Ушатов марат әбдікаламҧлы педагогикалық жоғары оқу орындары студенттерінің лидерлік әлеуетін дамыту



Pdf көрінісі
бет6/63
Дата03.02.2023
өлшемі3,6 Mb.
#167289
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63
Байланысты:
Ushatov Marat Abdikalamuly D2

Зерттеудің ғылыми болжамы: 
егер: «лидер», «студенттің лидерлік 
әлеуеті» ұғымдарының мәні мен мазмұны нақтыланса: мотивациялық, 
танымдық және іс-әрекеттік құрылымдық-мазмұндық ӛзара байланыстағы
студенттердің лидерлік әлеуетін дамытудың моделі жасалса; студенттердің 
лидерлік әлеуетін дамытудың әдістемесі әзірленіп, педагогикалық ЖОО 
тәжірибесіне ендірілсе, онда студенттердің лидерлік әлеуетінің жоғары 
деңгейде дамуына мүмкіндік туады, себебі түпкілікті нәтижесінде қоғам 
талабына сай, іс-әрекетте белсенділігі артқан, шынайы, еркін және еңбекке 
ұмтылушы тұлға тәрбиелеу ұйымдастырушылық қасиеттерді, лидерлік әлеуетті 
дамытусыз, әлеуметтік бастамашылдыққа ұмтылыссыз жүрмейді. 
Зерттеудің әдіснамалық негіздемесі: 
философиялық танымдық ілімі
жеке тұлға теориясы, тұлғалық-бағдар теориясы, психология мен 
педагогиканың теориялық тұжырымдамалары, ғылым мен тәжірибені кіріктіру 
теориясы, біртұтастық, іс-әрекеттік, жүйелілік, акмеологиялық, аксиологиялық, 
синергетикалық тұғырлар алынды. 
Зерттеу әдістері: 
зерттеу тақырыбының мәселесі бойынша ғылыми 
психологиялық-педагогикалық әдебиеттерге, зерттеліп отырған мәселеге 


11 
қатысты диссертациялық жұмыстармен теориялық жұмыс жасау барысында: 
талдау, жинақтау, жекеден жалпыға, жалпыдан жекеге,салыстыру, әдістері; 
педагогикалық эксперимент жүргізуге байланысты: бақылау, сауалнама, әңгіме, 
диагностикалық әдістер; зерттеу нәтижелерін қорытындылау барысында 
салыстыру, қорыту аналитикалық әдістері; эксперименттік мәліметтерді 
сапалық және сандық тұрғыда сараптау, жинақтау әдістері қолданылды. 
Зерттеудің жетекші идеясы: 
студенттердің лидерлік әлеуетін дамыту 
нәтижесінде болашақ педагог мамандардың әлеуметтік-педагогикалық іс –
әрекетте белсенділігінің артуына, шынайы еркін, жігерлі, бір мезетте артынан 
бірнеше адамды еліктіре алатын қасиеттері бар,тез арада дұрыс шешім 
қабылдай алатын тұлғаның ӛсуіне мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет