«Туризм және тілдер» факультеті шағын жоба тақырыбы: Қаңлы мемлекеті мен Кангую мемлекетінің тарихы Орындаған: Берекенова Н. Ж. Сағынова Ж. Б



бет4/7
Дата09.12.2023
өлшемі43,81 Kb.
#196020
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
қаңлы
СОЧ Алгебра 7кл каз, СОЧ Алгебра 7кл каз, Кәсіби білім беру жолдары, Презентация Microsoft PowerPoint (4), Презентация Microsoft PowerPoint, ОСОЖ , абайтану, 8 каз лит 2ші жб шығару, карлыгаш ауыз су
Мемлекет құрамы мен құрылымы Қаңлы мемлекетіне қатысты өзекті мәселелердің ең бастысы-оның құрамы мен құрылымын айқындау.Ол үшін мемлекетті үш шеңберде қарастырайық.
Бірінші шеңберге Қаңлы мемлекетінің өз басына тән негізгі мемлекеттік жер көлемі ғана кіруге тиіс.Ол хронологиялық нүкте аралығымен өлшенгені жөн.Оның бірі-б.д.д екіншщі ғасырда Қытай елшісі Чжан-Цзянның мағлұматы бойынша белгіленген Кангюй мемлекетінің өз үлесіндегі жер аумағымен, екіншісі-VІІІ ғасырға дейінгі Кангюй-Канқа-Хорезм мемлекетінің үлесіндегі жер аумағымен өлшенуге тиіс.
Екінші шеңберге бір-біріне жалғаса дамыған бір мемлекеттің екі кангюй және Канқа-Хорезм атанған құрамына бағынышты,солардың билігінде болған тәуелді иеліктерменен бектіктер, кішігірім қала патшалықтарыдала хандықтарының өріс қоныстары жатады.
Үшінші шеңберге жалғаса дамыған Кангюй-Канқа-Хорезм мемлекетінің аталған территорияларының сыртында қаңлылардың әр кезде,әртүрлі тарихи демографиялық себептерге байланысты тұрақтанып, тұрып қалған өріс-қоныстары жатады.Қаңлылар жасаған бұл аумаққа түркі әлемінің көп жері енетіні белгілі.Оларға мәселен,Қазақстанның ұлан-ғайыр кең территориясының Сыр бойынан басқа жерінен, Орта Азияда, Иран, Тұран, Түркістан жерінде кейін пайда болған Өзбекстан, Қырғызстан, Қарақалпақстан, Түркіменстан территорияларын, сондай-ақ Түркі әлеміне тән Татарстан, Башқұрстан, Ноғай, Қырым; Сібір өңіріндегі Сақа, Хакас, Тува, Алтай және Осман империясын сондай – ақ Моңғолия, Қытай, Ресей т.б. елдердің жерлерін жатқызуға болады.
Осы аталған өлке аймақтардың бәрінде де кезінде көне қаңлы тайпалары жеке дара қауым, тайпа ұлыс болып та, шағын этникалық топ болып та тіршілік жасағаны және кей жерлерде күні бүгінге дейін жасап келе жатқаны белгілі.
Осы орайда, қаңлылардың түркі әлеміне кең тарап кетуіне негіз болған үш себепті атай кетуге болады: біріншіден, олардың түркі тайпаларының ішіндегі ең көне әрі байырғыларынан саналуы, екіншіден, өзінше қалыптасқан тарихи тағдыры, үшіншіден, эмиграциялық, демографиялық өміршең табиғаты т.б. ерекшеліктері жатады.
Мемлекетті басқару жүйесі. Қаңлы мемлекетінің б.д.д. II ғасырда қалыптасқан қорыта келе, Қытайтанушы қазақ тарихшысы Нәбижан Мұқаментханұлы ол жүйесінің төмендегіше бес деңгейін атап көрсетеді.[3]


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет