Бағдарламасы бойынша мектепалды дайындық тобы мен сыныбы педагогтеріне арналған



Pdf көрінісі
бет8/12
Дата03.12.2019
өлшемі0,61 Mb.
#52945
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
suret-salu metodika kaz 6-let
000429f7-9534d368

Күтілетін нәтижелер
Барлық тәрбиеленушілер:
• қағаз реңі мен түс үйлесімділігін таңдайды;
• заттарды бейнелеу үшін геометриялық пішіндерді қолданады;
• дәстүрлі емес сурет салу техникаларын пайдаланады.
Көпшілік тәрбиеленушілер:
• затты бейнелеу ерекшеліктерін жеткізеді;
• бір сюжетті желісі бар сурет жасайды;
• алдағы әрекеттерді айтады.
Кейбір тәрбиеленушілер:
• өз суретін әңгімемен толықтырады.
тілдік мақсаттар
Дағдыларды дамыту.
Тәрбиеленушілер келесі іскерліктерін дамытады: 
• оқу мақсатын түсінеді және оған жетуге тырысады;
• пішінді бейнеге айналдыру жөнінде идеялар ұсынады;
• затты бейнелеудің ойын түсіндіреді;
• өзінің және басқалардың жұмыстарын талқылайды және пікір 
білдіреді.
Көптілділік: аққала – снеговик – snowman.
Негізгі терминдер мен сөз тіркестері:
• көлік, көлік түрлері, аққала, мереке, шырша әшекейлері
талқылауға арналған сұрақтар:
Аққала неге көңілсіз деп ойлайсыңдар?
Біз оған қалай көмектесе аламыз?
Сендер оған кездесуден естелік ретінде не сыйлар едіңдер?
Бастапқы білім
Пішіндер туралы білімге сүйене отырып, заттар мен олардың 
бөліктерінің негізгі формасы, пропорцияларын мәнерлеп жеткізу 
іскерлігі. 

64
Жоспар
Жоспарланған уақыт
Жоспарланған іс-әрекет
ресурстар
I. Оң  көңіл күй 
қалыптастыру.
0–1 минут
II. Өмірлік тәжірибені 
жандандыру. 
Мақсатты 
тұжырымдау.
2–5 минут
(Ұ) Оң  көңіл күй қалыптастыру
  Балалар шаттық шеңберін құрып тұрады. 
Бір-біріне күлімдеп қарайды.
Аязата ойды- қырды 
Аралап жүр түгел шолып. 
Қарсы алғалы Жаңа жылды, 
Ол да көптің бірі болып. 
Қайда қызық болса думан,  
Аязата сонда болды.  
Күндіз үйде ойнап бізбен,  
Балалармен бірге болды.
 (Ұ) Педагог жаңажылдық ертеңгілікті, шырша 
қонақтарын еске түсіруді ұсынады. Балалардан 
әсерлерімен бөлісуді сұрайды.
Аққаланың келуі. 
Аққала қандай көлікпен келді деп ойлайсыңдар?
Музыкалық 
сүйемелдеу.
Өлең.
 Жаңажылдық 
ертеңгіліктен 
слайдтар, 
музыкалық 
сүйемелдеу.
Аққала суреті не 
ойыншығы.
III. ҰОҚ-нің
тақырыбы бойынша 
жұмыс
6 – 25 минут
(Ұ) Әліппе-альбомдағы материалмен жұмыс.
Аққала балалардың шыршасына қандай көлікпен 
келе алады? Өз таңдауыңды түсіндір.
Проблемалық сұрақ
      Аққала неге көңілсіз деп ойлайсыңдар?
Бүгін біз Аққаланы көңілдендіретін боламыз. Оған 
достарын салып береміз. Ол үшін бізге геометриялық 
пішіндер көмектеседі. Аққаланы қандай тәсілмен 
салуға болады деп ойлайсыңдар? 
Бүгін біз қандай құралдарды пайдаланамыз? 
(Қылқалам, гуашь, мақта таяқшалар.) 
(Ұ) Сергіту сәті
Өлең жолдарын қимылмен көрсетеді.
Әппақ,әппақ, жапалақтап,
Қар жауып тұр далада.
 Әппақ дала, барлық бала,
Қуанып жүр далада.
(Ұ) Қауіпсіз жұмыс жасау техникасы
Педагог оқу құралдарының партада орналасу 
ережелерін еске салады. Балалардан қылқаламды 
қолда қалай дұрыс ұстау керектігін көрсетуді 
сұрайды. 
Қылқаламмен, бояулармен жұмыс істеу 
барысындағы қауіпсіздік  ережелерін еске салады.
Балаларға «жеке гигиена» ұғымын түсіндіреді. 
Тәрбиеленушілерді жұмыс орнын тазалықта ұстау 
қажеттілігіне ынталандырады.  
 
Әліппе-альбом.
Музыкалық 
сүйемелдеу.

65
(Ұ) Жұмыстың орындалу технологиясы 
(Жұмысты сатылай орындау ретін түсіндіру.)
Әліппе-альбоммен жұмыс
Әліппе-альбомдағы екі нұсқаны қарауды ұсынады, 
өздеріңе қызықты болып көрінгенін таңдап, жұмысқа 
кірісіңдер. Суреттеріңдегі ұсақ бөлшектерді (көз, 
түйме, аққаланың басындағы шелек әшекейлері) 
мақта таяқшаларды қолданып, толықтыра аласыңдар.
Әліппе-альбом.
Түрлі өлшемдегі 
қылқаламдар 
№3, №6, 
гуашь, суы бар 
төгілмейтін 
стақан, мақта 
майлықтар, 
мақта 
таяқшалар.
IV. ҰОҚ-нің 
қорытындысы. 
рефлексия.
26–30 минут
(Ұ, Ө) Шағын көрме ұйымдастырылады.
Балалар өз жұмыстарын талқылайды. Жасалған 
бейне туралы әңгімелейді. 
Кімге өз жұмысы ұнады? 
Аққаланы қандай геометриялық пішіндердің 
көмегімен бейнеледің?
Жұмыс мұқият, жақсы орындалды деп ойлайсың ба, 
әлде онша емес пе? 
Не сәтсіз болды?
Кімнің суреті көбірек ұнады? Неліктен?
Қалай ойлайсыңдар, біз аққаланың көңілін көтере  
алдық па? Біз ол үшін не жасадық? Өздеріңнің 
көңіл күйлеріңді бет қимылы (мимика) арқылы 
көрсетіңдер. 
Балалардың 
жұмыстарын 
орналастыруға 
арналған стенд. 
Әліппе-альбом.
18-ҰОҚ. Бізді 
зымырандар күтуде
(сюжетті)
Мектеп/МҰ: 
Күні:
Педагогтің аты-жөні:
Сынып/топ:
Қатысқандардың саны: 
Қатыспағандардың 
саны:
ҰОҚ-нің оқу 
мақсаттары
0.1.5.2. Суреттегі бейненің көңіл күйін беру үшін қағаз реңі мен түс 
үйлесімділігін таңдау.
0.2.1.4. Қылқаламды бір бағытта, солдан оңға, жоғарыдан төменге, қиғаш 
жүргізу арқылы суретті бояу.
0.2.1.5.Сурет сюжетіне, композициясына, өлшеміне, түсіне қарай қажетті 
көркем материал мен құралдарды таңдау.
Күтілетін нәтижелер Барлық тәрбиеленушілер:
• қағаз реңі мен түс үйлесімділігін таңдайды;
• қылқаламды түрлі бағытта жүргізіп, сурет реңін бояйды;
• заттарды бейнелеу үшін геометриялық пішіндерді қолданады.
Көпшілік тәрбиеленушілер:
• материалдармен мақсатты жұмыс жасайды;
• жұмыс орнын ұйымдастыру ережелерін орынды пайдаланады;
• қылқаламды оңға-солға жүргізіп, реңді бояйды;
• алдағы әрекеттерді айтады.
Кейбір тәрбиеленушілер:
• өз суретін Күн жүйесінің ғаламшарларымен толықтырады.

66
тілдік мақсаттар
Дағдыларды дамыту.
Тәрбиеленушілер келесі іскерліктерін дамытады: 
• балама шешімдер ұсынады;
• затты бейнелеудің ойын түсіндіреді;
• өзінің және басқалардың жұмыстарын талқылайды және пікір 
білдіреді;
• қорытынды нәтижені болжайды.
Көптілділік: зымыран – ракета – rocket.
Негізгі терминдер мен сөз тіркестері:
• Жер ғаламшары, ғарыш, кометалар, салмақсыздық, ғарыш кемелері.
талқылауға арналған сұрақтар:
Ғарыш дегеніміз не?
Біз қай ғаламшарда өмір сүреміз?
Қуаныш ұшу кезінде кім болады?
Ғарыш кемелері қайдан ұшады?
Қуаныш ғарышқа ұшқан кезде не киеді?
Салмақсыздық дегеніміз не?
Бастапқы білім
Қылқаламмен, балауыз борлармен техникалық жұмыс жасау дағдылары, 
заттың формасын, оның нышандарын дұрыс жеткізу туралы түсініктер.
Жоспар
Жоспарланған 
уақыт
Жоспарланған іс-әрекет
ресурстар
II. Оң  көңіл күй 
қалыптастыру.
0–1 минут
II. Өмірлік 
тәжірибені 
жандандыру. 
Мақсатты 
тұжырымдау.
2–5 минут
(Ұ) Сабақта оң  көңіл күй қалыптасты
Космонавт
Балаларды бастап-ақ,
Ұшар едім алысқа.
Болар едім космонавт,
Зымырар ем ғарышқа.
Жүзер едім көкте мен,
Жүйткіген бір еліктей.
Жұлдыздарды көптеген
Аралар ем зерікпей.
                   С. Иманасов
Сендер ұшуға қалай, дайынсыңдар ма? Бір-біріңнің 
алақандарыңды қысу арқылы көрсетіңдер. 
Қуаныштың ерекше арманы бар: ғарышқа ұшу. Ол 
аспанға қарап, жұлдыздарды бақылауды ұнатады. 
(Ұ) Аспанда жұлдыздардан басқа не бар? (Ай, Күн, 
ғаламшарлар.) Дұрыс, қаншама қызық бар. Ертеде 
адамдар жұлдыздарды, олардың қозғалысын бақылағаны 
белгілі. Кейіннен адамдар жұлдызды аспанды бақылап 
қана қоймай, зерттей бастады, ол үшін қарама-қарсы 
жақтарында үлкейтетін шыны – линза орналасқан 
телескоп –  ойлап табылды. Оның көмегімен ең 
қашықтағы жұлдыздар да көрінеді. Сендер қандай 
ғаламшарларды білесіңдер? Басқа ғаламшарларда тіршілік 
бар деп ойлайсыңдар ма? Мұны телескоптан басқа немен 
тексеруге болады? Иә, адамдар ғарышқа ұшуға шешім 
қабылдады. Қуаныштың ғарышқа ұшқысы келетін жеке 
зымыранын салайық.   
Музыкалық 
сүйемелдеу. 
Слайд 
көрсету.
«Ғарышқа
саяхат»
тұсаукесері.
Detskiysad.
prezentaciya.

67
III. ҰОҚ-нің 
тақырыбы бойынша 
жұмыс
6 – 25 минут
(Ұ) Әліппе-альбомдағы  материалмен жұмыс.
Зымыран қандай көлік түріне жатады?
Ойлан да, зымыранды немен салыстыруға болатынын айт.
Ауа шарымен тәжірибе жасауды ұсынады.
Проблемалық сұрақ: Қуанышқа ғарышқа қандай 
заттарды алу керек?
(Ұ) Саусақ жаттығуы
 Аспанда жұлдыздар жымыңдайды, 
(Саусақтарын жұмады және ашады.) 
Ғарышкер зымыранмен ғарышқа ұшып барады. 
(Алақандар бастан жоғарыда қосылады.) 
Күн демей, түн демей ұшып, 
Төменге – Жерге қарайды. 
.Жоғарыдан кең даланы, 
(Саусақтарын біріктіреді.
Өзен, көл, тауларды көреді. 
(Қолдарын жандарына созады.) 
.Жер біздің үлкен үйіміз. 
(Алақандарын бастарынан жоғары «шатыр» сияқты 
ұстайды).
Әліппе-
альбом.
Әр балаға ауа 
шарлары.
Музыкалық 
сүйемелдеу.
(Ұ) Қауіпсіз жұмыс жасау техникасы
Педагог бояулар және балауыз борлармен жұмыс істеу 
ережелерін еске салады. Жұмыс барысында жұмыс орны 
мен құралдарды таза ұстауды, бояуды үнемдеп жұмсауды, 
оны қылқаламның ұшымен алуды сұрайды. 
(Ұ) Жұмыстың орындалу технологиясы
Бүгін бізге балауыз борлар мен акварель бояу қажет 
болады
Әліппе-альбоммен жұмыс.
3–4 басты нысан таңдаймыз да, оларды қағаз бетіне 
балауыз борлармен саламыз. Сендер ғажайып деңгейде 
әсем жұлдыздардың жарқырауын, кометалардың түрлі 
түсті құйрық қалдырып ұшуын, зымыранды сала 
аласыңдар. 
Артынан акварель бояумен рең саламыз. Бүкіл парақты 
барлық жұлдыздар мен ғаламшарлар жақсы көрінуі үшін 
қара бояумен бояймыз. Күлгін не қара-көк, қою қызыл 
бояуларды аламыз да, бүкіл парақты түсті дақтарға 
бояймыз. Түрлі түсті борлар қара рең бетінде байқалады.
Әліппе-
альбом.
Түрлі 
өлшемдегі 
қылқаламдар 
№3, №6, 
акварель, 
суы бар 
төгілмейтін 
стақан, мақта 
майлықтар, 
балауыз 
борлар.
IV. ҰОҚ-нің 
қорытындысы. 
рефлексия.
26–30 минут
(Ұ, Ө)  «Байқоңыр ғарыш айлағы» балалардың 
жұмыстарының көрмесі ұйымдастырылады.
Педагог балаларға суреттерді бағалауды ұсынады.
Балалар қай суреттің ұнағаны және неліктен ұнағаны 
туралы әсерлерімен бөліседі.  
Педагог Қуанышқа ұшуға аттанатын зымыранды 
таңдауды ұсынады. 
Педагог үш бет-әлпет бейнеленген суретті көрсетеді: 
көңілді, мұңды, өкпелі пішінді. Карточкалар таңдауын 
ұсынады.
Көрме стенді.
Әліппе-
альбом.

68
19-ҰОҚ. 
Шөл даламен керуен 
келеді
(сюжетті)
Мектеп/МҰ: 
Күні:
Педагогтің аты-жөні:
Сынып/топ:
Қатысқандардың саны: 
Қатыспағандардың 
саны:
Сабақтың оқу 
мақсаттары
0.1.2.2. Шамасы әртүрлі біртектес заттардың, бөлшектердің суретін 
салып, оларды суретте симметриялы орналастыру.
 0.2.1.4. Қылқаламды бір бағытта, солдан оңға, жоғарыдан төменге, 
қиғаш жүргізу арқылы суретті бояу.
Күтілетін нәтижелер
Барлық тәрбиеленушілер:
• үлкендігі әртүрлі заттарды салады; 
• қылқаламды бір бағытта жүргізе отырып, суретті бояйды.  
Көпшілік тәрбиеленушілер:
• қылқаламмен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік ережесін сақтайды;
• ұзын сызықтарды жасау кезінде қолымен қимыл жасайды;
• жұмыста қалыпты емес сурет салу техникасын қолданады.
Кейбір тәрбиеленушілер:
• сюжетті суретке қол жеткізеді;
• өз ойын шығармашылықпен жеткізеді.  
тілдік мақсаттар
Дағдыларды дамыту.
Тәрбиеленушілер келесі іскерліктерін дамытады: 
• сюжетті салу кезеңдерін талдайды;
• затты бейнелеудің ойын түсіндіреді;
• өзінің және басқалардың жұмыстарын талқылайды және пікір 
білдіреді;
• сабақта тыңдалған материалды әңгімелеп береді.
Көптілділік: түйе – верблюд – сamel
Негізгі терминдер мен сөз тіркестері:
• шөл, шөл даланың жануарлар әлемі, шөл дала керуені, түйе.
талқылауға арналған сұрақтар:
Шөл дегеніміз не?
Сендердің суреттеріңде қандай түстер басым болады?
Нені шөл дала кемесі деп атайды?
Түйеге ұзын аяқтар не үшін қажет?
Оған ұзын кірпіктер не үшін керек?
Түйе немен қоректенеді?
Бастапқы білім
Түс, оның түрлері, реңктері мен өңдері туралы, жарықтандыруға қарай 
түстің өзгеруі туралы түсінік.
Жоспар
Жоспарланған уақыт
Жоспарланған іс-әрекет
ресурстар

69
III. Оң көңіл күй 
қалыптастыру.
0–1минут
II. Өмірлік тәжірибені 
жандандыру. Мақсатты 
тұжырымдау.
2–5 минут
(Ұ) Сабақта оң  көңіл күй қалыптастыру
Педагог өзімен бірге Жер шарының 
кішірейтілген нұсқасын (глобусты)  алып кіреді.  
Балаларға жұмбақ жасырады: 
Бір жерінде жаз,
Бір жерінде күз,
Бір жерінде қыс,
Бір жерінде көктем,
Керемет алып неткен!
                                     (Жер шары)                                                                           
(Ұ) Педагог глобусқа қарауды ұсынады.
Сұрақ: Глобустағы түстер нені білдіреді деп 
ойлайсыңдар? Көгілдір түс суды, сары түс 
шөлдерді білдіреді.
 (Ұ) Ұшақпен ұшып барамыз, іш пыспау үшін 
ойын ойнайық.
«Шөлде не өмір сүреді?» ойынын ойнаймыз. 
Мен жануарларды атаймын. Дұрыс болса
қолдарыңды соғасыңдар, ал дұрыс болмаса, 
аяқтарыңмен тарсылдатасыңдар. 
Бүгінгі сабақта не туралы айтатынымызды 
білдіңдер ме? (Түйе)
Музыкалық 
сүйемелдеу.
Глобусты қарау.
Шөл дала 
слайдтары, 
өсімдіктер 
мен 
жануарлар әлемі.
III. ҰОҚ-нің тақырыбы 
бойынша жұмыс
6 – 25 минут
(Ұ) Әліппе-альбомдағы  материалмен жұмыс.
Проблемалық сұрақ:
Ойланып, Айсұлудың шөлді неліктен теңізбен 
салыстыратынын айтыңдар.
Шөлде бізге түйе кездеседі. 
Неліктен түйені шөл дала кемесі деп атайды?
Бүгін біз қандай құралдарды пайдаланамыз? 
(қылқалам). Оған қосымша бізге акварель 
бояулар, гуашь, пластик шанышқылар қажет 
болады. Біз суретті «тарауды» үйренетін 
боламыз.
(Ұ) Сергіту сәті
Сурет салу өте-өте қызықты! (жұдырықтарын 
ауада ашады)
Альбом –дәптеріңді ашып: (алақандарын ашады) 
 Түзу сызық сызып (қолдарымен түзу сызық 
салады). 
 Шеңбердің суретін сал. (білезіктерін 
қимылдатпай, саусақтарымен кішкентай 
шеңбер салады) 
Кішкентай шеңберден ауа шары пайда болды. 
(қолдарымен  шеңбер салады)  
Ол аспанға көтерілді, (қолдарын жоғары қарай 
толқын тәріздес қимылдар жасап бұлғайды).
(Ұ) Қауіпсіз жұмыс техникасы
Педагог оқу құралдарының партада орналасу 
ережелерін еске салады. Балалардан қылқаламды 
қолда қалай дұрыс ұстау керектігін көрсетуді 
сұрайды. 
Әліппе-альбом.
Түйе ойыншығы не 
иллюстрациясы.
Түйе. Дала кемесі.
https://www.
youtube.
com/watch?v=t8NsO
0P9O14

70
Қылқалам, бояулар, пластик шанышқылармен 
жұмыс істеу барысындағы қауіпсіздік  
ережелерін еске салады. «Жеке гигиена» ұғымын 
бекітеді. 
Тәрбиеленушілерді жұмыс орнын тазалықта 
ұстау қажеттілігіне ынталандырады.  
(Ұ) Жұмыстың орындалу технологиясы 
(Жұмысты сатылай орындау ретін түсіндіру).
Әліппе-альбоммен жұмыс
1.  Парақтың жоғарғы бөлігіне көгілдір түсті 
аспан жолағын салып, дымқыл бояу бетімен  
«жайылатындай»  пластик шанышқымен 
қолды солдан оңға қарай тік қимылмен қозғап, 
бірқалыпты және үздіксіз жүргізу керек. 
2. Қоңыр түсті бояумен аспан мен жердің 
қашықтағы планын біріктіретін жолақ, көкжиек 
сызығын салып, бояу құрғамастан оның үстінен 
шанышқымен толқын тәріздес қимылмен 
жоғары-төмен – шағылдар жүргізу керек. 
3. Сосын парақты әртүрлі түстегі жолқатармен 
толтырамыз: композицияның жақын планы ең 
ашық (жоса түсті, ашық-сары түсті гуашь) болуы 
тиіс. Әр қабаттың дымқыл бояуының үстімен 
тік және толқын сызықтар сызып, шанышқымен 
жүргізу керек (әр қабатты әртүрлі бейнелеуге 
болады).
4. Түйені сатылай салып, жануар терісінің 
айрықша құрылымын жеткізу үшін салынған 
дене бөліктерінің бойымен жоғарыдан төмен 
қарай шанышқымен қысқа штрихтер жүргізу 
қажет. 
5. Пейзажды кактустар – жандарында 
қысқа сопақшалар бар ұзын сопақшалармен 
толықтырып, олардың үстінен жоғарыдан төмен 
қарай шанышқымен жүргізу керек.
6. Жіңішке қылқаламмен ұсақ бөліктерін салу 
керек: көздері, танауы, ауыз сызығы, түйенің 
құйрығындағы қыл, кактустағы тікен, күн, т.б.
Музыкалық 
сүйемелдеу.
Әліппе-
альбом.
№3, №6, 
қылқаламдар 
акварель, гуашь, 
стақан, мақта 
майлықтар, пластик 
шанышқылар.
IV. ҰОҚ-нің
қорытындысы. 
рефлексия.
26–30 минут
(Ұ, Ө) «Шөл далада керуен келе жатыр» шағын 
көрмесі ұйымдастырылады.
Балалар өз жұмыстарын талқылайды. Жасалған 
бейне туралы әңгімелейді. 
Кімге өз жұмысы ұнады? 
Салғылары келген суретті сала алды ма?
Жұмыс мұқият, жақсы орындалды деп ойлайсың 
ба, әлде онша емес пе? 
Өзін-өзі бағалауды ұсынады.
Әліппе-альбомда бәрі сәтті болды, жұмыс 
мұқият, жақсы орындалды деп санасаңдар, үш 
қылқаламды; бірдеңе ұнамаса не қиыншылықтар 
болса, екі қылқаламды; тапсырманы орындай 
алмадым деп ойласаңдар, бір қылқаламды 
бояңдар. 
Көрме 
ұйымдастыру.
Әліппе-альбом.

71
20-ҰОҚ. Менің сүйікті 
қалам /ауылым.
(ұжымдық жұмыс)
Мектеп/МҰ: 
Күні:
Педагогтің аты-жөні:
Сынып/топ:
Қатысқандардың саны: 
Қатыспағандардың 
саны:
ҰОҚ-нің оқу 
мақсаттары
 0.1.5.1. Заттарды жерге, суға, аспанға қатыстылығы бойынша 
орналастырып, заттардың және зат бөлшектерінің пішінін, 
пропорцияларын, түсін есепке ала отырып, кеңістіктік арақатысын 
бейнелеу.
 0.2.1.1. Саусақтарға күш түсірмей, қарындашпен, түсті бормен сурет 
салу, қарындашты (борды) көлбеу ұстау, бір бағытта жеңіл қимылдармен, 
штрихтарды бірқалыпты, сурет сызығынан сыртқа шығармай салу.
Күтілетін нәтижелер
Барлық тәрбиеленушілер:
• заттардың кеңістіктік арақатысын бейнелейді;
• борды көлбеу ұстап, штрихтарды бірқалыпты салады;
• жеке гигиена ережелерін орындайды.
Көпшілік тәрбиеленушілер:
• заттарды бір бағытта сурет сызығынан сыртқа шығармай бояйды;
• қозғалысты қолымен жүзеге асырады;  
• алдағы әрекеттерді айтады.
Кейбір тәрбиеленушілер:
• сызықтардың бірқалыптылығы, бірігуіне, олардың жіңішкелігі, 
әсемдігіне қол жеткізеді;
• өз ойын шығармашылықпен жеткізеді . 
тілдік мақсаттар
Дағдыларды дамыту.
Тәрбиеленушілер келесі іскерліктерін дамытады: 
• сюжетті толықтыруды ұсынады; 
• затты бейнелеудің ойын түсіндіреді;
• өз жұмыстары мен басқалардың жұмыстарын талқылайды және пікір 
білдіреді;
• қажетті түс реңктерін таңдау себептерін атайды;
• сюжетті жасау кезеңдерін ауызша сипаттайды.
 Көптілділік: қала – город – city;  ауыл – аул– aul. 
Негізгі терминдер мен сөз тіркестері:
• Отан, менің сүйікті қалам, біздің сәулетті жерлеріміз.
талқылауға арналған сұрақтар:
Біз қай қалада/ауылда тұрамыз?
Отанымыз деп нені айтамыз?
Қаланың/ауылдың қандай сәулетті жерлерін білесіңдер?
Қала/ауыл мерекеге қалай безендірілетіні туралы әңгімелеңдер.
Бастапқы білім
 Көргенін есіне қайта түсіру және өз эмоциялары мен әсерлерін суретте 
жеткізу іскерлігі.

72
Жоспар
Жоспарланған уақыт
Жоспарланған іс-әрекет
ресурстар
I.Оң көңіл күй 
қалыптастыру.
0–1 минут
II. Өмірлік тәжірибені 
жандандыру. 
Мақсатты 
тұжырымдау.
2 –5 минут
(Ұ) Сабақта оң  көңіл күй қалыптастыру
Мен құрылысшы боламын,
Зәулім үйлер саламын.
Өз қаламды көркейтіп,
Ел алғысын аламын.
(Ұ) Педагог туған қала/ауыл ішінде экскурсия жасауды 
ұсынады.
Педагог суреттерді қарай отырып, қаланың сәулетті 
жерлерін атауды сұрайды.
Сабақ тақырыбымен байланыстырады.  
Музыкалық 
сүйемелдеу. 
Қаланың 
сәулетті 
жерлерінің 
слайдтары.
III. ҰОҚ-нің 
тақырыбы бойынша 
жұмыс
6 – 25 минут
(Ұ) Әліппе-альбомдағы  материалмен жұмыс.
Қуанышқа сенің қалаң/ауылың несімен әйгілі екендігін 
айтып беріңдер.
Бүгін біз қандай құралдарды пайдаланамыз? 
(Қарындаштар). Одан бөлек бізге балауыз борлар, 
фломастерлер қажет болады.
(Ұ) Сергіту сәті
Ұшты-ұшты көбелек,
Би биледі дөңгелеп.
Гүлін көріп алманың,
Ағашқа қонды көбелек.
Балалар өлең мәтініне қарай қимылдар жасайды.
Әліппе-альбом.
Музыкалық 
сүйемелдеу.
(Ұ) Қауіпсіз жұмыс жасау техникасы
Педагог тәрбиеленушілерді жұмыс орнын тазалықта 
ұстау қажеттілігіне ынталандырады.  
(Ұ)  Жұмыстың  орындалу  технологиясы  (Жұмысты 
сатылай орындау ретін түсіндіру).
Әліппе-альбоммен жұмыс
Сурет  салмастан  бұрын  не  салатындарыңды 
ойластырып  алыңдар  (саябақ,  әдемі  үйлер,  өзен  және 
көпір, ескерткіш, сүйікті балалар алаңы).
(Ж)  Досыңмен    қаламыздың/ауылдың  несімен  әйгілі 
екендігін талқылаңдар.
Жұмыс  барысында  педагог  көлемді  ғимараттарды 
салудың негізгі тәсілдерін еске салады. Ғимараттардың 
қабырғаларының әдетте ашық түсті болатынына назар 
аудартады, сондықтан бояу кезінде ашық реңк алу үшін 
қарындаш не борға жай басу керек. Қарындашты қағазға 
көлбеу, оның ұшынан қашықтау ұстау керек. 
Есік  пен  шатырды  бояғанда,    есіктің  тұтқалары  мен 
әшекейлерді  салғанда  қарындашты  не  борды  оның 
ұшына  жақын  ұстап,  қаттырақ  басып  салу  керек. 
Сондай-ақ  кескін  мен  бөлшектерін  салу  үшін  түсі 
сәйкес келетін фломастерлерді қолдануға болады.
Педагог жұмыстың топ болып жасалатынын түсіндіреді. 
Сурет  қайталанбау  үшін  кімнің  не  салатынын  кеңесіп 
алу керек.
Әліппе-альбом.
 Түрлі түсті 
қарындаштар, 
балауыз 
борлар, 
фломастерлер.

73

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет