Умкд по дисциплине растениеводство для специальности 050801 -агрономия


Таза сүрі жерлердің агрогидрологиялық маңызы (рөлі)



бет14/95
Дата18.01.2023
өлшемі11,35 Mb.
#165781
түріСабақ
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   95
Байланысты:
umkd os shar beiim tehn 2022 zh.
Орындарған Хуанд Максат, Зертханалық жабдықтар КТ, Кинжаканов 1 тапсырма, umkd oshat 2022, plant papers ru, ӨШАТ
3. Таза сүрі жерлердің агрогидрологиялық маңызы (рөлі).
Атмосфералық жауын-шашынды пайдаланудың тиімділігі оның тұрақсыздығы, біркелкі түспеуі, жекелеген жағдайда шамалы болуына байланысты төмендейді. Осыған байланысты С.Қазақстан өнірлерінің басым бағыты атмосфералық ылғалды барынша кен пайдалану шаралар жүйесін жасау болып табылады.
Аудара жыртылған жерлердің ылғалды сініру немесе қар суын сініру 50%-ды құраса, ал терең қопсытылған жерлердің қар суын немесе ылғал сіңіруі 60-70%-ды құрайды.
Топырақтағы ылғал қоры оның физикалық қасиеттеріне байланысты өзгереді. Топырақтың онтайлы құрылымы дәнді дақылдар үшін мысал ретінде 1,1-1,2 г/м3, ал топырақ қуыстылы 54-58%
4. Негізгі өндеулер және оның рөлі.
Механикалық құрамы жеңіл топырақты шаруашылықтарда (Павлодар және Қостанай облыстарының шығыс бөлігі) да жаздық жұмсақ бидайды жолақтарға орналастырады (жолақтың ені 50 м аспағаны жөн): егістің 50% біржылдық және көпжылдық шөптер, 10% сүрі жер, және 40% бидай болуға тиіс.
Екі жылғы жауын-шашынның есебінен сүрі жерде айтарлықтай ылғал қоры жинақталады, мұның өзі жаздық бидайдан тұрақты да мол өнім алудың негізі болып табылады. ҚР АШМ-нің «Казагроинновация» АҚ-ның «А.И. Бараев атындағы Қазақ АШҒЗИ» ЖШС-нің егіншілік бөлімінің деректері бойынша орта есеппен 14 жылда топырақтың 1м қабатындағы өнімді ылғал қоры күзде өңделген дәнді дақылдар танабында 101,1 мм, ал сүрі жерде 150,1 мм болды.
Сүрі жерде топырақтың құнарлығы да артады. Өйткені басқа танаптарға қарағанда мұнда өсімдік сіңіре алатын түрдегі азот қосылыстары көп мөлшерде жинақталады. Жоғары да аталған ғылыми мекеменің деректеріне қарағанда көктемде бидайды себу алдында топырақтың 1м қабатындағы нақты нитратты азот мөлшері сүр жерде 200-400, екінші дақылда - 150-350, үшінші дақылда - 100-300 кг/га болады.
Сүрі жерлер құрғақшылықты аймақта жаздық бидайға барынша жақсы алғы дақылдар қатарына жатады. Дегенмен, олар шаруашылықта экстенсивті жұмыстың белгісі. Сүрі жерлерді бағалағанда одан кейінгі дақылдар өніммен екі жылғы шығынның орнын толтырылуға тиіс екенін ескеру қажет. Сонымен қатар олар экологиялық тұрғыдан (жел эрозиясы) мәселе туындатады, әрі топырақ қарашірігін босқа шығындатады.
Осыған байланысты егіншілік мәдениеті жоғары шарушылықтарда сүрі жерлерді сүрі жерлерді иеленуші дақылдармен – сұлы, асбұршақ ж.б. – алмастыруда.
Топырақ өңдеу. Топырақ өңдеу нақты аймақ жағдайында алғы дақылға, топырақ ерекшеліктеріне, оның арамшөптермен ластануына, басым арамшөптер түріне және көптеген басқа – жағдайларға байланысты өзгереді.
Топырақ өңдеу жүйесі көктемгі себу қарсаңына барынша мол ылғал қорын жинақтауға және оның өсімдіктердің өсіп-жетілу кезеңдерінде үнемді пайдалануына мүмкіндік жасағаны абзал.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   95




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет