Айтбай Ақбота 018 жм тапсырма: «Соғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстандағы ахуал. Бейбіт ұрылысқа бейімделу»


Л.Брежнев бастаған топың билікке келуі. 1965-66 жылдардағы экономикалық реформалардың аяқсыз қалуы



бет3/3
Дата06.01.2022
өлшемі19,83 Kb.
#109801
1   2   3
Байланысты:
Соғыстан кейінгі бес жылдық кезеңі (2)
131753, 5.ДӘРІСТЕР, 5.ДӘРІСТЕР, Хазірет Айша
Л.Брежнев бастаған топың билікке келуі. 1965-66 жылдардағы экономикалық реформалардың аяқсыз қалуы.

1964 жылы СОКП Орталық Комитетінің қазандағы болған пленумында партия басшылығы ауысты. Пленум Хрущевті партияның ОК Бірінші хатшылығынан босатты. Оның орнына Хрущевтің кезінде екінші хатшы қызметін атқарған Брежнев тағайындалды. 60 жылдардың ортасында шаруашылық және экономикалық реформалар жүргізілді. 1965 жылғы қыркүйек айында болып өткен пленумда экономиканы басқарудың әкімшілік әдісі сыналып, кәсіпорындардың өз еркімен дамуын, шаруашылық есепті дамыту, экономиканы дамыту үшін материялдық жағынан ынталандырылуға көп көңіл бөлінді.1965-66 жылдардағы басталған экономикалық реформа бастапқы кезде экономикалық дамуға белгілі дәрежеде серпін берді. Осының нәтижесінде сегізінші бесжылдық кезінде халық шаруашылық кешеніне жоспарлы экономиканы енгізген уақыттан бастап жоғары көрсеткіштерге қол жеткізді. Өнеркісіп құрылысы кең көлемде жүргізілді.Тоғызыншы бесжылдықтың басына дейін Қазақстандық 1578 кәсіпорын немесе олардың жалпы санының 84 пайызы жұмыс істеді. Өнеркәсіптің жалпы өнімі 56, ал ауылшаруашылығының өнімі 52 пайызға артты. Комбинаттарда, зауыттарда өнім өндіру қарқыны күшейді. Республика хром өндіруден КСРО бойынша бірінші орынға,ал көмір, шойын, марганец өндіруден үшінші орынға жайғасты.Бірақ белгілі дәрежедегі радикализмге қарамастан экономикалық реформаның бірінші қадамынан бастап ақ оның жүйесіздігі көрініп тұрды. Сол уақыттардағы тотолитарлық жүйе оның экономикалық құрылымның шеңберінен шығуына мүмкіндік бермеді. Реформаның негізгі мақсаты-кәсіпорындардың шаруашылық дербестігін жоспарлы кеңейту болатын. Алайда көптеген кәсіпорындар оңай пайда табудың жолына түсіп бағаны қолдан жоғарылатты. Бұл экономиканың дамуына теріс әсерін тигізді. Реформаның шикілігі мынадан көрінді: ол кәсіпорындардың дербестігін кеңейте отырып,министрліктер мен әкімшіліктердің экономикалық өкілеттілігін күшейтті. Сол жылдардағы реформаның сәтсіздікке ұшырауының негізгі себебі саяси саладағы демократияландыру процесінің тежелуі болды. Ол нарықтық қатынастарды теріске шығарды. Брежневпен оның төңірегіндегілер реформа негізіндде экономиканы қайта құруға қарсы болды. 1970 жылдардың басында 1960 жылда басталған реформа ақырындап тежеле бастады. Экономикалық әлеуетті арттыру республиканың шикізат қорын пайдалану арқылы жүргізілді. Кеңестік экономика негізінен директивалық ұстаным мен орталықтың жоғарыдан бұйрық беру әдісі арқылы басқарылды. Қазақстан өнеркәсібінің елу пайызы министрлер қарауында болды. Олар республиканың мүддесін көдздемеді, ұлттық кадрлар дайындауда, қоршаған ортаны қорғау мәселесінде қайшылықтар орын алды. Соның нәтижесінде Семей полигонының, Арал меен Балқаштың экологиялық апатқа ұшырауы орын алды. Экономиканы әміршіл-әкімшіл жүйеде басқару әдісі материялдық ынталандыруды жоққа шығарып, орталықтың билеп төстеуіне алып келді. Қазақстан экономикасы 1980 жылдары дағдарысқа тірелді. Халықтың нақты табысы төмендеп кетті. «Басқаша ойлауға», яғни шығармашылық ой еркіндігіне мүмкіндік берілмеді. 1979 жылы болып өткен Целиноград оқиғасы да ұлтаралық қатынастардың шиеленісуіне алып келді. Оған қоса қазақ халқының мүддесімен санаспаған орталықтың өктемдік көрінісн де сипаттап берді. 1982 жылы қарашада КОКП ОК бас хатшысы Л.Брежнев қайтыс болғаннан кейін оның орнына Юрий Андропов сайланды. Бұл кезеңде елдегі қоғамдық және еңбек тәртібінде, партиялық билік өз ішінде қатаң бақылау мен қоғамдағы парақорлыққа,маскүнемдікке қарсы күреске жүргізуге ерекше маңыз берді. Сонымен, 1965-1980 жылдардағы дағдарыс құбылысы қоғамдық өмірдің барлық саласында тереңдей берді.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

Қазақстан тарихы оқулығы Г.В.Кан Н.У. Шаяхметов



Stud.kz

www.Wikipedia.kz

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет