Управление образования города алматы городской научно-методический центр новых технологий в образовании


Сборник набран методом прямого копирования



бет2/384
Дата05.12.2023
өлшемі2,35 Mb.
#195116
түріСборник
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   384
Байланысты:
Факултатив
Гер 5лек
Сборник набран методом прямого копирования

БАҒДАРЛАМА


элективті курс
МАЗМҰНДЫ ЕСЕПТЕР-ЭКОНОМИКАЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫҢ НЕГІЗІ
9 сынып оқушыларына арналған
(Аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат)


Аубакирова Айгуль Даулетхановна
Ш.Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназияның математика пәнінің мұғалімі


Пікір жазған: Қадырбаева Бағдагүл Ахмадиевна Абай атындағы ҚазҰПУ МФжИИ Математика және математикалық модельдеу кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының кандидаты, ХАА академигі


Түсініктеме хат мазмұны
Математиканың әр түрлі бағыттарын ашып көрсететін мазмұнды есептер математиканы оқыту процесін жетілдіруде және жалпы білім беруде маңызды рөл атқарады. Оқушылардың оқу материалдарын тиянақты меңгерулеріне, алған математикалық білімдерін практикада қолдана білулеріне, олардың өз беттерінше жұмыс істеу барысындағы нақты білімдері мен біліктіліктеріне қатысты маңызды мәліметтер жинақтауларына, түрлі ақпараттарды қабылдау, қорыту қабілеттерінің дамуына, математиканың пәнаралық байланыстардағы рөлін күшейтуге және олардың жалпы білімдерін кеңейтуге мүмкіндік береді.
Математика сабақтарында оқушыларды қызықтыратындай мазмұнды есептерді пайдалану арқылы оқушыларды талапқа сай жан-жақты дамытып, олардың білімінің, оның ішінде математикалық білімнің маңызын түсіне алуларына мүмкіндік жасауға болады. Сондықтан мазмұнды есептердің жүйесін материалдар мазмұнында экологиялық, экономикалық, ұлттық-аймақтық және т.с.с. ерекшеліктер ескерілген есептермен толықтыру осы сыныптарда математикалық білім беруді ізгілендірудің бірден-бір бағыты ретінде қарастырамыз.
Бағдарламаның мақсаты:
Қоғам талабына сай білім беруге және оларды дамытуға мүмкіндік беретін мазмұнды есептер жүйесін жетілдірудің бағыттарын айқындау және оны негіздеу.
Бағдарламаның міндеттері:

  • Оқулықтарға енетін мазмұнды есептер жүйесіне сандық және мазмұндық талдау жасаудың әдістерін анықтау.

  • Арнайы критерийлерді жасау және оларға сүйене отырып мазмұнды есептер жүйесін құру үшін негіз болатын математика курсына енетін мазмұнды есептердің мазмұндық элементтерін анықтау.

  • Мазмұнды есептер жүйесін пайдаланудың әдістемесін негіздеу және жасау, жасалған әдістеме тиімділігін педагогикалық эксперимент арқылы тексеру.

Осы міндеттерді шешуде қолданылған жалпы әдістері:

  • зерттеудің әдіснамалық негізін және оның теориялық негізін айқындау мақсатында педагогикалық, психологиялық, әдістемелік әдебиеттерді зерделеу және оларға талдау жасау;

  • бағдарламаларға, мектеп құжаттарына талдау жасау, оқушылардың математикалық білімдері мен біліктерінің жайын зерттеу, мектеп құжаттарына талдау жасау;

  • педагогикалық эксперимент жүргізу, оқыту процесін бақылау, мұғалімдермен, оқушылармен әңгімелесу, сауалдама жүргізу және эксперимент нәтижелерін математикалық статистика көмегімен өңдеу және қорытындылау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   384




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет