«Телефон анықтамасы» деректер базасының кестелеріндегі мәліметтерді өңдеу.
People.db құжатын ашыңыз.
Table|Edit Data командасын орындаңыз. Енді кестедегі мәліметтерді өңдеуге болады.
Кестедегі кез келген жазбаны активтеп өңдеңіз.
Сөйтіп бірнеше жазбаларды өңдеңіз.
Insert немесе Record|Insert командаларының көмегімен жазбаны орнатыңыз. Жазба қазіргі кезде активтелген жазбадан соң орнатылады.
Кез келген жазбаны өшіріп тастаңыз. Ол үшін кез келген жазбаны активтеп Ctrl+Del немесе Record|Delete командаларын орандаңыз. Бірақ физикалық өшіру орындалу үшін бізге Pack Table тетігін активтеу керек. Ол үшін Table|Restructure-ге кіріп тетікті активтеп Save батырмасын басыңыз.
Record менюінің командаларымен кесте ішінде орынауыстыруды қарап көріңіз.
Tel.db кестесімен де сондай әрекеттерді орындаңыз. Кестелердегі мәліметтерді өзгерту кезінде қателер жиі пайда болады. Ол екі кестенің байланыс нәтижесінде болады. Сондықтан мәліметтерді форма түрінде өңдеген жөн. Оның тиімділігін келесі зертханалық жұмыстарда көресіз.
«Телефон анықтамасы» деректер базасының People кестесінің мәліметтерін сұрыптау.
Tools|Utilities|Sort командасын таңдаңыз.
Ашылған «Select Table» сұхбат терезесінде People.db құжатын таңдаңыз. Open батырмпасын басыңыз. Нәтижесінде «Sort Table:...People.db» терезесі ашылады.
осы терезеде Sorted Table тобында New Table тетігі активтелген. Онда сұрыптаудың нәтижесін сақтайтын құжаттың атын енгіземіз, яғни People-s.
Сол топтың Display sorted table тетігін сұрыптаудың шарттарын белгілеген соң оның нәтижесін көру үшін активтеңіз. Ал Sort just selected fields тетігін сол қалпында қалдырыңыз себебі біз барлық кестені сұрыптаймыз. Бұл дегеніміз Sort Oder тізімінде ғана емес, Fields тізімінде анықталған барлық өрістер бойынша.
Терезеде тағы екі тізім бар, олар сол – Fields – кестеге кіретін барлық өрістер атауы бар, оң - Sort Oder – сұрыптау жүргізілетін өрістер атауы бар тізімдер. Сол жақтағы тізімнен Family өрісін таңдап, тізімнің қасындағы оңға бағытталған көрсеткішке басып оны оң жақтағы тізімге орналастырыңыз.
Біз кестені Family өрісі бойынша және өсу ретімен сұрыптайтын боламыз. Оған Sort Oder тізімінің алдында + белгішесі тұрғаны сәйкес. Керек болса, біз сұрыптау түрін Sort Direction батырмасы арқылы өзгертуімізге болады. Мұнда тағы өрістердің ретін Change oder батырмасы арқылы өзгертуге болады.
Барлық әрекеттерді орындап болған соң ОК батырмасын басыңыз. Сіздің алдыңызда Фамилиялар өрісі алфавит бойынша сұрыпталған кесте шығады.
«Телефон анықтамасы» деректер базасының мәліметімен жұмыс істеу үшін подформасы бар форма құру.
Басты менюдің File|New Application командасы арқылы жаңа проекті ашамыз. Caption қасиетін «Информация о людях» деп өзгертеміз. Бұл атау біздің деректер базасының атауы болады.
Форманы MyExunitDB.pas атауымен сақтаймыз, ал проекті MyExampleDB.dpr деп сақтаймыз. Ол үшін File|Save Project As командасын орындаймыз. Онда құжат атауын таңдайтын терезе ашылады, бұнда біз модуль үшін буманы таңдаймыз. Модульге MyExUnitDB деген атау береміз де кейін проектіге MyExampleDB атауын береміз.
Form1 формасына People.db құжатында орналасқан компоненттерді байланыстыру үшін компоненттерді орналастырамыз.
DataAccess парағынан Table компонентін (8-сурет) орналастырып TableName қасиетіне People.db-ны орналастырамыз. Мұнда бағдарлама мен People.db кестесі байланыты. Кейін Table1 компонентінің Active қасиетін True деп орнатамыз. Ол Кестенің мәндерін көрсетеді.
8-сурет – Table1 компонентін орналастыру
Осы беттен DataSource компонентін орналастырамыз. Ол компоненттерді мәліметтермен байланыстырады. DataSource1 компонентінің DataSet қасиетін Table1 деп белгілейміз. Бұдан кейін компоненттер кестедегі мәліметтерге рұқсат алады.
Tel.db кестесіндегі мәліметтермен байланыс орнату үшін алдыңғы пунктегі әрекеттерді орындап, тек Table2 және DataSource2 компоненттері Tel.db кестесімен байланытады да, DatabaseName және DataSet қасиеттері сәйкесінше Table2 және DataSource2 мен байланысты.
Деректер базасының мәліметтерін екі кестеден көрсететін подформасы бар форма құру үшін деректер жиындар арасында байланыс орнатамыз. Ол үшін Table2 компонентін ерекшелеп, MasterSource қасиетіне DataSource1 мәнін орнатамыз. Тышқан тетігі арқылы MasterFields қасиетін активтейміз. Available Index енгізу жолында IDPeopleIndex мәнін орнатамыз (9-сурет), себебі байланыс индекстелген өрістер арқылы жүзеге асады. Кейін сол жақтағы тізімнен IDPeople мәнін және оң жақтағы тізімнен IDPeople мәнін таңдап Add батырмасын басыңыз. Сонымен байланыс орнатылды, ОК батырмасын басыңыз. Нәтижесінде IndexName қасиеті IDPeopleIndex ал байланыста қатысатын IDPeople өріс аты MsterFields қасиетінде көрсетіледі.
9-сурет – Tel.db кестесінің MasterField қасиеті
Формаға деректер базасын көрсететін компоненттерді орналастырамыз. Ол үшін келесі әрекеттерді орындаймыз:
Standart бетінен Label компонентін орналастырып, Caption қасиетін «Фамилия, имя, отчество» деп өзгертеміз.
DataControls бетінен 3 DBEdit компонентін Label1 компонентінің астына қатарынан орналастырамыз. Барлық компоненттер үшін DataSource қасиетін DataSource1, ал DataField қасиетін сәйкесінше Family, Name және SecName деп орнатамыз.
Standart бетінен тағы бір Label компонентін таңдап оны DBEdit1 компонентінің астына орналастырып, Caption қасиетін «День Рождения» деп ауыстырамыз.
DataControls бетінен DBEdit компонентін орналастырамыз. DataSource қасиетіне DataSourcе1 мәнін, ал DataField қасиетіне Birthday қасиетін орнатамыз.
Бұл жлдың оң жағына DataControls парағынан DBCheckBox компонентін орналастырып, Alignment қасиетін LeftJustify, ал Caption қасиетін – «Пол» деп орнатамыз. Кейін оның DataSource қасиетіне DataSource1 мәнін, ал DataField қасиетін тізімнен Sex мәнін таңдаймыз.
Label2 компонентінің астына Standart бетінен тағы бір Label компонентін орналастырып, Caption қасиетін «Комментарий» деп өзгертеміз.
Бұл компоненттің астына DataСontrols бетінен DBMemo компонентін орналастырамыз. Оның өлшемін горизонталь өлшемін бүкіл формаға созып, ал вертикаль өлшемін кішкене қысқартамыз. Оның DataSource қасиетін DataSource1 деп онратамыз, ал DataField қасиетін Notes мәнін таңдаймыз.
DataControls бетінен форманың жоғары оң жағына DBNavigator компонентін орналастырамыз. Оның DataSource қасиетін DataSource1 деп онратамыз.
DataControls бетінен формаға DBGrid компонентін формадағы барлық компоненттерден төмен орналастырамыз. Оның вертикаль өлшемін сәл қысқартамыз. Оның DataSource қасиетін DataSource2 деп онратамыз. Егер жоғарыдағы әрекеттер дұрыс орындалса, онда DBGrid1 компонентінде Tel.db кестесінің мәліметтері шығарылады.
DBGrid компонентінде көрсетілетін өрістер тізімін анықтаймыз. Ол үшін келесі әрекеттерді орындау қажет:
8.1 Тышқан тетігі көмегімен Columns қасиетін активтеп, Editing DBGrid1.Columns кестесінің өрістер тізімінің редакторын шақырамыз.
Достарыңызбен бөлісу: |