Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы


Көліктік көрсетілетін қызметтерді дамыту



бет7/8
Дата04.07.2018
өлшемі1,43 Mb.
#46938
1   2   3   4   5   6   7   8

Көліктік көрсетілетін қызметтерді дамыту. «Нұрлы жол» бағдарламасында көзделген заманауи логистикалық хаб құру «Бір белдеу, бір жол» мемлекетаралық жобасы шеңберінде Қазақстанның транзиттік-көліктік әлеуетін тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

Қытай мен Оңтүстік-Шығыс Азиядан логистиканы Еуропаға дейін тартуға, мультимодальды тасымалдауды жүзеге асыру үшін халықаралық деңгейдегі сервистік инфрақұрылымды және сауда-логистикалық орталықтар желісін қалыптастыруға, авиа-хабтарды дамытуға мүмкіндік береді. Саланы тиімді басқару жүйесін қамтамасыз ету көліктік көрсетілетін қызметтер нарығына мемлекеттің қатысуын біртіндеп қысқартады және көлік субъектілеріне техникалық, экологиялық және біліктілік талаптарына сәйкестігін бақылаудың айқын тетігін қалыптастырады.

«Ашық аспан» саясаты іске асырылатын болады, бұл Қазақстанды әлемдегі ең ірі сауда-өнеркәсіптік және қаржы орталықтарымен қосуға, авиалогистиканың құнын төмендетуге, туристік және жүк ағындарын арттыруға мүмкіндік береді.

Әлемнің тораптық транзиттік нүктелерінде көлік-логистикалық объектілер құру бойынша шаралар қабылданатын болады. Қазақстан үшін халықаралық теңіз порттарына қол жеткізуді кеңейту мен әртараптандыру маңызды басымдық болып табылады.



Инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді құру. Базалық және өңдеу салаларында индустриалды жобаларды іске асыруға мамандандырылған жобалау, технологиялық сараптама және консалтинг, техникалық аудит және қадағалау, технологияларды бейімдеу және жүйелі интеграциялау сияқты бәсекеге қабілетті инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді құрудың жоғары әлеуеті іске асырылатын болады. Осы бағытта осы секторларды дамытуда жинақталған тәжірибенің синергиясы және кейін шетелдік нарықтарға шыға отырып, әлемнің жетекші инжинирингтік компанияларын тарту маңызды.

Әлеуметтік экономиканы дамыту. Білім беру мен денсаулық сақтауға және осы салалардың көрсетілетін қызметтерді экспорттауының өсуіне жеке инвестицияларды тартуға жағдай жасалады. Бұл қызметтердің экспорттық әлеуетін іске асыру локомотиві Назарбаев Университетінің халықаралық деңгейдегі кластерлері болып табылады. Халықаралық кеңістікке тиімді интеграциялану үшін әлемнің жетекші клиникаларымен, ЖОО-ларымен және зерттеу институттарымен стратегиялық әріптестік жолға қойылатын болады.

Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар саласындағы қызметтерді дамыту. Ақпараттық-коммуникациялық қызметтерді дамыту шеңберінде қазақстандық IT-қызметтердің экспорттық әлеуетін арттыру, «бұлтты» технологияларды енгізу, деректерді сақтау және өңдеу, бағдарламалау қызметтерін енгізу, электрондық мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру, сондай-ақ Қазақстанның аумағын жылдамдығы жоғары интернетпен қамтуды арттыру ұсынылады. Қазақстанның IT -компанияларының экспорттық әлеуетін Astana Hub және «Алатау» инновациялық технологиялар паркі» АЭА базасында, сондай-ақ «Назарбаев Университеті» базасында инновациялық орталықтарды дамыту есебінен арттыру жоспарлануда. Қазақстандық компаниялардың экспорттық әлеуеті зерттеледі, оның негізінде экспортқа арналған IT-қызметтер тізілімі әзірленетін болады.

Astana Hub IT-стартаптарын қолдаудың толық циклына жағдай жасау мақсатында ЭКСПО-2017 объектілерінің бірінің негізінде құрылады. Бұл халықаралық технологиялық паркі ИТ-бизнесті, әзірлеушілер мен шетелдік инвесторларды тартуға арналған алаң ретінде қызмет етеді. Жобаны қаржыландыру тетігі АХҚО шеңберінде іске асырылатын болады, хаб үшін кадрлармен негізгі қамтамасыз етуші Назарбаев Университеті болады.



Қаржылық қызметтерді дамыту. Қаржылық қызметтерді дамыту шеңберінде банктік, сақтандыру қызметтері мен активтерді басқару қызметтерінің сапасын арттыру жоспарланып отыр. Банктерде тәуекелдерді басқару және ақпараттық қауіпсіздіктің сапасын арттыру, блокчейн технологияларын пайдалану, онлайн-банкингке және қолма қол ақшасыз есеп айырысуға толық көшу шаралары әзірленетін болады. Жоғары экспорттық әлеует АХҚО (қаржылық талдама, төрелік, есепке алу, fintech, төлем жүйелері) шеңберінде іске асырылатын болады.

Сауда қызметін дамыту. Транзакциялық шығасыларды төмендету, өткізу нарықтарын кеңейту мақсатында мынадай бағыттар айқындалды: нарықтарды жаңғырту, ірі ретейлердің франчайзингтік жобаларын қолдау, сауда объектілерін дамыту және B2B, B2C, C2C электрондық коммерция платформаларын дамыту. Көтерме және бөлшек сауда кәсіпорындары үшін электрондық коммерция алаңын құру сапалы өнімге, әсіресе ауылдық жерлерде қолжетімділікті арттыруға мүмкіндік береді. Отандық электрондық сауда алаңдарын халықаралық электрондық сауда алаңдарымен (Alibaba, Amazon, Ebay және т.б.) интеграциялау тауарларды экспорттауға, сондай-ақ көліктік-пошта қызметтері үшін қосымша мүмкіндіктер ашады.

Туризмді дамыту. Астана, Алматы, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан және Батыс Қазақстан - бес туристік кластерлері құрылып, дамытылады. Астана қаласы іскерлік, медициналық және білім беру, Алматы қаласы - іскерлік және халықаралық тау шаңғысы, Шығыс Қазақстан - экологиялық/тұрақты (оның ішінде аграрлық, орманшылық, шытырман оқиғалы), Оңтүстік Қазақстан - мәдени (оның ішінде рухани, этнографиялық), Батыс Қазақстан - жағажай туризмі орталықтары ретінде айқындалады. Бұл ретте, туристік кластерлер құруда табысты тәжірибесі бар стратегиялық (зәкірлі) инвесторлар үшін қолайлы жағдайлар жасалатын болады. Кейін әзірленген тәсілдер Қазақстанның басқа да өңірлеріне таратылатын болады, бұл саяхатқа алуан түрлі бағыттары көп бірыңғай туристік желісін құруға мүмкіндік береді.

Жүріп-тұруы шектеулі (зейнеткерлер, мүгедектер, аз қамтылған) топтарға қызмет көрсетудің, қол жетімділік және маршруттары қауіпсіздігінің арнайы стандарттары енгізілетін болады. Білім беру процесінде (оның ішінде қоғамдық және дене тәрбиесінде) балалар мен жасөспірімдер туризмін дамыту бойынша кешенді шаралар қабылданады.

Заманауи инфрақұрылымның болуына байланысты жұмыс спорт (қысқы спорт түрлері), бизнес (форумдар, конференциялар), денсаулық сақтау және білім беру сияқты туристік бағыттар жылжытылатын болады.

4-міндет. Ұлттық экономиканы жаңғыртудағы ұлттық холдингтердің рөлі

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ, «Бәйтерек» ҰБХ және «ҚазАгро» ҰБХ ұлттық холдингтері экономикалық өсудің жаңа моделін құрудың катализаторлары рөлін сақтайды. Бұл ретте, бұл холдингтердің рөлі мемлекеттік бастамалар мен бағдарламаларды өткізушілер рөлінен экономиканың жеке секторының дамуымен қарама-қайшылыққа түспей, елдің ұзақ мерзімді дамуына ықпал ететін мемлекеттік және коммерциялық мақсаттарды көздейтін, заманауи тиімділігі жоғары, ықшам және кәсіби институттардың рөліне өзгеруі тиіс. Бұл ұйымдардың активтері мен функционалы экономиканы әртараптандыруға, цифрлық және технологиялық жаңғыртуға бағытталатын болады.

Бұл ретте, олардың стратегиялық рөлі сәттілігінің негізгі факторы корпоративтік басқару жоғыры деңгейі, «yellow pages» қағидаттарына сәйкес холдингтердің тән емес функцияларын және міндеттерін оңтайландыру және активтерді бәсеелестік ортаға берумен, жаңа салаларды дамыту мақсатында инвестициялық қызметтің тәсілдерін жетілдірумен квазимемлекеттіктен жоғары технологиялық және тиімді институттарға трансформациялану процестерін тиімді аяқтау болып табылады. Барлық холдингтер бағдарламаларды іске асыру үшін мемлекеттік емес көздерден қорландыруды оның ішінде қоса инвестицияларды тарту бойынша жұмыстарды жалғастырады.

3-саясат. Қаржы нарығын дамыту

Саясаттың мәні: қаржы секторын дамыту саясаты банк секторының қаржылық тұрақтылығын арттыруды мен экономиканы кредиттеуді, баламалы қаржыландыру көздерін дамытуды, «Астана» халықаралық қаржы орталығын дамыту мен халықтың қаржылық сауаттылығын арттыруды қамтитын қаржыландырудың тиімді тізбегін қалыптастыруға бағдарланған.

1-міндет. Банк секторының тұрақтылығын арттыру

Бұл міндеттің мақсаты төлей алмаушылық тәуекелдерін төмендетуге және 2015 жылы басталған, капиталдың жеткілігі бойынша банктік қадағалау жөніндегі Базель комитетінің ұсыныстарын кезең кезеңмен енгізуді жалғастыруды көздеген қадағалау функцияларын орындау есебінен қаржы секторының тұрақтылығын арттыру жөніндегі Ұлттық банктің жұмысы болып табылады.

Банк қызметін пруденциялдық реттеуді, халықаралық тәжірибені пайдалана отырып, банк қызметінің тәуекелдерін басқару жүйесін жетілдіру, сондай-ақ жалпы қаржы жүйесін институционалдық дамытуды қамтамасыз ету бойынша жұмыс жалғастырылады.

Заңнаманы жетілдіру мақсатында Ұлттық банкке жедел бақылау және тәуекелге бағдарланған қадағалауды қолдану бойынша құқықтар беру, аудиторлық және бағалау компанияларының жауапкершіліктерін күшейту, акционерлердің ашықтығын қамтамасыз ету және корпоративтік басқаруды жақсарту, банктердің дәрменсіздігін реттеу режимін жетілдіру жөніндегі кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.

Банк секторын сауықтыру бойынша міндеттерді шешу шеңберінде екінші деңгейлі банктердің баланстарын «жаман» кредиттерден тазарту және, қажет болған жағдайда, акционерлер тарапынан банктерді толық капиталдандыруды қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жалғастырылады.

Банктік қадағалау жөніндегі Базель комитетінің стандарттарына көшу шеңберінде проблемалардың пайда болуы мен тәуекелдердің іске асырылуын күтпей, дағдарысты құбылыстарды алдын-ала ескерту бойынша жұмыстарды күшейтетін қадағалау процессі – Базель ІІ-нің екінші құрамдауышын енгізу бойынша ұсынымдар әзірленеді. 2025 жылға қарай ағымдағы реттеу режимінің Банктік қадағалау жөніндегі Базель комитетінің (Базель ІІІ) жеке капиталдың жеткіліктігі мен өтімділігі бойынша негізгі қағидаттарына ауысуы бойынша жұмысы жалғастырылады.

Жалпы, Ұлттық банк пен Үкіметтің жұмысы банк секторында нарықтық жағдайларды бұрмалайтын факторларды төмендетуге бағытталады, атап айтқанда: мемлекеттің араласуы және мемлекет қаражаты есебінен жеке банктерді қолдау азайтылады, банк секторындағы корпоративтік басқарудың транспаренттігі мен тиімділігін арттыру бойынша жұмыстар жалғастырылады, экономиканы қаржыландырудағы квазимемлекеттік институттардың рөлдері біртіндеп азаяды, банк секторында, оның ішінде, жаңа капитал, жаңа банк өнімдері мен қызметтерді әкелуге қабілетті шетелдік қаржылық институттарды қоса алғанда, нарыққа жаңа жеке қатысушылардың кіруіне бөгет болатын кедергілерді төмендету арқылы бәсекелестікті арттыру бойынша шаралар қабылданады.

2-міндет. Экономиканы ұзақ мерзімді кредиттік ресурстармен қамтамасыз ету

Банк жүйесін тұрақты қорландыру базасының болмауы экономиканы кредиттеу бойынша банктердің мүмкіндіктерін шектейтін, банк секторының тұрақтылығын арттыру бойынша негізгі кедергілердің бірі болып табылады. Ұлттық валютада орта мерзімді және ұзақ мерзімді қорландыруды қалыптастыру үшін депозиттік базаны күшейту және депозиттердің мерзімдерін ұлғайтуды ынталандыру бойынша шаралар қабылданады. Сонымен бірге қаржы секторының қалған құралдары үшін бағалық бағдарға айналатын және қаржылық делдалдықты ынталандыратын, мемлекеттік бағалы қағаздардың кірістілігі қисығын құру, сақтау үшін қажетті борыштық құралдарды шығару қамтамасыз етіледі.

Ішкі қорландыру көздері сонымен қатар тұрғындар мен отандық кәсіпорындардың еркін ресурстары есебінен артатын болады. Халықтың жинақтарын қорландыру, жеке капиталдың шамадан тыс кетуін және қайтарылымының көзі ретінде тартуға мүмкіндік беретін Private Banking құралдары дамытылады.

Банктердің теңгерімдерін «жаман кредиттерден» тазарту, қор нарығын дамыту және халықтың жинақтарын инвестициялауға мүмкіндіктерді кеңейту үшін екінші деңгейлі банктен заңды тұлғаға берілетін қарыз бойынша талап ету құқықтарын беру кезінде табыстарды мойындау тетігі жетілдіріледі; қарыз бойынша берешектері кешірілген кезде пайда болған жеке және заңды тұлғалардың табыстары салық салудан босатылады. Бизнеске осындай берешектермен проблемаларды уақтылы шешуге және кәсіпкерлік қызметін жалғастыруға мүмкіндік беретін банктік борыштарды жедел қайта құрылымдау тетігі енгізіледі. Банктердің нарықтық емес активтерін секьюриттеудің тиімді тетіктерін енгізу есебінен банк секторының борыштық міндеттемелерін қайта қаржыландыруына жағдай жасалады.

Ипотекалық тұрғын үй кредиттерінің қолжетімділігін арттыру және банктердің ипотекалық кредиттеуін жандандыру бойынша жұмыстар жалғастырылады, ипотекалық кредиттерді секьюриттеу тетігі енгізіледі.

Бұл ретте елдің экономикалық өсуін қамтамасыз ету үшін 2025 жылға қарай ұзақ мерзімді кредиттер үлесін өсіре отырып, несие портфелін 50% дейін арттыру бойынша белсенді жұмыс жүргізіледі, бұны ұзақ мерзімді кредиттердер үлесінің өсуімен, Шығыс Еуропа, Латын Америкасы, Таяу Шығыс пен Орталық Азия елдерінің көрсеткіштерімен салыстыруға болады.



3-міндет. Қаржылық қызметтер мен қор нарығын дамыту

Банктік және басқа да қаржылық қызмет түрлерінің белсенді енуі нарық сұранысын ескеретін өнімдерді шығару есебінен ғана емес, сонымен бірге жаңа технологияларды енгізу есебінен де жүзеге асырылуы тиіс. Осы міндетті шешу үшін банктердің цифрлық технологияларды пайдалану, банктік қызметтердің жаңа тиімді түрлерін кеңейту және дамыту, қашықтықтан қызмет көрсету бөлігінде белсенділігін одан әрі арттыру бойынша жұмыстар жалғастырылады, бұл шығыстарды оңтайландыруға және олар көрсететін қызметтердің құнына оң әсер етеді.



Қор нарығын белсендіру

Реттеуші ортаны одан әрі жетілдіру барлық құнды қағаздарды ұстаушылар туралы бірыңғай деректер базасын құру мақсатында құнды қағаздар нарығының инфрақұрылымын оңтайландыру бағытында жүзеге асырылатын болады, бұл клиенттердің шығысыларын қысқартуға, мәмілелерді тіркеу рәсімдерін жеңілдетуге, бағдарламалық-техникалық қамтамасыз етуді оңтайландыруға және құнды қағаздармен жасалатын мәмілелерді тіркеу уақытын қысқартуға мүмкіндік береді.

Құнды қағаздардың биржадан тыс нарықтарының ашықтығы артады және осы нарықта айналымдағы қаржылық құралдарға сұранысты ынталандыруға бағытталған шаралар алдын ала қабылданады. Нарыққа қатысушыларды құнды қағаздармен жасалған биржадан тыс мәмілелер және құнды қағаздарға қалыптасқан бағалар туралы ақпаратпен қамтамасыз ету, сондай-ақ биржадан тыс нарықта айналымдағы қаржылық құралдарға сұранысты ынталандыру бойынша жұмыс жүргізіледі.

Жаңа технологияларды енгізу, электрондық сауданы дамыту, инвесторлардың сауда-саттықтарға қашықтықтан қол жеткізу жүйелерін дамыту, акционерлердің жалпы жиналысында электрондық дауыс беру жүйесін құру жолымен құнды қағаздарды сату шарттарын жеңілдету жоспарлануда.

Құнды қағаздарды шығару проспектісінің электронды форматына ауысу және оны қаржылық есеп беру депозитарийінде эмитенттер орналастырған ақпараттар негізінде автоматты түрде жаңарту жолымен құнды қағаздарды шығаруға байланысты рұқсат беру рәсімдерін одан әрі оңтайландыру жүргізіледі.

ДСҰ-ға кіру және капиталдың халықаралық нарықтарымен интеграциялануы жағдайында отандық делдалдардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында инвестициялық банкингті дамыту үшін жағдайлар жасау бойынша жұмыстар жалғастырылады.

Құнды қағаздар нарығын одан әрі дамыту үшін қажетті жағдайларды тиімді құру үшін формальды тәсілден тәуекелге бағдарланған реттеуге және құнды қағаздар нарығының субъектілерін қадағалауға өту бойынша шаралар қабылданатын болады.

Зейнетақылық активтерді басқару нарығын дамыту

Зейнетақылық активтерді инвестициялық басқару бойынша функцияларды бәсекелі ортаға беру есебінен экономиканың басымды секторларын қаржыландыру үшін «ұзын» ақшаларды бере алатын зейнетақылық активтерді басқару компаниялары атынан стратегиялық инвесторлар класы құрылады. Стратегиялық инвесторлардың пайда болуы эмитенттер үшін қор нарығында қаржыландыруды тартуға қосымша ынталандыру болады. Сонымен бір уақытта жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақымен қамтамасыз етудің алдыңғы жүйесінің кемшіліктерін ескеру қажет.

Салым салушыларға оның зейнетақылық жинақтарын инвестициялық басқару стратегиясын және басқару компаниясын таңдау құқығы берілетін болады, бұл да зейнетақылық қызметтер нарығында бәсекені қамтамасыз етеді.

Қорландыруға сұранысты қамтамасыз ету

Қорландыруға сұранысты қамтамасыз ету үшін эмитенттерді қолдау бағдарламасын енгізу арқылы жеке компанияларға құнды қағаздар нарығында қаржыландыруды тарту үшін ынталандырулар жасалады, сондай-ақ тұрғындар үшін өзінің жинақтарын түрлі құнды қағаздарға инвестициялауға (оның ішінде қолжетімді қаржылық құралдардың базасын арттыру арқылы және реттеуші талаптарды ырықтандыру есебінен) мүмкіндіктері артады.

Ұлттық компаниялар мен квазимемлекеттік сектор компанияларын қазақстандық қор биржасына шығару жүзеге асырылады, сондай-ақ «Халықтық ІРО» акцияларды жаппай орналастыру бағдарламасы қайта басталады.

Мемлекеттің экономикаға қатысуының айқындығын арттыру және бизнесті мемлекеттік қолдау процестерінің нарықтық қағидаттарына сәйкестігін арттыру үшін мемлекеттік бағдарламаларды қаржыландыру және қор нарығының құралы арқылы мемлекеттік қолдауды ұсынуға жағдайлар жасалады.

Инвесторлық базаны кеңейту мақсатында, брокерлік қызмет көрсетуді, активтерді басқаруды, капитал мен эмитенттер нарығын талдауды, консалтингтік қызметтер мен андеррайтингті қоса алғанда, қаржылық қызметтердің кең спектрін ұсынатын инвестициялық банктердің жұмыс істеуі үшін жағдайлар жасалады.

Өзге де банктік емес қаржылық қызметтерді дамыту

Сақтандыру секторын институттық дамыту және тұрақтылығын арттыру бойынша, венчурлық қаржыландыруды дамыту үшін заңнаманы жаңғырту бойынша жұмыстар жалғастырылады.

Баламалы қаржыландыру көздерінің тартымдылығын арттыру мақсатында инвестицияларға кепілдік беру және шығындарды өтеу жүйелерін енгізу мүмкіндіктері қарастырылады.

Инвестициялық құрамдағы ерікті жинақтаушы сақтандыруды дамыту үшін өмірді сақтандыру жөніндегі компаниялар салымшыларға ұсынылатын инвестициялық өнімдер тізбегін кеңейтеді. Сақтандыру қызметтерінің тізбегін кеңейту және сақтандыру компанияларының тұрақтылығын арттыру бойынша жұмыстар жалғастырылады.

ШОБ секторын, оның ішінде мемлекеттік қолдау есебінен жедел өтімділікпен қамтамасыз ету мақсатында факторинг нарығын дамыту бойынша шаралар енгізіледі. Лизингтік, оның ішінде дамыту институттары есебінен қызмет көрсету нарығын дамыту бойынша саясат жалғастырылады. Құқықтық нормалар осы қаржылық қызметтердің ерекшеліктерін жақсы көрсетуі үшін заңнамаға қажетті өзгерістер енгізіледі.

Қаржылық қызметтерді цифрландыру

Жаһандық сауда қаржыларын, төлем құралдары мен жүйелерін дамыту, қаржылық қызметтерді алу шығасылары мен уақытын қысқарту үрдістері қызметтердің, оның ішінде қаржы секторында да цифрландыруды жеделдетеді.

Кредиттеу және сақтандыру қызметтері, бұлтты бухгалтерия мен есептілік бойынша көрсетілетін қызметтер, кредиттік досьені енгізу цифрландырылады, бұл қағаз құжаттаманы ұсыну бойынша талаптарды қысқартады.

Цифрлық қызметтер көрсетуді белсенді енгізу шеңберінде блокчейн-технологияларды енгізу үшін жағдайлар жасалатын болады.

Қаржылық қызметтерді алу үшін коммерциялық интернет пен мобильдік құрылғыларды пайдалану белсенді қарқынмен дамитын болады. Жеке тұлғалар арасында кредиттеу сияқты жаңа бизнес модельдері енгізіледі.

Цифрлық қаржылық қызметтердің өсуі қолма қол ақшасыз төлемдер үлесін ұлғайтады және көлеңкелі экономиканың көлемін азайтуға ықпал ететін болады.



4-міндет. «Астана» халықаралық қаржы орталығын дамыту

«Астана» халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) дамыту: капитал нарығы, активтерді басқару, дәрменді жеке тұлғалардың әл-ауқатын басқару (Private banking), қаржылық технологиялар мен исламдық қаржыландыру сияқты бес стратегиялық бағыт бойынша жүзеге асырылады.

Баламалы қаржыландыру көздерін дамыту үшін АХҚО базасында қаржы биржасын дамыту жұмысы жалғасады. АХҚО ерекше құқықтық мәртебеге ие және ЕХРО-2017 инфрақұрылым базасында жеке аумағы бар. АХҚО инвесторлар үшін қолайлы жағдайларды: ағылшын құқығының қағидаттарына негізделген коммерциялық және азаматтық құқықты, тәуелсіз реттеу режимін; салықтық жеңілдіктерді; жеңілдетілген тіркеу режимі мен тартымды инвестициялық климатты қамтамасыз етеді.

Капитал нарығын дамыту үшін әлемнің озық биржаларымен ынтымақтаса отырып, АХҚО технологиясы жоғары биржаларын құру есебінен қажетті экожүйе және сапалы биржалық инфрақұрылым қалыптастырылатын болады. Озық әлемдік тәжірибеге сәйкес қор нарығының ашықтығын дамыту және шетелдік инвесторлардың тарту үшін АХҚО реттеу мен биржасының инфрақұрылымы қамтамасыз етілетін болады. АХҚО биржасы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ ірі активтерінің акцияларын орналастыру үшін пайдаланылады. Сонымен қатар АХҚО биржасында өңір үшін жаңа «жасыл» қаржыландыру, исламдық қаржыландыру, қаржылық технологиялар құралдары шығарылатын болады.

Халықаралық қаржы орталығы базасында ақылды келісімшарттар алгоритмі орнатылған арнайы криптографикалық жетондар (криптотокендер) шығару жолымен қорландыруды тартуға жағдай жасау туралы мәселе пысықталатын болады. Жаңа қаржы институттарының қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету және жаңа технологияларды пайдаланатын клиенттерді қорғау үшін реттеу тетігі жасалатын болады.

Қазақстанда ақылды келісімшарттар мен таратылған тіркелім технологияларын дамыту қаржы нарығының кеңдігі мен тереңдігін арттыра отырып, жеке инвесторлар (жеке тұлғалар) көп болу үшін ұйымдастырылған қаржы нарығына қолжетімділікті қамтамасыз етеді, сондай-ақ шығасыларды айтарлықтай азайтады.

АХҚО активтерді басқару саласындағы жергілікті нарықты және сараптаманы дамыту жөніндегі қызметі бастапқы сатысында активтерді басқару нарығында қызмет көрсететін халықаралық компанияларды тартуға бағытталатын болады. Халықаралық басқарушы компанияларды тарту елде стратегиялық инвесторлар класын құрудың катализаторына айналады, Private Banking құралдарын дамытуға түрткі болуға мүмкіндік береді.

АХҚО қаржылық технологияларды дамыту үшін тартымды экожүйелер құру жұмыстарын жалғастырады. Икемді реттеу енгізілетін, сондай-ақ финтех-компаниялар мен жеке кәсіпкер-инженерлер үшін офис кеңістіктерін қамтитын қаржылық технологиялардың арнайы орталықтарын құру, кәсіпкерлерді қолдау бағдарламаларын өткізу, қаржылық технологияларды дамыту жөніндегі жергілікті және шетелдік компаниялар мен институттарды тарту, шеберлік сыныптары мен оқу бағдарламаларын өткізу, зерттеу зертханаларын құру, қаржылық технологияларды жылжыту бойынша конференциялар мен іс-шаралар өткізу қарастырылатын болады.

Исламдық қаржыландыру индустриясына жаңа қарқын беру үшін АХҚО базасында қолайлы құқықтық және реттеу ортасы жасалады және жаңа исламдық қаржыландыру құралдары әзірленетін болады. Қазақстан заңнамасы исламдық өнімдерді сәйкес дәстүрлі өнімдермен қатар қарастырады, сондықтан исламдық қаржыландыру үшін ұқсас шарттар қолданылады.

Халықаралық исламдық қаржы ұйымдарымен, оның ішінде IFSB, ILMC, IIFM, AAOIFI, IIRA ынтымақтастық жалғасатын болады.



5-міндет. Халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру және қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқығын қорғау, қаржылық инклюзивтілікті, халықтың қаржылық өнімдермен және қызметтермен қамтылуын арттыру

Халықтың қаржылық сауаттылығының жеткіліксіздігі қаржы секторында қосымша қатерлер төндіреді. Қаржылық сауаттылықты тұрақты арттыру әрбір қаржылық көрсетілетін қызметті тұтынушының күнделікті міндетіне айналуы тиіс. Бір мезгілде қаржылық қызметтерді алудың барлық кезеңінде халыққа өз құқығын қорғайтын тетіктердің толық жиынтығын қамтамасыз ету қажет.

Қаржылық білімді арттыру, бюджетті жоспарлау дағдыларын дамыту және қаржылық өнімдерді пайдалану бойынша сараланған шешімдер қабылдау бойынша шаралар қабылданады.

Бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қатысушылар мен эмитенттерді қоса алғанда, инвесторлардың қаржылық сауаттылығын, олардың бағалы қағаздар нарығындағы процестер туралы, онда жұмыс істейтін субъектілердің қызметі туралы хабардар болуын арттыру жалғасатын болады.

Халықтың сақтандыру мәдениетін арттыру сақтандыру құралдарын танымал етуге, сақтандыруға сенімді арттыру және тарихи қалыптасқан халықтың мемлекет тарапынан әлеуметтік және басқа көмектерге бағдарланушылығын төмендетуге бағытталатын болады.

Исламдық қаржылық өнімдерге сұранысты арттыру мақсатында халық пен бизнестің исламдық қаржыландырудың мәні мен оның қолжетімділігі туралы хабрдарлығын арттыру бойынша жұмыс жалғасатын болады. Сонымен қатар жаңадан ұсынылып жатқан реформаларға халықтың сенімсіздігін жою үшін жинақтаушы зейнетақы жүйесінің өзекті мәселелері бойынша халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмысы жалғасатын болады.

Қаржылық қызметтерді тұтынушылар құқығын қорғауды қамтамасыз ету, тәуекелі жоғары кредиттеу және көлеңкелі реттелмейтін кредиттік нарық қауіптерін шектеу үшін халыққа қарыз берудің ерекше тәртібі көзделетін болады. Ерекше тәртіп заңды тұлғаларға төлем және қайтарымдылық шартымен ақша беруді де, сол сияқты заттарды (қызметтерді) беруді де қарастыратын, бірақ банктік қарыз беру шарты немесе микрокредит беру шарты болып табылмайтын барлық қарыз беру шарттарына қатысты болады.

Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында қаржылық ресурстарды (мысалға, біріккен «халықтық» қаржыландыру, инвестициялау, кредиттеу) тартудың баламалы тетіктерін реттеудің ықтимал шарттары қарастырылатын болады.

Халық пен кәсіпкерлер үшін кредиттің қолжетімділігін ұлғайтудан басқа, банктегі есеп айырысу және жинақ шоттары сияқты басқа да базалық қаржылық өнімдері мен қызметтерді қамтамасыз ету жұмысы жалғасатын болады. Мұндай өнімдерге қолжетімділікті, оның ішінде цифрландыру арқылы арттыру қаржылық жағынан дамыған және шалғай өңірлер арасындағы алшақтықты төмендетуге мүмкіндік береді.

4 – саясат. Инвестицияларды белсенді тарту

Саясаттың мәні: Мемлекеттік инвестициялық саясат қолайлы инвестициялық ахуалды қалыптастыруға, инвесторлар құқығын қорғауды нығайтуға, инвестицияларды тарту және ұстап қалу үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған. Бұл ретте институционалдық ортаны жетілдіру, мемлекеттің инвестициялық саясатының ашықтығы мен айқындылығын арттыру инвесторлардың сенімін нығайтудың маңызды факторлары болып табылады, Қазақстан Республикасындағы экономикалық белсенділікті арттыруға және өңдеуші секторды дамытуға ықпал етеді.

1-міндет. Реттеуді және инвесторлардың мемлекетпен өзара
іс-қимылын жаңғырту есебінен инвестициялық ахуалды жақсарту

Инвестициялық ахуал институционалдық ортаны жетілдіру, инвестициялық заңнаманың және мемлекеттік саясаттың ашықтығын арттыру, инвестициялық преференциялар беру, шетелдік мамандарды тартуға арналған жеңілдетілген режим, арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарды дамыту және бизнес жүргізу жеңілдігіне арналған жағдайларды қамтамасыз ету арқылы жақсаратын болады.

Инвестициялық ахуалды жақсарту және инвестицияларды тарту бойынша шаралар үздік халықаралық практиканы ескере отырып, барынша ауқымды басқа нарықтарда жұмыс істейтін инвесторлардың қолайлы, ең аз
күш-жігермен қазақстандық активтерге инвестиция сала бастайтын мүмкіндіктері болатындай әзірленуі және іске асырылуы тиіс.

Қазақстандағы және жетекші шетелдік нарықтардағы инвестиция салу шарттарының үйлесімділігі мен үндесуі ұзақ мерзімді перспективада сақталуы тиіс.

Қазақстан Президентінің жанындағы Шетелдік Инвесторлар Кеңесінің шеңберіндегі белсенді жұмыс жалғасатын болады. Инвесторларды мемлекеттік қолдаудың қолданыстағы шаралары ЭЫДҰ елдерінің тәжірибесі мен жалпыға бірдей халықаралық практика ескеріле отырып, оңтайландырылады.

Инвестицияларды тарту шараларын жоспарлау және іске асыру инвестициялардың әр түрлерінің өзара байланысын және оларды кешенді түрде дамыту мүмкіндігін ескеретін болады.

Кәсіпкерлік және инвестициялық қызмет мәселелерін қозғайтын негізгі заңдар мен құқықтық актілер бойынша толық және егжей-тегжейлі өзекті ақпарат жариялауды қамтитын ағылшын тіліндегі тиісті ақпаратқа қолжетімділік жақсаратын болады. Жоспарланып отырған іскерлік айналымда ағылшын тілін пайдалануды кеңейту, нормативтік құжаттар мен оқыту бағдарламаларын ағылшын тіліне аудару, тек ағылшын тілін білген кезде қазақстан экономикасына инвестициялармен байланысты қызметті кедергісіз және табысты жүргізуге болатындай жағдайға жеткізеді. Бұл жаңа инвесторларды тартудағы ақпараттық кедергілерді айтарлықтай төмендетеді.

Технологиялық жаңғырту және экономиканы дамыту міндеттерін назарға ала отырып, құзырлы және қажетті адами ресурстарды тарту үшін визалық және көші-қон режимін одан әрі жетілдіру бойынша шаралар қабылданады.

Еркін экономикалық аймақ және индустриялық аймақ тәжірибесі ескерілетін болады, ол инвестиция тарту тетіктері ретінде олардың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

2-міндет. Инвесторлар құқығын қорғауды күшейту есебінен инвестициялық ахуалды жақсарту

Инвестор құқықтарының көлемі мен сол құқықтарды қорғау тетіктері инвестициялық ахуалдың негізгі элементтері болып табылады.

Инвесторлар құқығын қорғаудың негізгі кепілдіктерін тиісінше орындауға басымдылық беріледі. Бұл инвесторлармен өзара іс-қимыл кезінде әділдік және тең құқылық қағидаттарын қамтамасыз етуді, неғұрлым қолайлы режимді қамтиды.

Инвесторлармен өзара іс-қимыл кезінде әділдік және тең құқылық қағидатын қолдану әлеуетті инвесторлар қатарын кеңейту және қазақстандық экономиканы қаржыландыру шарттарын жақсарту үшін негіз болып табылады. Қазақстанға келген кез-келген инвестор өзінің бәсекелестерімен тең жағдайларда жұмыс істейтініне сенімді болуы тиіс.

Инвесторлардың сенімін арттыру мақсатында инвесторлардың проблемаларын сотқа дейін шешу және шағымдарын басқару тетіктері әзірленетін болады. Бұл жерде Kazakh Invest, Инвестициялық омбудсменнің, Инвесторларды тарту жөніндегі кеңестің (Инвестициялық штаб), сондай-ақ басқа мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылы ерекше рөл атқарады. Инвесторлардың шағымдарын жүйелі және тұрақты түрде қадағалау, сондай-ақ проблемаларды шешудің тиімді әдістері ерекше рөл атқарады.

Соттардың біліктілігі мен кәсіби білімін арттыруды қоса алғанда инвестициялық даулар бойынша сот жүйесі мен сот практикасын жетілдіру жұмысы жүргізілетін болады. АХҚО юрисдикциясында әрекет ететін инвесторлар ағылшынның Жалпы құқығына негізделген арнайы құқықтық жүйеге қол жеткізе алады.

Халықаралық практиканы ескере отырып, жаңа форматтағы халықаралық инвестициялық келісімдер жасасу жөніндегі тәсілдер әзірленетін болады.

Инвестициялық ахуалды жақсартуға берешек толық өтелген және қылмыстық сөз байласу немесе жасырын ниет болмаған кезде салықтық бұзушылықтарды қылмыстық сипаттан арылту ықпал етеді. Салық саласындағы келіспеушіліктерді сотқа дейін шешу мақсатында Салық омбудсмені институты енгізілетін болады.



3-міндет. Отандық және шетелдік инвестицияларды барынша белсенді тарту

Инвестицияларды барынша белсенді тарту әлемдік инвестициялық қоғамдастыққа, ең әуелі экспортқа бағдарланған инвестицияларға Қазақстан экономикасының бәсекелес артықшылықтары туралы ақпаратты айқындауға және беруге бағытталады. Инвесторларды тарту үшін сол сияқты өнімдерді экспорттау үшін де инвесторлардың қызығушылығын тудыратын және елді дамыту мүддесіне сай келетін бәсекеге қабілетті салалалар (кіші салалар) және нақты елдер анықталатын болады. Отандық инвесторлар да бұл ретте мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруға байланысты ақпараттар мен мүмкіндіктерге шетелдік инвесторлар сияқты қол жеткізе алады.

Әлеуетті инвесторлармен келіссөздер өткізіліп, әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті, барынша жоғары қосылған құны бар жаңа, жаңғыртылған өнімдер мен қызметтерді меңгеруге, әзірлеуге және енгізуге бағытталған инвестицияларды тартуға ерекше назар аударатын инвесторлардың елге келу сапары ұйымдастырылады.

Сондай-ақ инфрақұрылымдық және сервистік жобаларға жеке сектордың қатысуын ұлғайту бойынша шаралар қабылданатын болады. Ол үшін жекешелендіру бағдарламасының әлеуеті және мемлекеттік-жеке меншік әріптестік тетігі пайдаланылатын болады.

Отандық кәсіпорындардың өндірістік және технологиялық қуаттылықтарын дамытуға, олардың басқарушылық әлеуетін халықаралық стандарттарға дейін жақсартуға бағытталған шетелдік және жергілікті компаниялар арасындағы байланысты дамыту шаралары іске асырылатын болады.

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингіне кіретін даму институттарының қызметін қорландыруға сыртқы бюджеттен тыс қаражаттарды тарту практикасы жалғастырылып, кеңейтілетін болады.

Салалар мен өңірлер бөлінісінде инвесторларға арналған «Инвестициялық жобалар картасы» қалыптастырылады, халықаралық практикаға сәйкес әлеуетті инвесторлар үшін жобаларды «жинақтауды», қаржылық модельдер құруды, тизерлер дайындауды, data-room ұйымдастыруды қамтитын инвестициялық жобаларды сүйемелдеу функциясы енгізіледі.

4-міндет. Инвестицияларды тарту үшін инфрақұрылымды жетілдіру

Заманауи инвестициялық инфрақұрылым Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қызметке байланысты практикалық мәселелерді шешудің жеңілдігі мен жылдамдығын қамтамасыз етуі тиіс.

Шетелдік инвестициялар тартуды кең өкілеттіктері бар және шетелдік өкіл желілері мен өңірлік филиалдары бар инвестициялар жөніндегі «Kazakh Invest» мамандандырылған ұлттық инвестициялық компания «бір терезе» қағидаты бойынша жүзеге асыратын болады. «Kazakh Invest» инвестициялық жобаларды іске асырудың перспективалары мен шарттарын талқылаған кезде бірыңғай келіссөз жүргізушінің және инвестициялық жобаларды іске асыруға қажет әртүрлі рұқсаттар мен келісімдер беруді қоса алғанда, мемлекеттік қызметтер жүйесіне қол жеткізудің бірыңғай арнасының функциясын атқаратын болады.

Әріптес банктер мен инвестициялық компаниялардың, сондай-ақ, шетелдік инвестордың жобаға енуін тиімді сүйемелдеуге арналған консультациялық және техникалық қызметтердің өнім берушілерінің желісі қалыптастырылады.

Еркін экономикалық аймақтардың жұмысы үйлестіріледі және өңірдің ерекшеліктерін және логистикалық құрамдас бөлігін ескере отырып, әрбір ЕЭА бойынша инвестициялық жобалардың әлеуетті тізімі қалыптастырылады.

Жобаның салалық ерекшелігіне байланысты жобаларға немесе мемлекеттік кепілдік тетіктеріне мемлекет қатысуының түрлі схемалары әзірленеді. Перспективалық, қолданыстағы және жаңа, бірінші кезекте экспортқа бағдарланған жобаларды іздестіру бөлігінде кәсіпкерлерге қолдау көрсету орталықтарымен өзара тығыз іс-қимыл қамтамасыз етіледі.

АХҚО-ның дамуы сондай-ақ капитал нарықтарының жұмыс істеуіне байланысты компаниялардың экожүйесін қалыптастыру есебінен инвестицияларды тарту бойынша инфрақұрылымды кеңейтуге ықпал етеді.

Білім беру мекемелерімен жұмыс іске асырылатын және перспективалық инвестициялық жобаларды кадрлармен қамтамасыз етуге бағытталатын болады.



5-саясат. Жоғары өмір сүру сапасын қамтамасыз ету

Саясаттың мәні: Өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі мемлекет саясаты халық үшін Конституциямен кепілдендірілген ең төменгі әлеуметтік стандарттар мен толық әлеуметтік қорғалуды қамтамасыз ететін әлеуметтік қамтамасыз ету нормаларын кезең-кезеңімен жақсартуға бағдарланған. Өмір сүрудің жоғары сапасы оның ішінде сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау, сондай-ақ тұрғын-үй жағдайларын жақсарту және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы іс-шаралардың тиімділігін арттыру арқылы қамтамасыз етіледі. БҰҰ тұрақты даму мақсатарына сәйкес негізгі нәтиже азаматтардың әлеуметтік саламаттылығын қамтамасыз ету.

1-міндет. Әлеуметтік саламаттылықты қамтамасыз ету

2025 жылға дейін Қазақстан азаматтарының өмір сүру сапасын арттыру жөніндегі бастапқы сатыдағы міндеттерінің бірі еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз ету саласында, зейнетақы жүйесін және әлеуметтік сақтандыруды дамытуда, әлеуметтік қызмет көрсету және көмектің атаулылығы жүйесін жаңғыртуға әлемдік стандарттарына қол жеткізу үшін жүйелі реформалар арқылы әлеуметтік саламаттылықты қамтамасыз ету болып қалады.



Ең аз әлеуметтік стандарттарды қамтамасыз ету

Экономикалық өсу мен бюджеттік мүмкіндіктерге байланыстырылған ең төмен әлеуметтік стандарттар кезең-кезеңімен халықаралық баламаларға жақындай түседі.

Ең төменгі күнкөріс деңгейінің мөлшері мен құрылымы - мемлекеттің барлық базалық әлеуметтік төлемдерін есептеудің негізі ретінде тұтыну себетінің нақты құнын көрсете отырып, тұрақты негізде қайта қаралады, сол арқылы халықтың, оның ішінде базалық зейнетақы мен базалық жәрдемақы алушыларға қолайлы өмір сүру деңгейіне кепілдік берілуі тиіс.

Кедейлік шегін айқындау әдістемесі оңтайландырады: бірінші кезеңде оның деңгейі ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасына қатысты артады, кейіннен кезең-кезеңімен ел бойынша орташа кіріспен байланыстырылады, ол табысы аз халыққа әлеуметтік көмек мөлшеріне оң әсерін тигізеді.

Жалақының ең аз мөлшерін кезең-кезеңімен өзгерту мәселесі пысықталады, ол барынша дамыған елдердегі сияқты елдегі орташа жалақыға қатысты айқындалатын болады және ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан асып түседі.

Еңбекті қорғау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету

Тәуекел-менеджментке негізделген еңбекті қорғауды басқарудың стандартталған инновациялық жүйесі енгізіледі.

Алдағы уақытта қауіпсіздік және еңбекті қорғау бойынша стандарттарына кейіннен қайта қарау және өзектілендірумен кең ауқымды түгендеу жүргізу күтілуде.

Сақтау мониторингі стандарттардың электрондық деректер базасын енгізу есебінен шешілетін болады.

Еңбекті қорғау саласында кадрларды дамытуға оқытудың жаңа түрлері мен тәсілдерін енгізу есебінен қол жеткізілетін болады (өзекті бағдарламалар, қашықтықтан оқыту, тренажерлар және имитациялық модельдер, басқалар).

Зейнетақы жүйесін дамыту

Зейнетақы жүйесі одан әрі дамиды, бұл ретте өнімді және формальдандырылған жұмыспен қамтуды ынталандыруға басты назар аударылады.

Біріншіден, зейнетақы жасына жеткендерің барлығына мемлекеттің бюджеттен төленетін базалық зейнетақы мөлшері еңбек өтілі мен зейнетақы жүйесіне қатысу ұзақтығына «байланысты» болады. Осылайша, жұмыс істейтін азаматтар бұрын жұмыссыздармен немесе зейнетақы жарналарын төлемегендермен салыстырғанда үлкен мөлшердегі базалық зейнетақы алады.

Екіншіден, базалық зейнетақыдан басқа жұмыс істеген зейнеткерлер Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерін алады, онда зейнетақы жүйесінің жаңа шартты-жинақтаушы зейнетақы жүйесі құрамдауышының шеңберінде жұмыс істеген зейнеткердің 10% зейнетақы жарналарына қосымша оның жұмыс берушісінен 5% зейнетақы аударымдары жинақталады.

Жұмыс істеген зейнеткер үшін зейнетақы төлемдерінің үшінші көзі оның ерікті зейнетақы жинағы болуы мүмкін.

Әлеуметтік сақтандыруды дамыту

Әлеуметтік сақтандыру жоспарлы түрде дамытылады және өнімді және формальдандырылған жұмыспен қамтуды ынталандыруға бағытталатын болады.

Біріншіден, бұл әлеуметтік тәуекелдер туындаған жағдайда жұмыс істейтін азамат пен оның отбасында бірнеше төлем көзі болуының арқасында қамтамасыз етіледі. Мысалы, еңбекке қабілеттілігінен айырылған жағдайда мемлекеттік бюджеттен мүгедектік бойынша базалық жәрдемақылар, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбекке қабілеттілікті жоғалту бойынша төлемдер, сондай-ақ жұмыс беруші аударымдарының есебінен жиналған, жеке сақтандыру компанияларының төлемдері қолжетімді болады.

Екіншіден, зейнетақы жүйесіне ұқсас, әлеуметтік сақтандыру жүйесінде қатысу өтілі мен төлемдер мөлшері арасындағы өзара байланыс күшейтілетін болады: кірістерді ауыстыру коэффициенттері (жұмысын жоғалту, асыраушысынан айрылу, еңбекке қабілеттілігін жоғалту) ұлғаяды, төлемдердің ұзақтығы (жұмысын жоғалту) ЭЫДҰ елдерінің деңгейіне дейін кезең-кезеңімен ұлғаяды.



Әлеуметтік көмектің атаулылығын күшейту және әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін жаңғырту

Халықтың аз қамтылған топтарына әлеуметтік көмек көрсету кезінде атаулылық күшейтілетін болады. Еңбекке жарамсыздар үшін көмек сөзсіз қамтамасыз етіледі. Сонымен бірге жұмыс істей алатын табысы аз адамдар үшін көмек әлеуметтік келісімшарт негізінде қолжетімді болады. Бұл табысы аз адамдарды қолдау өз өмірін нашарлататын жағдайларды (мысалы, қажетті кәсіби дағдылардың болмауы) еңсеруге және жұмыспен қамтуға жәрдемдесуге бағытталған белсенді шараларға қатысуға дайындығына байланысты болатынын білдіреді.

Мемлекет тарапынан барынша белсенді тәсілді кезең-кезеңімен енгізу әлеуметтік көмек көрсетудің маңызды аспектісі болады. Қолдау органдары, көмекке жүгінген адамдарға қызмет көрсетуден басқа халықтың аз қамтылған санаттарын ауылдық жерлерге аса назар аудара отырып, ақпараттық жүйелер арқылы табысы аз адамдарды өздігінен анықтайды.

Арнайы әлеуметтік қызметтердің атаулылығын, қолжетімділігі мен сапасын күшейтуді көздейтін әлеуметтік қызмет көрсету жүйесі жаңғыртылады.

Атаулылықты күшейтуге қызмет көрсетудің өтініш білдіру тәсілінен барынша белсенді тәсіліне көшу арқылы қол жеткізіледі. Аутсорсинг шеңберінде жеке және азаматтық сектор ұйымдары Мұқтаж адамдардың әлеуметтік тіркелімін қалыптастыра отырып, мақсатты контингентті анықтайды. Олар жасына, тыныс-тіршілік шектерінің дәрежесіне, өмір жағдайына, жеке қажеттіліктеріне байланысты алушылар санаттарына бөлінеді. Тізбе деректерінің негізінде қызметтерге қажеттілік және қаржыландыру көлемі анықталып, атаулы әлеуметтік қызметтер көрсетілетін болады.

Қолжетімділік қонаққа қабылдайтын отбасыларында мұқтаж және партонатты күтімдегі жұмыспен қамтылмаған отбасы мүшелерін; әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарының базасында жеке сектор, қалалар мен ауылдарда МЖӘ қағидаттары негізінде құрылған аз сыйымды көп бейінді үйлер, сондай-ақ шалғай ауылдардағы «мобильді қызметтерді»; мемлекеттік мамандандырылған интернат-үйлерін жұмысқа тарту есебінен күшейтілмек.

Жеке сектордың сапасын және қатысуын күшейтуге қызмет көрсетудің жаңартылған стандарттары мен экономикалық тұрғыдан ақталған тартымды тарифтер себеп болады. Стандарттарға қызмет көрсетудің көлемі, мерзімі мен ұсыну шарттары, олардың жан басына шаққандағы нормативтерге негізделген құны, сапа индикаторы және ұсынылатын қызметтердің нәтижелерін бағалау кіреді.

Мұқтаж жандар біліктілігі туралы, көрсетілетін қызмет түрлері, жұмыстарының нәтижелері туралы ақпаратты қамтитын Мамандардың бірыңғай тізілімін құру арқылы әлеуметтік қызметтерді алу нысанын таңдау мүмкіндігіне ие болады. Бұл ретте мемлекет мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ететін реттеуші және бақылаушы рөлді өзіне сақтап қалады.



2-міндет. Қолжетімді және сапалы денсаулық сақтау саласын дамыту

Қазақстан денсаулық сақтау қызметтерімен жалпы қамтуға қол жеткізген елдер қатарына қосылатын болады. Денсаулық сақтауды қаржыландыру әртараптандырылады және тұрақты дамуға және саланың жаһандық бәсекеге қабілеттілігі жеткілікті дәрежеде қамтамасыз етіледі.



Денсаулық сақтау жүйесін цифрландыру

Денсаулық сақтау жүйесінің қолжетімділігін, сапасын, қауіпсіздігін, тиімділігін, тұрақтылығын және пациенттерге бағдарлануын арттыру деректер мен процестерді кешенді цифрландыруға негізделетін болады. Жинақталған білім базасының тұтастай қамтылған цифрлық деректері клиникалық және саяси шешімдерді интеграциялаған қолдаудың негізгі көзіне айналады. Ол үшін денсаулық сақтау салысындағы статистика және жіктеу ЭЫДҰ елдерімен үндестіріледі, барлық деңгейдегі өзекті деректерге қолжетімділік қамтамасыз етіледі. Телемедицина, роботтандырылған әдістер және денсаулық сақтау саласында жасанды интеллект енгізу бойынша жобаларға қолдау көрсетілетін болады.



Профилактикаға және ауруды бастапқы кезеңде басқаруға қайта бағытталу

Нақты профилактика және ауруды бастапқы кезеңде басқару мақсатында генетикалық зерттеулер мен дербестендірілген медицинаны енгізудің мүмкіндіктері қарастырылады.

Бұл тәсіл одан әрі жинақталған статистикалық деректер базасы негізінде шешімдерді қабылдау, эпидемиологиялық зерттеулер жүргізу арқылы Қоғамдық денсаулық сақтау қызметінің дамуына ықпал етеді. Бұл қоғамдық денсаулық қорғау қызметінің жұмысын профилактикаға, тәуекелдерді бағалауға және ауруларды бастапқы сатыда басқаруға қайта бағдарлау шараларын іске асыру бойынша мүмкіндік береді.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу

Медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру үшін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі


(бұдан әрі - МӘМС) енгізілетін болады, оның шеңберінде азаматтардың, жұмыс беруші мен мемлекеттің халықтың денсаулығын қорғау бойынша ынтымақты жауапкершілігі қағидаты іске асырылады. Бұл ретте, медициналық ұйымды сол сияқты дәрігерді де таңдау мүмкіндігі беріледі.

Сондай-ақ денсаулық сақтау саласының даму басымдықтарын ескере отырып, шектелген ресурстарды тиімді пайдалану мақсатында медициналық көрсетілетін қызметтерді стратегиялық сатып алу жүйесі енгізілетін болады.



БМСК және бәсекелестік ортаны дамыту

Сектордың тиімділігіне қызметтерді амбулаториялық деңгейде шоғырландыру және үйлестіру есебінен мамандандырылған қызметтермен толық интеграциялау арқылы қол жеткізілетін болады. Бастапқы деңгейде бәсекелес ортаны дамыту пациентке бағдарланған модельді енгізуге мүмкіндік береді, бұл жағдайда көмек көрсету тұратын жеріне тікелей жақын жерде қол жетімді болады.

Медициналық ұйымдарды басқарылатын жекешелендіру медициналық көмектің тиімділігі мен қолжетімділігі үшін жеке сектордың құзыреттері мен ресурстарын тартуға бағытталатын болады. Мемлекеттік сектор БҰҰ-ның «Тұрақты даму мүддесінде жаһандық әріптестік шеңберінде жұмысты жүзеге асыру және жандандыру құралдарын күшету» тұрақты дамудың 17-жаһандық мақсатына сәйкес денсаулық сақтауда жеке секторды дамытуға нақты бағыт берілетін болады.

Мемлекеттік функцияларды өзін-өзі реттейтін ұйымдарға және кәсіби қауымдастықтарға беру процесі жалғасады.



Медициналық және фармацевтикалық білім беру мен ғылымды жаңғырту

Медициналық және фармацевтикалық білім беру мен ғылымды жаңғырту жетекші шетелдік университеттермен стратегиялық әріптестік арқылы үздік практикалар мен стандарттарды трансферттеу негізінде жалғасады. Бұл білім беру, ғылым және практиканы интеграциялауды қамтамасыз етеді.



Медицина жұмыскерлерін лицензиялау және сақтандыру жүйесін енгізу

Қауіпсіз және білікті медициналық көмек көрсету үшін кәсіби қызметті лицензиялаудың жаңа жүйесін енгізу және іске асыру мүмкіндігі қаралатын болады.

Сонымен бірге медициналық жұмыскерлердің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру жүйесін кәсіби тәуекелдерді басқарудың құрамдауышы ретінде медициналық көмек көрсету практикасымен интеграциялау бойынша мәселені пысықтау жоспарлануда.

Дәрі-дәрмек саясатын жетілдіру

Сапалы, қауіпсіз және тиімді дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету тиісті фармацевтикалық практикалар мен медициналық бұйымдардың қауіпсіздігін, сапасын және тиімділігін қамтамасыз ету жүйесі бойынша фармацевтикалық инспекторат пен фармацевтикалық инспекцияны жетілдіру және медициналық бұйымдардың қауіпсіздігі, сапасы мен тиімділігін мониторингілеу, медициналық өнімдерді қадағалау жүйесін енгізу арқылы қамтамасыз етіледі.



3-міндет. Тұрғын үй инфрақұрылымының қолжетімділігін және жайлылығын арттыру

Тұрғын үй саясаты жер учаскелерін инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету және азаматтарға жеке тұрғын үйлерді салуға осы жер учаскелерін бөлу арқылы жеке тұрғын үй құрылысын дамытуға бағытталатын болады. Жылына 40 мыңнан астам жер учаскелерін инженерлік желілермен жыл сайын қамтамасыз ету жоспарланып отыр.

Пилоттық жоба шеңберінде облыс орталықтарында, моно және шағын қалаларда негізінен отандық құрылыс материалдарын қолдана отырып (90%-ға дейін), бірыңғай сәулеттік стильде аз қабатты жеке тұрғын үйлер салынады.

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшылары мен әкімдіктердің кезекте тұрғандарға кредиттік тұрғын үй құрылысының көлемін ұлғайту үшін бұрын квазимемлекеттік сектор субъектілеріне Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры есебінен бөлінген қаражат тартылатын болады. Тартылған қаражат «револьверлік» негізде тұрғын үй жинақ жүйесіне қатысушылардың тұрғын үйді сатып алуы есебінен кері қайтады. 2025 жылдың соңына дейін 8,5 млн шаршы метр кредиттік тұрғын үй енгізіледі, ол 120 мыңнан астам азаматты тұрғын үймен қамтамасыз етеді.

Халықтың әлеуметтік осал топтарының тұрғын үй мәселелерін шешу үшін сатып алу құқығынсыз тұрғын үйді жалға алу құралы пайдаланылады. Осы мақсатта жыл сайын шамамен 3 мыңға жуық пәтер салынады.

Жалпы 2022 жылға қарай 53 млн. шаршы метр, 2025 жылға дейін - 96,5 млн шаршы метр тұрғын үй немесе 900 мыңнан астам пәтер салу жоспарлануда.

Тұрғын үй-коммуналдық саладағы саясат сапалы коммуналдық қызметтерді үздіксіз беруді қамтамасыз етуге, басқару жүйесінің тиімділігін арттыруға, энергияны үнемдейтін және ресурс үнемдеуші технологияларды пайдалануға бағытталған болады.

Пәтер иелері мен басқару органдарының өзара іс-қимылы мен жауапкершілігін бөлудің оңтайлы тетіктері айқындалады, коммуналдық инфрақұрылым секторында объектілерді жаңғырту, инновациялық технологиялар мен материалдарды трансферттеу және коммерцияландыру бойынша жұмыс жалғасады.

Сектордың инвестициялық тартымдылығын арттыру мақсатында сектордың ашықтығын, ақпараттың қол жетімділігін қамтамасыз ету, тарифтерді қалыптастыру жүйесін жетілдіру бойынша жүйелі шаралар қабылданатын болады.

Цифрландыру шеңберінде саланың ашықтығын, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласының субъектілерін толық қамтуды қамтамасыз ететін бірыңғай деректер базасы енгізілетін болады.


6-саясат. Жасыл экономика және қоршаған ортаны қорғау

Саясаттың мәні: Жасыл экономика және қоршаған ортаны қорғау саласындағы саясат су мен жер ресурстарының сапасын, ауа сапасын жақсартуға, баламалы энергия көздерін дамытуға, климаттың өзгеруіне бейімделуге, сондай-ақ экономиканың декарбонизациясы және энергия тиімділігін арттыруға бағдарланған. Негізгі нәтиже халықтың өмір сүру сапасының, экологиялық қауіпсіздіктің өсуі, экологиялық тәуекелдер мен экологиялық тапшылықты төмендету, сондай-ақ орнықты даму мен бәсекеге қабілеттілікті арттыру болады.
1-міндет. Париж келісімінің мақсаттарына қол жеткізу

Климаттың өзгеруі туралы Париж келісімін іске асыру және ЭКСПО негізінде Жасыл технологиялар мен инвестициялық жобалар орталығын құру бойынша одан әрі шаралар елдің жасыл экономикаға көшуі үшін мәнді қадамдар болады.

Жасыл экономикаға жататын анықтамаларды кеңейтумен қатар Жасыл экономикаға көшу тұжырымдамасы сондай-ақ Париж келісіміне сәйкестендіріледі. Жасыл экономиканы дамыту бағыттары климаттың өзгеруін болдырмауға және парниктік газдар шығарындыларын жасыл технологияларды қолдану арқылы азайту жөніндегі қабылданған міндеттемелерге қол жеткізуге бейімделуге ықпал етеді.

2-міндет. Қаржыландыру көздерін анықтау және жасыл қаржы мен инвестициялар тартуды есепке алу

Жасыл технологияларды қаржыландыру үшін халықаралық қорлар мен жеке инвестициялар, сондай-ақ республикалық және жергілікті бюджеттер пайдаланылады.

Инвестициялар 124 ел үкіметтерінің бастамасы бойынша құрылған «Жасыл» климаттық қор шеңберінде дамушы елдерде парниктік газ шығарындыларын шектеу және азайту мақсатында, сондай-ақ климаттың өзгеру салдарына бейімделуге көмектесу үшін бөлінеді. Осы қормен және ЕҚДБ-мен белсенді ынтымақтастықта Қазақстандағы жаңартылатын энергия көздеріне инвестицияларды ұлғайту және бірлескен жобаларды іске асыру күтілуде.

Мемлекеттік қаражат МЖӘ жобалары шеңберінде бөлінеді. Бұл ретте қаржы ресурстарын жоспарлау жылдам және икемді түрде жүргізіледі, себебі жасыл технологиялар үнемі жетілдірілуде және өндіріс процестер тез арзандауда. Осыған байланысты жасыл экономикаға көшуге жұмсалатын қаражаттарды одан әрі жоспарлау және есепке алу үшін қолданылатын жоба технологияларын бағалау үшін айқын өлшемшарттар анықталады.

Шығарындыларға квоталар саудасы нарығын дамыту бойынша жұмыс жалғасады және оны шетелдік нарықпен интеграциялау үшін шаралар қабылданатын болады.

Бұдан басқа Қазақстан АХҚО инфрақұрылымы және құрылып жатқан Жасыл технологиялар мен инвестициялық жобалардың халықаралық орталығы базасында жасыл қаражаттар саласындағы өңірлік көшбасшы болуға ниетті..



3-міндет. Жасыл технологияларға инвестицияларды ынталандыру

Тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді экологиялық таза өндіруге, парниктік газ шығарындыларын азайтуға, сондай-ақ климаттың өзгеруіне төзімді технологияларды қолдануға инновацияларды және инвестицияларды ынталандыру және көтермелеу жалғастырылады.

Осы мақсатта салық салу мен тарифтерді белгілеу бөлігінде қолданыстағы заңнама жетілдіріледі және өндірісті жаңғырту, инновациялық технологияларды енгізу, ғылым мен өндірістің өзара іс-қимылы арқылы энергияны үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бойынша шараларды іске асыру жалғастырылады.

Электр энергиясы секторында зияткерлік есепке алу жүйесін / «ақылды электр желілерін»/және электр энергиясын сақтау жүйесін одан әрі енгізу бойынша шаралар қабылданатын болады.



4-міндет. Экономиканы декарбонизациялау

Дамытудың осы бағыты бойыншажасыл инвестициялық жобаларды ішкі сол сияқты халықаралық көздерден іске асыру үшін мемлекеттік және жеке қаржы ресурстарын жұмылдыру арттырылады.

Дамудың осы бағыты бойынша жасыл инвестициялық жобаларды іске асыру үшін ішкі және сол сияқты халықаралық көздерден мемлекеттік және жеке қаржы ресурстарын мобильдендіру арттырылады.

Экономиканы декарбонизациялау бойынша нақты шаралар әзірлеу мақсатында көмірқышқыл газы шығарындыларының қоршаған орта жағдайына, бизнес жүргізу жағдайларына, өмір сүру сапасына, азаматтардың денсаулығы мен өнімділігіне экономикалық әсерін кешенді бағалау және бағдарламалық салалық құжаттарда есепке алу жүргізіледі.

Көмірмен жұмыс істейтін ЖЭС жаңғырту және газды пайдалануға көшу ынталандырылатын болады, сондай-ақ өңірлерді одан әрі газдандыру жұмыстары да жалғасын табатын болады.

5-міндет. Су ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыру мен қорғау

Елдің су ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыру және қорғау үшін ауыл шаруашылығында, өнеркәсіпте және коммуналдық секторда су үнемдеу бойынша жүйелік шаралар әзірленеді және енгізіледі.

Ауыл шаруашылығында жалпы су тұтынуды төмендету; заманауи су үнемдеу технологияларын енгізу; жабық топырақты аудандардың үлесін ұлғайту; ірі инфрақұрылымдық объектілерін – каналдарды, су қоймаларын қалпына келтіру, оларды қолдау үшін мүліктік құқықтарды және жауапкершілікті анықтау күшейту бойынша шаралар жалғасатын болады.

Тұрақты және жайылма суарылатын сұранысқа ие жерлерді суару суымен қамтамасыз ету үшін ирригациялық және дренаждық желілерді қалпына келтіру жалғастырылады. Су ресурстарын мониторингілеу, оларды болжамдау және тиісінше бақылауды қамтамасыз ете отырып, басқару және суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйін және мелиорациялық іс-шаралардың орындалуын мониторингілеу жүйесін жетілдіру жоспарлануда. Су ресурстары тапшылығын ұлттық сол сияқты өңірлік деңгейде қысқарту үшін трансшекаралық су ресурстары суларын бөлу, жерасты суларын пайдалану, жаңа инфрақұрылым салу, су объектілерінің су жинау алаңдарының ормандылығын ұлғайту және табиғат қорғау мақсатындағы су жіберуді жүзеге асыру бойынша шаралар қабылданатын болады.

Өнеркәсіптегі су ресурстарын тиімді пайдалану саясатының негізгі бағыттары энергетика, өндіру және металлургия салаларында суды үнемдеу, ағынды суларды қайта пайдалану және айналмалы сумен жабдықтау технологияларын енгізу есебінен жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарда суды пайдалануды жалпы төмендету; жаңа өнеркәсіптік кәсіпорындар үшін суды жинау және тазалау стандарттарын еуропалық деңгейге дейін көтеру болады.

Коммуналдық шаруашылықта тұрмыстық техника мен сантехникаға арналған суды үнемдеу стандарттарын жетілдіру; су тасқыны ағындарын тежеу және жыл бойы өзгермелілікті өтеу үшін су қоймалары мен резервуарларды салу; су ресурстары мол бассейндер, сондай-ақ қазіргі кезде қолжетімді емес ресурстар есебінен тапшылығы бар жерлерді қамтамасыз ету үшін су таратқыш және каналдарды салу; ағынды суларды тазарту станцияларын және тұзды және тұздылау су тазарту қондырғыларын салу; бассейндік жүйелерді қалпына келтіруге, орман отырғызуға, арналарды қалпына келтіруге, қалдық тұнбаларды тазалауды қоса алғандағы кешенді тәсілдер бойынша шаралар жалғастырылатын болады.

Үкімет суды тұтынуға теріс әсер ететін және бюджетке елеулі ауыртпалық салатын мемлекеттік қолдау түрлерін реформалайды, сондай-ақ су шаруашылығының, азық-түлік және энергетикалық қауіпсіздіктің барынша жоғары деңгейіне қол жеткізу үшін көп мақсатты су инфрақұрылымдарының (КСИ) үлесі арттырылады.

Трансшекаралық өзендердің су ресурстарын қорғау және ұтымды пайдалану үшін Орталық Азия, Қытай және Ресей елдерімен гидрологиялық және гидрохимиялық ақпаратты бірлесіп іріктеу және алмасу үшін ынтымақтастық орнатылады. Үкімет жоғарыда аталған елдермен ҚР аумағын су ресурстарының жеткілікті көлемімен және сапасымен қамтамасыз ету бойынша екі жақты және көп жақты халықаралық құқықтық құжаттарды жасасу бойынша жұмыстар жүргізетін болады.

Сондай-ақ жерлердің шөлейттенуіне қарсы күрес әрі қарай жалғасатын болады. Жер ресурстарын жүйелі түрде бағалау және түгендеу жүргізіледі, жер ресурстарының сапасын сақтауға және қалпына келтіруге ынталандыратын жерді пайдаланудың экономикалық тетіктері енгізіледі, шөлейттену процесін тоқтату бойынша жұмыстар іске асырылатын болады.

6-міндет. Жаңартылатын энергия көздерін (ары қарай –ЖЭК) дамыту, дәстүрлі энергия көздерін жетілдіру

ЖЭК саласындағы әлемдік үрдістерді ескере отырып, ЖЭК саласына жаңа міндеттер қою қажет, атап айтқанда олардың елдің жалпы энергия балансындағы үлесін арттыру және бірыңғай энергетикалық жүйеге интеграциялау арқылы дамыту.

Ол үшін жоспарлаудың, әкімшілендірудің және тарификациялаудың икемді жүйесін болжайтын ЖЭК қолдаудың аукциондық тетігін енгізу бөлігінде ЖЭК саласындағы заңнама жетілдіреді. ЖЭК нарығында әкімшілік кедергілер төмендетіледі.

ЖЭК қолданатын Энергия өндіруші ұйымдар тізбесінде көзделген ЖЭК саласындағы жобаларды іске асыру жоспарланып отыр. Қазақстан Республикасының бірыңғай энергетикалық жүйесінің аймақтары бойынша ЖЭК объектілерінің рұқсат етілген максималды қуаттылығын жыл сайын бекіту мүмкіндігі қарастырылуда.

Сонымен бірге, дәстүрлі энергия көздерін өндірушілерге және тұтынушыларға қолданылатын технологиялар мен өндірістік қуаттардың тиімділігін арттыру және жаңғырту, қоршаған ортаға және адамдардың денсаулығына түсетін жүктемені азайту бөлігінде қойылатын талаптар күшейтіледі.

7-міндет. Биологиялық алуан түрлілікті сақтау

Эндемиялық, сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлерді, бірегей эталондық учаскелерді және жалпы табиғи экологиялық жүйелерді сақтаудың ең тиімді шарасы ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесінің құрылуы және жұмыс істеуі.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың ауданын ұлғайту бойынша жұмыс жалғастырылады. 2025 жылға дейінгі кезеңде тағы да 2 ұлттық парк және 3 табиғи резерват құру жоспарланып отыр.

Осыған сүйене отырып, репрезентативтілікті қамтамасыз ету мақсатында 2025 жылға қарай Қазақстанның ерекше қорғалатын табиғи аумақтарының ауданын мемлекет ауданының 10-12 % дейін жеткізу жоспарланып отыр.

Қазақстан аумақтардың ормандылығын ұлғайту және оны 4,8 % дейін жеткізу, мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерін сақтау, жабайы аңдардың, оның ішінде сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төніп тұрған түрлерінің санын сақтау және ұлғайту, еріксіз және жартылай ерікті жағдайларда аң – құс өсіруді дамыту, балық түрлерінің популяциясын сақтау және тауарлық балық шаруашылығы мен аквамәдениетті дамыту арқылы биологиялық алуан түрлілікті сақтау саясатын одан әрі жалғастырады.

2015 жылы ПРООН-мен бірлесіп әзірленген, жер ресурстарын тұрақты басқару (бұдан әрі - ЖРТБ) бойынша ұлттық стратегияға сәйкес 2025 жылға дейін Қазақстандағы жерлердің тозу және шөлейттену проблемасын жүйелі түрде шешуге бағытталған ЖРТБ бойынша стратегиялық шараларды іске асыру жұмыстары жалғасын табады.

Сандық өсу ормандар мен ағаш өсіру көлемдерін ұлғайту, сондай-ақ облыс орталықтарының айналасында жасыл аймақтар құру, жеке ағаш өсіруді дамыту, сондай-ақ республика аумағында ерекше қорғалатын табиғи аумақтар желісін кеңейту есебінен болжанып отыр.

8-міндет. Қалдықтары аз экономиканы дамыту

Тиісті оқытудан өткен инженерлік-техникалық кадрлардың, сонымен қатар, басқарушы персоналдың жеткілікті санын қамтамасыз ету бөлігінде қалдықтары аз экономиканы дамыту саясаты жалғастырылады. Халықтың эко-мәдениетін қалыптастыру жұмысы жүргізіледі.

Өндіріс және тұтыну қалдықтарының айналымына қатысты қолданыстағы заңнаманы талдау жүргізіледі. Қалдықтардың пайда болуын азайтуға ынталандырушы халықаралық озық тәжірибеге негізделіп, қалдықтарды мемлекеттік басқару саясаты қайта қаралады. Қалдықтарды өңдеушілер институтын дамыту мақсатында оларды ынталандыру тетіктері және өнеркәсіптік қалдықтарды өңдеу инфрақұрылымын және кәсіпорындарын қалыптастыру және олар тұрақты жұмыс істеу үшін ынталандыру енгізу бойынша шаралар әзірленеді.

9-міндет. Өндіріс және тұтыну қалдықтарын басқару

Қалдықтарды басқару саласындағы саясат қалдықтардан кейіннен тауарларды немесе өзге де өнімдерді өндіру (дайындау) үшін пайдаланылатын шикізат және (немесе) өзге де материалдар ала отырып қалдықтықтарды өңдеуге бағытталған. Қазақстан Республикасының аумағында өндірістік қалдықтарды өңдеуді ынталандыру және дамыту үшін қолданыстағы экологиялық заңнамаға өзгерістер енгізу жоспарланып отыр



7-саясат. Барынша белсенді сыртқы экономикалық саясат

Саясаттың мәні: Сыртқы экономикалық саясат, бір жағынан, экономикалық дипломатия құралдарын пайдалану арқылы, халықаралық ұйымдарда, көпжақты экономикалық интеграциялық бірлестіктерде мемлекеттік мүдделерді ілгерілету және қорғау жолымен әлемдік экономикаға одаң әрі, тереңірек интеграциялануға бағдарланған. Екінші жағынан, елдің сыртқы экономикалық байланыстарын жолға қою және нығайту, өзара тиімді сауда құру арқылы, одан да көп қазақстандық компанияларды сыртқы сауда қызметіне тарту арқылы, қазақстандық экспорттық өнімнің қосылған құнының бәсекелесу қабілеті мен сапасын арттыру жолымен елдің экономикалық өсуі мен дамуына жәрдемдесуге бағдарланған.

1-міндет. ЕАЭО шеңберінде ұлттық мүдделерді ілгерілету

Қазақстан Республикасының Еуразиялық экономикалық одаққа қатысуы экономикалық өсу, азаматтардың әл-ауқатын арттыру, қазақстандық өнімнің сыртқы нарыққа қолжетімділігі үшін жағдай жасауды қамтамасыз етеді. ЕурАзЭО мүше-мемлекеттермен сол сияқты осы интеграциялық бірлестікке кірмейтін елдермен де ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін мүмкіндіктер бере отырып, қазақстандық өнімнің сыртқы нарықтарға қолжетімділігін қамтамасыз етеді.

ЕАЭО шеңберінде тек қана экономикалық ынтымақтастық мәселелері қаралады. ЕАЭО ұлттық органдарынан жоғары тұратын органдарының тең құқылық және консенсус қағидаттарына сәйкес жұмыс істеуі интеграцияның тиімділігін арттыру үшін түйінді шарттардың бірі болып табылады. Қазақстан ЕАЭО мәртебесін тек қана экономикалық интеграцияға бағытталған халықаралық ұйым ретінде сақталуын қамтамасыз етуді жалғастырады.

ЕАЭО-ның ішкі нарығы жұмыс істеуінің негізгі қағидаттарының бірі-ішкі нарыққа өзара қолжетімділігі үшін кедергілердің болмауы, алып қоюлар мен шектеулердің ең аз саны. Кедергілерді, алып қоюларды және шектеулерді анықтау және жою бойынша белсенді жұмыс жалғастырылады, бұл кооперация және ЕАЭО мүше мемлекеттердің ұлттық экономикаларының бәсекеге қабілеттілігін арттырады.

Ішкі еркін нарық құрудың маңызды тетігі жыл сайын өзектілендірілетін алып қоюлар мен шектеулерді жою жөніндегі «Жол карталары» болуы тиіс.

ЕАЭО жаңа Кеден кодексінің күшіне енуі бизнес үшін қағидатты жаңа жағдайлар жасайды, кедендік рәсімдерді елеулі түрде жеңілдетеді. Кедендік әкімшілендіру саласында жаңа тәсілдер енгізіледі, атап айтқанда:

электрондық кедендік декларациялаудың басымдылығы және жазбаша декларациялауды тек қана белгілі бір жағдайларда қолдану;

тауар декларациясын олардың негізінде толтырылған құжаттарды кеден органына ұсынусыз тапсыру мүмкіндігі;

кедендік декларацияны тексеру нәтижелері бойынша, ол солардың негізінде толтырылған құжаттарды сұрату не тауарларды тексеруге байланысты кедендік бақылаудың нысандарын жүргізу қажеттігі анықталмаса, тауарларды шығару мерзімін кедендік декларация тіркелген сәттен бастап, 4 сағатқа дейін қысқарту;

тауарлар шығарылған сәтке дейін басталған кедендік бақылау аяқталмаған жағдайда, тауарларды кедендік баждар, салықтар төлеуді қамтамасыз етумен шығару мүмкіндігін белгілеу;

уәкілетті экономикалық операторлар институтын жетілдіру;

жекелеген кедендік рәсімдердің мазмұны мен шарттарын нақтылау;

Одақтың кедендік шекарасынан тауарлардың жекелеген санатын өткізу тәртібі мен шарттарын оңайлату.

ЕАЭО шартының мемлекеттік сатып алуға қатысты нормаларын іске асыру нәтижесінде, ЕАЭО мүше-мемлекеттердің мемлекеттік және муниципалдық сатып алуларына тең және әділетті қолжетімділік қамтамасыз етіледі.

ЕАЭО Қазақстанның энергетика, көлік, өнеркәсіп және ауылшаруашылығындағы өндірістік және экспорттық әлеуетін іске асыру үшін айтарлықтай мүмкіндіктер ашады.

2025 жылға қарай мұнай және мұнай өнімдерінің ортақ нарығы құрылады, ол өзара саудада эскпорттық кедендік баждар мен шектеулер қолданбауды көздейді. Сондай-ақ 2025 жылға қарай газ тасымалдау инфрақұрылымына ЕАЭО бойынша әріптес–елдердің тең қолжетімділігін қамтамасыз ету көзделген. Ортақ электр энергетикалық нарықты 2019 жылға қарай қалыптастыру жоспарланып отыр.

Халық үшін қауіпсіз және сапалы дәрі-дәрмектерге қолжетімділікті қамтамасыз ету, қазақстандық фармацевтикалық кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында ортақ дәрілік заттар нарығының жұмыс істеуі бойынша жұмыс жалғастырылады.

Көрсетілетін қызметтердің белгілі бір секторлары бойынша бірыңғай нарық құру бойынша жұмыс жүргізілуде. Бірыңғай нарық барлық мүше-мемлекеттердің аумағында қызмет көрсету еркіндігін болжамдайды және тиімді бәсекелестікті қамтамасыз ету, кәсіпкерлік қызметті кемсітушіліксіз шарттарында жүзеге асыру сияқты негізін қалайтын қағидаттарға негізделеді. Көрсетілетін қызметтің өнім берушілеріне қызметті заңды тұлға құру талабынсыз өз мемлекетінде алынған рұқсаттың негізінде, персоналдың кәсіби біліктілігін мойындаумен көрсету мүмкіндігі беріледі.

Келісілген (үйлестірілген) агроөнеркәсіптік саясат ауылшаруашылығы өнімінің өндірісі мен нарықтарының дамуын теңгерімдеуге, ішкі және сыртқы нарықтардағы өндірушілерді қорғауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Бәсекеге қабілетті өнеркәсіпті дамытуға, кооперациялық тізбектер және инновациялық-технологиялық прогресс үшін база құру үшін жағдайларды қамтакмасыз етуге, бірлесіп өндірген өнімді жаһандық нарықтарға ілгерілетуге бағытталған өнеркәсіптік ынтымақтастық одан әрі дамиды.

Мүше-мемлекеттер өнімдерінің ЕАЭО жалпы нарығындағы үлесін ұлғайту, оқшауландыру деңгейін арттыру, қолданыстағы өндірістерді жаңғырту және ЕАЭО мүше-мемлекеттер өнеркәсібінің жаңа секторларын құру үшін шаралар қабылданады.

2016 жылы күшіне енгізілген ЕАЭО және Вьетнам арасындағы еркін сауда аймағы туралы келісімінің мысалы бойынша ЕАЭО елдерімен сауданы кеңейту және экспортты әртараптандыру мақсатында Индиямен, Мысырмен, Израильмен, Иранмен, Сербиямен, Сингапурмен еркін сауда аймағын құру бойынша жұмыс жүргізілуде, Қытаймен сауда-экономикалық ынтымақтастықты тереңдету пысықталуда.

ЕАЭО-ның үшінші елдермен ынтымақтастығын сауда келісімдерін жасасу нысанында кеңейтуі Қазақстанның экспорттық әлеуетін ұлғайту, өнімді инвестициялар мен озық технологияларды елге тартуға қатысты мүдделеріне толығымен сай келеді


Каталог: sites -> default -> files -> pages
pages -> Конкурс жариялайды Конкурс жариялаған орган атауы : Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы
pages -> Шетелдегі және еліміздегі ғылым және технологиялардағы қызықты оқиғалар
pages -> 1 Әлемдегі инновациялар
pages -> Әлеуеттік қауіп жағдайларында немесе террористік акт жасалғанда, сондай-ақ терроризмге қарсы операция жағдайларында азаматтардың іс-қимылына
pages -> Конкурс туралы хабарландыру Барлық конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет