В республике казахстан


СОТ-САРАПТАМА ҚЫЗМЕТІН ЛИЦЕНЗИЯЛАУДЫҢ КЕЙБІР



бет13/43
Дата02.07.2018
өлшемі2,86 Mb.
#45590
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   43

СОТ-САРАПТАМА ҚЫЗМЕТІН ЛИЦЕНЗИЯЛАУДЫҢ КЕЙБІР

МӘСЕЛЕЛЕРІ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қарашадағы № 1454 қаулысы


Сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялықсараптама саласындағы сот-сараптама қызметін қоспағанда,сот-сараптама қызметін жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілікталаптары және оларға сәйкестікті растайтын

құжаттардың тізбесі


Р/с


Біліктілік талаптары

Құжаттар

Ескертпе

1

2

3

4

Жеке тұлғалар үшін

1.

Қазақстан Республикасы азаматтығының болуы



Мәліметтер ЖТ МДҚ-да тексеріледі

2.

Жоғары білімінің болуы

Жоғары білім туралы дипломның көшірмесі (ғылыми дәрежесі және ғылыми атағы болса – дипломдардың көшірмесі)



3.

Мынадай пәндерден: «Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, криминалистика, Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу, азаматтық іс жүргізу құқығы, әкімшілік құқық және сараптаманың нақты түрлерінің ғылыми-әдістемелік негіздері бойынша біліктілік емтихандарын тапсырғанын растайтын біліктілік куәлігінің болуы

Біліктілік емтихандарын тапсырғаны туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны



4.

Сот сараптамасы өндірісі жүзеге асырылатын арнайы жарақтандырылған үй-жайларға қойылатын стандарттар мен талаптарда көзделген арнайы жабдықтардың болуы



«Сот сараптамасының кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 7 қарашадағы № 1414  қаулысыныңталаптарына сәйкестігі лицензиардың тексеруімен расталады

5.

Жоғары білім туралы дипломда көрсетілген мамандық бойынша кемінде бес жыл жұмыс өтілінің болуы

Еңбек кітапшасының немесе еңбек шартының көшірмесі, жұмысқа қабылдау және жұмыстан шығару туралы бұйрықтардың үзіндісі, не қызметтік тізім



6.

Өтелмеген немесе алынбаған соттылығының болмауы

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті берген соттылығының болмауы туралы анықтама немесе өтелмеген немесе алынбаған соттылығының болмауы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны

Мәліметтерді мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің ықпалдасуы арқылы тексеру мүмкін болған жағдайда, анықтама ұсынылмайды

7.

Наркологиялық және психиатриялық диспансерлерде есепте тұратыны туралы мәліметтердің болмауы

Наркологиялық және психиатриялық диспансерлерден анықтамалар

«Е-лицензиялау» МДҚ-мен ықпалдастырылған ҚР ДСМ дерекқорындағы мәліметтер болған жағдайда ұсынылмайды


СОТ САРАПТАМАСЫ ЗЕРТТЕУЛЕРІНІҢ ӘДІСТЕМЕЛЕРІН ӘЗІРЛЕУ, БАЙҚАУДАН ӨТКІЗУ ЖӘНЕ ЕНГІЗУ

ЕРЕЖЕСІ

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2010 жылғы 20 сәуірдегі № 124 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 6 мамырда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6210 болып енгізілді


1. Жалпы ережелер

1. Осы Сот сараптамасы зерттеулерінің әдістемелерін әзірлеу, байқаудан өткізу және енгізу ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 42-бабына сәйкес әзірленді және сот сарапшылары әзірлейтін және қолданатын сот сараптамасы зерттеулерінің әдістемелерін әзірлеудің, байқаудан өткізудің және енгізудің тәртібін айқындайды.

2. Сот сараптамасы зерттеулерінің әдістемелерін әзірлеу және енгізу мақсаты сот сараптамаларын жүргізудің сапасын арттыру және қылмыстық істерді ашу, тергеу істерінде және қылмыстық, азаматтық істер мен әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді сотта қарауда пайда болатын мәселелерді тиімді шешу, сондай-ақ сот-сараптама саласын ғылыми дамыту болып табылады.

Сот сараптамасы зерттеулерінің әзірленіп жатқан әдістемелерін байқаудан өткізудің мақсаты сот сараптамаларын эксперимент режимінде жүргізу тәжірибелерінің нәтижелерімен растау арқылы оларды мақұлдау болып табылады.

3. Сот сараптамасы зерттеуінің әзірленіп жатқан әдістемелерінің міндеттері:

1) сот сараптамасы органдарының сот сарапшылары мен ғылыми қызметкерлерінің ғылыми-зерттеу қызметін ретке келтіру және жүйелеу;

2) сот сараптамасы зерттеулерінің жаңа әдістемелерін, сот сараптамаларын жүргізудің прогрессивті түрлерін, әдістерін, тәсілдерін және құралдарын әзірлеу, байқаудан өткізу және енгізу;

3) сот сараптамасы зерттеулерінің қазіргі уақытта қолданыстағы әдістері мен әдістемелерін жетілдіру болып табылады.

4. Сот сараптамасы саласындағы ғылыми әзірлемелердің авторы (авторлары) ретінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сот сараптамасы органдарының қызметкерлері және сот-сараптама қызметін лицензия негізінде жүзеге асыратын адамдар, сондай-ақ ғылыми-зерттеу ұйымдарының ғылыми дәрежесі бар қызметкерлері бола алады.

5. Ілімнің сот-сараптама саласындағы ғылыми-зерттеу қызметі сот сараптамасы зерттеуінің жаңа әдістемелерінің авторына (авторларына):

1) ғылыми-зерттеу әзірлемелерінің мақсатына, мазмұнына, құрылымына өзгерістер енгізуге;

2) сот-сарапшылық кадрларды кәсіптік даярлау және қайта даярлау барысында ғылыми әзірлемелерді байқаудан өткізуді жүзеге асыруға;

3) сот сараптамасы органдарымен келісім бойынша сот сараптамасы саласындағы ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижелерін байқаудан өткізу тәртібін айқындауға мүмкіндік береді.
2. Сот сараптамасы зерттеулерінің әдістемелерін әзірлеу,байқаудан өткізу және енгізу шарттары мен тәртібі

6. Сот сараптамасы зерттеуінің әдістемесі – сот сараптамасының белгілі бір тегінің, түрінің пәніне жататын мән-жайларды анықтау үшін сот сараптамасы объектілерін зерделеу кезінде қолданылатын әдістер жүйесі.

7. Сот сараптамасы зерттеуінің әдістемелерін әзірлеген кезде әзірлеуші теориялық сипаттағы материалдарды тиісті заңнамалық, нормативтік құқықтық актілерді, оқу-әдістемелік, анықтамалық материалдар мен ғылыми жұмыстарды шығармашылық зерделеу негізінде жүйелейді, сот-сараптамалық зерттеуді жүргізудің қолда бар тәжірибесін жинақтап қорытады.

8. Сот сараптамасы зерттеуінің әзірленген әдістемесін тиісті мамандығы бар сот сарапшысы және ғылымның тиісті саласында ғылыми дәрежесі бар адам рецензиялауға тиіс.

Рецензиялар сот сараптамасы зерттеуінің рецензияланып жатқан әдістемесінің өзектілігін, жаңашылдығын және тәжірибелік мәнділігін көрсетуі тиіс. Рецензиялар баспа түрінде рәсімделеді, оларға рецензенттердің қолдары қойылады, олардың қолдары рецензенттер жұмыс істейтін ұйымның кадрлар бөлімінің мөрімен не нотариалды куәландырылады.

9. Сот сараптамасы зерттеуі әдістемесінің әзірлеушісі (әзірлеушілері) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сот сараптамасы органдарына сараптама жүргізу туралы және сот сараптамасы зерттеуінің әзірленген әдістемесін байқаудан өткізудің мүмкіндігі туралы жазбаша өтініммен жүгінеді.

Өтінім: әзірлеушінің атауын, орналасқан орнын (заңды мекен-жайын, байланыс телефондарын); сот сараптамасы зерттеуінің әзірленіп жатқан әдістемесінің ғылыми негіздемесін, ілімнің сот-сараптама саласын дамыту үшін оның маңыздылығын; ғылыми-зерттеу жұмысының бағдарламасын (зерттеу мақсатын, бастапқы теориялық-әдіснамалық ережесін, зерттеу кезеңдерін және әр кезең бойынша болжанатын нәтижелерін, қолданылатын зерттеу әдістерін, ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізудің қажетті шарттарын, зерттеу нәтижелерін бақылау және олардың дұрыстығын қамтамасыз ету құралдарын, әзірленетін ғылыми әзірлемелер үшін негіз болып табылатын ғылыми-әдістемелік материалдардың тізбесін) қамтуы керек.

10. Сот сараптамасы зерттеуінің әзірленген әдістемесінің тиімділігі мен нәтижелерінің мәнділігін бағалау үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сот сараптамасы органы (әзірлеушілер) ұсынған сот сараптамасы зерттеуі әдістемесін Ғылыми-әдістемелік Кеңестің қарауына шығарады.

11. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі сот сараптамасы органының Ғылыми-әдістемелік Кеңесі ұсынылған сот сараптамасы зерттеуінің әдістемесіне сараптама жүргізеді және оны байқаудан өткізу мүмкіндігі туралы шешім қабылдайды.

12. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сот сараптамасы органы Ғылыми-әдістемелік Кеңесінің шешімі оң болған кезде ұсынылған сот сараптамасы зерттеуінің әдістемесі Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сот сараптамасы органының аумақтық (құрылымдық) бөлімшелеріне байқаудан өткізуге жіберіледі.

13. Ғылыми-әдістемелік Кеңестің шешімі теріс болған кезде әзірлеуші (әзірлеушілер) оны пысықтауды жүзеге асырады, содан кейін кем дегенде жарты жылдан кейін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сот сараптамасы органдарына қайтадан өтінім береді.

14. Сот сараптамасы зерттеуінің әдістемесін байқаудан өткізу мерзімі аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сот сараптамасы органының аумақтық (құрылымдық) бөлімшелерінің басшылары оның нәтижелері туралы, не оны одан әрі жетілдіру туралы, не сот сараптамасы зерттеуінің әзірленген әдістемесін қолданудың орынды еместігі туралы қорытындыны рәсімдейді.

15. Сот сараптамасы зерттеуінің әдістемесін байқаудан өткізудің нәтижелері туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сот сараптамасы органының аумақтық (құрылымдық) бөлімшелерінің қорытындысы негізінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сот сараптамасы органының Ғылыми-әдістемелік Кеңесі ұсынылған сот сараптамасы зерттеуінің әдістемесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сот сараптамасы органының Ғылыми Кеңесінің қарауына және мақұлдауына ұсыныс жасайды.

16. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сот сараптамасы органының Ғылыми Кеңесі сот сараптамасы зерттеуінің ұсынылған әдістемесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот-сараптамалық зерттеулерді жүргізу әдістемесін бекіту жөніндегі комиссияның қарауына және бекітуіне ұсыныс жасайды.

17. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот-сараптамалық зерттеулерді жүргізу әдістемесін бекіту жөніндегі комиссиясы сот-сараптамалық зерттеулерді жүргізудің әзірленген әдістемесін бекіту туралы шешім қабылдағаннан кейін ол туралы мәліметтер Сот сараптамасы зерттеулері әдістемелерінің мемлекеттік тізіліміне енгізіледі, ал сот сараптамасы зерттеулерінің әдістемесі сот сараптамаларының белгілі бір түрін (түрлерін) жүргізу тәжірибесіне енгізу үшін ұсынылады.

СОТ САРАПТАМАСЫ ЗЕРТТЕУЛЕРІН ЖҮРГІЗУ ӘДІСТЕМЕЛЕРІН БЕКІТУ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯ ТУРАЛЫ

ЕРЕЖЕ

Қазақстан Республикасының Әділет министрінің 2010 жылғы 12 мамырдағы №162 бұйрығы (2013 жылғы 4 наурыздағы бұйрыққа толықтырулар мен өзгертулер енгізілуімен)


1. Жалпы ережелер

1. Сот сараптамасы зерттеулерін жүргізу әдістемелерін бекіту жөніндегі комиссия бұдан әрі – Комиссия азаматтық, қылмыстық істердің және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істердің материалдары бойынша сот сараптамасын жүргізу кезінде арнайы ғылыми білімдерді қолдануды біркелкілеу мақсатында құрылды.

2. Комиссия Қазақстан Республикасы Әділет министірлігі жанындығы консультативтік-кенесші орган болып табылады.

3. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конститутциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, өзге де нормативтік құқықтық актілерін және осы Ережені басшылаққа алады.


2. Комиссияның міндеттері, функциялары мен құқықтары

4.Комиссияның негізгі міндеттері:

1).әдістемелік ұсынымдар мен сот сараптамасы зерттеулерінің әдістемелерін қарастыру және талқылау;

2).әзірленіп жатқан әдістемелік ұсынымдар мен сот сараптамасы зерттеулерінің әдістемелері бойынша ұсынамдар беру;

3).әдістемелік ұсынымдар мен сот сараптамасы зерттеулерінің әдістемелерін бекіту болып табылады.

5.Комиссия өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес келесі функцияларды атқарады:

1). әдістемелік сипаттағы жұмыстарды (әдістемелік оқулықтар, ұсынымдар, ақпараттық хаттар, әдістемелер, анықтымалық оқулықтар), рецензияларды, пікірлерді, сот сараптамасы зерттеулерінің әдістемелерін байқаудан өткізу нәтижелері туралы қорытындыларды қарастырады және талқылайды және енгізілген әдістемелердің нәтижелілігін бағылауға байланысты мәселелер бойынша тиісті ұсынымдарды береді;

2) сот сараптамасы зерттеулері әдістемелерінің ғылыми-құқықтық негізділігіне, жеткілікті байқаудан өткеніне және сот сараптамасын жүргізу кезінде сот сараптамасы зерттеулерінің әдістемелерін қолдану мүмкіндігіне байланысты мәселелерді шешеді;

3) Қазақстан Республикасы Әділет министірлігі Сот сараптамасы орталығының Ғылыми-әдістемеліқ кенесі (бұдан әрі – ҚР ӘМ ССО ҒӘК) ұсынған, Қазақстан Республикасы Әділет министірлігі Сот сараптамасы орталығының Ғылыми кеңесі (ҚР ӘМ ССО ҒК) мақұлдаған сот сараптамасы зерттеулерін жүргізу әдістемелерін бекітеді.
3. Комиссия қызметінің тәртібі

6.Комиссиясының құрамы мүшелердің тақ санынан кемінде 7 адамнан тұрады және Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрыгымен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігің сот сараптамасы органының басшысының ұсынысы бойынша міндеттерді бөле отырып бекітіледі. Комиссияның құрамына өзгерістер оның өқілеттілік мерзімі кезенде сол тәртіпке сәйкес енгізіледі.

7. Комиссияның құрамына:

1) Комиссияның төрағасы – Қазақстан Республикасынын Әділет вице-министрі;

2) Комиссия төрағасының орынбасары – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сот сараптамасы органының басшысы;

3) Комиссия мүшелері – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сот сараптамасы органы басшысының орынбасарлары, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сот сараптамасы орғанының ғылыми дәрежесі бар қызметкерлері, ғылыми және сарапшылық жұмыс тәжірибесі бар сот сарапшылары;

4) хатшы – мінддеттер Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сот сараптамасы органы қызметкерлерінің біріне жүктеледі.

8. Комиссияның төрағасы (ол болмаған жағдайда – төраға орынбасары) жұмысты жоспарлайды, Комиссия отырысын шақырады, басқарады және Комиссия шешімдерінің іске асырылуын бақылауды жүзеге асырады.

9. Комиссияның хатшысы отырысты жүргізу үшін материалдарды дайындауды жүзеге асырады және оларды Комиссияға ұсынады, іс жүргізушілікті жүргізеді.

10. Комиссия отырысының нәтижелері отырысты жүргізу тәртібін көрсететін хаттамамен рәсімделеді.

11. Комиссияның отырыстары қажеттігіне қарай, бірақ жылына кемінде екі рет жүргізіледі.

12. Комиссияның бекітуіне Сот сараптамасы орталығының аумақтық бөлімшелерінің өндірістік кеңесінде талқылаудан өткен, ҚР ӘМ ССО ҒӘК ұсынған және ҚР ӘМ ССО ҒК мақұлдаған сот сараптамасын жүргізу әдістемелерді.

13. Егер Комиссияның отырысында бекітілген құрамның 2/3 кем емесі қатысса, ол заңды болып табылады.

14. Комиссияның шешімі ашық дауыс берумен қабылданады және егер отырысқа қатысқан мүшелердің жартысынан көбі оларды қолдап дауыс берсе, қабылданды деп саналады.

15. Комиссия сот сараптамасы зерттеулерін жүргізу әдістемелерін бекіту туралы шешім қабылдағаннан кейін ол туралы мәліметті Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сот сараптамасы органы Сот сараптамасы зерттеулерді әдістемелерінің мемлекеттік тізіліміне енгізеді.

16. Комиссия өз қызметін Қазақстан Республикасының Әділет министрі шешімінің негізінде тоқтатады.



АРНАЙЫ КӘСІПТІК ДАЯРЛАУ ЕРЕЖЕСІ

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2010 жылғы 20 сәуірдегі № 122 бұйрығы.

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 6 мамырда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6211 болып енгізілді
Ескерту. Ереженің атауы жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 29.08.2013 № 287 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1. Осы Арнайы кәсіптік даярлау ережесі сот әділдігінің міндеттерін шешу мүддесімен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сот сараптамасы органдарының қызметін жетілдіру үшін жоғары білікті мамандарды даярлауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сот сараптамасы органдарына алғаш жұмысқа кіретін адамдарды (бұдан әрі - қызметкер) даярлауды ұйымдастырудың бірыңғай тәртібін анықтайды.

Қызметкерлерді даярлау «Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 20 қаңтардағы Заңының 12-бабының 7-тармағына сәйкес жүргізіледі.

Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 29.08.2013 № 287 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2. Қызметкерлерді даярлау міндеті тиісті сот-сарапшылық мамандық бойынша сот сарапшыларын арнайы кәсіптік даярлау болып табылады.

3. Тиісті сот-сарапшылық мамандық бойынша қызметкерлерді даярлау тәлім беру арқылы арнайы кәсіптік даярлық түрінде жүзеге асырылады.

Арнайы кәсіптік даярлық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сот сараптамасы органдарына алғаш жұмысқа кіретін, жоғары кәсіптік білімі бар адамдардың кейіннен сот сараптамасын жүргізу құқығына ие болу үшін оларға қатысты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сот сараптамасы органдарында жүзеге асырылады.

Нақты сот-сарапшылық мамандық бойынша қызметкерлерді арнайы кәсіптік даярлау бағдарламасы келесі бөлімдерден тұру керек:

1) жалпы бөлім:

криминалистиканың және cот сараптаматанудың ғылыми негіздері;

жалпы заңгерлік пәндер;

2) арнайы бөлім:

сот сараптамасының нақты бір тегінің (түрінің) теориялық және әдістемелік негіздері;

сот сараптамасының нақты бір тегін (түрін) тағайындау және жүргізу негіздері.

Арнайы кәсіптік даярлық қызметкердің сот сараптамаларын тәлімгердің басшылығымен жүргізуге қатысуын қарастырады.

4. Қызметкерді Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сот сараптамасы органдарында арнайы кәсіптік даярлау арнайы кәсіптік даярлық қорытындысы бойынша жазбаша пікір жасайтын тәлімгер басшылығымен жеке жоспар бойынша жүзеге асырылады.

Жеке жоспар нақты сот-сарапшылық мамандық бойынша қызметкерді арнайы кәсіптік даярлау бағдарламасы негізінде жасалады және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сот сараптамасы органдарының басшысымен бекітіледі.

Тәлімгер Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сот сараптамасы органдарының аумақтық бөлімшесі басшысының өкімімен бекітіледі.

5. Қызметкерді арнайы кәсіптік даярлау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі сот сараптамасы органдарының басшысымен келісім бойынша бір жылға дейінгі мерзімде жүзеге асырылады.

6. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сот сараптамасы органдарының сот сарапшысын арнайы кәсіптік даярлау жеке жоспарында қосымша төрт рефераттық тапсырманы және мамандығы бойынша бір курстық жұмысты міндетті түрде орындау көзделеді.

7. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сот сараптамасы органының басшысы қызметкерге оның сот-сарапшылық мамандықты табысты игеруі үшін қажетті жағдайды жасайды.

8. Арнайы кәсіптік даярлық аяқталған соң қызметкер орындалған жұмыстың мазмұны мен көлемін көрсете отырып оны өткендігі туралы есепті, ал даярлық жетекшісі сот-сарапшылық мамандықты игеру ұзақтығын, оның көлемі мен тиімділігін көрсететін пікір дайындайды, қажетті ұсынымдар береді. Арнайы кәсіптік даярлық нәтижелері (сот сарапшысының есебі мен жетекшінің пікірі) тиісті аумақтық (құрылымдық) бөлімшенің өндірістік кеңесінде талқыланады.

Арнайы кәсіптік даярлықтан өту қорытындысы бойынша қызметкер нақты сот-сарапшылық мамандық бойынша сот сараптамасын жүргізу құқығына біліктілік емтиханын тапсыруға жіберіледі.



СОТ САРАПТАМАСЫНЫҢ БЕЛГІЛІ БІР ТҮРІН ЖҮРГІЗУ

ҚҰҚЫҒЫНА СОТ САРАПШЫСЫ БІЛІКТІЛІГІН БЕРУ ҮШІН БІЛІКТІЛІК ЕМТИХАНДАРЫН ҚАБЫЛДАУ

ЕРЕЖЕСІ

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2013 жылғы 29 тамыздағы № 288 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 24 қыркүйекте № 8728 тіркелді




  1. Осы Сот сараптамасының белгілі бір түрін жүргізу құқығына сот сарапшысы біліктілігін беру үшін біліктілік емтихандарын қабылдау ережесі (бұдан әрі – Ереже) «Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 20 қаңтардағы Заңының (бұдан әрі – Заң) 13-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді.

  2. Біліктілік емтиханын тапсыру үшін сот сараптамасы біліктілігін алғаш рет алуға үміткер адам және қосымша сарапшылық мамандықты алуға үміткер адам Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сот сараптамасы органына мына құжаттарды:

  1. еркін нысандағы арыз;

  2. жеке куәліктің көшірмесін;

  3. жоғары білімі туралы дипломның көшірмесін (ғылыми дәрежесі және ғылыми атағы бар болса –дипломдардың көшірмелерін)(салыстыру үшін түпнұсқа берілмеген жағдайда нотариалды куәландырылған);

  4. арнайы кәсiптiк даярлықтың қорытындысы бойынша пікір;

  5. арнайы кәсiптiк даярлықтан өткендігі туралы есеп;

  6. өмірбаян;

  7. екі фотосурет (өлшемі – 3х4) ұсынады.

  1. Біліктілік емтихандары Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сот сараптамасы органының басшысы бекіткен кестеге және жоспарға сәйкес жүргізіледі.

  2. Сот сараптамасы біліктілігін алғаш рет алуға үміткер адам және қосымша сарапшылық мамандықты алуға үміткер адам біліктілік емтиханын тапсыратын күн туралы біліктілік емтиханын қабылдаудан бір ай бұрын хабардар етіледі.

  3. Біліктілік емтихандары 2 кезеңде үміткердің таңдауы бойынша мемлекеттік немесе орыс тілінде жүргізіледі:

1) қылмыстық іс жүргізу, азаматтық іс жүргізу құқығы, криминалистика, әкімшілік құқық, Заң бойынша компьютерлік тестілеу нысанындағы білімін тексеру. Аталған кезең сот сараптамасы біліктілігін алғаш рет алуға үміткер адамдар үшін жүргізіледі.

Егер дұрыс жауаптардың саны қойылған сұрақтардың жалпы санының 70 және одан да көп %-ын құраса, сот сараптамасы біліктілігін алғаш рет алуға үміткер адамтестілеуден өтті деп саналады. Тестілеу уақыты 90 минуттан аспайды;

2) сот сараптамасының белгілі бір түрі бойынша білімін тексеретін емтихан билеттерге үш сұрақ кіреді.

Екі және одан да көп сұрақтарға дұрыс жауап берген кезде, сот сараптамасы біліктілігін алғаш рет алуға үміткер адам және қосымша сарапшылық мамандықты алуға үміткер адамемтиханнан өтті деп саналады.

Тестілеу нәтижесі теріс болған жағдайда, сот сараптамасы біліктілігін алғаш рет алуға үміткер адам біліктілік емтихандарының екінші кезеңіне жіберілмейді.


  1. Біліктілік емтихандарын тапсыру кезінде үміткердің көмекші құжаттарды (анықтамалық, арнайы әдебиеттерді), сондай-ақ аудиожазбалар мен байланыс құралдарын пайдалануына жол берілмейді.

  2. Сот сараптамасының белгілі бір түрі бойынша сот сарапшысының біліктілігі Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің біліктілік комиссиясының (бұдан әрі – Комиссия) дауыс беру нәтижесі бойынша беріледі.

  3. Нәтижелері біліктілік емтиханын тапсырған күні жарияланады және Комиссия отырысының хаттамасында көрсетіледі.

  4. Комиссия 15 жұмыс күні ішінде біліктілік емтиханынан өткен үміткерге осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сот сараптамасының белгілі бір түрін жүргізу құқығына сот сарапшысының біліктілік куәлігін (бұдан әрі – біліктілік куәлігі)береді. Қосымша сарапшылық мамандықты алу кезінде осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойыншабіліктілік куәлігіне қосымша бір ай ішінде рәсімделеді.

  5. Комиссия теріс шешім қабылдаған жағдайда, біліктілік емтиханын қайта тапсыруға 3 айдан кейін жол беріледі.


Каталог: sites -> default -> files -> upload-files
files -> Жамбыл атындағы Мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Қызылорда облысының жер – су атаулары қызылорда, 2013 жыл сыр елі қызылорда облысы
files -> ОҚу курсының каталогы 050117 қазақ тілі мен әдебиеті
files -> Өмірбаяндық деректеме
files -> Жиырма үш жыл бір ғұмыр
files -> Пәнінің мұғалімі Ищанова Эльмира Абайқызы Қазақ әдебиеті ( 6 «б» сынып ) Сабақтың тақырыбы
upload-files -> 2017 жылдың 3 тоқсанында Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментімен тіркелген жергілікті өкілді және атқарушы органдарының нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   43




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет