Волейбол ойынының әдіс тәсілдері. Жоспар Волейбол тарихы



Дата25.05.2023
өлшемі0,94 Mb.
#177695
түріСабақ
Байланысты:
Волейбол ойынының әдіс тәсілдері


Волейбол ойынының әдіс тәсілдері.
Жоспар
1.Волейбол тарихы
2.Ойын шарттары
3.Ойын тәсілдері



АҚШ -тың  Массачусетс  штатындағы белгілі Гелиокс колледжінде дене шынықтыру пәнінен сабақ берген американдық азамат Уильям Дж.  1897   жылы волейболдың 10 шартын ұсынған. Оның басты қағидалары төмендегідей:
Волейбол тарихы
Алаңның ауқымы белгіленуі тиіс.
Алаң аумағы: 25х50 фут (7,6х15,1 м).
Себеттің көлемі 2х27 фут (0,61х8,2 м).
Биіктігі: 6,5 фут (198 см).
Доп резіңке теріден жасалуы керек. Оның салмағы - 340 г. 

Алаңның өлшемдері мен сызықтары
Өлшемі 9 х 18м, ортасынан тормен бөлінген (тордың биіктігі ерлерге - 2,43м ,
әйелдерге - 2,24м )
Алаңның іші артқы және алдыңғы зона деп бөлінеді.
Допты ойынға қосу зонасы – 3-8 м.
Бос зона – 3-5 м.
Ауыстырушы зона.

Ойын шарты
Ауданы 18х9м алаңда әрқайсысы 6 адамнан екі команда болып ойналады. Волейбол добы шеңберінің ұзындығы 65-67см, салмағы 260-280гр.
Алаң 9х9м болып екі шаршыға бөлінеді, ортасынан ені 1м болатын тор 2.24-2.43м биіктікке көтеріледі. Ұтқан әр сәт үшін ұпай жазылады. Партия 25 ұпай алғанша созыла береді. Егер есеп 24:24 болған жағдайда бір команда 2 ұпай озғанша ойын созыла береді. Үш партияны ұтқан команда жеңіске жетті деп есептелінеді. 3:0 немесе 3:2 уақытқа шек қойылмайды.
ХХғ-дың басында көптеген елдерде белгілі болды.

Ойын тәсілі
Волейболда ойын тәсілі өте көп және оның басты мақсаты тек қана жеңіске жету.
Бар тәсіл шабуыл жасау мен қорғанудан ғана тұрады және олардың орындалуы бір- бірлеріне ұқсамайды. Тәсіл жасау ойын әдістерінен қалай меңгеруге тікелей байланысты .
Мысалы допты ойынға қосқан кезде оны қабылдау әдісін жақсы меңгерген ойыншыға жіберген дұрыс . Ал допты қабылдайтын кезде де өзінің күшті және әлсіз жақтарын салыстыра отырып, өзіндік тәсіл қолданады . Міне, осылайша команда әр кездесуге өз тактикасын құрады .

Допты ойынға қосу
Волейбол ойыны- әл дегеннен ойын допты ойынға қосудан басталады. Шабуыл есебіне жататын мұның әдістік орындалуы мынадай: допты ойынға қосу кезегі келген волейболшы шабуыл жасайтын алаңның шетіндегі орында тұрып, бір қолмен допты жоғары көтеріп, екінші алаңға қарай соғады.Орындалу жағынан бұл екпінді, кезделген, қалықтаған болып бөлінеді. Екпінмен соғудың мақсаты- қарсы жақтың допты қабылдауын қиындатып, қателестіріп өз командасына ұпай әперу. Қөзделген соққының мақсаты- допты қарсы жақтың әлсіз ойыншысына немесе нашар қорғалған тұсқа саңылау тауып жіберу, қалықтап ұшу кезінде доп айналып ұшпайды және жолының кез келген бөлігінде өзінің бағытын өзгертіп жібере алады.

Допты жоғарыдан екі қолмен беру техникасы Допты беру барысында бастапқы жағдайға, содан соң қол мен аяқты бүгіп тұруға үлгеру қажет.Допты саусақтың ұшымен ұстау допқа дұрыс бағыт жасауға мүмкіндік береді. Қолдың доппен кездесуі беттен сәл алда болады. Допты алақанмен ұруға болмайды, бұл ойын тәртібін бұзушылық және ойлаған нысанға жетпеуі мүмкін.

Допты екі қолмен төменнен беру техникасы

  • Допты беру қолдың көмегімен орындалу керек. Қолдар бірдей, түпкілікті жағдайда болуы тиіс. Бір иықтың кішкене көтерілуі доптың ұшу бағытын өзгертеді.


Құлап бара жатып допты қабылдау техникасы
Төмен ұшып келе жатқан допты бір немесе екі қолмен қабылдау және техниканы сақтай отыра дұрыс (жарақат алмай) құлау .

Шабуыл соққысы
Шабуыл соққысы-ойынның әдісін меңгеруде ең күрделілердің бірі .Ойын үстінде волейболшы қаншалықты шаршамасын шабуыл соққысын жасау үшін тордың жанына жақындайды . Шабуыл соққысының негізгісі оның секіру алдындағы жүгіру бағытына дәл келетін түзу соққы болып табылады .
Шабуыл соққысындағы қапталмен соққы жасау, доптың түсетін
Жері секіру алдындағы дененің қимылымен үйлеспейтін шабуыл соққысы . Мысалы алаңның 4 аумағында жүгірген басқа күтпеген жаққа бағыттайды . Ал басқа ойыншылар доптың кейін қайтуына кедергі келтіретіндей жағдайда ойынның барысын күтіп әзір тұруға тиіс.

Тосқауыл жасау
Тосқауыл жасау –тордың үстіңгі жағынан доптың ұшқан жолын тосып, қорғанудың ең тиімді әдісі .
Бұл арада шабуылдаушы допты соққанша, допқа түсуге болмайды . Кейде тосқаулды бір адам, кейде бірнеше ойыншы болып жасайды . Тордан жоғары секіріп көтерілген соң, қорғанушыны алаңдарын қарсы жаққа өткізіп, допты алаңның арғы бетінен күтіп алынуына болады . Тосқауыл жасаудағы табыс дәл кезінде секіріп, қарсы жақтан ұшқан допты дер кезінде тосып алуға тікелей байланысты .
Сонымен қатар түрлі жағдайда ұшып келе жатқан допты қабылдау кезінде ойыншы құлап бара жатып қабылдайды. Көп жағдайда ұлдар допты төменнен қабылдау үшін алдыға кеудемен құлап қолға тіреліп ұшады.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет