Тұздар гидролизі. рН туралы түсінік сутектік көрсеткіште Сабақтың мақсаты



бет1/2
Дата06.02.2022
өлшемі22,12 Kb.
#81496
түріСабақ
  1   2
Байланысты:
АШЫК САБАК
АШЫК САБАК, 5 Grade 2 term (Восстановлен), Арнау автор Калиева

Сабақтың тақырыбы: Тұздар гидролизі. рН туралы түсінік (сутектік көрсеткіште
Сабақтың мақсаты: а) білімділік: Оқушыларға гидролиз туралы мағлұмат беру,тұз ерітіндісіндегі реакция ортасын анықтау тәсілдерін үйрету.
ә) дамытушылық: гидролиз реакция теңдеулерін жүйелі жазуларын, химиялық тілде сөйлеуін, тез ойлау қабілеттерін дамыту.
б) тәрбиелік: қауіпсіздік техникасының ережелерін ескеріп, оқушыларға эстетикалық тәрбие беру.

Сабақ типі: Аралас сабақ
Сабақ түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақта қолданылатын әдістер
мен көрнекіліктер:
Сөздік: сұрақ – жауап, түсіндіру.
Практикалық: Тәжірибелік жұмыс, интерактивті тақта,
құрал – жабдықтар: NaCI, Na2CO3, NH4CI, K2S, CuCI2, NiCI2, FeSO4, CuSO4 т.б. тұз ерітінділері, индикаторлар: фенолфталейн, лакмус, метилоранж, дист. су, пробиркалы штативтер,
Пәнаралық байланыс: биология, география.
Сабақ жүрісі
І. Амандасып, сынып реттілігін тексеру.
Сыныпты 4 топқа бөлу. 
1-топ: «Қышқылдар»
2-топ: «Негіздер»
3-топ: «Тұздар»
4-топ «Оксидтер»
ІІ. Өткенді қайталау сұрақтары:

  1. Қандай иондар катиондар деп, қандай иондар аниондар деп аталады? («+», «-»)

  2. Бейорганикалық қосылыстардың неше класы бар?

  3. Оксидтер, негіздер, тұздар, қышқылдар анықтама беру

  4. Электролиттік диссоциация теориясы дегеніміз не?

  5. Электролиттік диссоциацияға қандай заттар түседі?

  6. Бейорганикалық қосылыстардың барлығы дерлік электролиттік диссоциацияға түсе ме? Жоқ, оксидтер ЭД – ға түспейді, себебі иондары жоқ. 

  7. Ерітіндіде сутек катионының бар екені қалай анықталады? (Н+ , а) + лакмус = ерітінді қызарады; ә) + металл = Н2↑).

  8. Ерітіндіде гидроксид аниондарының бар екенін қалай анықтайды? (ОН, + фенолфталеин = таңқурай түсті).

  9. .Тұздарда ортаны көрсететін ион жоқ. Бірақ тұз ерітінділерінің ортасын анықтауға болады. Ол үшін слайдқа назар аударып, 8 сыныпта оқыған тұздардың жіктелуін еске түсірейік

1. Орта тұздарды табыңдар:
2. Негіздік тұздарды:
3. Қышқылдық тұздарды:
4. Қос тұздарды: 
ІІІ. Әр топ алдарына таратылған жоспарға қарап отырып, «Тұздар гидролизі» туралы түсінік береді
Осы тұздардың ішінде орта тұздар гидролиз реакциясына түседі.
Тұздардың сумен әрекеттесіп, алмасу реакциясына түсуі гидролиз 
деп аталады. 
Кез келген тұзды қышқыл мен негіздің әрекеттесу өнімі деп қарастырамыз. Тұздардың құрамы мен қасиетіне қарай күшті қышқыл мен күшті негізден тұратын тұздар NaCI, KNO3, Li2SO4 
Әлсіз негізбен күшті қышқылдан тұратын тұздар: FeCI2, CuCI2, NiCI2 
Күшті негізбен әлсіз қышқылдан түзілген тұздар: Na2CO3, K2S, K2SO3 
Әлсіз қышқыл мен әлсіз негізден түзілген тұздар: AI2S3, CH3COONH4 
Енді осы тұздардың ортасын анықтап, гидролиз теңдеулерін жазамыз.

  1. Әлсіз негіз бен күшті қышқылдың тұзы.

  2. Күшті негіз бен әлсіз қышқылдың тұзы.

  3. Әлсіз негіз бен әлсіз қышқылдан түзілген тұздар.

  4. Күшті қышқылмен күшті негізден түзілген тұздар. Сутектік көрсеткіш.

1. Әлсіз негізбен күшті қышқылдан түзілген тұздар гидролизденеді.
NH4CI + HOH ↔ NH4OH + HCI қайтымды процесс.
NH4+ + CI- + HOH ↔ NH4OH + H+ + CI-
NH4+ + HOH ↔ NH4OH + H+ орта қышқылдық

Ортаның өзгеруі тұз ионының сумен әрекеттесуінің нәтижесінде пайда болады. 
2. Күшті негізбен әлсіз қышқылдан түзілген тұздар гидролизденеді
Na2 CO3 + HOH ↔ NaHCO3 + NaOH

2Na + + CO32- + HOH ↔ Na+ + HCO3- + Na + + OH-

CO32- + HOH ↔ HCO32- + OH- 
Орта сілтілік
3. Әлсіз негізбен әлсіз қышқылдан түзілген тұздар гидролизденеді.
Бұл жағдайда гидролиз реакциясы соңына дейін жүріп, қышқыл мен негіз түзіледі. Яғни гидролиз реакциясы қайтымсыз болады: 

AI2S3 + 6H2O → 2AI(OH)3↓ + 3H2S↑ орта бейтарап.

4. Күшті қышқылмен күшті негізден түзілген тұздар гидролизге ұшырамайды. Мұндай тұздардың иондары сумен әлсіз электролиттер түзе алмайды. Тұздардың иондары іс жүзінде реакцияға қатыспайды. Судың диссоциациялану тепе – теңдігі бұзылмайды, демек ерітінді нейтрал реакция көрсетеді. Орта бейтарап
Сутектік көрсеткіш
рН = 7 бейтарап
орта сілтілік рН > 7
орта қышқылдық pH < 7


ІV.Топтық жұмыс деңгейлік тапсырмалар және №2 зертханалық жұмыс тапсырмалары 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет