Управление образования города алматы городской научно-методический центр новых технологий в образовании



бет8/384
Дата05.12.2023
өлшемі2,35 Mb.
#195116
түріСборник
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   384
Байланысты:
Факултатив
Гер 5лек
4. Пропорционал кесінді– 2 сағат.
Домбыраның шанағы, мойны және пернелері ұзындығының қатынасын есептеу.
Ат әбзелдеріндегі жіптердің (жүген, ноқта, ауыздық, тізгін, өмілдірік, төстартпа, үзеңгі, шап айыл, таралғы) ұзындықтарының қатынасын анықтау.
5. Шамалардың қатынасы, концентрация– 2 сағат.
Облыстардың жер көлемі бойынша салыстырулар (облыстардың жер көлемі, көлдердің ауданы, өзендердің ұзындығы, таулардың биіктігі, теміржол мен тасжолдардың өлшемдері және далалы, таулы, сулы, құрғақ жер ауқымдары) жүргізу.
Алтын адамның сауыты: алтын мен күміс қоспалары бойынша есептер құрастыру.
6. Жылдамдыққа байланысты есептер– 2 сағат.
Жыр-дастандардағы мәліметтер бойынша ат жылдамдығын табу (қазақтар жыр арқылы өздерінің армандары мен қиялдарын жеткізе білгенін көрсету).
Ат бәйгелеріндегі (аламан, құнан, жорға, тай жарыс) арақашықтықты анықтау және тұлпарлардың жылдамдықтарын есептеу.
7. Көпбұрыштардың периметрі– 3 сағат.
Киіз үйдің құрылысы (есік, кереге, уық, туырлық, түндік, үзік, сықырлауық) бойынша көпбұрыштың периметрін анықтау. Қазақ үй жиҺаздары (сандық, төсек, текемет, кілем) ұзындықтары мен қырларының периметрін есептеу. Ұлттық әшекейлер (сырға, сақина, білезік, алқа, шашбау, шолпы) эскизін сызу, өлшемдер жүргізу.
Шығармашылық жұмыстар: Берілген тақырыптар бойынша мәліметтер жинау, музейлер мен көрмелерге бару, нақты өлшемдер жүргізу, сызбасын сызу, суреттерін салу, фотоларын жинақтау, пішімін (макетін) жасау.
8. Көпбұрыштар ауданы– 6 сағат.
Киіз үйдің құрылысы (есік, кереге, уық, туырлық, түндік, үзік, сықырлауық) бойынша тіктөртбұрыш пен шаршы ауданын анықтау. Бесік өлшемдері (белағаш, бөген, жақтау, шабақ, сабау, жорға, тақтай) мен құрал саймандарынның (ши, жөргек, құс төсек, жастық, көрпе, кепіл) ауданын есептеу. Кереге өлшемдері арқылы параллелограмм мен ромб ауданын анықтау. Ру, тайпалардың белгілері бойынша көпбұрыш ауданын анықтау. Қазақтың көне өлшем бірліктерін қолданып (елі, қарыс, құлаш, аттам, адым, адам бойы) өлшем жүргізу және көпбұрыштар мен әртүрлі фигуралардың периметр мен ауданды есептеу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   384




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет