Виртуализация дегеніміз? Қандай түрлері бар? Қолданудың тиімді жақтары



Дата02.05.2020
өлшемі12,88 Kb.
#65436
түріПрограмма
Байланысты:
10 тапсырма


Виртуализация дегеніміз? Қандай түрлері бар? Қолданудың тиімді жақтары

Виртуалды машина ұғымы өткен ғасырдың 60-шы жылдардың аяғында пайда болды, бірақ ол кезде виртуалды машиналар тек үлкен ЭЕМ-де ғана пайдаланылса, ал қазіргі кезде олар кеңінен қолданылуда.


Виртуалды машина технологиясының негізінде инфрақұрылымның жеке өнімдерін және элементтерін алатын виртуализация тұжырымдамасы жатқаны ертеден мәлім. Бүгінгі кезде ол әр түрлі программаны іске асырады, аппараттық немесе программалық-аппараттық ортаны, платформадан бастап программалық қамтамасыз етуге дейінгі деңгейлерді қамтамасыз етеді.
Инвестиция кірістілігінің өсуі виртуализация  есебіне байланысты. Виртуализация негізінде бірнеше ортаға өз ресурстарын тарату себепті, бір компьютерде бірнеше компьютерлер жұмысын орындау мүмкіндігі жатыр.

Виртуализация – есептеуіш қызмет үрдісін принципті түрде өзгеріс енгізуге және ақпараттық технология ортасын жылдамдатылған қарқынмен өзге түрге ауыстыруға мүмкіндік беретін сенімдік бағдарламалық технология.

ЭЕМ виртуализациясының бастауы. Ең алғаш рет виртуализация технологиясын IBM компаниясы осыдан 30 жыл бұрын ЭЕМ ресурстарын жеке виртуалды машиналарға логикалық бөлу әдісі ретінде қолданды. Бұл технология ЭЕМ-ді  «көп тапсырмалы» етіп, бір уақытта бірнеше қосымшалар мен үрдістерді іске қосуға жағдай жасады. ЭЕМ сол уақытта қаншалықты өте бағалы болса да, қорды бөлу технологиясы инвестиция қайтарып беруде барынша табысты болды.
x86 виртуализацияның қажеттілігі. 80-90 жылдары виртуализация технологиясы  уақытша ұмыт болды. Бұл уақытта есептеу қорларын таратуды «клиент-сервер» қосымшасы атқарды. Бірыңғай орталықтандырылған жүйе қорын тарату орнына ЭЕМ моделі сияқты жүйені тарату ұйымының көмегімен көптеген жеке орталықта есептеу қорын енгізу жинақталды. 1990 жылы Windows операциялық жүйесінің кең таралуы мен Linux операциялық жүйесінің пайда болуы, Linux операциялық жүйесі  операциялық жүйенің сервері ретінде х86 негізіндегі салалық стандарты серверді жасады. x86 негізіндегі дербес компьютердің және сервердің дамуы жаңа ақпараттық технология инфрақұрылымы мен жаңа мәселеге алып келді.

Өткен ғасырдың 90 жылдарының аяғы  компьютерлердiң аппаратты  қуаттарының  қарқынды  өсуi  және  оларды  тиімді  пайдалану  қажеттілігі  туындағанда,   IТ  


бiрлестiктер  программалық  платформалардың  виртуализация  технологиялары   туралы  қайта  есiне түсiрді.

Жалпы виртуализацияның мынадай  негiзгi түрлерiн атап көрсетуге болады :
• серверлердiң виртуализациясы (толық виртуализация және паравиртуализация);
• операциялық жүйелер деңгейiндегі виртуализация; 
қосымшалардың виртуализациясы
• жұмыс орындарының виртуализациясы.
Серверлердiң виртуализациясы. Қазір виртуализация технологиялары туралы айтсақ,  әдеттегiдей, серверлердiң  виртуализациялары  түсiніледi,  өйткенi  соңғысы  IT  нарығында  өте  танымал  шешiм болып қалыптасуда. Серверлердiң виртуализациясы бiрнеше виртуальды серверлердiң бiр физикалық сервердегi iске қосылуын  білдіреді. Виртуальды машиналар немесе серверлер операциялық жүйенің түйінінде жүктелген сервердiң физикалық құрылымдарын шығаратын қосымшаларды білдіреді. Әрбiр виртуальды машинада қосымша және қызметтер орнатылған операциялық жүйелер  орнатылуы мүм­кін.  


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет