқтары, садақтың ұшы дән үккіш тас, батырлардың киетін сауыт -саймандары, садақ, найза, шоқпар, сақетер және т.б. Қазақ халқының батырлары мен билерінің фото көшірмелері ілінген.
72 . Қарамерген
Бақанас ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 200 км жерде, (Алматы облысы, Балқаш ауданы) Ортасудың құрғап қалған арнасының Шетбақанасқа құятын тұсынан 3 км қашықтықта орналасқан.
Қарамерген қаласы мен Іле-Қаратал өзендерінің аралығында жүргізілген археологиялық жұмыстарды саралай келе, ІХ–ХІІІ ғ.ғ. Іле өзенінің төменгі ағысында Орталық Қазақстан мен Іле өңірін жалғастырған Ұлы Жібек жолы тармағы бойындағы елді мекендер мен қалаларға байланысты егін шаруашылығы жақсы дамыған аймақ болғанын байқауға болады. Керуендер шамасы Балқаштың солтүстік жағалауына Тоқырау өзені құятын тұстан ені 8 км тар бұғаз арқылы қыста көлге қатқан мұздың үстімен, ал көлдің суы төмендеген жылдарда таяз жеріндегі өткелдер арқылы өткен.
ХІХ ғ. соңында жасалған осы аймақтың топографиялық карталарына талдау жүргізу қызықты мәліметтер береді. Олар: Азиялық Ресейдің иелігіне кірген бөлігінің картасы (1884 ж. шыққан, ІV парақ, масштабы: 1 дюймде 100 верст, 1:42000); Азиялық Ресейдің оңтүстік шекаралық белбеуінің картасы (1921 ж. шыққан, ХІІ парақ, масштабы: 1 дюймде 40 верст, 1:1680000). Осы карталарда Іле мен Қаратал өзендерінің екі жағалауымен Балқаш көлінің солтүстік және оңтүстік жағалауларына қарай өтетін керуен жолының бағыты, сонымен бірге Сарыбұлақ (бекет) ауылынан (қазіргі Көксу ауылының ауданы) батысқа, солтүстік-батысқа Сары- Ішік-Отырау құмы арқылы Іле өзенінің қазіргі сағасына дейінгі жол белгіленген. Ары қарай керуен жолы Балқаш көліне (Сартұмсық ауылы) кеткен. Керуен жолының осы аралықтағы 300-350 км-ге жуық бөлігінде 10-нан астам түнейтін мекендер мен құдықтар орналасқан. Картада Дуртгут және Ақтам деп белгіленген бекініс қирандылары археологиялық Қарамерген және Ақтам қалаларының орналасқан жерімен сәйкес келеді. Балқаш көлінің солтүстік жағалауында, қазіргі Балқаш қаласынан біршама шығыста белгіленген «бұрынғы Быртыс айлағы» арқылы керуен жолдар солтүстікке қарай Қарқаралыға, одан ары Семей, Павлодар, Ақмолаға бет алған.
Сондай-ақ картада Шетбақанас өзені Ақ там қаласының маңында суы тұрақты ағатын арна ретінде көрсетілуі өте қызықты. Жоғарыдағы айтылғандардан ХІХ ғ. соңында Балқаштың оңтүстік маңындағы керуен жолдар бағыты ежелгі заманнан бері қарқынды қолданыста болған деп қорытынды жасауға болады.
Жоспары бойынша тікбұрышты келген қаланың көлемі – 115х120 м, бұрыштары дүниенің төрт тарабына бағытталып, айналасындағы жерден 2 м биік болып орналасқан. Қабыр- ғаларының жақсы сақталғандығы соншалықты – бүгінгі күннің өзінде олардың биіктігі 3 м-ге жетеді, ал бұрыштарындағы мұнаралардың биіктігі – 5 м. Солтүстік-батыс және оңтүстік- шығыс қабырғаларының бойында биіктігі 3,5 м болатын тағы да екі мұнараның орны бар. Қаланың қақпасы солтүстік-шығыс және оңтүстік-батыс қабырғаларының орта тұсында орналасқан. Олардың құрылымы күрделі. Қақпалар «Г» тәрізді қабырғалармен қалқаланған, бұрыштарында мұнаралар орналасқан. Ал оңтүстік-шығыс қақпа 1,5 м биіктікте сақталған шығыңқы дуалмен нығайтылған. Қарамерген – мәдени қабатының қалыңдығы 0,5-0,8 м болатын бір құрылыс қабатынан тұратын қала.
Қаланың батыс мұнарасының сыртынан жүргізілген тазарту жұмыстары мен ішкі жағына салынған қазба оның жоғары қарай тарылып барып, басында диаметрі 3 м болатын конус тәріздес болғандығын көрсетті. Мұнараны тұрғызуға көлемі 55×25×8,5 см және 50×23×8 см болатын қам кірпіштер пайдаланылған. Сонымен бірге Қарамергеннің аумағын қоршап жатқан сыртқы қабырғасының бір бөлігі тазартылады. Тазарту жұмыстары барысында анықталған 4,5 м қалыңдықтағы қабырғасы қам кірпіш, пақса блоктар мен саз домбаздардың араластыра қалау тәсілімен тұрғызылған.
Қаланың оңтүстік-батыс жағынан 0,8-1 км жерден бір кезде суы кемерінен аққан, қазір құрғап қалған Ортасу өзенінен шығарылатын үлкен арық өтеді. Қарамергеннен батыста 2 км жерден оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа, Балқаш көліне қарай екінші үлкен арық өтеді. Оман арықтың сақталған ұзындығы – 10 км, арнасының кеңдігі – 8-10 м. Бақанас қалаларының үстінен жиналған және қазба кезінде табылған қыш ыдыстардың сипаты аталған ескерткіштердің IX–XIII ғ.ғ. Ақтам қаласы. Аэрофото мерзімделетінін көрсетеді. Бұл қазандар, асханалық және су таситын құмыралар, саптыаяқтар, тостағандар, су құюға, дән, ұн сақтауға арналған үлкен ыдыстар – хұмдар. Ыдыстардың басым көпшілігі сазға құм мен әк араластырылған сапалы шикізатпен шарықта жасалған. Қыш бұйымдар көзеші пештерінде күйдірілгендіктен, саздары қара қоңыр немесе қара қызыл түске айналған.
Бақанас қалаларының, әсіресе Қарамерген керамикаларының өзіндік ерекше белгілері бар – олар күйдіру кезінде қара-қоңыр, сұр және қара түстерге енсе, ал сынығы жеңіл әрі сыңғырлы. Ыдыстардың осындай ерекшелігі жергілікті шикізаттың сапасы мен қандай да бір белгісіз қоспаның әсерінен болуы мүмкін. Қаланың үстінен ыдыс сынықтарынан басқа сынған ыдыстардың бүйір қабырғасынан жасалған бірнеше қыш ұршықтасы жинап алынды. Бақанас қалаларының сырлы ыдыстарын бірнеше кесе, тостағандардың ұсақ сынықтары құрайды. Ақ ангоб жүргізілген бетіне ақ-сұр түстегі сапасы төмен сыр жағылып, оның үстінен жасыл, қызыл қоңыр, қызыл дақтар мен сызықтар салынған. Бояулардың сапасы төмен, сыры дөрекі, ыдыстан оңай ажырайды. Ескерткіштерден табылған арасында ауа көбіршіктері көп ақ немесе қоңыр түсті шыны ыдыстардың сынықтарын XI–XIII ғ.ғ. жатқызамыз.
Қарамерген қаласы өзінің бірегейлігі және құндылығымен ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген. Дегенмен ескерткіштің киелілік маңыздылығы бар. Сауда жолының бойында құмды аймақта орналасқан ол ежелгі уақытта Балқаштың оңтүстік ауданын қысқы жайылым ретінде пайдаланған тұрғындардың дұға оқып, мінәжат ететін орны болған. Қала арқылы ары-бері өткіншілер мұнда діни салттарды өздерімен бірге әкелсе, ал Қарамерген қаласын тұрғындары тастап кеткеннен кейін қазақтар киелі орын ретінде санап келеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   61




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет