В в. овчинников барлық кеңістік жағдайында түрлі болаттан, ТҮсті металдар мен олардың Қорытпаларынан, шойыннан жасалған бөлшектерді дәнекерлеу және кесу оқулық



Pdf көрінісі
бет6/149
Дата24.10.2023
өлшемі7,65 Mb.
#188189
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   149
Байланысты:
Ovchinnikov-Barl-ke-zha-d-t-rli-t-sti-met...d-ne-zh-ne-kesu (1)
10 А Сынып сагатынын жоспары, DOC-20230228-WA0013. (2), Псих
12 


1 А-кесте

Газды тасымалдауға және сақтауға арналған баллондардың техникалық сипаттамалары
 
Газ
Қысым, МПа
Баллондағы жазу
Бояу түсі
Баллондағы газ көлемі, 
л
Жұмыс 
Сынақтық 
Баллонның 
Баллондағы жазулар 
Баллондағы 
жолақтар 
Азот
15
22,5
Азот
Қара 
Сары 
Қоңыр 
5 700
Аргон
15
22,5
Аргон
Сұр 
Жасыл 
Жасыл 
6 200
Сутегі 
15
22,5
Сутегі 
Қою жасыл 
Қызыл 

6 000
Көмірқышқыл 
газы
7,5
9,5
Пісіру көміртек 
диоксиді
Қара 
Сары 
12 600 (25 кг)
Гелий
15
22,5
Гелий
Қоңыр 
Ақ 

6 000
Оттегі 
15
22,5
Оттегі 
Көгілдір 
Қара 

6 200
Ауа 
15
22,5
Қысылған ауа
Қара 
Ақ

6 000
Ескерту.Көмірқышқыл газы баллонда сұйылтылған күйде, қалған газдар – қысылған күйде болады. 
13 
1
3
 


кілемшелермен резеңке етіктермен, галоштармен, тізе мен 
шынтақты сақтауға арналған арнайы бұйымдармен, ағаш 
төсеніштермен және т.б. қамтамасыз етілуі тиіс. 
Пісірушінің 
аспаптары 
пісіру 
алдында 
бөлшектердің 
жиектерінен және пісіруден кейін пісіру жікті шашырандылар мен 
қождан тазалауға арналған болат шөтке; қож қабықты, 
шашырандыларды кетіруге және жікті сомдауға арналған балға-
кирка; жеке таңба; болат сызғыш; таразы; бұрыштық; абразивтік 
шеңберлер мен металл шөткелер жиынтығы бар ажарлағыш 
машинка КПМ-37 болуы керек. 
 1.2. 
НӘРЛЕНДІРУ КӨЗІ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР
 
 
Ауыспалы токтың негізгі нәрлендіру көзі – 
пісіру 
трансформаторы 
болып табылады. Тұрақты токтың көзі 
трансформатор және жартылай өткізгіштік түзеткіш базасында 
құрастырылған 
түзеткіш 
болып табылады. Сондай-ақ ауыспалы да, 
тұрақты да токта пайдаланылатын 
инвенторлық ток көздері
де кең 
таралған.
Негізгі түзеткіштер мен инверторлар арасындағы аралық 
орынды құрамына қарапайым пісіру түзеткіші кіретін көздер алады, 
олардағы токты реттеу жоғары жиілікте жұмыс істейтін жартылай 
өткізгіштік реттегішпен жүзеге асырылады. 
Пісіру доғаны тұтандыру үшін (электр энергиясын қалыпты 
тұтынушыларға қарағанда) оның жануына қарағанда неғұрлым 
жоғары кернеу талап етіледі. Доға үзілістермен жанады, ол кезде 
электр тізбегінің ажырауы, не болмаса қысқа тұйықталу орын 
алады. Доғаны тұтандыру сәтіндегі қысқа тұйықталу және балқыған 
электродтық металл тамшылары бөлшекке түсуі барысында кернеу 
нөлдік мағынаға дейін құлайды. Екі жағдайда да доғаны одан әрі 
қалпына келтіру үшін 25-30 В шамасында кернеу қажет болады, ол 
0,05 с аспайтын уақытта қамтамасыз етілуі тиіс. Доғаның 
ұзындығының өзгеруімен жануы кезінде токтың кернеуі және күші 
өзгереді.
Пісіру доғасының нәрлендіру көздерінің негізгі техникалық 
сипаттамалары сыртқы вольт-амперлік сипаттама (ВАС), бос 
жүрістің кернеуі, жұмыстың қатыстық ұзақтығы және жұмыстың 
үзілмелі режимі барысындағы қосудың қатыстық ұзақтығы болып 
табылады.
14 


1.3. 
НӘРЛЕНДІРУ КӨЗІНІҢ ЖҰМЫС РЕЖИМІ ЖӘНЕ 
СЫРТҚЫВОЛЬТ- АМПЕРЛІК СИПАТТАМАСЫ 
Сыртқы сипаттама 
деп белгіленген режимдегі нәрлендіру
желінің кернеуінің тогына нәрлендіру көзінің қысқыштарындағы 
кернеудің тәуелділігі аталады. Нәрлендіру көзінің конструкциясына 
қарай ішкі сипаттамалар болады (1.5-сурет):тіп-тіке құламалы – 1, 
жапқыш құламалы – 2, қатты –
3
және өспелі –
4.
Статикалық сыртқы сипаттамаларының түрлері бойынша ток 
көздері сәйкесінше «тіп-тіке» және «жапқыш» құламалы (ҚСС) 
және қатты сыртқы сипаттамалары (ҚСС) бар көздерге бөлінеді. Екі 
түрлі сыртқы сипаттамалары бар көздер әмбебап деп аталады.
Пісіру жіктің сапасының кейбір сипаттамалары тікелей немесе 
жанама пісіру тогының қасиеттеріне тәуелді болады: 
■ 
сандық сипаттамалар — балқыту тереңдігі, тігіс ені, дөңестік; 
■ 
сапалық сипаттамалар — ойып алу, қосу, қабыршақтылық. 
Доғаны тұтандыру сенімділігі төмен және жану процесі 
тұрақсыз болған кезде пісіру доғасы жиі және ұзақ үзілістермен 
жанады,оның нәтижесінде шалапісірілімдері, тартылулары және 
оксидтер мен қождардың қосылулары бар тегіс емес пісіру жік 
түзеді. Сенімді жанғызу, бірақ тұрақсыз жану барысында жік 
пішінінің ақаулары өте үлкен болмаса да, білініп тұрады. Токтың 
және кернеудің 1 сағаттан астам ауытқуы барысында ақаулар 
анықталады. 
Пісіру доға тұрақты болуы үшін оның статикалық сипаттамасы 
ток көзінің статикалық сипаттамасына сәйкес болуы тиіс. 
1.5-сурет. Нәрлендіру көзінің сыртқы
сипаттамалары: 
1
— тік құлайтын; 
2
— жабындық құлайтын; 
3
— 
қатты; 
4
— өсуші 
15 


1.6-сурет. Нәрлендіру көзінің сыртқы сипаттамалары және доғаның статикалық 
вольт-амперлік сипаттамасы. 
Бұл үшін доғаның вольт-амперлік сипаттамалары және нәрлендіру 
көзінің сәйкес сипаттамалары бір нүктеде қиылысуы тиіс (1.6-
сурет), яғни 
и
д
= и
ист
. 1.6-суреттен тік құламалы сипаттамасы бар 
пісіру ток көзінен доғаның ұзындығын өзгерту барысында пісіру 
тогының 
1
св
аздаған өзгеруі орын алады, ал жабындық құламалық 
сипаттамасы бар көзде доға ұзындығының аздаған өзгеруінің өзі 
пісіру тогының маңызды өзгеруін туғызады. 
Сыртқы сипаттамалардың түріне қойылатын талаптар пісіру 
процесінің келесі көрсеткіштерімен анықталады: 

электрод типі (балқымалы, балқымайтын); 

пісіру жүріп жатқан ортаның сипаты (ашық доға, флюс 
астындағы доға, қорғаушы газдардағы доға); 

механикаландыру дәрежесі (қолмен, механикаландырылған, 
автоматты пісіру); 

доғаның жану режимін реттеу тәсілі (доға кернеуін өздігінен 
реттеу, автоматты реттеу). Пісіруге арналған нәрлендіру көздерін 
олардың сыртқы сипаттамасы бойынша таңдайды. Қолмен пісіруге 
арналған нәрлендіру көзінің тік құламалы сыртқы сипаттамасы 
болуы тиіс, өйткені бұл жағдайда доғаның ұзындығы әртүрлі болуы 
жағдайында доғаның тұрақты жануына қол жеткізіледі, бұл 
электродты қолмен жылжыту барысында өте маңызды. Қорғаушы 
газда балқымалы электродпен жартылай автоматты пісіру 
барысында нәрлендіру көзінің қатты немесе жабындық құламалы 
сыртқы сипаттамасы болуы тиіс. Өспелі сыртқы сипаттамасы бар 
нәрлендіру көзін негізінен флюс астында автоматты пісіру және 
балқытып қаптауда керек. 
16 
Нәзік құлдырау 
сипаттамасы 
Ашық кернеу 
Тікенек 
Ұзақ арка 
Қалыпты доғасы 
Қысқа доға 


Даналық электродтар қапталған электродтармен қолмен доғалы 
пісіру үшін, вольфрамды электродтармен аргон-доғалы пісіру, доға 
кернеуіне қарай электродты сымды беру жылдамдығын реттеуіші 
бар автоматтарда флюс астында пісіру үшін құламалы сыртқы 
сипаттамасы бар көздер пайдаланылады. 
Доғалы пісіру барысында пісіру тогын пісіру жұмыстарының 
түріне, сапасына және өлшемдеріне байланысты таңдайды, 
сондықтан нәрлендіру көздерінде әртүрлі жұмыс режимдерін алуды 
қамтамасыз ететін реттеуіштер қарастырылады. 
1.7-сурет. Кернеуді өзгерту көмегімен (а) және нәрлендіру көзінің ішкі кедергісін 
өзгерту көмегімен (б) пісіру тогын реттеуге арналған қисық. 
17 
Сипаттамаларын реттеу 
Ұзақ арка 
Қысқа доға 
Дәнекерлеу доғасының 
сипаттамалары 
Үлкен 
Кіші 
Ағымдағы шегі 
Ашық кернеу 
Сипаттамаларын реттеу 
Дәнекерлеу доғасының 
сипаттамалары 


Пісіру режимінің энергетикалық параметрлері — пісіру тогы 
1
св 
және доға кернеуі 
и
д 
әдетте көз құрамындағы реттеуіштердің 
көмегімен пісіру алдында жөнге келтіріледі. Пісіру тогын арттыру 
үшін бос жүріс кернеуін ұлғайту немесе нәрлендіру көзінің 
кедергісін төмендету керек (1.7-сурет). 
Құламалы сыртқы сипаттама барысында нәрлендіру көзі пісіру 
тогын реттеуіш режимінде жұмыс істейді. Бұл жағдайда пісіру тогы 
берілген диапазонда бірқалыпты және сатылы реттеле алады. 
Технологиялық шарттар бойынша екі (немесе одан да көп) сатылар 
әр сатының ішінде бірқалыпты реттеумен үйлесетін бірқалыпты 
реттеуді жиі қолданады. ПВХ барысында пісіру тогын реттеу 
шамамен бос жүрістің үнемі кернеуі барысында орындалады. 
Пісірудің әр түріне ПВХ еңісінің белгілі бір тіктігі сәйкес келеді. 
Сериялық 
нәрлендіру 
көздерінің 
көпшілігінде 
жұмыс 
режимдерін бірқалыпты реттеу қамтамасыз етіледі, бірақ кейде 
реттеуіш бос жүріс кернеуін немесе қуаттың ішкі кедергісін тек 
дискретті өзгертуге мүмкіндік береді. Мысалы, орамдық реттеу 
барысындағы орамдар саны тек бүтін бола алады. Аталған жағдайда 
реттеу сатылы болып шығады, мұнда токтардың аралас мағыналары 
арасындағы ажырау олардың көбінің 7,5 
%
-данаспауы тиіс. 
Реттеудің еселігін ұлғайту үшін бірқалыпты реттеуді кейде 
сатылымен толықтырады (екі, үш сатылар), мұнда сатыларды 
реттеу диапазондары жабылуы тиіс (1.8-сурет). 
1.8-сурет. Пісіру тогын екі сатылы бірқалыпты реттеуге арналған қисықтар 
18 
Сипаттамаларын реттеу 
Дәнекерлеу доғасының 
сипаттамалары 
1 кезең 
2 кезең 


Қапталған электродтармен пісіру және қорғаушы газда 
балқымайтын газбен пісіру барысында қалыңдығы аз бөлшектерді 
жалғау үшін импульстік-доғалы пісіру қолданылады. Ток 
импульсінің әрекет ету уақытында бұйымда кішігірім мөлшерлі 
дөңгелек ванна түзіледі, ондағы металл пауза уақыты ішінде £
п 
ішінара кристалданып үлгереді. Берілетін импульс параметрлері 
(ток 
1
и 
және уақыт f
H
) меттал бұйымның күйік теспесіз толық 
балқуын қамтамасыз ететіндей таңдалуы тиіс, ал пауза 
параметрлері (ток 
1
п 
және уақыт f
H
) үздіксіз сымды алуға кепіл 
беруі тиіс (1.9а-сурет). 
Импульстік доғалы пісіру үшін пісіру тогы доға ұзындығына 
тәуелді емес (1.9
б
-сурет

және пісіру тогын реттеу көздің ішкі 
кедергісін өзгертумен қамтамасыз етілетін нәрлендіру көздері 
пайдаланылады.
Өздігінен реттелу қағидасы бойынша жұмыс істейтін үнемі 
жылдамдығы жоғары аппараттармен қорғаушы газда жартылай 
автоматты 
-
пісіру барысында нәрлендіру көзінің жабындық 
құламалы сипаттамасы болуы шарт. 
1.9-сурет. Импульстік-доғалы пісіру сипаттамалары: 
а
— пісіру тогын уақытта өзгерту; 
б
— доға кернеуінің пісіру тогының 
мағынасына тәуелділігі 
19 
Сипаттамаларын реттеу 
Дәнекерлеу доғасының 
сипаттамалары 
үзіліс 
Жоғары ток 
импульсі 
Үзілістегі 
төмен ток 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   149




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет