Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы


-міндет. Жалпы мемлекеттің және қазақстандық өндірушілердің экономикалық мүдделерін ДСҰ шеңберінде ілгерілету, ұсыну және қорғау



бет8/8
Дата04.07.2018
өлшемі1,43 Mb.
#46938
1   2   3   4   5   6   7   8

2-міндет. Жалпы мемлекеттің және қазақстандық өндірушілердің экономикалық мүдделерін ДСҰ шеңберінде ілгерілету, ұсыну және қорғау.

ДСҰ шеңберінде өтпелі кезеңнің аяқталу және кең ауқымды бәсекелестікке дайындалу тұрғысынан ішкі экспорттық рәсімдерді жетілдіру, қазақстандық экспорттаушылар үшін кедергілерді жою және оларды қолдау мүмкіндіктерін барынша пайдалану бойынша жұмыс жандандырылады.

ДСҰ-ның мүшесі бола отырып, ДСҰ ережелерінің ашықтығы, айқындылығы мен тұрақтылығының арқасында Қазақстан тауарлары мен қызметтерінің әлемдік нарыққа қол жеткізу шарттарын жақсартты, сауда дауларын реттеу және кемсітушілік шараларының алдын-алу бойынша тиісті құралдарға қол жеткізді. ДСҰ-ға мүше елдердің экономикасына қатысудың неғұрлым кең мүмкіндіктеріне сондай-ақ, қазақстандық инвесторлар да ие болды.

Қазақстандық өндірушілер мен экспорттаушылардың ДСҰ шеңберінде демпингке қарсы тергеп-тексерулерді жүргізу қағидалары мен рәсімдері туралы хабардарлығын арттыру маңызды міндет болып табылады.

Қазақстанның ДСҰ-ға қосылу процесінде қабылдаған міндеттемелерді орындауы қолданыстағы және әзірленетін ұлттық заңнаманы Ұйымның қағидаларына үндестіру арқылы қамтамасыз етіледі, тұрақты негізде оның органдарымен тиісті ақпарат алмасу жүзеге асырылатын болады.

Қазақстанның экономикасы үшін әлеуетті қызығушылықты білдіретін бағыттар бойынша ДСҰ-ға мүшелердің міндеттемелерін орындауын бақылауға қатысу практикасы кеңейтілетін болады.

ДСҰ қағидаларында рұқсат етілген шаралармен өсуін ынталандыру, өндіріс пен экспортты әртараптандыру жөніндегі ұсыныстар тұрақты негізде әзірленетін болады.

ДСҰ кіруден барлық артықшылықтар мен пайдаларды алу үшін елдің экономикалық даму векторын экспорттық-шикізат экспансиясы стратегиясынан жоғары қосылған құны және терең өңдеуі бар шикізаттық емес экспорт стратегиясына ауыстыру бойынша шаралар кешені іске асырылатын болады.



3-міндет. ЭЫДҰ-мен ынтымақтастықты тереңдету

ЭЫДҰ-мен ынтымақтастықты дамыту Қазақстанның сыртқы экономикалық саясаты басымдылықтарының бірі болып табылады, себебі Қазақстанның мақсаты осы ұйымға кіру.

Озық практикалар мен ЭЫДҰ стандарттарын имплементациялау бойынша жұмыс жалғастырылатын болады, оның бірінші кезеңі еуразиялық континеттің 13 еліндегі бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша шараларды әзірлеуге және іске асыруға бағытталған ЭЫДҰ бәсекеге қабілеттілігінің Еуразиялық бағдарламасы болды. Осы бағдарлама шеңберінде жер қойнауын пайдалануға инвестиция тарту, өңірлік бәсекеге қабілеттілік, инновациялық саясат, білім беру сияқты салаларда бірқатар жобалар іске асырылуда.

Қазақстанның ЭЫДҰ-мен құрылымдық, экономикалық, саяси және әлеуметтік реформаларды жүргізуге және мемлекеттік басқару, қалалық даму, ШОБ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат, жасыл экономика, әлеуметтік саясат сияқты салаларды реформалау жөніндегі ЭЫДҰ ұсынымдарын іске асыру жөніндегі ұлттық Жол картасын бекітуге бағдарланған Ынтымақтастықтың елдік бағдарламасына қол қою болды. Бастапқыда 2015-2016 жылдарға арналған Ынтамақтастықтың елдік бағдарламасы 2018 жылдың соңына дейін ұзартылды.

ЭЫДҰ-мен белсенді өзара іс-қимыл Қазақстанның ЭЫДҰ-нің комитеттері мен жұмыс органдарына қатысуы және Ұйымның басшылық қағидаттарына қосылу арқылы іске асырылады. Бекітілген тиісті іс-қимылдар жоспарының шеңберінде қазақстанның ЭЫДҰ-ның комитеттері мен жұмыс органдарына қатысуы деңгейін ұлғайт бойынша жұмыс жалғасын табады.

4-міндет. Қазақстан Республикасы мен Еуропалық одақ арасында кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы Келісім шеңберіндегі ынтымақтастық

Қазақстан мен Еуропалық одақ (ЕО) арасында кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық туралы келісім өзара сауданы дамытуды, экономикалық байланыстарды кеңейтуді, экономиканың өндірістік секторларына инвестициялау үшін қолайлы жағдайлар жасауды және инвестициялық ахуалдың тұрақтылығы мен айқындылығына кепілдік бере отырып, Қазақстан мен ЕО арасындағы инвесторлар мен кәсіпкерлердің экономикалық қызметтерін инвестициялау және жүзеге асыру үшін өзара кемсітпеушілік жағдайларын беруді көздейді. Келісімде, сондай-ақ тауарларды кедергісіз транзиттеу бойынша өзара міндеттемелер бар, бұл қазақстандық өнімдерді ЕО нарығына экспорттауға ықпал етуі тиіс.

Еңбек ресурстарын қажетті дағдылармен өсіру, оның ішінде жоғары білікті жұмыс күшінің жетіспеушілігі байқалатын экономиканың сол секторларында шетелдік білікті мамандарды тарту арқылы экономиканы әртараптандыру және жаңғырту бойынша міндеттерін шешуге ықпал ететін болады. Осы тұрғыдан Қазақстан ЕО –ге келісімдік негізде мамандарды тарту бойынша қосымша кепілдіктер берді, өз кезегінде мұндай кепілдіктерді көпжақты негізде ДСҰ-ның мүше елдеріне ұсынады.

Мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің шеңберінде көзделген, Келісіммен бекітілген ұлттық режим қағидаты және базалық тәсілдер, сондай-ақ баға бағамы және өтпелі кезеңдер бойынша уағдаластықтар қазақстандық өнім берушілерге мемлекеттік сатып алудың еуропалық нарығына кемсітпеушілік, ашық және болжамды шарттармен шығуын қамтамасыз етеді. Бұл ретте, Қазақстан экспорттық монополияға тыйым салуды, ішкі нарықтағы бағаларды реттеуді жоюды, еуропалық компанияларға мұнай мен газ кен орындарына кемсітусіз қол жеткізулерін қамтамасыз етуге ұмтылатын болады.



5-міндет. Инвестицияларды өзара көтермелеу және іскерлік байланыстарды екіжақты форматта қарқындатуға жәрдемдесу

Қазақстан өнімді инвестиция мен технология көздері болуға қабілетті басым елдермен тығыз екіжақты экономикалық қарым-қатынасты дамытуды жалғастырады.

Қазақстан инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы 46 екіжақты және 1 көпжақты келісімге қол қойды. Түркия, Хорватия, Бахрейн, Сауд арабиясы, БАӘ және т. б. елдермен жаңартылған және жаңа екі жақты инвестициялық келісімдерге қол қойылады. Қазақстан әлемдік тәжірибе негізінде инвестицияларды көтермелеу және қорғау туралы халықаралық келісімдер жасасуға ортақ тәсілдерді әзірлеу бойынша қажетті қадамдар қабылдайды.

Әлеуетті инвесторларға визалық рәсімдерді оңайлату бөлігіндегі жұмыс жалғастырылады. Астана Халықаралық қаржы орталығын дамытуға жәрдемдесу мақсатында 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап ЭЫДҰ, ЕО, Малайзия, Монако, БАӘ мен Сингапур елдері үшін, жалпы алғанда, 45 ел үшін визасыз режим енгізілген.

Бүгінгі таңда қазақстандық визалардан босату туралы дипломатиялық паспорттардың иелері үшін 66 елмен, ал қызметтік паспорттардың иелері үшін Қазақстан 43 елмен келісімге қол қойды. Сонымен қатар, бүгінгі күні Қазақстан азаматтары үшін визалардан босату туралы 20 мемлекетпен екіжақты келісімге қол қойылған.

Қазақстан үшін инвестициялық, сауда-экономикалық, технологиялық, туристік дамыту мәселелері жөніндегі әріптес ретінде қызығушылық тудыратын елдермен визалық режимді өзара ырықтандыру бойынша белсенді жұмыс жалғасатын болады. Бұл бизнес-контактілерді кеңейтуге арналған рәсімдерді едәуір жеңілдетеді, әкімшілік кедергілерді төмендетеді, Қазақстанның ашық және өзара тиімді іскерлік қарым-қатынасқа бағытталған мемлекет ретіндегі имиджін арттырады.



6-міндет. Өңірлік ынтымақтастықты кеңейту

ТМД елдері Қазақстанның басымды сауда әріптестері болып қалуда. Біздің еліміз ТМД еркін сауда аймағының шеңберінде преференциалдық режимнің мүмкіндіктерін тауарлар саудасы үшін кеңінен пайдаланады.

Көрсетілетін қызметтердің еркін саудасы, құру, қызметі және ТМД қатысушы – елдердің инвестицияларын жүзеге асыру туралы Келісімді әзірлеу жүргізілуде.

Қазақстанның Орталық Азия елдерімен ынтымақтастығы географиялық жақындығына байланысты және сауда-экономикалық байланыстарын тереңдету үшін әлеуетіне байланысты маңызды басымдықтарының бірі болып табылады. Қазақстандық экспорттаушылардың Орталық Азия елдерін шикізаттық қана емес, терең өңделетін тауарлармен толықтыруға өндірістік, технологиялық мүмкіндіктері бар. Сондай-ақ, Орталық Азия елдерімен ынтымақтастықты дамыту қазақстандық бизнеске таяу Шығыс, Оңтүстік Азия, сондай-ақ ҚХР батыс өңірлерінің нарығына кедергісіз шығуға мүмкіндік береді.



7-міндет. «Бір белдеу, бір жол», көлік дәліздерін дамыту

Қазақстан Батыс Қытай мен Еуропа арасында, Ресей мен Орталық Азия елдерінің арасында оңтайлы жағдайға ие, Каспий теңізі арқылы Таяу Шығысқа, Орталық Азия елдері арқылы Оңтүстік Азия елдеріне қол жеткізе алады.

Қазақстан сауда-көлік логистикасы және инфрақұрылым саласындағы халықаралық бастамаларға белсене қатысуды жалғастырады.

«Бір белдеу, бір жол» бастамасын іске асырудан барынша жақсы әсер алу мақсатында отандық көліктік-логистикалық инфрақұрылымды жаңғырту, логистикалық орталықтарды құру және сауда рәсімдерін жеңілдету саясаты жалғастырылады.

Азия Даму Банкінің Орталық Азиялық өңірлік экономикалық ынтымақтастығы бағдарламасының шеңберінде көліктік-логистикалық бағдарларды дамыту бөлігінде одан әрі қадамдар жасалатын болады.
6-тарау. 2025 жылға дейінгі Стратегиялық жоспарды іске асыру тәсілі

Стратегиялық жоспар реформалардың кешенді жоспары және саясаттар жинағы болып табылады, оның жетістігі нақты мақсаттар мен нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған өзара байланысты міндеттер мен бастамаларды толық ауқымды іске асыру арқылы айқындалады. Бұдан басқа, реформалар мен саясаттарды жүзеге асыру барлық мүдделі мемлекеттік органдардың, сондай-ақ бизнес пен азаматтық қоғамның үйлестірілген әрекетін талап етеді.

Мемлекеттік жоспарлау жүйесіне сәйкес 2025 жылға дейінгі стартегиялық жоспар «Қазақстан-2050» стратегиясынан кейінгі бірінші деңгейдегі құжат болып табылады. Қазақстанның стратегиялық даму жоспары Елді аумақтық кеңістікте дамытудың 2020 жылға дейінгі болжамды схемасы, мемлекеттік бағдарламалар, мемлкеттік органдардың стратегиялық жоспарлары аумақтарды дамыту, ұлттық басқарушы холдингтерді, ұлттық холдингтерді және жарғылық капиталына мемлекет қатысатын ұлттық компанияларды дамыту стратегиялары арқылы іске асырылады.

2025 жылға дейінгі Стратегиялық жоспарды табысты іске асыру төрт қағидатқа негізделген.



1-қағидат. Реформаларды іске асыру нəтижелері үшін нақты жауапкершілік

Стратегиялық жоспардың реформаларын, саясаттарын және жалпы мақсаттарына қол жеткізуді бақылауды Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің төрағалық етуімен Жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссия жүзеге асырады.

Әрбір реформаның және саясаттың орындалуына жауапкершілік Премьер-Министрдің орынбасарлары мен Президент Әкімшілігі Басшыларының орынбасарлары деңгейіндегі кураторларға жүктеледі. Әрбір реформа мен саясат кураторлары министрлер мен мемлекеттік орган басшылары деңгейіндегі міндеттер кураторлары арасында жауапкершілікті бөлу арқылы оның міндеттерін орындауды қамтамасыз етеді.

Міндет кураторларының Жұмыс тобын қолдауды ведомствоаралық өзара іс-қимылды талап ететін өзгерістерді іске асыру үшін жобалық офис шеңберінде Үкімет қалыптастырған жобалық офистер жүзеге асырады. Проблемаларды жедел және кешенді шешу үшін жобалық офистерге мүдделі мемлекеттік органдар мен бизнес өкілдері кіреді.

Бұл тәсіл, бірінші кезекте, айтарлықтай өзгерістерді не әртүрлі мүдделі тараптардың үйлестірілген іс-қимылын талап ететін реформалар мен саясаттар шеңберіндегі міндеттер мен бастамаларды орындауға қолданылады. Басқа міндеттер мен бастамаларды министрліктер мен мемлекеттік органдар тиісті мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды орындау шеңберінде және оның ағымдағы қызметі шеңберінде жүзеге асырады.

2-қағидат. Енгізу нəтижелері үшін жауапкершілікті бизнеспен жəне қоғамдастықпен бөлісу

Бизнес, азаматтық қоғам және мемлекеттік органдар Стратегиялық жоспарды іске асырудағы жауапкершілікті өзара бөліседі. Ол үшін бизнестің атынан «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы президиумы, азаматтық қоғам атынан Қазақстанның Азаматтық альянсы кеңесінің және үкіметтің арасында бірлесіп іске асыру туралы Келісімге қол қою жоспарланып отыр.

Бірлесіп іске асыру, реформа шеңберінде бастамаларды жүзеге асыру жолдарын табу үшін консультациялар мен пікір алмасу жүргізуді, сондай-ақ Стратегиялық жоспардың реформаларының мақсаттары мен мақсаттарына қол жеткізуді мониторингілеуді болжайды. Әр бастаманы іске асыру барысында жүйелі түрде оларға бағытталған және олардың өмір сүру деңгейін жақсартатын халық топтары анықталады.

Бірлесіп іске асыру шеңберінде үкімет қажетті заңнамалық, реттеуші және институционалдық жағдайлар жасауды, кедергілерді жоюды, сондай-ақ қажетті саясатты жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Бизнес тарапынан мемлекеттік органдарға қажетті консультацияларды беруге белсенді түрде қатысу, сондай-ақ операциялық тиімділікті арттыру бойынша, технологиялық жаңару, қызметкерлердің құзыретін дамыту және тағы басқалары бойынша


іс-шараларды өткізу арқылы өнімділігі мен өз тауарлары мен көрсетілетін қызметтерінің сапасын арттыру үшін нақты шаралар күтіледі. Азаматтық қоғам өкілдері құзыретті дамытуға және халықтың қоғамдық санасын жаңғыртуға бағытталған іс-шараларға қатысады.

3-қағидат.Міндеттерге және бастамаларға басымдық беру

Күш-жігерді шоғырландыру және нәтижесін тез арада алу үшін бастамаларға олардың маңыздылығы деңгейіне, іске асыру күрделілігіне және шұғылдылығына қатысты басымдық беріледі. Барынша басымдық мына сипаттамаларға сәйкес келетін бастамаларға беріледі:

Стратегиялық жоспардың мақсаттары мен жалпы ұлттық нысаналы индикаторларына қол жеткізуде айтарлықтай күтілетін әсері бар;

елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының бірнеше бағытына күтілетін әсері бар;

оларды іске асыру үшін талап етілетін ресурстар мен күш-жігерге қатысты күтілетін жоғары әсері бар;

ұзақ мерзімді перспективада ел дамуы үшін нәтижелер беретін не қол жеткізілген табыстар мен прогрестерді көрсететін тез нәтижелер әкелетін;

олардың орындалуы басқа бастамаларды іске асыруды бастауға өте қиын болып табылатын.

4-қағидат. Нәтижеге назар аудару және тәуелсіз бағалау

Міндет кураторларына міндеттерді орындаудың және нысаналы индикаторларға қол жеткізудің барынша тиімді әдісін таңдауда белгілі бір еркіндік беріледі. Жұмыс топтары мен жобалық офистер жұмысының тиімділігі бастамаларды орындау нәтижелерімен емес, міндеттерді орындау нәтижелері және нысаналы индикаторларға қол жеткізу нәтижелері бойынша бағаланады.

Стратегиялық жоспардың іске асырылуын мониторингілеу жыл сайынғы негізде мемлекеттік жоспарлау жүйесінің төмен тұрған құжаттарын іске асыру нәтижелерін ескере отырып, нысаналы индикаторларға қол жеткізу нәтижесі бойынша жүргізіледі. Реформаларды жүзеге асыру процесінде есептілікті барынша азайту және жеңілдету үшін операциялық мониторингтің стандартты құралдары, оның ішінде цифрлық технологиялар негізінде қолданылады.

Іске асыруды бағалау мемлекеттік жоспарлау әдіснамасына сәйкес жүргізіледі.Тәуелсіз бағалауға қол жеткізу үшін сыртқы ұйымдар, оның ішінде халықаралық ұйымдар тартылуы мүмкін (мысалы ЭЫДҰ, Дүниежүзілік банк немесе басқалар).

Мониторинг және бағалау процесі нысаналы индикаторлардың, реформалардың, міндеттердің және/немесе бастамалардың күтілетін нәтижелерге қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін өзгерісіне (немесе жоюға) жол береді.
7-тарау. Түйінді нысаналы индикаторлар

2025 жылға дейінгі Стратегиялық жоспардың түйінді ұлттық индикаторлары (бұдан әрі – ТҰИ) 2021, 2025 жылдарға қарай және 2050 жылы қол жеткізілуге тиіс нысаналы нәтижелерді көрсетеді.



Сала

ТҰИ деңгейі

Индикатор

Өлшем бірлігі

Мәндері

2016 жыл

2021 жыл

2025 жыл

2050 жыл

Әл-ауқаттың өсуі

Экономикалық өсу

I

Жан басына шаққандағы ЖІӨ

Номиналды мәндегі ағымдағы АҚШ долларында

7 715

13 190

18 500

33 270

Номиналды мәндегі халықаралық долларда (СҚТ бойынша)

26 048

34 600

46 100

60 000

II

Еңбек өнімділігінің орташа жылдық өсу қарқыны

2016 жылғы деңгейден 2016 жылға қарай өсу %

-

4,4

4,7

4,5

Экономиканың сапалы өсуі

Макроэкономикалық тұрақтылық

I

Мемлекеттік бюджеттің мұнай емес тапшылығы

% ЖІӨ-ден

9,0

<6,6

<6,0

-

Инфляция

кезең соңындағы %

8,5

3,0-4,0

3,0-4,0

-

Әртараптандыру

I

Тауарлар мен қызметтердің шикізаттық емес экспорт үлесі

экспорттың жалпы көлеміндегі %

44,6

45,9

50,0

70,0

II

Экономика күрделілігінің индексі

Рейтингтегі орны

(балл)


78

(-0,5)11



70

(-0,3)


55

(0)


16

(1,5)


Бизнес орта және кәсіпкерлікті дамыту

I

ЖІӨ-гі шағын және орта бизнес үлесі

ЖІӨ-ден %

26,8

30,0

35,0

50,0

ЭЫДҰ бәсекелестік ортасының индексі(Product Market Regulation)

балл

-

2,7

2,2

1,5

II

Экономикадағы орта кәсіпкерлік үлесі

ЖІӨ-ғы ЖҚҚ %

4,8%12

10%

15%

20%

Экономикадағы мемлекет қатысатын кәсіпорындардың үлесі (2020 жылға дейін)

ЖІӨ-ғы ЖҚҚ %

18,3%

15%

-

-

ҚР өңірлерінің бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша ұлттық рейтингі

Орташа баллдың өсімі

-

Деректер 2018 жылдан бастап қолжетімді болады

Технологиялар және инновациялар

I

БҰҰ АКТ дамыту индексі

Орны

52


30


25


15


II

Кең жолақты Интернет желісіне қол жетімділікпен қамтамасыз етілген перспективалық АЕМ саны

Бірлік







1227




Экономикадағы ҒЗТКЖ-на шығындар

ЖІӨ %

0,14

0,5

1,0

3,0

Қаржы нарығы және инвестициялар

I

Негізгі капиталға инвестициялар

ЖІӨ %

16,4

17,1

19,4

30,0

II

Ұлттық валютадағы несие портфелінің көлемі

ЖІӨ-ден %

18

≥30

30-50

50≤

Инфра-құрылым

I

Логистика тиімділігінің индексі13

Орны

77

40

38

30

Өмір сүру сапасының өсуі

Денсаулық сақтау

I

Туу кезіндегі күтілетін өмір сүру ұзақтығы

жыл

72,314

73,3

75,0

84,0

II

Нәресте өлім-жітімі

1000 тірі туғандарға шаққандағы саны

8,6

7,8

7,2

3,5

Ана өлім-жітімі

100 мың тірі туғандарға шаққандағы саны

12,7

11,0

10,0

9,0

Білім беру

I


PISA тестіне сәйкес орта білім беру сапасын бағалау

Математикадан орташа балл

46015

470

480

510

Оқу бойынша орташа бал

427

440

450

510

Ғылым бойынша орташа бал

456

465

490

510

II

QS-WUR рейтингісінде белігіленген Қазақстан жоо-ның саны, ТОП-200

бірлік

0

2

3

-

1-ден 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі білім берумен және тәрбиемен қамту

балалардың жалпы санының %

64,5

70,0

80,0

90,0

Кіріс пен жұмыспен қамту

I


Халықтың ең аз қамтылған 40%-ның табысының үлесі

халықтың жалпы табысының

%-ы


22,8

24,9

27,0

34,5

Жұмыссыздық деңгейі

%

4,9

≤5

≤5

3-4

II

Өнімсіз еңбекпен қамтылғандар үлесі

өз бетінше жұмыспен қамтылғандар-

дың жалпы санынан %



16,0 24

10,0

7,0

5,0

I


Урбандалу деңгейі

%

55,6

58,0

60,0

70,0

Өңірлер арасында ЖӨӨ дамуының айырмашылығы

n есе

3,2

3,0

2,7

2,5

II

Тұрғын үйді пайдалануға беру көлемі

мың шаршы метр

9619

5348

96081

363121

Орталықтандырылған сумен жабдықтаумен қамтамасыз етілу:

- қалаларда


%

88,0

98,0

100,0

-


- АЕМ

52,3

64,0

80

-

Жасыл экономика және қоршаған орта

I


ЖІӨ энергиялық сыйымдылығы (қоршаған ортаға прокси-көрсеткіш ықпалы)

2008 жылғы деңгейден төмендеу %

28 26

30

40

50

II

Жаңартылатын энергия көздерінен электр энергия үлесі


өндірудің жалпы көлемінен %


0,9



3



6



50 27



Иституттар

I


Дүниежүзілік банктің мемлекеттік басқару тиімділігінің индексі (Government Effectiveness)

Орны
(процентиль)16

102

(51,44)


100–115

(55–60)


80–100

(60–75)


30–50

(75–90)


II

Сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексі Corruption Perception Index, НГО Transparency International)

балл

29

32

35

62

Заң үстемдігі индексі (Rule of Law Index, «The World Justice Project» ҮЕҰ)

Рейтингтегі орны

(ұпай)


73

(0,50)


65–70

(0,51)


55–60

(0,53–0,54)



25–30

(0,66–0,70)



Тұрақты мониторингті жүзеге асыру үшін кешенді халықаралық көрсеткіштер индекстері







ДЭФ Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі

Рейтингтегі орны

52

46

40

30







БҰҰ-ның адам дамуы индексі

Рейтингтегі орны

56

48

40

30

Стратегиялық жоспардың түйінді ұлттық индикаторларын анықтау тәсілдері

Стратегиялық жоспардың түйінді ұлттық индикаторлары және олардың нысаналы мәндері Қазақстанның 2050 жылы әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына ену бойынша мақсатына қол жеткізудегі прогресті өлшеу, Қазақстанның позициясын 30 дамыған елмен салыстыру, сондай-ақ берілген Стратегиялық жоспарда қамтылған реформалар мен саясаттардың орындалуын бағалау үшін анықталған.

Әлемдегі дамыған елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы деңгейін, сол сияқты халықтың өмір сүру сапасының деңгейін көрсететін факторлардың жиынтығы бойынша айқындалды. ЭЫДҰ-ға мүше болуы, әл-ауқат деңгейі (жан басына шаққандағы ІЖӨ) және Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі (Дүниежүзілік экономикалық форум), Адами даму индексі (БҰҰ), Мемлекеттік басқару тиімділігінің индексі (Дүниежүзілік банк), Құқықтың үстемдігі индексі (World Justice Project), Дүниежүзілік бақыт индексі (БҰҰ) және Жемқорлықты қабылдау индексі (Transparency International) халықаралық индекстердегі позиция сияқты факторлар бойынша салыстыру жүргізілді. Факторлар жиынтығы бойынша ең жақсы мәндерге ие 30 ел таңдап алынды. Олардың қатарына Швейцария, Норвегия, Нидерланды, Швеция, Финляндия, Германия, Жаңа Зеландия, Канада, Австралия, АҚШ, Ұлыбритания, Ирландия, Австрия, Бельгия, Жапония, Израиль, Франция, Оңтүстік Корея, Испания, Сингапур, Чехия, Эстония, Чили, Польша, Португалия, Италия, Латвия, Біріккен Араб Эмираттары және Словакия енді. Бұдан әрі бұл елдер индикаторлардың нысаналы мәндерін анықтау үшін қолданылды.

Стратегиялық жоспардың түйінді ұлттық индикаторлары өлшеудің 13 саласы бойынша прогресті қадағалап отырады. Өлшеу салалары көрсеткіштердің айтарлықтай толық кешенін қамтитын Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексімен өлшенетін, Ең жақсы өмір индексімен (ЭЫДҰ), «Қазақстан-2050» Стратегиясының және Әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруі жөніндегі тұжырымдамамен өлшенетін салаларды салыстыру жолымен анықталды. Өлшеу салалары сондай-ақ ел дамуының осы кезеңінде сындарлы болып табылатын, мысалы, өңірлердің дамуы сияқты Стратегиялық жоспардың реформалары мен басым саясаттарының бағыттарын ескереді. Өлшеу салалары үш топқа біріктірілген: әл-ауқаттың өсуі, экономикалық өсу сапасы және халықтың өмір сүру сапасы.

«Әл-ауқаттың өсу» тобына экономикалық өсуді өлшеу саласы кіреді. «Экономикалық өсу сапасын» қадағалау үшін макороэкономикалық тұрақтылық, әртараптандыру, бизнес орта және кәсіпкерлікті дамыту, технологиялар және инновациялар, қаржы нарығы және инфрақұрылым сияқты салалар енгізілген. «Халықтың өмір сүру сапасы» денсаулық, білім беру, табыс және жұмыспен қамту, өңірлік даму, жасыл экономика және қоршаған орта және институттар арқылы өлшенеді.

Әлемнің дамыған елдеріне қатысты Қазақстанның прогресін салыстыру үшін жүйелі түрде мониторингілеу мақсаттарында жалпы танылған халықаралық индекстер айқындалған. Халықаралық индекстердің маңыздылығы елдегі жағдайды бағалау үшін оны шетелдік сарапшылар мен инвесторлардың кеңінен қолдануы, ол Қазақстанның назарынан тыс қалмауы тиіс.



Индикаторолардың нысаналы мәндерін есептеудің базалық алғышарттары

Орташа жылдық халық саны 2017 жылдан бастап 2025 жылды қоса алғанда 18 048,6-дан 19 834,8 мың адамға дейін өседі деп болжануда, бұл ретте жұмыспен қамтылған халық саны орта есеппен 0,25% жылдық өсімді ескере отырып, 8 750 адамға жетеді. 2020 жылдан бастап инфляция деңгейі 3-4% белгісінде тоқтайды, теңгенің АҚШ долларына айырбас бағамы 330 деңгейінде белгіленген, Brent маркалы мұнайдың әлемдік бағасы 55 доллар деңгейінде, ал металдардың әлемдік бағасының орташа жылдық өсу қарқыны 2,6% деңгейінде. Бұл ретте белгіленген деңгейден шикізаттың әлемдік бағасының асып түсуі Ұлттық қорға аударымдар жасау арқылы жойылады деп болжануда. Сондай-ақ Қазақстанда шикі мұнай мен газ конденсатын өндіру көлемі 2016 жылдан бастап 29,3 млн. тоннаға өседі және 2025 жылы 107,3 млн. тоннаны құрайды деп болжанып отыр.



Индикаторлардың нысаналы мәндерін бағалау тәсілдері

Индикаторлардың нысаналы мәндерін бағалау тәсілдері олардың ерекшеліктеріне байланысты өзгеріп отырды. Жаһандық деңгейде Қазақстанды басқа елдермен тікелей салыстыруға мүмкіндік беретін халықаралық индикаторлар үшін, мақсаттар үздік әлемдік практикаға сәйкес белгіленді. Бұл тәсіл Қазақстанға әлемдік көшбасшылармен салыстырылатын өсу сапасын қамтамасыз етуге назар аударуға мүмкіндік береді.

Әрбір индикатор бойынша әлемдік үздік практикаға сәйкес келетін деңгей, әлемнің 30 дамыған елінің мәндері негізінде анықталды. Индикаторлардың әрқайсысы бойынша 2025 жылға арналған нысаналы мән 2050 жылға арналған нысаналы мән негізінде есептелді, бұл Қазақстанның әлемнің 30 дамыған елдер қатарына кірудің ұзақ мерзімді бағдары болып табылады. Осылайша нысаналы мән бастапқыда 2050 жылға белгіленді және әдеттегідей бүгінгі көшбасшы елдердің арасында 2015-2016 жылдар деңгейінің орташа мәніне тең қабылданды.

Есептеу негізінде алынған 2021, 2025 және 2050 жылдарға арналған нысаналы мәндер сарапшылар пікірлері ескеріле отырып тексерілді және бейімделді. Бұдан басқа әрбір көрсеткіштің нысаналы мәндерін бағалау кезінде бастамалардың 2017-2021 жылдардағы іске асырылуының кейінге қалдырылған әсері болжанды: бастаманы енгізуді бастау мен алғашқы нәтижелер алу арасында белгілі бір кезең өту керек. Көрсеткіштерді бағалау әдісіне қарамастан өршілдіктің жоғары деңгейі мен нысаналы мәндерге қол жеткізу арасында теңгерімділік сақталды. Индикаторлардың нақты мәндерін түзету жағдайында нысаналы мәндерге тиісті өзгерістер енгізілуі мүмкін.



1Дүниежүзілік банк тобы, ҚР ҰЭМ Статистика комитеті

23Дүниежүзілік банк тобының Дүниежүзілік басқару индикаторлары (World Governance Indicators), 2015

34TransparencyInternational сыбайлас жемқорлықты түйсіну индексі, 2016

4 “The Robotics Revolution. The Next Great Leap in Manufacturing", The Boston Consulting Group

5 "The Robotics Revolution. The Next Great Leap in Manufacturing", The Boston Consulting Group

6 Manpower Group, IBIS Capital, 2013

7 World Economic Forum «The Future of Jobs»

8 «Пайым және мақсаттар 2025» дөңгелек үстелі, 2017

9Сарапшылар, мемлекеттік қызметшілер және бизнес өкілдері пікірлерінің аудиті, 2017

10 ЭЫДҰ анықтамасына сәйкес

1118 economic Complexity Index, Гарвард19 2015 жылғы деректер

1220 2016 жылғы алдын аоа деректер

1321 Дүниежүзілік банк

1422 2016 жылғы алдын ала деректер

1523 2015 жылғы деректер

16



Каталог: sites -> default -> files -> pages
pages -> Конкурс жариялайды Конкурс жариялаған орган атауы : Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы
pages -> Шетелдегі және еліміздегі ғылым және технологиялардағы қызықты оқиғалар
pages -> 1 Әлемдегі инновациялар
pages -> Әлеуеттік қауіп жағдайларында немесе террористік акт жасалғанда, сондай-ақ терроризмге қарсы операция жағдайларында азаматтардың іс-қимылына
pages -> Конкурс туралы хабарландыру Барлық конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет