Бағдарламасы туралы» және «Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы»



бет2/7
Дата30.01.2017
өлшемі1,24 Mb.
#8379
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7

Кіріспе


2013 жылы бекітілген «Ақпаратты Қазақстан – 2020» мемлекеттік бағдарламасы елдің экономикасын цифрлық түрлендіру үшін іргетас болды және мына факторлардың дамуына: ақпараттық қоғамға көшу, мемлекеттік басқаруды жетілдіру, «ашық және мобильді үкіметтің» институттарын құру, корпоративтік құрылымдар ғана емес, сонымен бірге елдің азаматтары үшін де ақпараттық инфрақұрылымдарға қолжетімділіктің өсуіне мүмкіндік туғызды. «Ақпаратты Қазақстан – 2020» мемлекеттік бағдарламасы 83 нысаналы көрсеткіш пен 257 іс-шарадан тұрады. «Ақпаратты Қазақстан – 2020» мемлекеттік бағдарламасын үш жыл бойында іске асыру нәтижесі бойынша ол 40%-ға орындалды. Алайда ғаламдық деңгейдегі ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуы өз ережелерін және біздің үкіметтің тарапынан дұрыс және уақтылы әрекет етуді талап етеді. Сондықтан мынадай қадамдар жасау қажет – ұлттық экономиканың, білімнің, денсаулық сақтаудың негізгі салаларын, сондай-ақ мемлекеттің қоғам және бизнеспен өзара іс-қимыл жасау саласын түрлендіру процесіне дер кезінде бастамашылық жасау.

Соңғы он жыл ішінде әлем жаңа түрдегі экономикаға жедел қарқынмен жылжуда, мұнда оны қалыптастырудың негізгі құралы цифрлық технологиялар болып табылады. Қазіргі жағдайда ақпараттық технологиялар мен цифрлық түрлендіру технологиялық өзгерудің негізгі факторы және барлық экономикалық және өндірістік процестерді қайта құруға, өнімділікті түбегейлі өсіруге, сапасының артуына және тауарлар мен қызметтердің өзіндік құнының төмендеуіне әкеліп, жеке кәсіпорын деңгейінде, сол сияқты мемлекет және ұлттық деңгейден жоғары тұрған бірлестіктер деңгейінде бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етудің шарты болып табылады.

Жеке және мемлекеттік секторлар жұмысындағы ақпараттық технологиялар рөлін кеңейту цифрлық мемлекетке көшу үшін негіз болып табылады. Жетекші әлемдік сарапшылардың1 болжамдары бойынша 2020 жылға қарай әлемдік экономиканың 25%-ы цифрлық болады және мемлекетке, бизнес пен қоғамға тиімді өзара іс-қимыл жасауға мүмкіндік беретін экономиканы цифрландыру технологиясын енгізу барған сайын ауқымды және серпінді процеске айналуда.

«Бостон консалтингілік тобы» компаниясының (BCG) зерттеу нәтижелері бойынша «Қазақстан цифрлық экономикаға өту жолында»2 мақаласында экономиканы цифрландыру деңгейі бойынша Қазақстан 85 мемлекеттің ішінде рейтингте 50-ші орынды алады және туындап келе жатқан цифрлық экономикасы бар топтың қатарында. Көшбасшы-мемлекеттер мен артта қалған елдер арасындағы цифрлық алшақтық жылдан жылға ұлғайып келеді. Біздің экономиканың бәсекеге қабілеттілігін сақтаудың кілті мемлекет пен бизнестің, оның ішінде мына – индустриялық, көлік-логистикалық инфрақұрылым, ауыл шаруашылығы, жер қойнауын пайдалану, энергетика, білім және денсаулық сақтау салаларының бірлескен күш-жігерін құратын цифрлық дамуы болып табылады.

Заманауи цифрлық технологиялар алға қарай жылдам қадам басқаны соншалықты, бұрын тек қашықтықта дыбысты беру үшін құрылғы ғана болса, бүгінгі күні байланыс құралы ғана емес, сонымен бірге әмиян, кілт, журнал, фотоаппарат, бейнеплеер және т.б. түрінде қолданылады. Қарқынды ілгері даму арқасында принтерлерде құжаттардың парақтарын басып шығарумен қатар ір түрлі салаларда – тамақ өнеркәсібі мен медицинадан бастап ғимараттың құрылысында пайдаланылатын 3D принтерлері арқылы күрделі үш өлшемді проекциялық үлгілерді құру мүмкіндігі пайда болды.

Цифрлық дивидендтер заманауи цифрлық технологияларды енгізу пайдасына қосымша факторы болып табылады. Дүниежүзілік банктің «2016 - әлемдік даму туралы баяндама: Цифрлық дивидендтер» жарияланымында келтірілген деректер бойынша цифрлық технологияларды енгізу тиімділігінің артуына және мемлекеттік басқарудың ашықтығын қамтамасыз етуге, халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге, білім мен денсаулық сақтау сапасын арттыруға, инвестициялық климатты жақсартуға, еңбек өнімділігін арттыруға және ЖІӨ құрылымындағы шағын және орта бизнес үлесін көтеруге мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта заманауи цифрлық технологиялар біз қалай өнімдерді шығаруды және қызметтерді көрсетуді ғана емес, сонымен бірге қалай жұмыс істеуді және бос уақытымыз өткізуді, өз азаматтық құқығымызды іске асыруды, балаларымызды тәрбиелеуді айтарлықтай өзгертуде.

Біздің еліміздегі цифрлық технологиялардың дамуы әлем нарығындағы ақпараттық-коммуникативтік қызметтер рөлінің нығаюы мен ақпараттық индустрияның бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін ақпараттық қызметтерді өндіретін және эскпортты жүзеге асыратын біздің еліміздің экономикасын жаңғыртуды жүргізетін отандық кәсіпорындар мен компанияларға қолдау көрсету сияқты осындай шарттар және факторлармен айқындалады. Қазақстанның үкіметі мен мемлекеттік органдары қоғамды ақпараттандыру және ұзақ мерзімді экономикалық өсуді айқындаудағы цифрлық технологияларды дамыту маңыздылығын сезіне отырып, мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі ретінде аталған саланың дамуында белсенді қатысады.

Жоғарыда жазылғанды ескере отырып, мемлекеттің цифрлық технологияларды дамытудағы назары ұлттық экономиканы әртараптандыру, оны шикізаттан индустриялық-сервистік үлгіге қайта бағдарлау және еңбек нарығы үшін жаңа мүмкіндіктерді пайдалану жолдарының бірі ретінде қаралады. Осыған орай дамудың жаңа мемлекеттік бағдарламасын әзірлеу қажеттілігі туындады.

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының (бұдан әрі – Бағдарлама) мақсаты цифрлық экожүйені үдемелі дамыту арқылы халықтың өмір сүру сапасын және Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыру болып табылады.

Бағдарлама негізгі 4 бағыттан тұрады:


  1. Цифрлық Жібек жолы – ауылдық елді мекендерде интернетке кең жолақты қолжетімділікті жүргізу арқылы жоғары технологиялық цифрлық инфрақұрылымды құру; телекоммуникациялық хабты дамыту; ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету; деректерді өңдеу орталықтарын салу және т.б.

  2. Креативті қоғам – халықтың цифрлық сауатын көтеру арқылы адами капиталды дамыту, инфокоммуникация технология саласындағы мамандардың біліктілігін көтеру, креативті тұрғыдан ойлауды дамыту және т.б.

  3. Экономика салаларындағы цифрлық қайта құру – елдің көлік-логистикалық жүйесін автоматтандыру арқылы цифрлық индустрияны дамыту; ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп саласына цифрлық технологияларды енгізу; энергия үнемдеу және энергия тиімділік саласына талдау жүйесін енгізу; электронды сауданы дамыту; минералдық ресурстарды есепке алу жүйесін жақсарту; геологиялық цифрлық ақпараттың сақталуын және қолжетімділігін қамтамасыз ету; ақылды қалаларды құру үшін технологияларды іске асыру; және т.б.

  4. Белсенді мемлекет – электрондық және мобильді үкіметті одан әрі дамыту арқылы цифрлық үкіметті құру; электронды түрде ұсынылатын мемлекеттік қызметтерді көбейту; ашық үкіметті қалыптастыру; кеңістік деректерінің ұлттық инфрақұрылымын дамыту және т.б.

Бағдарлама «Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» айтты Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауына, «100 қадам» қысқа мерзімді дағдарысқа қарсы стратегиясына, «Нұрлы жол» инфрақұрылымдарды дамыту бағдарламасына, «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы», «Байланыс туралы», «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленген. Осы құжаттарға сәйкес азаматтардың өмір сүру сапасын көтеру, қоғам өмірінің экономикалық, әлеуметтік-саяси және мәдени саласын дамыту, сондай-ақ мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру осы Бағдарлама ұсынатын цифрлық қайта құрудың негізгі қағидаттары мен дамыту векторлары болып табылады.

Экономикалық дағдарыс шарттарын ескере отырып, көпшілік жобалардың мемлекеттік бюджетке түсіретін жүктемесін төмендету мақсатында осы Бағдарлама шеңберінде халықаралық қаржы ұйымдары мен даму институттарының қарыздарын тарту арқылы жеке инвестицияларды іске асыру жоспарлануда. Бағдарламаны іске асыру бойынша халықаралық серіктестердің бірі Дүниежүзілік банк болып табылады, ол Бағдарламаны іске асыру кезінде техникалық қолдау көрсетеді, сондай-ақ «зонттық инвестор» ретінде қатыса отырып инвестицияларды жұмылдыруда жәрдем көрсетеді. Сондай-ақ ақпараттандырудың сервистік үлгісі сияқты қаржыландырудың қазіргі заманғы тетіктері және отандық өндірушілерді белсенді тарта отырып, мемлекеттік-жеке меншік әріптестіктің құралдары қолданылады.

Бағдарламаны басқару тетігі бағдарламаны басқару саласындағы ең үздік әлемдік практикаға және Дүниежүзілік банк сарапшыларының ұсыныстарына сәйкес инфокоммуникациялық технология саласындағы Ұлттық даму институты базасында Бағдарламаны басқару кеңсесі арқылы жүзеге асырылатын болады.

Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде азаматтық қоғам үшін заманауи инфокоммуникациялық инфрақұрылымға қолжетімділік пайда болады, ол мемлекеттік қызметтерді сапалы және шексіз алуға; ашық деректерді қолдануға; елдің өміріне белсенді қатысуға; электронды сауда мүмкіндіктерін пайдалана отырып, қызметтер мен тауарларды ғаламтор арқылы тапсырыс беруге мүмкіндік береді. Сондай-ақ Бағдарлама халықтың цифрлық технология арқылы білім мен денсаулық сақтауға кең және кедергісіз қолжетімділік беру арқылы өмір сүру сапасын жақсарту мүмкіндігін береді, мамандарды даярлауға және қайта даярлауға, сондай-ақ еңбек нарығында жаңа жұмыс орындары мен жұмыспен қамту түрлерінің пайда болуына жағдай тудырады.

Бизнес-қауымдастығы үшін, сондай-ақ, Бағдарлама экономика салаларының дамуынан көп игіліктер алуға; мемлекеттік қызметтермен өзара іс-қимыл жасауға қажетті уақытты қысқартуға; инфокоммуникациялық инфрақұрылымдарға қолжетімділікті алуға мүмкіндік туғызады, ол елдің ШОБ дамуы үшін мүмкіндік береді. Мемлекеттік қызметтер саласындағы ашықтықты арттыру және рәсімдерді оңайлату біздің экономиканың инвестициялық тартымдылығын көтеруге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, мемлекеттік және квазимемлекеттік секторлар көзқарасы тұрғысынан ел өмірінің әлеуметтік-экономикалық дамуы, еңбек өнімділігінің өсуі, ЖІӨ сияқты макроэкономикалық көрсеткіштерін жақсарту, халықаралық рейтингтегі Қазақстан Республикасының позициясының жақсаруы, цифрлық технология саласындағы жетекші елдерден артта қалуының қысқаруы, халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және жалпы елдің бәсеке қабілеттілігін арттыру сияқты бірқатар басымдықтар пайда болады.

Сонымен, аталған Бағдарлама халықтың барлық топтарын қамтиды және оларды ел өмірінің барлық салаларына белсенді тартуға мүмкіндік береді.



Каталог: sites -> default -> files -> pages
pages -> Конкурс жариялайды Конкурс жариялаған орган атауы : Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы
pages -> Шетелдегі және еліміздегі ғылым және технологиялардағы қызықты оқиғалар
pages -> 1 Әлемдегі инновациялар
pages -> Әлеуеттік қауіп жағдайларында немесе террористік акт жасалғанда, сондай-ақ терроризмге қарсы операция жағдайларында азаматтардың іс-қимылына
pages -> Конкурс туралы хабарландыру Барлық конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет