«Біз онсыз да кешіккен отарсыздануды тағы да кейінге қалдырдық» Аналитический интернет-журнал Власть


Сіз постколониализм туралы және кейбіреулер өзгелерді қалай қабылдайтыны



Pdf көрінісі
бет7/8
Дата11.11.2023
өлшемі5,66 Mb.
#191007
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
«Біз онсыз да кешіккен отарсыздануды тағы да кейінге қалдырдық» - Аналитический интернет-журнал Власть
Пульпаның девитальды экстирпация әдісі, 6 сынып ТЖБ 1-тоқсан[1] 100757, Аманбай Ақбота практика, 34688, EJ1300032, camsitova l.h. avtoreferat, 11914-Текст статьи-37581-1-10-20211010
Сіз постколониализм туралы және кейбіреулер өзгелерді қалай қабылдайтыны
туралы айтқанда, есіме постотар синдром ұғымы түсті. Сіз отарлаушы елдерде
басқалардың субъектісін, өзге елдің толыққанды екенін мойындай алмайтын кезең
болатынын жаздыңыз. Бұл менің есіме патриархатты түсірді. Әлем гендерлік теңдікке
ұмтылғанымен, патриархал ойлау адамдардың санасында қалыптасқан және ерлер
отарлаушы ретінде әйелдің субъекті екенін мойындай алмайды. Мұнда байланыс бар
ма?
Бұл ойыңызбен келісемін. Батыста 1980-1990 жылдары постотар зерттеулер басталғанда
гендерлік және этникалық зерттеулер қатар жүргені кездейсоқ емес. Отарлаушы мен
боданның қарым-қатынасы туралы айтқанда, бұл үстемдік етуші мен бағыныштының
қатынасы болды. Ерлер мен әйелдер арасындағы қарым-қатынас та осы негізде құрылды.
Бұрын үстемдік етушіге қиын болса да, өзінен төмен, нашар деп көріп үйреніп қалған
өзгенің субъектілігін мойындауы керек еді. Бұрынғы бодан субъектілікке ие болғанда тең
қарауды талап етсе, бұл бұрынғы метрополияны есеңгіретеді. Менің ойымша, ерте ме, кеш
пе, бұрынғы метрополия сол кездегі қарым-қатынастағы қателікті мойындауға мәжбүр
болады. Кітапта Ұлыбританияның империядан қалай құтылғаны туралы айтылады. Ең әуелі
бұл өзін және тарихын қайта бағалауы еді. Ресей мұны істей алмады. Ал біз өзін орыс
либералдарымыз деп атайтындар да Ресейді отарлаусыз көруге әлі дайын емес екенін
көріп отырмыз.
Сіз кімдік мәселесіне де ерекше көңіл бөлесіз. Кітапта халықты негізгі қасиеттері
немесе ұлттық коды қалыптастыратынын айтасыз. Қазақтардың қандай негізгі
қасиеттерін атап айтар едіңіз?


09.11.2023, 09:45
«Біз онсыз да кешіккен отарсыздануды тағы да кейінге қалдырдық» - Аналитический интернет-журнал Власть
https://vlast.kz/vlast-qazaqsha/53583-biz-onsyz-da-kesikken-otarsyzdanudy-tagy-da-kejinge-kaldyrdyk.html
12/15
Бірегейлік деген – процесс. Қазақтарды суретке түсіріп немесе бізді құрайтын белгілерді
өлшеуге болмайды, оны бір мезетте анықтау мүмкін емес. Мен Стюарт Холлмен келісемін.
Бірегейлік немесе кімдік – ғасырлар бойғы немесе мыңжылдық процесс, онда адамдар
біртіндеп қалыптасып, тіршілік ету ортасымен, мінез-құлық императивімен, басқару
әдістерімен және қоғамдық өмір нормаларымен қалыптасады.
Қазақтардың бірінші құрамдас бөлігі – көшпелілік. ХХ ғасырдың үштен бір бөлігіне дейін
көшпелі немесе жартылай көшпелі өмір салтын ұстанған көшпенді болдық. Әңгіме осы
күні қалада тұрып, отырықшы өмір салтын ұстанып жатқанымызда емес (бұл халық
тарихындағы қысқа сәт). Біз ұлт ретінде дәл көшпенді болған кезде қалыптастық. Ал
номадизм бізге елеулі із қалдырды. Екінші құрамдас бөлік – отарлық өткенімізге және
қазақтың жартысын жоғалтуға, қазақ тілінің қолданыс аясын тарылтуға және тағы басқа
нәубетке әкеп соққан қылмыстық жолмен жүргізілген «жетілдіру». Үшіншісіне келсек, оны
қалыптастыруға қазіргі жүйе тырысып жатыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет