Бақылау сұрақтары
MS Access көмегімен ДБ қалай құрылады?
Access-те құрылған ДБ-ны Delphi ортасымен қандай компоненттердің көмегімен байланыстыруға болады?
Фильтрді қалай жасауға болады?
Зертханалық жұмыс №3 «Телефон анықтамасы» деректер қорын басқару жүйесін құру
Зертханалық жұмыстың мақсаты: Database Desktop утилитасын қолданып кесте құру оны Delphi-мен байланыстыру. «Телефон анықтамасы» ДҚБЖ алдын ала жобалап, меңгерілген теориялық мәліметтерге сүйеніп жүйені құру.
Зертханалық жұмысты орындаудың тәртібі
«Телефон анықтамасы» деректер қорын құру және оны индекстеу.
Қарапайым электронды Телефон анықтамасының деректер базасын құрудың мысалын қарастырайық. Әр адам үшін оның аты-жөні, тегі, туған жылы, күні, жынысы, үйдің және жұмыс телефоны жазылады. Адамдар жайлы мәліметтерді сақтау үшін People атты кестені пайдаланамыз.
People деректер базасының кестесінің структурасының сипаты:
Ключ
|
Имя поля
|
Тип
|
Размер,
байт
|
Дополнительно
|
Описание
|
#
|
IDPeople
|
Счетчик
|
|
Обязательное, ключевое
|
Идентификатор записи
|
|
Family
|
Строка
|
30
|
Обязательное
|
Фамилия
|
|
Name
|
Строка
|
15
|
|
Имя
|
|
SecName
|
Строка
|
15
|
|
Отчество
|
|
Birthday
|
Дата
|
|
|
День рождения
|
|
Sex
|
Логическое
|
|
Обязательное
|
Пол
|
|
Notes
|
Memo
|
100
|
|
Комментарий
|
Бұл кестеге кілттік өріс болатын IDPeople өрісі жасанды түрде қосылды. Егер бір адамның тек бір телефоны ғана бар болса, онда біз People кестесіне Tel өрісін қосып, сонымен аяқтаумызға болар еді. Бірақ бір адамның бірнеше үй және жұмыс телефондары болуы мүмкін. Егер бір ғана кестені қолдансақ, онда кестеде адамдар жайлы мәлімет жолдары телефондар санына сәйкес болу керек. Ол өте ыңғайсыз және қателер санының өсуіне әкеліп соғады. Сондықтан телефондар жайлы мәліметтер бөлек People кестесімен байланысқан Tel кестесі қолданады.
Tel деректер базасының кестесінің структурасының сипаты:
Кілт
Ключ
|
Өріс атауы
Имя поля
|
Тип
Түрі
|
Размер,
Байт
Өлшемі
|
Дополнительно
Қосымша
|
Описание
Сипаттау
|
#
|
IDTel
|
Счетчик
|
|
Ключевое
|
Идентификатор записи
|
|
IDPeople
|
Число
|
4
|
Обязательное, индексированное
|
Идентификатор человека
|
|
Number
|
Строка
|
9
|
Обязательное
|
Номер телефона
|
|
TypeTel
|
Строка
|
4
|
|
Тип телефона
|
IDPeople – басқа кестедегі счетчик типті өріспен байланыс орнату үшін қолданылатын өріс ұзын бүтін және индектелген типті болу қажет. Сөйтіп, «Телефон анықтамасы» деректер базасының құрылымы екі байланысқан People және Tel кестелерінен тұрады. People кестесі негізгі болады, ал байланыс IDPeople өрістері арқылы орнатылады.
Біздің мәліметтер қорымызды құруға кірісейік:
DataBase Desktop 7.0 бағдарламасын қосайық. File|New|Table командасын орындаңыз. Нәтижесінде форматтар тізімінде Paradox 7.0 мәні бар Create Table терезесі ашылады (1-сурет). Біз кестені Paradox 7 форматында құратындықтан бұл терезеде ОК батырмасын басамыз. Нәтижесінде кестенің құрылымы анықталатын Create Paradox 7 Table (Untitled) терезесі ашылады. Біріншіден People кестесін құрыңыз.
1-сурет – Create Table терезесі
Кестенің өрістерін анықтаңыз.
Құрылымды сипаттаудың бірінші жазбасында Field Name бағанында IDPeople мәнін анықтап келесі өріске өту үшін Тab батырмасын басыңыз.
Кейін Type бағанында пробелды басып мәндер тізімінен +(Autoincrement) мәнін таңдап келесі өріске өту үшін Tab батырмасын басыңыз.
Келесі Key бағанында ағымды өрістің кілттік екенін анықтау үшін пробелды басыңыз. Кейін бұл бағанда жұлдызша белгісі пайда болады.
Тышқан тетігі арқылы Required field (міндетті өріс) қосыңыз. Кейін Key бағанын таңдап Tab батырмасын басыңыз.
Келесі өрістер сәйкесінше типтерді таңдап толтырылады; тек Family, Name, SecName және Notes өрістері үшін Size бағанында сәйкес ұзындығын анықтау қажет. Ал Required field Family және Sex өрістері үшін қосылады. Келесі өрістер кілттік болмайтынын және олар үшін Кеу бағаны толтырылмайтынын белгілеп кеткен жөн. Birthday өрісі үшін Picture (Шаблон) параметрін келесідей орнату қажет. Енгізуді өңйлататын және тексеру үшін Assist (көмекші) батырмасын басамыз (2-сурет).
2-сурет – Assist арқылы шаблонды тағайындау терезесі
Мұнда Picture жолында шаблонның тексті енгізіледі. Оның дұрыстығын Verify Sintax батырмасы арқылы тексеруге болады. Ал Sample Value жолына енгізілген шаблонға сәйкес мысал енгізіледі. Тексері Test Value батырмасын басу арқылы жүзеге асады. Батырманы басқаннан кейін тексерудің нәтижесін хабарлама түрінде көруге болады. #[#]:#[#]:#[#] {AM,PM}; шаблонын таңдаңыз. Мұндағы #[#]:#[#]:#[#] – уақыт, дата – түсетін тізімнен Sample Picture-ны таңдап, Use батырмасын басыңыз. Енді Picture енгізу жолында {AM,PM}; бөлігін өшіріп тастаңыз. Себебі бізге тек дата ғана керек. Кейін ОК батырмасын басыңыз.
3-сурет – People кестесін толтыру
Кестені Save As батырмасы арқылы People.db атымен сақтаңыз (3-сурет). Кейін Options тобынан Display Table-ды активтеу қажет. Ол кестені сақтаған соң кесте мәліметтермен жұмыс істеу үшін экранда көрсетілу үшін қажет.
Ашық ксте оны тек мәліметтерді қарауға ғана рұқсат етеді. Table|Edit Data командасын не F9 батырмасын басыңыз. Енді кестеге бірнеше жазуларды енгізіңіз.
Енді Tel кестесін құрыңыз (4-сурет).
4-сурет – Tel кестесін толтыру
Ол үшін People кестесін құрғандағы әрекеттерді Tel кестесіне сәйкес орындаңыз. Мұнда тек бір ғана өзгешелік бар. Мұнда IDPeople өрісінде екінші индекс құру қажет. Ол келесідей орындалады:
5.1 Table Properties түсетін тізімде Secondary Indexes қасиетін таңдаңыз.
5.2 Пайда болған Define батырмасын басыңыз.
5.3 Define Secondary Indexes терезесінде Field тізімінде IDPeople мәнін таңдап ОК батырмасын басыңыз (5-сурет).
5-сурет – Индексты орнату терезесі
5.4 Пайда болған Save Index As терезесінде IDPeopleIndex жолын енгізіп ОК батырмасын басыңыз (6-сурет).
6-сурет – Сақтау терезесі
6. Кестені Tel.db атымен сақтаңыз.
7. Кестелер арасында байланыс орнатыңыз.
7.1 «Телефон анықтамасы» деректер базасының кестелерін сақтаған буманы жұмыс бумасы ретінде орнатыңыз. Ол үшін File|Working Directory командасын орындап, ашылған терезеде сәйкес буманы таңдаңыз.
7.2 Tel.db кестесін ашыңыз.
7.3 Table|Restructure командасын орындап, нәтижесінде сіздің алдыңызда кестенің құрылымын анықтайтын керезе ашылу тиіс.
7.4 Table Properties түсетін тізімде Referential Integrity қасиетін таңдаңыз.
7.5 Пайда болған Define батырмасын басыңыз.
7.6 «Referential Integrity» терезесінде Field тізімінде IDPeople[I] мәнін таңдаңыз да тізімнің қасындағы оңға бағытталған көрсеткішті басыңыз.
7.7 Table тізімінде People мәнін таңдаңыз да тізімнің қасындағы солға бағытталған көрсеткішті басыңыз. Терезенің ортасында кестелердің байланысы схема түрінде көрсетіледі. Кейін «Referential Integrity» терезесінде ОК батырмасын басыңыз.
7.9 «Save Referential Integrity As» терезесінде PeoplesTel байланыс атауын жазып ОК батырмасын басыңыз. Нәтижесінде кесте құрылымын анықтайтын терезенің оң жағында орналасқан тізімде енгізілген атау пайда болады.
7.10. Құрылымды анықау терезесінде Save батырмасын басыңыз.
8. Table|Edit Data ны пайдаланып кетеге бірнеше жазулар енгізіңіз (7-сурет).
9. Tel.db кестесін жабу үшін File|Close командасын орындаңыз.
7-сурет – Өңдеу режиміндегі кесте
Достарыңызбен бөлісу: |