Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мен білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар


Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мен білім беру



бет3/22
Дата05.02.2022
өлшемі1,97 Mb.
#25715
түріКодекс
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
2. Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мен білім беру
объектілерінің жер учаскесін таңдауға қойылатын
санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

7. Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мен білім беру объектілерінің (бұдан әрі – объектілер) құрылысына жер учаскесін таңдауға, жобалауға, салуға, қайта жаңартуға және пайдалануға беруге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы болған кезде жол беріледі.


8. Объектілердің учаскелерінің құрамы мен ауданы осы Санитариялық қағидаларға 2-қосымшаның талаптарына сәйкес қолданылады.
Әртүрлі үлгідегі арнайы мектеп интернаттарының учаскелері мен алаңдары аймақтарының құрамы мен аудандары осы Санитариялық қағидаларға 3-қосымшада көрсетілген.
9. Дене бітімі мен ақыл-естің дамуында кемшіліктері бар балаларға арналған арнайы түзету білім беру мекемелерінің жер учаскесінің ауданы ұйымның бейініне байланысты кемінде 2,2 гектар (бұдан әрі – га) көзделеді.
10. Жер учаскесінің ауданы есту қабілеті бұзылған балалар үшін бір орынға 50 шаршы метр (бұдан әрі – м2), көру қабілеті және ақыл-есі бұзылған балалар үшін 60 м2, тірек-қозғалыс аппараты бұзылған балалар үшін 65 м2 есебімен қабылданады.
11. Көп қабатты тұрғын үйлерде, жеке үй иелігінде, ішіне-жапсарлас салынған үй-жайларда орналастырылатын мектептен тыс ұйымдарда жеке жер учаскесі болмауы мүмкін.
12. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру (кәсіптік лицейлер, училищелер, колледждер, жоғары техникалық мектептер) (бұдан әрі – ТКБ), жоғарғы кәсіптік білім беру (университеттер, академиялар, институттар және оған теңестірілген (консерваториялар, жоғары мектептер, жоғары училищелер (бұдан әрі – ЖОО) орындарының, жалпы білім беретін ұйымдардың және интернаттардың,мектептен тыс ұйымдардың учаскесінің аумағы кемінде 1,2 метр биіктікте, сәбилер үйлерінде, МДТОҰ-да, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, кәмелетке толмаған балаларды бейімдеу орталықтарында (бұдан әрі – КББО) кемінде 1,6 м биіктікте, білім берудің арнайы түзету ұйымдарында кемінде 2 м биіктікте қоршалады.
13. Объект учаскесінің көгалдандыру ауданы учаскенің жалпы ауданының 30 пайызында (бұдан әрі – %) және одан да артық көзделеді. Аумаққа улы жемiстердi, сондай-ақ гүлдегенде мамықты тұқымдар беретiн ағаштар мен бұталарды отырғызуға жол берілмейді.
14. Объектінің учаскесіне кiру және көлiкпен кіру жолдары, шаруашылық құрылыстарға, қоқыс жинайтын алаңдарға, санитариялық-аулалық қондырғыларға өтетiн жолдар асфальтпен, бетонмен немесе басқа да қатты жабынмен жабылады.
Қарау құдықтары бар аумақ тығыз жабылатын люктермен жабдықталады.
15. Қоқыс жинағыштар тығыз жабылатын қақпақтармен жабдықталады, ғимараттан кемiнде 25 м қашықтықта, үш жағынан қоршалған, бетондалған немесе асфальтталған алаңға орнатылады. Көп пәтерлі тұрғын үйдің бірінші қабатында, ішіне-жапсарлас салынған үй-жайларда орналастырылатын объектілердің қоқысын жинау үшін тұрғын үйдің ортақ қоқыс салғышы пайдаланылады.
16. Объектінің аумағында және оның қоршауының сыртынан 5 м радиуста күнсайын жинау жүргізіледі.
17. Объектінің (ішіне-жапсарлас салынған ғимараттарда орналасқан объектілерді қоспағанда) жер учаскелерінде: негізгі ғимарат(тар), демалыс, дене шынықтыру-спорт және шаруашылық орналастыру аймақтары бөлінеді.
Ұйымның түріне сәйкес мынадай қосымша аймақтар: сәбилер үйлерінде, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, МДТОҰ-да топтық алаң аймағы ТКБ-да, ЖОО-да оқу-өндірістік, әскери дайындық, тұрғын (жатақхана, сауда, қоғамдық тамақтану және тұрмыстық қызмет көрсету объектілері), автомобильдер мен басқа да автокөліктер тұрағы үшін ашық алаңдар көзделеді. Оқу-тәжірибе аймағы бейініне байланысты бөлінеді.
Мектептен тыс мекемелерде аймақтардың санын және олардың көлемін іске асырылатын бағдарламалардың бағытына байланысты мекемелердің өздері айқындауы мүмкін.
18. Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен білім беру ұйымдарының санитариялық аспаптарының саны мен көлемі осы Санитариялық қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес объектілердің түріне және бейініне байланысты көзделеді.
19. Жалпы білім беретін және интернат ұйымдарының, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар мен жетім балаларға арналған білім беру ұйымдарының, КББО, ТКБ, ЖОО-ның дене шынықтыру-спорттық аймағында жабдықтары және спорттық снарядтары, жүгіру жолы, секіруге арналған шұңқырлары бар қозғалыс ойындарына (футбол алаңы, баскетбол және (немесе) волейбол алаңдары) арналған алаң көзделеді.
Ашық ауадағы дене шынықтыру және спорт алаңдары таза ұсталуы және тегіс болуы, зақымдалуға және жарақаттануға себеп болуы мүмкін бөгде заттардан бос болуы тиіс.
20. Секіруге арналған шұңқырларды үгінділер қосылған таза (тас, бұтақтар, жапырақтары жоқ) құммен толтырады, секіру алдында ішін қопсытады және тегістейді. Шұңқырлардың ағаш ернеулері жердің бетімен бір деңгейде орналастырылады. Мектептен тыс спорт ұйымдарындағы шұңқырлардың ернеулерін брезентпен немесе резеңкемен қаптайды. Жүгіру жолдарының беткі қабатын қатты, жақсы құрғатылған, нығыз, шаңданбайтын, атмосфералық жауын-шашынға төзімді жабыннан жасайды.
21. Шаруашылық аймақта қазандықтарды, отын қоймасын, басқа да шаруашылық құрылыстарды орналастырады. Сәбилер үйінің, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар мен жетім балаларға арналған ұйымдардың, МДТОҰ-ның, КББО-ның, интернат ұйымдарының аумағында көкөністер өсіруге жол беріледі. Шаруашылық аймақ көкөніс пен жеміс-жидектер қорларын сақтау үшін көкөніс сақтайтын қоймасы жабдықталады.
22. Шаруашылық аймақта қатты төсем (асфальт, бетон) төселеді және дербес кіретін жол болады. Көлік кіретін жол ұйымның топтық алаңдарына, сондай-ақ демалыс аймағына баратын жаяу жүргінші жолымен қиылыспауы тиіс.
23. Обект учаскесінің аумағында жаңбырдың және еріген сулардың ағызылуы көзделеді.
24. Объект ғимаратының сыртқы жарықтандыру жабдығы аумаққа біркелкі жарықтың түсуін қамтамасыз етуі тиіс. Учаске аймағында кешкі мезгілде, соның ішінде санитариялық-аулалық қондырғыларда жасанды жарықтандыру мына нормалар негізінде көзделеді: жерде қызу шамдары болған жағдайда кемінде 10 люкс (бұдан әрі – лк), люминесценттi шамдар кезінде 20 лк, арнайы түзету білім беру ұйымдары үшін тиісінше 20 лк және 40 лк.
25. Сәбилер үйінің, МДТОҰ-ның топтық алаңдары әрбір балалар топтары үшін бөлек болуы тиіс, сәби топтарда бір орынға 7,5 м2 және мектепке дейінгі ұйымдарда 7,2 м2 аудан көзделеді. МДТОҰ-да ойын алаңдарының көлемі бір орынға кемінде 6 м2 қабылданады. Барлық алаңдар бір бірінен жасыл көшеттермен (бұталармен) оқшауланады.
26. Әрбір топтық алаңда күн мен жауын-шашыннан қорғайтын және көлеңке түсіретін ауданы 40 м2 болатын көлеңке қалқалары болуы тиіс. Көлеңке түсіретін қалқалардың едені ағаш тақтайлардан болуы тиіс. IV климаттық белдеудегі және III Б ауданындағы көлеңкелік қалқалар екі жағынан қоршалады.
Сәбилер үйінің жасыл учаскелерінде дене шынықтырумен айналысу үшін алаңдар орналастырады.
27. Көп пәтерлi тұрғын үйлердiң бiрiншi қабатында, жеке үй иелiгiнде, ішіне – жапсарлас салынған үй-жайларда орналастырылатын МДТОҰ-нда есік алды аумағында МДТОҰ-дан 50 м аспайтын қашықтықта және МДТОҰ ғимаратының сыртқы қабырғасынан немесе көп пәтерлi тұрғын үйден кемiнде 10 м қашықтықта 1 балаға көлемі кемінде 3,5 м2 болатын тек ойын алаңын көздеуге жол берiледi.
28. Сәбилер үйі мен МДТОҰ-ның ойын алаңдарында ғимараттағы топтық бөлiктерге сәйкес келетiн үй-жайдан шығу есiгiмен ыңғайлы байланыс болуы тиіс. МДТОҰ-ның сәби жастағы балаларына арналған алаңдар осы топтардың үй-жайлардан шығу есiгiне тiкелей жақын орналасады.
29. Ойын алаңдарындағы жабдық балалардың бойына және жасына сай орналастырылуы, сенімді және берік етіп бекітілуі тиіс. Жабдықтың бетінде шығыңқы немесе кедір-бұдырлы жерлер, көрінетін бұрандалар болмауы тиіс, су өткізбейтін жабыны болуы және жақсы тазартылуы тиіс.
30. Сәби жастағы балалар үшін қозғалыс ойындарына арналған жабдықтары бар аймақтың бетi – шөптен, қалған барлық аймақтар – қатты немесе құм себiлген немесе ұсақ қиыршық тастармен нығыздалған құм жабынынан болуы тиіс. Тротуар плитаны қолдануға жол берiледi.
31. Объектінің жер учаскесі ғимараттан қызыл сызыққа дейiнгі қашықтығы кемiнде 25 м, ауылдық елдi мекендерде кемiнде 10 м болуы тиіс.
Жер учаскелерi гараждарға және ашық тұрақтарға дейінгі қашықтықта автомобильдер санына байланысты бөлінеді: 10 машинаға дейiн және одан аз – 15 м; 10-нан бастап 100 машинаға дейiн – 25 м; 100 машинадан артық – 50 м.
32. Тірек-қозғалыс аппараты бұзылған балаларға арналған учаске аумағында тротуарлар мен жолдың еңістігі 5 градустан (бұдан әрі – ғС) аспайтын, жолдың ені кемінде 1,6 м болуы көзделеді. Бұрылыстарда және әрбір 6 м сайын демалысқа арналған алаң көзделеді.
33. Соқыр және нашар көретін балаларға арналған учаскеде серуендейтін жолдардың ені кемінде 3 м болуы және екі деңгейдегі екі жақты қоршауы: 90 сантиметр (бұдан әрі – см) биіктікте баспалдақ таянышы және 15 см биіктікте планкасы болуы тиіс. Балалардың жүруіне кедергі келтіретін барлық заттарға (ағаштар, бұталар, бағандар) арналған қоршау көзделеді. Дуалдар, қабырғалар, бағаналар және басқа да кедергілер ойын алаңының шекарасынан кемінде 2,5 – 3,0 м қашықтықта орнатылуы тиіс.



Каталог: download
download -> БАҒдарламасы 5-9 сыныптар Астана 2010 Қазақстан республикасы білім және ғылым инистрлігі
download -> БАҒдарламасы қазақ әдебиеті кафедрасы Астана-2013
download -> Зияткерлік мектеп оқушылары оқуы тиіс 100 кітап аясында қазақ әдебиетінен ұсынылатын шығармалар тізімі Негізгі мектеп
download -> АҚПараттық хат қҰрметті әріптестер!
download -> Өмірбаяны Ақан сері, Ақжігіт Қорамсаұлы (1843 жылы бұрынғы Көкшетау облысы Үлкен Қоскөлдің маңы 1913 жылы, сонда) ақын, әнші, композитор. Әкесінің есімі Қорамса, шешесі Жаңыл
download -> «Бекітемін» Әлеуметтік ғылымдар факультетінің деканы
download -> Абылай хан
download -> Бағдарламасы 5-9 сыныптар Астана 2010 Қазақстан республикасы білім және ғылым инистрлігі
download -> Ғалымдардың ең ежелгі адамды атауы
download -> П. М. Кольцов т.ғ. д., профессор, Қалмақ мемлекеттік д и. н., профессор, Калмыцкий


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет