«Туризм және тілдер» факультеті шағын жоба тақырыбы: Қаңлы мемлекеті мен Кангую мемлекетінің тарихы Орындаған: Берекенова Н. Ж. Сағынова Ж. Б



бет2/7
Дата09.12.2023
өлшемі43,81 Kb.
#196020
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
қаңлы
СОЧ Алгебра 7кл каз, СОЧ Алгебра 7кл каз, Кәсіби білім беру жолдары, Презентация Microsoft PowerPoint (4), Презентация Microsoft PowerPoint, ОСОЖ , абайтану, 8 каз лит 2ші жб шығару, карлыгаш ауыз су
Жобаның өзектілігі: Қаңлы мемлекетінің тарихын айқындап көрсету


Жобаның мақсаты:

  • «Қаңлы» атауының шығу тарихын зерттеу және Кангую мемлекетінің территориясы анықтау;

  • Қаңлы мемлекетінің саяси құрылысы және әскери қуатын зерттеу;

  • Қаңлы мемлекеті мәдениеті туралы ақпараттар қарастыру;

  • Қаңлы мемлекеті, шаруашылығы мен кәсібін анықтау.

Зерттеу жобасы кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімдерден тұрады.


1. «Қаңлы» атауы және Кангую мемлекетінің территориясы туралы деректер

Түркітану саласында «қаңлы» этнонимнің, не этнопонимінің шығу тегін айқындау негізгі өзекті мәселе болып саналады.


«Қаңлы» деген кімдер, ру тайпа ма, ұлыс па, әлде жер-су атауы ма,ол қашан және қай жерде,қалай пайда болды? Бұл атаудың мағына-мәні не,ол қалай өте ежелгі тайпалардың атауы болып қалыптасты?Бұл жұмбақтың түйінін шешу көптеген жылдарға ізденістен кейін де ғалымдар үшін мүмкін болмай отыр.Өйткені оған жауап ретінде берілетін варианттарды сан-саналы болуы.Ал,бұл мәселені одан әрі күрделендіріп отыр.Сондықтан біз бұл тарауда «қаңлы» атауының екі түрі көзқарастағы бастамдарына тоқталайық.
Қаңлы атауының «өзен-су» идеясы көптеген ғалымдардың еңбектерінде /18/ алға тартылған болатын. Қайдар Абдуали зерттеу еңбегіне үңілсек қаңлы ұғымына байланысты атаулардың жалпы саны 40-тан астам екен .Олар мынандай болып келеді:
Кәну-Кану
Кәңгерес-Кенгерес
Кенегес-Кенегес
Кеңгелер-…
Бұл аталған сөздердің бәрінің түбірі «Кан» сөзінен таралып отыр. Демек бұл түбір - қаңлы тайпасының атамекені саналатын бір заманда «қаң», «қаңға», «қаңқа» аталған тек Сырдарияның өзіне ғана тән атау емес,сонымен қатар бүкіл Азия құрлығының төрт бұрышына түгел таралған жүздеген географиялық (жер-су) және этнонимиялық (ру-тайпа) атаулардың дүниеге келуіне негіз болған.Әмбебап түбір сөз. Мәселен, Үндістанда Ганг, Оңтүстік Кореяда Канган, Солтүстік Кореяда Канге, Қытайда Цзянь (осылай жазылғанымен Қытайша оқылуы Кань) делініп келеді. Ал, Сырдың бір замандағы аты Қақ //Қаңға болған,енді Алтай өңіріндегі өзен атауларына назар аударсақ,онда былайша болып келеді: Ақ-қан (Ақ өзені), Ара-қан (Ара өзені), Арын қан (Арын өзені), Асқар-қан (Асқар өзені), Бай-кан (Бай өзені),Берке-кан (Берке өзені), т.б Осы деректерді келтірген сөздіктің авторы О.Т.Молчанова: «По данным картотеки топонимов Сибири при Томксом университете есть еще шесть как, правый приток М.Потом,Тихий Кан; р,Кан-правый приток Енисея, Кан на территории Сибири…» деп жазды.
Басқаны қойғанда, тек Ш.Уәлиханов еңбектерінде ған кездесетін «қақ» түбіріне қатысты 6-7 туынды атау өзі нені көрсетеді:Қаңлы,Қанглы, кангюй (қақғұй),канезы (қақездер), канкалы (қаңқалдар), кенегес (кенегестер), кангары (қаңғарлар) т.б .
Осылардың бәрі сайып келгенде,қаңлы //кангюй этнонимімен этнотопонимдерінің қалыптасуына негіз болған гидронимдік түбір екндігін дәлелдейтін деректер.
Ал, енді Кан – қаң түбірлі вариантты атауларға тоқталар болсақ онда ол мынандай болып келеді.
Кангюй – этнотопоним:Сырдария бойында б.д.д ІІ-ғасырда пайда болып,дәурендеген алғашқы түркі мемлекеттерінің бірі.Бұл тарихта белгілі,және қалыптасқан дерек. «Кангюй» (қаңлының Қытайша атауы).[1]
Н.Я.Бишуриннің пікірі бойынша, мемлекеттің, әрі сол мемлекеттің негізін құрушы және оны ұзақ ғұмырлар бойы (VІІІ ғасырға дейін) билеп төстеген негізгі тайпа қаңлылалрдың атауы . Ал Малявкин А.Г. өзінің
ұйғырлардың ІX-XІІғ.ғ.тарихына байланысты қытай деректері негізінде жүргізілген зерттеулерінде қаңлы этнониміне әртүрлі қатысы бар кан-цзюй кангы, канго атауларын келтіріп, кан-цзюй атауы қаңлы халқының өз атауы емес.,Тан патшалығы дәуіріндегі Шығыс Түркістандағы Соғды колониясындағы қаңлылардың атауы деп көрсетеді.Ал Н.Аристов қаңлы түріктердің дулаттардан да көне тайпалары деп айтты.
Енді қаңлы атауына байланысты қалыптасқан екінші көзқарас ол- «арба» идиясы. Жоғарыда қаңлы этнонимінің түп-төркіні гидроним түбірінен, оның «өзен-су»деген мағынасы бар екенін айттық.
«Қаңлы-арба» идиясының бұрынғы сарынымен жалғасып келе жатқанын біз көптеген қазақ авторларының еңбектерінен де көруге болады.Мәселен, академик Ә.Марғұлан өзінің «О происхождении племени канглы» атты еңбегінде былай деген : «Термин «канка» встречается в древнейших источниках.Так канка упоминает в Зенд-Авесте. «Канка» генетические связан с названием племени «канглы»,древнейшим центром которого был город Канка. …повозка «канк»была принадлежностью и средством передвижения исключительно представителей знати» дей келіп,Абулғазы,Рабғузи т.б.еңбектеріне сілтеме жасайды.
Құдайберді Шәкәрімнің өзі де шежіре жәйлі еңбегінде: «Қаңлы» деген «арбалы» деген сөз,ұйғыр ішінен қаңлы аталған, бұлар бұрын бек көп ел болған,Стамбулдағы Осман түрікте қаңлы нәсілінен»-деп жазады. Мұндай деректерді көптеп келтіруге болады.Тарихи әдебиеттерде былай қойғанда қаңлы этнонимін «қаңға-арбадан» шығаратын этимологиялық түсініктемелердің бар екенін айтпасқа болмайды.Соның бірі –түрік ғалымы Іспет Зәки Ейұбоғлұның «Түркі тілінің этимологиясының сөздігі» атты еңбегінде «қаңлы»этнониміне берілген түсініктеме.
Көп ізденістерден қорытынды шығарған академик Ә.Қайдар былай деп түйін шығарды:қаңлы-қырықтан астам атауы, сан алуан елдің қалыптасуына ұйытқы, құрамдас бөлшегі болсада, түп-төркіні біреу-ақ, ол:қан// қаң түбірінен тараған түрік тайпаларының ең байырғы, ірі әрі ұзақ жасап келе жатқан көне этникалық топтардың бірегейі,қазақ жерінде дүниеге келген көне тайпа-қаңлының байырғы атауы.
Қаңлылардың территориясын анықтауға арналған жұмыстар да өте көп. Оның бес иелігі болғаны Сусе, Фуму, Юни, Ги және Юегань белгілі.Әйтсе де бұл мәселе әлі де зерттеуді қажет етеді.
Бүгінгі Қазақстандық және Орта Азиялық ғалымдар қаңлылар иелігіне Сырдариядан Іле өзеніне дейінгі аймақ жатады деп есептеген.А.Н.Бренштам және кейін оны қолдаған ғалымдар В.Вбартольд пікіріне сүйенеді.
А.Н.Бернштам Сырдариядағы қаңлылардың иелігін былайша белгілейді:
1.Сусе-Сырдарияның орта ағысы,Арыс өзені және Қаратау жоталары;
2.Фуму-Сырдария ауданы бойынша Жаңақорғаннан Қазалыға дейін;
3.Юни-шам (Ташкент)өңірі;
4.Ги-Сырдарияның төменгі ағысы;
5.Юегань-Амударияның төменгі ағысы, Хорезм өңірі;
Сусе жеріндегі Битянь қаласы яғни Қаратау таулы аймағы.
Енді төмендегі деректегі маңызды үзінді негізінен әр иеліктің аумағы, әкімшілік орталығы жөнінде кеңірек мәлімет аламыз.Онда былай делінген:В государстве Канцзюй было пять удельных князей (Сяо ван).Первого звали князь Сусе, его резиденция в городе Сусе.До (местопребывания) наместника 5776 ли,до заставы Янгуань 8025ли.Второй именовался князем Фумо резиденция его была в городе Фумо.До место пребывания наместника 5767ли.Находятся в городе Юйни.До (местопребывания ) наместника 5266 ли,до заставы Янгуань 7525 ли.Четвертый именуется цзи,его резиденция находятся в городе Цзи.До местопребывания наместника 6926 ли,до заставы Янгуань 8555 ли.Имя пятого князя Аоцзянь,резиденция его находятся в городе Аоцзянь.До местопребывания наместника 6906ли,до заставы Янгуань 8355 ли.(Хань-Шу, «Повествование о государстве Канцзюй»-Н.Я.Бичурин аудармасы.ІІ-том.186б.)
Бұл мәліметтерді Чжан Цянның дәлдікпен жеткізуіне қарағанда ол «Чжан Цянь прошел …концзюй», «…побывал лично …у концзюй»/30/дегендей ол тек қана канцзюй орталығы Битяньда ғана емес оның бес иелігінде де болған деп сенімді түрде айтуға болады.
Б.з.д.104-102 ж.ж. Хань-да-юань соғысының аяқталғаннан кейін Канцзюйге Хань офицері Шань Гуань өз әскерімен ешқандай жол сілтеушісінсіз-ақ басып кірген болатын.Ол Ю қаласының билеушісін ұстап алып жазаға тартты.Ю Қытай әскери отрядын талқандауға қатысқан болатын.Тағы бір мысал.Б.з.д.36 жылы Чжи-чжи Шаньюйдің солтүстік суннуйлік ордасы және әскерінің қиратылуына байланысты «үш әскер Оңтүстік жолмен Цунлин (Памир ) арқылы және Да-Юань (Ферғана), Думай (Талас) өзеніне дейін келді».
Қытай авторларының (саяхатшылары, дипломаттар, чиновниктер, әскерилері ) батыс өлке туралы мәліметтері мынандай тенденцияны анық көрсетеді дейді Н.Я.Бичурин: «Проникновение и освоение Ханьцами Заподного края (Сиюй) шло в рамках долговременной великодержавной политики Поднебесной по сдерживанию и нейтрализаций сюнну».[2]
Бұл саясат Нань-Шань,Куэнь-Лун,Тянь-Шан таулы аймақтармен жоспарлы түрде Батысқа жылжыды.Уақыт барысында аталған бағыт Ұлы Жібек жолының оңтүстік және солтүстік тармағына бөлініп кетті. Ұлы жібек жолының бойында орналасқан көптеген мемлекеттерді (қалалар, иеліктер, хандықтар картаға түсіріп отырды).
Тарау соңын қорытындылай отырып Қаңлы туралы мәліметтердің басым көпшілігін Қытай деректерінен тұратынын байқадық.Бұл деректердің негізінен Қаңлы мемлекетінің ұлан-ғайыр жерді алып жатқанын көреміз.Сондай-ақ, бұл мемлекеттің түркі тайпаларының ішіндегі ең қуатты мемлекет болғандығы да көп хабарламаларда анық айтылған.Ал этимологиялық талдау барысында бүгінде 40-тан астам варианттардың бар екендігін академик Ә.Қайдар еңбегінен алынған мәліметтерден кездестірдік.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет